КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сабақтың барысы.
1.
2.Ең алдымен металлургияға анықтама береді: қарапайым механизмдерден күрделі машиналарға дейінгі өндіріс құралдары металлургияны құрайды. Ол қара және түсті деп бөлінеді. Қазақстандағы металдардың 90%ын қара металдар құрайды. Кейін металлургиялық кешеннің географиясын анықтайды: 1) материалды, қаржыны, еңбекті көп қажет етеді және экологиялық жағынан лас б.к.; 2) онда өндірісті құрамдастыру таралған; 3) өндірістегі шоғырлану деңгейінің жоғары болуы. Осы жерде минералдық шикізатты кешенді пайдалану әдістерін анықтайды. Мұнда байыту фабрикалары, концентрат, флотация ұғымдарына тоқталады. 3.Ең алдымен қара металлургияның шикізатын және оның қасиеттерін анықтайды. Қара металлургиядағы конструкциялық материалды өндіру процестерін, жағдайлары мен факторларын қарастырады: болатты қорыту үшін отынды кокстелетін көмірден алады. Ал негізгі шикізат – темір кенінің 90%-ы Қостанай мен Атасу алаптарында орналасқан. Болат өндіру:1) темір кенінен домна пешінде шойын алу; 2) балқытылған шойыннан конверторларда болат алу. Прокаттың анықтамасын табады.Толық циклды металлургиялық комбинатына анықтама береді, олардың орналасу факторларын қарастырады. Кейін қайта балқыту зауыттарының қалай жұмыс істейтінін сипаттайды. Олардың орналасу факторларын қарастырады. Осы жерде ара металлургияның ферроқорытпа өндірісін сипаттайды, оның энергия қуатын көп қажет ететін өндіріс деп аталатынын және орналасу факторларын анықтайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||
V | Тақырыпты бекіту үшін оқулық мәтініндегі 77, 78, 79, 80, 81, 82 суреттерді және 12-кестені талдайды. Мәтін соңындағы 1-2-3-4 тапсырмаларды орындайды. | 77-сурет: Қазақстанда қара және түсті металдар өндіру: қ.м. - болат- 4286 мың т, т.м. - мыс, мырыш -366-тан астам, қорғасын мен алюминий-106 мың т, титан, күміс, галий, алтын мөлшері 100-8 мың т аралығында. 80-сурет: прокат түрлері – жазық беттік, құбырлық, сұраптау: дөңгелек, шаршы, бұрыштық, таврлық, рельстік. 81-сурет: металлургия комбинатының жоспар-сызбасын талдайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||
VІ | Қорытынды сұрақтар. 1. қандай материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды? 2. Қара металлургия комбинаттары қандай бастапқы шикізат пен отын көздерін пайдаланады, қандай дайын өнім өндіреді? | Сұрақтарға қолдарын көтеріп карта бойынша жауап береді. 1. Дайын өнім шығару мен құрылыста қолданылатын материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды. 2. Бастапқы шикізат – темір кені, отыны – кокстелетін көмір, темір кенінен домна пештерінде шойын алады, одан болат балқытатын цехтерде болат алады, соңында прокат шығарады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
VІІ | Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады. | Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
VІІІ | 140-141 беттегі ақпараттарды оқу; 129-130 беттегі 5,6 тапсырмаларды орындау. Тестерге жауап беру. | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
Сынып: 9 А, Б
Тақырыбы: Түсті металлургия.
Мақсаттары:
Білімділік. Түсті металлургияның маңызын, құрамын, Қазақстанның түсті металл түрлері бойынша дүние жүзіндегі орнын анықтау. Ауыр металдар өндірісінің географиясы, жеңіл металдар металлургиясын бағалы және сирек кездесетін металдардың және Қазақстанның металлургиялық базаларының географиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Металлургияның қоршаған ортаға келтіретін зияны туралы көзқарастарын қалыптастыру. Павлодар облысының қара металлургия кәсіпорындарының орналасу факторларын, түсті металлургиясы қандай топтарға бөлінетінін, түсті металдардың қайда қолданылатынын, оның кәсіпорындарының орналасу принциптерін анықтау.
Дамытушылық.Қазақстанның қара металлургия орталықтарын, өнеркәсіпті қорғасын-мырыш, алюминий, титан-магний кәсіпорындарын атап және картадан көрсету арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар:Қазақстанның саяси-әлеуметтік картасы, Павлодар облысының кешенді картасы, Атлас
Негізгі ұғымдар: ауыр, жеңіл, бағалы, қиын балқитын, сирек кездесетін металдар, дюраалюминий, полиметалл, кен-металлургиялық комбинаттар
Номенклатура:мыс – Орталық, Шығыс Қазақстан, қорғасын-мырыш – Оңтүстік, Шығыс Қазақстан, полиметалл – Зырян, Риддер, Өскемен, титан – Сәтбаев, Обуов, Шоқаш, боксит – Павлодар, Қызыл Октябрь, Амангелді, алтын – Комаров, Ақбеит, Бозшакөл, Бестөбе, Бақыршық
Сабақтың құрылымы: І – ұйымдастыру кезеңі ІV – жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі VІІ – бағалау кезеңі
ІІ – үй тапсырмасын тексеру V– жаңа тақырыпты бекіту кезеңі VІІІ – үйге тапсырма беру
ІІІ – жаңа тақырыпқа көшу кезеңі VІ – сабақты қорытындылау кезеңі
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 190; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав |