КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сурет. Адамантинома220-сурет. Одонтомалық фиброма
жақтың азу тістері орнына өседі. Одонтомалардың қатты жөне жүмсақ түрлерін, микроскоптық қүрылымына қарап: қарапайым және күрделі түрлерін ажыратады. Одонтомалар тіс сауытынан немесе тіс түбірінен өседі. Одан басқа одонтомалық фибромалар да кездеседі (220-сурет). Дентшома — көбінесе одонтогенді эпителиден, жетілмеген тал-шықты дөнекер ііндерден және солардьщ арасында өсетін жетілмеген (дисплазияға үшыраған) дентиннен қүралған қатерсіз ісік. Дисплазияға үшыраған дентин микроскоптық көріністе жан-жаққа қалай болса солай орналасқан, көлемі де, пішіні де өртүрлі көрінетін массалар болып, бір жиегі эмальмен, басқа жағы цемен-тпен қапталып түрады. Рентгенде сүйектердің сорылып жүқарға-ны байқалады. Цементома — қатерсіз ісік, морфологиялық қүрамы бойынша цементке үқсас көп қуыстардан, талшықты дәнекер тіндерден және қабат-қабат топталған цементикалдерден және цементобластардан түрады. Көбінесе үлкен, кіші азу тістердің орнында өседі. Цементоманың бір түрі — алып цементома, көп түйінді болып өседі. Одонтогендік фиброма — бүл ісік көптеген фибробласттар мен дәнекер тін талшықтары және цементке үқсас толықтай жетілмеген қүрылымдардан түрады. Амелобласттық фиброма - көбі одонтогендік эпителий топта-рынан жөне тіс емізіктеріне үқсас борпылдақ дәнекер тіннен қүра-лады. Бүл ісік жастарда және балаларда кездеседі. Малигнизацияға үшыраған одонтогендік ісіктер тістің эпителийлі және мезенхима-лы өнімдерінен дамуы мүмкін. 22,6. ТІСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ІСІКТЕР Жалпы морфологиялық қүрылысы бойынша бүл ісіктердің 2 түрін ажыратады: 1) арнайы даму орны жоқ (жеке ағзаларға тән емес ісіктер); 2) жеке ағзаларға тән ісіктер. Арнайы даму орны жоқ ісіктер жалпақ немеее безді эпителий-ден өседі. Бүл ісіктер кез келген ағзалар мен тіндерден өсіп, онко-логияға белгілі барлық гистогенездік түрлерді қамтиды. Ал, жеке ағзаларға төн ісіктер белгілі бір ағзаларға тән қүрылымдар түзеді және осы ағзалардың кейбір қызметін атқарады. Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия Ауыз қуысының шырышты қабығының ең жиі өсетін ісіктері болып папиллома және кератоакантома саналады. Папиллома ауыз қуысын астарлайтын шырышты қабықтың жалпақ (түлемейтін) эпителий жасушаларынан жөне ауыспалы эпителий жасушаларынан өседі. Көбінесе папиллома тіл үстінде және еріннің қызыл иегінде кездеседі. Ісіктің сыртқы көрінісі емізік тәрізді, көлемі әртүрлі, жіңішке немесе жуан сабағы бар, маңай-дағы тінге қарағанда қаттылау болады. Ісіктің паренхимасы -көбейіп өсіп кеткен эпителий, стромасы — талшықты дәнекер тін, микроскоппен айқын көрінеді. Папилломаның қатерлі жалпақ эпителий карциномасынан айырмашылығы, ол өте баяу өседі, ати-пиялық өзгерістер болмайды. Кератоакантома - қатерсіз ісік түрі, домалақ, консистенция-сы тығыз, қаттылау, кейде өзінен өзі жоқ болып кетеді, кейде қай-талайды, көбінесе кәрі адамдарда кездеседі. Ісіктің ортасы шүңқыр, бүл қуыстың іші түлеу өнімдерімен толған, ал жиегіңде микроскоппен қарағанда көбейіп өскен жалпақ эпителий жасушалары жол-жол болып өсіп дермаға терең бойлайды. Ісікті қүрған эпителий жасушалары мөлшерден тыс паракератоз және гиперкератозға үшырайды. Папиллома да кератоакантома да малигнизацияға үшырап қатерлі жалпақ жасушалы карциномаға айналуы мүмкін. Ауыз қуысындағы мезенхима өнімдерінен өсетін ісіктерге: лим-фангиома, гемангиома, фиброма, липома, хондрома, остеома жа-тады. Төменгі ерінде көп қабатты жалпақ эпителийден қатерлі карцинома өседі. Сыртқы көрінісіне қарап оның үш түрін ажырата-ды: жаралы, емізікше, инфильтративті. Гистолопмлық қүрылымы бойынша бүл негізінен эпидермоидты карцинома. Ісік метастаз-дары жақ сүйегінің астындағы лимфа түйіндеріне тарайды. Тілде өсетін қатерлі карцинома ауыз қуысында кездесетін кар-циномалардың 60 пайызын қүрайды. Көбінесе тілдің қырларында немесе астында өсіп шығады. Сыртқы көрінісі бойынша оны 3 түрге бөледі: жаралы, емізікше, инфильтративті карциномалар. Гистологиялық қүрылысы бойынша бүл ісік көп қабатты жалпақ-жасушалы карцинома. Тілде өскен карциномалар өте қауіпті — ме-тастаздары өте тез және кең тарайды. 22.7. ЖАҚ ЖӘНЕ БЕТ СҮЙЕКТЕРШЩ ІСІКТЕРІ Бүлардың қатарына ең алдымен жақ сүйектерінің ісіктері кіреді. Оларға остеобластокластома, остеома, остеоид-остеома, хондрома кіреді. 22 бөлім. Тіс-жақ жүйесі және ауыз қуысы...03:> Остеобластокластома. Түңғыш рет бүл ісікті сипаттап, осы атты беріп кеткен А.В.Русаков еді. Остеобластокластома жақ сүйектерінің ішінде көбінесе жалғыз ошақ түрінде өсіп, жан-жа-ғындағы сау сүйектерден айқын шектеліп түрады. Өскен сайьш ісік сүйектерді деформацюіға үшыратады. Маңайдағы тіндерге жай-ылып өсіп кетуі де мүмкін. Жай көзбен қарағанда, ол қызыл немесе қоңыр-қызыл түсті, арасында ақ ошақтары мен қуыстары бар түйін түрінде көрінеді. Микрокөріністе 2 түрлі жасушадан: алып, көп ядролы остеокластардан және бір ядролы остеобластардан түра-ды. Жасуша аралықтарында қан қүйылу ошақтары, жаңа шыққан эритроциттермен бір қатарда гемосидерин пигментінің көптеп жи-налып қалғандағы көрінеді. Остеоманың және хондроманың морфологиялық қүрылысы белгілі. СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРШЩ ІСІКТЕРІ Сілекей бездерінің ісікгері — жеке ағзаға тән эпителий жасушаларынан өсетін ісіктер қатарына жатады. Бүл ісіктер де қатерсіз және қатерлі түрлерге бөлінеді.
Қатерсіз ісіктер - аденомалар гистологиялық көрінісі бойын- Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия 23 бөлім. Кәсіптік аурулар
ша мономорфты жөне плеоморфты болып бөлінеді. Ал қатерлі ісікгерге: мукоэпидермоидты, ацинозды-жасушалы ісік жөне кар-циномалар кіреді. Плеоморфты аденома орта жастан асқан адамдарда жиі кездесетін және сілекей бездер ісіктерінің 50 пайызын қүрайтын ісік. Оның 90 пайызы шықшыт безінде дамиды. Жай көзбен қара-ғанда бүл ісік бөлшектенген тығыз,айқын шекараланған түйін түрінде көрініп, оның кейбір жері шеміршектеніп немесе шырьии-танып түрады. Микрокөріністе ісік екі компоненттен: эпителий және мезенхима өнімдерінен түрады. Цилиндр төрізді немесе куб төрізді эпителий түрлі түтікшелер түзеді, сонымен қатар көп қабатты жалпақ эпителий төрізді жасушалар болады. Бүлардың арасында шырьпп толған қуыстар, қалындығы әртүрлі дәнекер тіннің талшықтары топтальш, гиалинозға үшырап жатқан ошақтар және хондроцитгердің топтары көрінеді (221-сурет). өте сирек жағдайларда бүл ісік қүра-мында жетілмеген сүйек тінінің өнімдері де байқалуы мүмкін. Мономорфты аденома қатерсіз ісік. Көбінесе аденолимфома түрінде кездеседі. Бүл ісік те шықшыт безінде өседі. Мономорфты аденоманың негізгі қүрылымы цилиндр және куб төрізді эпите-лиймен астарланған түтікшелер жөне кисталар болады. Мукоэпидермоидты ісік қүрамында екі түрлі эпителий, олар-дың арасында дәнекер тін талшықтары көрінеді. Эпителийдің бір түрі — призма тәрізді шырыш түзетін эпителий жасушалары, екінші түрі — көпқабатты жалпақ эпителий. Бүл ісікті көп жағдайларда қатерлі карцинома деп есептейді. Ісік сүр-қызғылт түсті, үсті шырышпен жабылған, консистенциясы тығыз, қатгылау, маңай-дағы тіндерден айқын шектелген түйін түрінде көрінеді. Ацинозды жасушалы ісік — сирек кездесетін ісіктердің бірі. Микроскоппен қарағанда сілекей бездердің ацинустарын астар-лайтын эпителий жасушалары көбейіп, топталып, тінде жол-жол болып өседі. Бүл эпителий жасушаларьшың ядросы қанық боялғ-ан, цитоплазмасында базофилді түйіршіктер анықталады. Бүл ісікті де қатерлі ісіктер қатарына жатқызуға болады. Карциномааар — эпителийден өсетін қатерлі ісіктер қатарына жатады. Ең жиі кездесетін түрі — аденокистозды карцинома (ци-линдрома). Көбінесе кіші сілекей бездерінде өседі. Сілекей бездерінде аденокарциномалар және жалпақ жасушалы түлейтін немесе түлемейгін карциномалар кездеседі. Карциномалар племорфты аденомадан жөне мукоэпидермоидты ісіктерден малигнизация нәтижесінде дамуы мүмкін. 23 бөлім. КӘСШТІК АУРУЛАР Кәсіптік аурулар Д£іі өндірістік ортаның, жүмыс жағдайының адам организміне тікелей зиянды әсері нәтижесінде дамитын ауру-ларды атайды. Кәсіптік арулар: 1) өндірістік шаң тозандар; 2) хи-миялық заттар (өнеркәсіп улары) әсерлерінде; 3) дененің үзақ уақыт бірқалыпта болуға мәжбүрлігі және 4) кәсіптік инфекциялар нәтижесінде дамитын топтарға бөлінеді (П.П.Движков, 1971). Кәсіптік аурулар клиникада көптеген ағзалардың созылмалы сырқатгары немесе ісіктері түрінде өрістейді. Мысалы кейбір хи-миялық заттар бауырдың, мидың созылмалы сырқаттарына соқты-рады, иондаушы сәуле әсерінде терінің, уран, бериллий өндіру-шілерде өкпенің қатерлі ісіктері дамиды. Сонымен қатар өндірістік зиянды заттардың генді зақымдаушы (мутагендік) немесе үрықты зақымдаушы (эмбриогендік) эсер ете алатындығы анықталған. Мемкомстаттың 1995 жылғы мәліметі бойынша Қазақстан Республикасында 391584 адам, оның ішінде 104281 өйел зиянды жағдайда жүмыс істейді, 3406 ауру кәсіптік аурулар бойынша диспансерлік есепте түр. Оқулықтың осы бөлімінде кәсіптік аурулардың бірінші екі то-бына ғана тоқтап өтеміз. 23.1. ӨНЕРКӘСШТІК ІПАҢДАР ӘСЕРІВДЕ ДАМИТЫН КӘСШТІК АУРУЛАР (ПНЕВМОКОНИОЗДАР) Пневмокониоз (латынша — pneumon - өкпе, сопіа — шаң-тозаң) деп өкпеге өртүрлі шаң-тозаңдардың түсуі нәтижесінде дамитын бір топ сырқатты түсінеміз. Әдетте пневмокониоздың дамуында өнеркәсіптік шаңдардың маңызы ерекше. Шаңдардьщ өкпеге әсері олардың физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты. Олардың негізгі бөлігі жоғарғы тыныс жолдарында (мүрында, кеңірдекте) кідіріп қалып түшкіру нәтижесінде немесе бронхтар-дағы шырьшітьі-кірпікшелі (мукоцилярлы) механизм арқылы сыр-тқы ортаға немесе асқорыту жүйесіне шығарылып отырылады. Тек көлденеңі 5 мкм және онан да кіші бөлшектер ғана тыныс жолда-рының төменгі бөлігіне, тіпті альвеолаға дейін енеді. Бүл жерде олар-дың негізгі бөлігін альвеола макрофагтары обьш және сол мукоцилярлы жолмен шығарылады, ал қалған бөлігі лимфа жолдары арқы-лы тасымалданып өкпе тіндеріне сіңіп қалады немесе аймақтық лимфа түйіндеріне жиналады. Өкпені шаң басуға байланысты да-мыған склероз (пневмосклероз) өкпедегі оттегі алмасуын бүзып, Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия 23 белім. Кәсіпшік аурулар '657
жүректің оң қарыншасының жүмысын қиындатады. Өкпеге түскен шаңцардың құрамына қарап пневмокониоздардың мына түрлерін ажыратады: 1) кварц шандарының, оның қүрамындағы еркін кремний қостотығының әсерінде дамитын силикоз; 2) қүрамывда бай-ланысқан кремний қостотығы бар минерал шандармен (асбест, тальк жөне т.б.) тыныс алғанда пайда болатын силикатоздар; 3) көмір шандарының (көмір, графит, кокс және т.б.) өсерінде дамитын кар-бокониоздар; 4) металл шандары өкпеге түскенде дамитын метал-локониоздар (сидероз, алюминоз және т.б.); 5) түрді шандар қосы-ла эсер еткенде дамитын аралас пневмокониоздар (силикоантра-коз, силикосидероз және т.б.); 6) өкпеге органикалық шаңдар түскен-де дамитын пневмокониоздар: биссиноз, багассоз жөне т.б. Органикалық шаң-тозандарға ағаштың, мақтаның, темекінің, жүннің, терінің шандары кіреді. Осы шандардың өкпеге түсуіне байланысты дамитын өзгерістер әртүрлі және олардың даму мехаңизмдері де түрліше. Өмірде ең жиі кездесетін және түрмыстық мәні зор пневмоко-ниозға силикоз жатады.
|