![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Электролиттік диссоциация1887 жылы Аррениус электролиттік диссоциация теориясын ұсынды.Аррениус теориясының негізгі қағидалары: 1. Электролиттердің ерітінділерінде олардың молекулалары зарядталған иондарға диссоциацияланады.2. Түзілген иондар мен ыдырамаған молекулалардың арасында термодинамикалық тепе-теңдік түзіледі.3. Ионның заряды элементтің немесе қышқылдық қалдықтың валенттілігіне тең, оң зарядты бөлшектердің саны теріс зарядты бөлшектердің санына тең, ал ерітінді электронейтрал.4. Электролиттердің ерітінділері ток өткізеді.5. Диссоциация процесін былай жазады:
Аррениус теориясы еріген зат пен еріткіштің арасында әрекеттесу бар екенін ескермеді. Электролиттік диссоциация теориясы құрғақ HCl, NH3 - тің негіздік, қышқылдық қасиеттерін түсіндіре алмады. Сондықтан басқа теориялар ұсынылды. Бренстед (1923ж)протондық теория ұсынды. Бүл теория бойынша қышқыл дегеніміз өзінен протон бөлетін, ал негіз - өзіне протон қосып алатын зат. Процестің схемасы:
Қышқылдық - негіздік реакция былай жазылады:
Мысалы:
қышқыл негіз қышқыл негіз
Бренстед теориясы бойынша кез келген протоны бар қосылыс әрекеттесіп тұрған қосылыстың табиғатына байланысты амфотерлі бола алады. Мысалы су мынадай тепе-теңдікте:
әлсіз негіз рөлін атқарып тұр, ал келесі тепе-теңдікте:
қышқыл рөлін атқарады, демек H2О - амфотерлі электролит. Қышқылдық-негіздік теориялардың ішінде Льюис теориясына да көңіл бөлген жөн. Бұл теория бойынша - қышқыл дегеніміз өзіне электрондар қосағын қосып алатын зат, ал негіз - электрон қосағын бере алатын зат. Осындай жағдайда коваленттік байланыс түзіледі.
қышқыл негіз қышқыл негіз
Бірақ бұл теория кәдімгі қышқылдардың диссоциациясын түсіндіре алмады. Қышқылдар мен негіздерге басқа да ғалымдар көп көңіл бөлген. Мысалы Р.Дж. Пирсон, Э.К. Франклин, Н.А. Измаилов және қазақстандық ғалым, академик М.И. Усанович. Усановичтің ілімі бойынша бір заттан катион бөлініп, ол катион анионмен қосылып тұз түзілсе, ол зат қышқыл деп аталады. Ал заттан анион бөлініп, ол анион электрондар арқылы катионмен әрекеттесіп тұз түзілсе, ол зат негіз деп аталады.
|