Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Еңбекақы. Еңбекақы түрлері.




Еңбек ақы- жұмыс күшінің бағасы мен құнының нысаны. Еңбек ақы деңгейін еңбек ұсынысы мен оған сұраныс анықтайды. Екеуі тең болған жағдайда тепе-тең еңбек ақы көлемі қалыптасады. Еңбекке сұраныс еңбек ақы деңгейін жоғарлатады және керісінше. Егер еңбекті пайдаланғаннан алынатын шекті өнім көлемі жоғары болса, еңбекке сұраныс артады және керісінше.

Еңбек ұснысына келесі жағдайлар әсер етеді:

1)елдегі жұмысқа қабілетті тұрғындар саны

2)жұмыс күнінің ұзақтығы

3)тұрғындардың мамандығы және біліктілігінің деңгейі

Еңбек ақы нақты және номиналды түрде болады.

Номиналды еңбек ақы – жұмыскердің еңбегі үшін алатын ақша сомасы.

Нақты еңбек ақы- алынған ақшаға келетін тауарлар мен қызметтер көлемі. Ол номиналды еңбек ақыға тура байланысты, ал тауарлар мен қызметтер бағасына кері байланысты.

Еңбек ақы екі нысанда болады.

1. мерзімділік- еңбек ұзақтығына байланысты анықталатын еңбек ақы.

2. келісімдік – өндірілген өнім көлеміне тәуелді болатын еңбек ақы.

36 Макроэкономикалық көрсеткіштер.

Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.), қолдағы табыс

Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқандаЖ.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – бір елдің ішкі шаруашылық қызметін сипаттайды.Мұнда елдің сыртқы экономикалық қызмет қорлары ескерілмейді.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ жалпы ұлттық өнімнен амортизацияны алу арқылы аңықталады.

Ұлттық табыс ТҰӨ-нжанама салықты алғанда шығатын шама.

Жеке табыс ЖТ ҰТ әлеуметтік фирмалар мен корпорация пайдасына алынатын салықты алып трансферттік төлемдерді қосумен аңықталады.

Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.

37 Жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері. Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.

ЖҰӨ есептеудің 2 әдісі бар:

1.Шығындар бойынша есептеу

2.Табыстар бойынша есептеу

ЖҰӨ шығындар бойынша есептегенде ЖҰӨ шамасы бір жылда шығарылған соңғы өнімдер мен қызметтерге кеткен қосын-қ ретінде аңықталады.

ЖҰӨ=С+ +G+

C – халықтың тұтыну шығындары

-ұлттық экономикаға салынған және инвестициялар жиынтығы

G – мемлекет шығындары

-таза экспорт

ЖҰӨ табыстар бойынша есептеу әдісінде ол өндіріс факторларын иемдеуші-ң табыс-ң қосындысы ретінде аңықталады. Бұл көрсеткішке кәсіп-ң жанама салықтары, амортизация, жеке меншік табыстары да кіреді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 203; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты