Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Экономикалық жүйе түрлері, ерекшеліктері.




Экономикалық жүйе - ұйымдық нысандар мен қалыптасқан мүліктік қатынастар негізінде қоғамда іске асатын, экономикалық үдерістердің жиынтығы. Экономикалық жүйені қоғамның нақты базисін құрайтын, саяси қондырма жоғары тұратын, экономикалық қатынастардың жиынтығы құрайды. Экономикалық жүйені үш ірі блок құрайды:1.Өндіруші күш (өндіріс құралы және жұмыс күші).2.Өндірістік қатынастар (адамдар арасында қалыптасатын қатынастар, бөлу, материалдық игіліктерді және қызметтерді тұтыну және айырбастау).3.Қондырма саяси, идеологиялық, мәдени және басқа институттардың жиынтығы. Экономикалық жүйе ашық және жабық сипатта бола алады.Ашық экономика - бұл әлемдік шаруашылық байланыстарына жоғары дәрежеде қосылатын елдің экономикасы.Жабық экономика - бұл сыртқы әлеммен экономикалық байланысы жоқ немесе әлсіз байланысы бар елдің экономикасы..Экономикалық жүйенің түрлерін жіктеу:Экономикалық жүйелер шешетін негізгі мәселелер:Не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Экономикалық жүйе осы мәселелерге қалай жауап беруімен ерекшеленеді. Экономикалық жүйені мынадай түрлерге бөледі:1.ескі технологияға негізделген, қол еңбегі кең тараған, көп экономиканың тәртіпті және ғасырлық салт-дәстүрлері қалыптасқан, әлсіз дамыған елдерде кең тараған дәстүрлік жүйе. Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа тарап нені, қалай, кім үшін өндірілетіні солармен анықталады. Уақытпен белгіленген және арнаулы ресімдермен қолданылатын дәстүр өндірісті, айырбастауды, бөлуді және табысты тұтынуды анықтайды;2.әміршіл – бұл экономикалық жүйеде өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну туралы барлық шешімді мемлекет қабылдайды. Мемлекет диктаторлық болып табылады, оның жеке меншігі өндірістің барлығына және жерге тараған, қабылданған экономикалық шешімдер орталықтанған міндетті жоспарлауға негізделеді;3.нарықтық экономикада шаруашылық шешімдерін әрбір экономикалық агент өз бетімен қабылдайды. Ол еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке және жеке меншікке негізделген. Нені өндіру қажет, ол, мына немесе басқа тауарға сұраныс беретін тұтынушымен анықталады. Қалай өндіру қажет, оны өндірістің ұстанымы мен табыстың жоғары болуын есептейтін өндіруші шешеді. Кім үшін шығарылуы қажет, кімнің ақшасы бар, соның пайдасына өндіруші шешеді;4.аралас экономика - негізгі экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл ойнайтын мемлекет пен жеке сектордың экономикалық жүйесімен бірге жұмыс істейді. Сонымен бірге экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекет рөліне байланысты, аралас экономиканың моделі бөліп көрсетіледі. Мәселен, жапон моделі дамыған жоспарлауымен ерекшеленеді. Жоспар индикативті сипат-тамада болады, бірақ, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруда айтарлықтай рөл атқарады. Аралас экономиканың швед моделі мемлекеттің экономикалық саясатында әлеуметтік бағытымен ерекшеленеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 541; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты