КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
СИЛИКОЗСиликоз (латынша — silicium - кремний) деп өкпеде бос кремний қостотығы өсерінде дамитын сырқатты айтады. Патогенезі. Кварц шандары тыныс жоддарына әртүрлі эсер етеді. 1) оның көп қырлы болшектері ә дегеннен-ақ бронхтың шырышты қабығына механикалық эсер етіл оны зақымдайды; 2) биология-лык орта әсерінде кремний қостотығы еріп кремний қышқылына айналады. Ол сол жердегі тіндерге тікелей улы өсер етіп оларды ыдырата бастайды; 3) кварц шандары оздерін обып алған макро-фагтарды зақымдайды. Олардың ыдырау өнімдері (негізінен гидролиздеуші ферменттер) жергілікті фибробластардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай тудырып дәнекер тін дамуына соқтырады; 4) кремний қостотығы әсерінде окпеде аутоиммундық озгерістер дамуы мүмкін. Мысалы силикоздық түйіндердегі гиалин қүрамының тең жартысы глобулиннен түратыны мәлім. Дегенмен де кварц шаңдары әсерінде окпеде дамитын өзгерістердің себептері әлі де болса ақырына дейін анықталмай отыр. Жоғарыда керсетілген механизмдердің ешқайсысы силикоз-дың бірден-бір себебі бола алмайды. Ал осы өзгерістер нәтижесінде окпеде дамыған ерекше склероз силикоздың негізгі морфология-лык, белгісі болып саналады. Патологиялық анатомиясы. Окпеде силикоз түйінді немесе интерстициалды (аралық) түрде корінеді. Туйінді силикоз окпеде 222-сурет. Өкпедегі силикоз ошақтары. Оң жақта ісік тәрізді силикоз(П.П. Движков бойынша) көлденеңі бірнеше миллиметрден бірнеше сантиметрге жететін сүр немесе қара сүр түстегі түйіндердің пайда болуымен сипатталады. Кейде осы түйіндер бір-біріне қосылып окпеде силикоз жайлаган ірі ошақтар - ісік шәрізді силикоз дамиды (222 - сурет). Окпе тіні үстап көргенде тығыз, көп жері ауасыз серпімді болады. Силико-зға тән түйіндер, микроскоппен қарағанда шанды ошақтарды ай-нала қат-қабат жайғасқан, гиалинденген дәнекер тіннен түрады. Кейде дәнекер тін талшықтары қүйындай үйіріле жайғасқан. Со-нымен қатар дәнекер тіні жоғарыдағыдай реттеліп жайгаспаған (яғни силикозға тән емес) түйіндер де кездеседі. Кейінгі жылдары силикоздьщ түйіңді түрінен горі интерстициалды (аралық) түрі коп үшырайтьш болды. Ол дәнекер тіннің брон-хтар мен қан тамырлары төңірегінде, альвеола іргелерінде жайыла (диффузды) өсіп кетуімен, окпе тінінің біраз қатаюымен сипатталады. Коп жағдайларда бүл өзгерістерді жеке бір кәсіптік аурулар қата-рына жатқызу қиын, себебі осындай озгерістер кез келген, тіпті зиянды ондірісте істемеген кісілерде де, қоршаған ортаның жалпы ыластануы нәтижесінде дамуы мүмкін. Яғни окпенің аралық тінінің склерозы тек кәсіптік аурулар үшін ғана тән емес. 42 — 437 Ж.Ахліетов. Патологаялық анатомия 23 белім. Кәсіптік аурулар ^59
Нәтижесі. Өкпедегі ірі силикоздың түйіндер ьщырағанда олар-дың орнында қуыстар (каверналар) пайда болады. Осы қуыстарға екіншілік инфекция түскенде өкпеде созылмалы қабыну ошақта-ры пайда болады. Пневмосклероз нәтижесінде бронхтар пішінсіз-деніп, бронхоэктаздар дамиды. Кварц шандары қанға өтіп бүкіл организмге тарағанда басқа ағзаларда да силикозға тән түйіндер көрінеді. Өкпеде силикозға тән ауыр өзгерістер кейде туберкулез ауруы қосылады оны сили-котуберкулез деп атайды. Бүл жағдайда өкпедегі дәнекер тіннің өсуі күшейіп, қаның өкпеден өтуі қиындайды, оң қарынша үлғая-ды, яғни ауруда өкпелік жүрек белгілері дамиды. Демек бүл екі сырқат (силикоз бен туберкулез) бір-біріне кері эсер етеді, осыған байланысты аурудың халі күрт нашарлап тез арада өледі. Силикоздың кеш силикоз деп аталатын түрі жүмыс істейтін кісі осы зиянды кәсіпорыннан басқа жүмысқа ауысып кеткеннен соң, кейде жасына байланысты демалысқа шыққаннан кейін бірнеше жылдан соң дамиды. Оның өте тез ауыр жағдайда өтуінің себебі анық емес.
|