Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кәсіпкерлік және оның түрлері.




Кәсіпкерлік-меншіктік және қарызға алынған қаражаттар есебінен тауар өндіру және қызметтер көрсету үшін, осылардың негізінде пайда табу барысында шаруашылық ұйым құру.Кәсіпкерлік қызметті бағыттары бойынша:

1Өндірістік-кәсіпкер тікелей жағдайда өнімдерді, ақпараттарды өндіруді жүзеге асыратын қызмет түрі.

2Комерциялық-тауарлық, ақшалық, сауда-айырбас операцияларды анықтаушы рөл атқарады.

3Қаржылық- кәсіпкерліктегі сатып алу және сату объектісі орындалған тауарлар-ақша, валюа, бағалы қағаздар.

4Кеңестік- бәр мәмлеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді.

5Сақтандыру-кәсіпкер сақтандырылған кезде ғана қайтарылатын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы.

15 Нарық түсінігі, жіктелуі.

Нарық түсінігіне бірнеше анықтама беруге болады. Нарық-тауарларды сұраныс пен ұсыныстың байланыстарына негізделген, бәсекелестіктен туған бағамен сату, сатып алу кезінде болатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Нарық-сатушы мен сатып алушының белгілі бір тауарды сату және сатып алу жөнінде келісім шарт жасасатын орны.

Нарық келесідей жіктеледі:

1 Территориялық шекарасына байланысты- жергілікті нарық, аймақтық нарық, ұлттық нарық, әлемдік нарық.

2 баға құрастыру принциптеріне байланысты-жетілдірілген бәсекелік нарық, жетілдірілмеген бәсекелік нарық (монополиялық, олигополиялық).

3белгісіз салалық сипатына байланысты-сала аралық, салалық, сала ішілік.

4заңдылығына байланысты-арнайы немесе ресми, бейресми немесе көлеңкелі.

5сату және сатып алу объектісіне байланысты-тұтынушылық тауарлар мен қызметтер нарығы, құрал-жабдықтар нарығы, капитал нарығы, бағалы қағаздар нарығы, еңбек нарығы, тұрғын үй ғимараттар нарығы және т.б.

6сату сипаттамасы бойынша-бөлшек сауда нарығы, көтерме сауда нарығы.

16 Нарықтың атқаратын қызметтері, инфрақұрылымы.

Нарық келесі қызметтерді атқарады.

1 делдалдық-нарық сатушы мен сатып алушыны кездестіреді;

2баға белгілеу-сұраныспен ұсыныс негізінде нарықта тауардың бағасы қалыптасады;

3реттеуші-бәсекеге төтеп бере алмайтын бәсекелес фирма басқа салаға ығысады;

4ынталандырушы-сұранысы бар тауар оны өндірушіні ынталандырады;

5сауықтырушы-экономиканы тиімсіз және керек емес шаруашылық субъектілерінен тазартады

6 ақпарат беруші;

7 мәжбүр етуші.

Нарық инфрақұрылымы-тауарлар мен қызметердің өндірушіден тұтынушыға жетуін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жүйесі.

17 Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Нарықа белгілі бір басымдық пен кемшіліктер болады. Нарықтың басымдылығы:

· ресурстарды тиімді бөлу;

· тіпті шектелгеи ақпараты бар кезіндегі оның жақсы қызмет ету мүмкіндігі;

· өзгерісті жағдайға жоғары бейімділігі мен жағымдылығы;

· ғылыми-техникалық нәтижелерді оңтайлы пайдалану;

· тұтынушы мен кәсіпкерлердің іс-қимылы және таңдау еркіндігі;

· тауар мен қызметтердің сапасын көтеру, әр түрлі тұтынуды қанағаттандыру қабілеті.

Нарықың кемшіліктері:

· өндірілмеген ресурстардың сақталуын қамтамасыз етпеуі;

· қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетіктері жоқ;

· жалпы адамдық ресурстарды пайдалануды реттей алмайды;

· ұжымдық пайдалану қызметі мен өндіріс тауарларын ынталандырмайды;

· еңбек құқығы мен табысқа кепілдеме бермейді;

· ғылымдағы фундаменталды зерттеуді қамтамасыз етпейді;

· тек ақшасы бар сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған;

· осы инфляциялық үдерістерге тән тұрақсыз дамуға ыңғайланған.

18 Сұраныс түсінігі, заңы, қисығы.

Сұраныс-тұтынушының өздерінің қажеттілігін қанғаттындыру үшін сатып алатын тауарға төленетін ақша көлемі, яғни төлем қабілеті бар қажеттілік.

Сұраныс заңы:баға қаншалықты төмен болса, сұраныс соншалықты жоғары болады және баға қаншалықты жоғары болса сұраныс соншалықты төмен болады.

Р

Qd

19 Сұранысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.

· Тұтынушы қалауы;

· Тұтынушы бюджеті;

· Өзара алмастырушы тауарлардың болуы;

· Тауарлардың маусымдық тұтынылуы және т.б.

20 Ұсынысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.

· Ресурстардың көлемі;

· Өндіріс технологиясы;

· Салық;

· Сатушылар саны;

· Өндіріс шығындары;

· Пайда табудың басқа көздерінің болуы және т.б.

21 Ұсыныс түсінігі, заңы, қисығы.

Ұсыныс-өндірушілердің белгілі бағамен сатуға шығарған тауарларының жиынтығы. Ұсыныс заңы: баға қаншалықты жоғары болса ұсыныс та соншалықты жоғары, ал баға қаншалықты төмен болса ұсыныс та соншалықты төмен.

Р

QS

22 Сұраныс пен ұсыныстың икемділіктері.

Икемділік-пайыздық өзгерістер қатынасы ретінде бейнеленген басқаның озгеруіне орай, бір экономикалық көлемнің әсерлену дәрежесі.

Баға бойынша сұраныс икемділігі-бағаның 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде тауарға сұраныс мөлшері қанша пайызға өзгеретінін көрсететін коэффицент.

Ed=(ΔQ*P)/(Q*ΔP)

Баға бойынша сұраныс келесі жағдайларда өте икемсіз:

-бірінші қажеттіліктегі тауарларға;

-өте төмен бағалы тауарларға;

-сатып алушының таңдап алуына мүмкіндік жоқта.

Табыс бойынша сұраныс икемділігі-табыстың 1 пайызға өсуімен келген, тауарға сұраныс даңгейінің пайыздық өзгерістерін көрсетеді. Табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффиценті:

Ed=(ΔQ*I)/(Q*ΔI)

І-елің табысы.

Егер сұраныс икемділігінің коэффиценті бірліктен көп болса сұраныс икемді болады, ал аз болса сұраныс икемді емес.

Ұсыныс икемділігі-тауар бағасы 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде сол тауарды ұсыну көлемінің қаншаға өзгергенін көрсететін коэффицент. Ұсыну бағасы икемділігінің коэффиценті.

ES=(ΔQ*P)/(Q*ΔP)

ES>1 икемді, ES<1 икемсіз, ES=1 ұсыныстың бірілік икемділігі, ES=0 өте икемсіз, ES=∞ өте икемді

23 Сұраныс пен ұсыныстың қатынасы. Нарықтық тепе-теңдік.

Сұраныс және ұсыныстың өзара байланысын олардың қисықтарын графикте көрсету арқылы байқауға болады.

Р

Q

Сұраныс және ұсыныстың қисықтары М нүктесінде қиылысады, ол нүкте тепе-теңдік нүктесі деп аталынады, немесе сұраныс және ұсыныстың кездесу орны дейді. Осы нүктеде сұраныс және ұсыныс көлемі бір-біріне сәйкес келеді, демек нарық тепе-тең жағдайда. Сұраныс және ұсыны қисықтарының қиылысуы Маршалл кресті деп аталынады. Нарықтық тепе-теңдік орнаған баға- тепе-тең баға деп аталынады. Тепе-теңдік жағдайында нарық балансты, басқа баға жағдайынды ол балансты емес. Егер баға тепе-тең бағадан жоғары болса, ұсыныс сұраныстан артық болады. Ұсыныстың сұраныстан артық болуы - тауар артықшылығына әкеледі. Ал тепе-тең бағаның төмендеуінен сұраныстың ұсыныстан артық болуы- дефицитке әкеледі.

24 Бәсеке түсінігі және оның түрлері.

Бәсеке- (латыннан- тіресу) нарықтық экономиканың қатысушылары арасындағы тауарды өндіру, сату және сатып алудың неғұрлым жақсы жағдайлары үшін күресі. Оның келесідей түрлері болады:Сала ішіндегі-ең жоғары пайда алу үшін бір сала кәсіпорындары арасындағы бәсекелестік. Сала аралық-капиталды салудың ең тиімді шарттары үшін әр түрлі салалардағы кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік.

Бәсекелестік күрес әдістері:

Бағалық б/к-тауар сапасы мен түрлерін өзгертпей бағасын төмендету, өндіріс шығындарын азайту негізіндн қосымша пайда алу үшін күрес.

Бағадан тыс б/к-тауар қасиеттерін өзгерту, оған сапалы жаңа қасиеттер беру, субститут тауарларды шығару, сатылғаннан кейін техникалық қызмет көрсету, жарнама және т.б.

Нарықтан тыс күрес түрлерін қолдану-мысалы, өнеркәсіптік тыңшылық, мемлекеттік органдар арқылы қысым көрсету, бәсекелестік күш арқылы жою және т.б.

25 Жетілген және жетілмеген бәсеке.Жетілген б/к-бұл еркін бәсекелестік нарығы, нарықтың классикалық үлгісі;

Жетілмеген б/к-мүлтікті бәсекелестік нарық;

Оның қазіргі үлгілері:

Монополия(1 сатушы үстемдік етеді); Дуополия(екі сатушы үстемдік етеді); Олигополия(Бірнеш,2-5сатушы ү/е); Монопсония(1 сатып алушы ү/е);Өнім диффернециясы орын алатын м/я(ұқсас бірақ бірдей емес тауарлар ұсынатын сатушылар).

Жетілген б/ктің сип-ы:Фирмалар саны өте көп,өнім түрі біркелкі, бағаға бақылау жасамайды, салға ену кезінде кедергілер жоқ, бағадан тыс бәсекелестік жоқ;

Жетілмеген б/ктің сип-ы:Саладағы фир-р саны 1еу н/е бірнешеу, өнім түрі бірдей емес,нарықтық бағаны өзі белгілей алады, салағ енуде кедергілер көп, бағадан тыс бәсекелестік басым.

26 Монополия түсінігі. Монополияға қарсы саясат. Монополия(грек, monos-1еу,polio-сатамын) жекелеген өндіруші нарықта үстемдік етіп сол нарықты бақылауға алғанда п/б. М-ң мақсаты: нарықта өндіріс көлеміне бағаны бақылау арқылы максималды мүлкін табысты алу.

Монополия түрлері:

Табиғи м-я-бұл2 н/е одан да көп фирм-н гөрі аз шығындармен нарықты белгілі бір тауар н/е қызмет түрімен жалғыз фирма қам-сыз ете алу салдарынан п/б-ын м-я;

Жасанды м-я-бұл сөз байласу н/е бәсекелестерді басу негізінде п/б.

Кездейсоқ м-я- капиталдың тиімді салынуын қамтамасыз ететін, өз тұтынушылар шеңбері үшін сұр-ң ұс-тан уақытша басынбауы нәтижесінде п/б.

М-ямен күресте мемлекет монополияға қарсы заңдарды пай-ы. Монополияға қарсы заңдардың негізі АҚШта салынды.

Қазақстанда м-лық қызметті реттейтін келесідей заңдар бар:

-табиғи монополиялар туралы;

-жасанды бәсекелстік туралы;

-бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы;

Бұл заңдарда жас-ды бәс-к деп танылатын әрекеттер белгіленген, жасанды бәс-к ж/е оның салаларының алдын алу ж/е оны жою механизмі бектітілген.

27 Негізгі капитал ж/е оның айналымы.

Негізгі капитал д/з бірнеше өндіріс процесіне қатысатын өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп өткізетін ж/е өндіріс нәт-сінде өз пішінін сақтап қалатын к-л (өндірістік ғим-р, маш-р, қондырғылар). Н/к-ң айналымы 3 фазадан тұрады:

Негізгі капиталдың тозуы; Амортизация;

Негізгі капиталды жаңарту.

28 Негізгі к-ң тозуы және амортизация.

Негізгі капиталдың тозуына байланысты өзінің құнын дайын өнімге өткізу процесін амортизация д.а.

Амортизация нормасы- амор-лық төлемдер-ң белгіленген жылдық мөлшері.

Ол негізгі капиталдың құны қанша жыл ішінде қайтарылуы керектігін көрсетеді.

Негізгі капиталдың тозуының екі түрі бар: физикалық; моральдық;

Негізгі капиталдың физикалық тозуы- н/к-ды пайдалану барысында оның өзінің негізгі қасиеттерін жоғалтуы.

Негізгі капиталдың моральдық тозуы- н/к-ң ғылыми техникалық прогрестің дамуы нәтижесінде экон-қ жағынан тиімсіз болып қалуы.

29Айналмалы к-л ж/е оның айналымы.

Айналмалы к-л-1өндіріс процесінде толығымен тұтынылатын өзінің құнын дайын өнімге толық өткізетін өндіріс к-ың 1 бөлігі. А/к тұрақты ж/е өзгермелі к-лдан тұрады. Тұрақты айналмалы к-ға материал-р, шикізат-р, отын ж/е т.б. ж-ды. Өзгермелі айналмалы к-лға жұмысшы күшінің құны жатады(еңбекақы).

Айналмалы капиталдың айналымы келесідей кезеңдерден тұрады.

· Еңбек заттары-ң өндіріс-к қорларда болу

· Еңбек зат-ң өндіріс сферасында болуы

· Өндіріс сферасынан шығып айналым сферасына өтуі

· Айналым сфер-н ақша формасына өтуі

Айналым уақыты- ресурстар өндіріс және айналыс сферасын өтіп, бастапқы формасына қайтып келетін уақыт аралығы. Айналым уақыты өндіріс және айналым уақытынан тұрады.

Айналым жылдамдығы –1 жыл ішіндегі ресурстардың айналым саны. А/с– келесі формуламен анықталады: n = O / t

М: n – 1 жыл-ы а/с;O –уақыт өл-і(1 жыл); t – осы ресурстардың айналым уақыты.

30Инвестиция тү/гі ж/е оның түрлері.

Инвестиция-пайда табу мақсатымен ел ішінде және оның сыртында мемлекеттік н/е жеке капиталды ұзақ мерзімді салымдары. Инвестицияның негізгі түрлері:-өндірістік и-я;

-тауарлы-материалды запастарға и-я;

-тұрғын үй құрылысына и-р.

С/қоса жиынтық, таза, автономды және индуцирленген и-я түрлерін айырады.

Жиынтық инвестициялар- ескі қондырғыны ауыстыруға (амортизация) кеткен шығындар мен өндірісті ұлғайтуға салынған инвестициялардың өсімінің сомасы.

Таза инвестициялар- негізгі капитал амотризациясын алып тастағандағы жиынтық инвестиция.

Автономды инвестициялар- ҒТП нәтижесінде п/болған жаңалықтар мен негізделген инвестициялар.

Инвес-қ сұраныс- кәсіпкерлердің ескірген капиталды қалпына келтіруге және оны ұлғайту үшін өндіріс құралдарына сұранысы.

Инвестицияға сұранысты анықтайтын негізгі факторлар:

-таза пайданың күтілетін нормасы;

-проценттің шынайы ставкасы

Олардың арасындағы байланыс келесідей: егер пайданың күтілетін нормасы жоғары болса, инвестиция өседі. Процент ставкасы- фирманың ақшалай капиталды қарызға алуы үшін төлейтін бағасы.

Егер пайданың күтілетін нормасы (мысалға 10%) процент ставкасынан артық болса (мысалға 7%), инвестиция пайдалы болады, және керісінше.

31 Өндіріс шығындары және олардың жіктелуі.Кәсіпорынның шығындары д-з кәсіпо-ң белгілі бір өнімді өндіруге н/е қызмет көрсетуге, өткізуге жұмсаған қаражаттары. Бухгалтерлер көзқарасы бойынша кәсіпорын шығындарына машиналар, қондырғылар, шикізаттар, материалдар алуға жұмсалатын шығындар жатады. Кәсіпорын бұл шығындарды сыртқы шаруашылық субъектілеріне төлейді. Сондықтан олар сыртқы шығындар(бухгалөк) деп аталады.

Орташа ш-р – жалпы шығынның өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анық-ы. Қосымша ш-р-кәсіпорынның белгілі бір кезеңге жоспарлаған өнімнен тыс өндірілген өнімдеріне жұмсалған шығындары. Тұрақты ш-р-кәсіпорын өнім өндірсе де,өндірмесе де жұмсайтын шығындар. Өзгермелі ш-р-кәсіп-ң өндіріс V-не тікелей байл. шығындар. Трансакциялық ш-р-кәсіп-ды бекітуге, әрекет етуге, с/қ өзгерту процестерін жүзеге асыруға және дайындауға кеткен шығындары. Экономикалық шығындарға өндіріс факторларының құны нарықтан сатылып алынса да, кәсіпорынның меншігінде б-са да кіруі к-к. Жалпы ш-р -кәсіпорынның өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсаған қаражаттары.

32 Кәсіпорын пай-сы ж-е оның түрлері.

Пайдаөнімді өткізуден негізгі қорлар мен басқа мүліктерді сатудан және өндірістен тыс операциялардан түсетін табыстардан құралып, осы операцияларға кететін шығындар сомасын алып тастаумен аңықталатын соңғы қаржылық нәтиже.

Орташа п–жалпы пайда-ң өткізілген өнім көлеміне қатынасымен аңықталады.

Шекті п– қосымша өндірілген өнім және көрсетілген қызметте түсетін п.

Бухгалтерлік п– барлық түскен түсімнен сыртқы және бухгалтерлік шығындарды алып тастағанда шығатын шама.

Экономикалық п–барлық түскен түсімнен сыртқы және ішкі шығындарды алып тастағанда шығатын шама.

Пайданы ұлғайту көздерін іздегенде оны алуға әсер ететін сыртқы және ішкіфакторларды қарастыру керек. Сыртқы факторларға табиғи жағдайлар, бағаны, тарифтерді, салық мөлшерлемесін мемлекеттің реттеуі жатады.

Ішкі факторлар өндірістік және өндірістен тыс болып бөлінеді.

Өндірістік факторлар экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді.

Экстенсивті факторлар пайда табу процесіне сандық өзгерістер әкеледі, интенсивті – сапалық.

Өндірістен тыс факторларға еңбек жағдайлары мен әлеуметтік жағдайлар жатады.

33 Өндіріс факторларына сұраныстың ерекшеліктері. Өндіріс факторларының нарығы – жер, капитал, еңбек сияқты ерекше ресурстардың тауарлы айналымының саласы. Кез келген тауардың нарығы сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасынан туындайды. Өндіріс факторларына сұраныстың ерекшеліктері:

- сұраныс тұтыну тауарларына қарағанда екінші сипатта десек, оларға сұраныс тұтыну тауарларын өндіруге қажет болғанда ғана туындайды.

- өндіріс факторларына сұраныс осы – фактор көмегімен өндірілетін тауарға сұраныстың көлеміне байланысты жоғарылайды және төмендейді.

- өндіріс факторларына сұранысты кәсіпкер және мемлекет білдіреді.

34 Жер рентасы және оның түрлері.

Жердің табысы – рента, басқа өндіріс факторларынан жердің ерекшелігі оның ұсынысы шектеулігінде, сондықтан оның ұсынысы икемсіз демек оның бағасы қанша артқанмен ұсыныс көлемі өзгермейді. Рента дифференциалды және абсолютті болады. Дифф.рента-сапалы және орташа жер учаскелерінде қалыптасады, сапасыз жерлерде ол болмайды. Абсолютті рента-жердің барлық учаскелерінде болады, ол ауыл шаруашылығының бөлімдерінің құны мен оны өндіру құны өндіру арасындағы айырмашылықтан пайда болады.

Жер бағасы=

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 314; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты