Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


В130100-Жалпы медицина» мамандығына арналған «Экономикалық теория негіздері» пәнінен қорытынды тест




ВАРИАНТ 1

?

Адамдардың шаруашылық іс-әрекеттері туралы нақты фактілер мен толықтай мәліметтерді талдау талқылау жолымен ғылыми қорытынды шығаратын экономикалық теория қалай аталады?

+ позитивті (оң) экономикалық теория;

-нормативтік экономикалық теория;

- бағдарлаушы экономикалық теория

-құқықтық экономикалық теория;

- әдістемелік экономикалық теория

?

Мына төмендегі суретте қандай қисық көрсетілген?

P

 

D

0

Q

 

+ сұраныс қисығы

-ұсыныс қисығы

- нарықтық тепе-теңдік

-сұраныстың икемділігі

- ұсыныстың икемділігі

?

Ақша айналымын реттеу, ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, ортақ ақша- несие саясатын жүргізу, есептеулер мен кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, банктер мен басқа да несие мекемелерінің қызметін бақылау, сыртқа сауда қызметі бойынша операциялар жүргізу міндеті болып табылатын банк:

+ұлттық банк

-банк

-коммерциялық банк

- инвестициялық банк

- ипотекалық банк

 

?

Ғылыми талдаулардың деректеріне сүйенсек, елдің экономикалық жағдайынан артта қалуын маңызыды салаларды дамыту артықшылығына негізделген құрылымдық өзгерістер арқылы жеңуге болады. Осындай ұсынысты ғылымның қай түрі бере алады?

- позитивті (оң) экономика

+нормативтік экономика

- макроэкономика

- қазіргі экономика

- әлеуметтік экономика

?

Қазақстан Республикасы территориясында кәсіпкерлікпен айналысатын шетел азаматтарының өндірген өнімдерін төмендегі көрсеткіштердің қайсысында қамтылады?

+ Қазақстанның ЖІӨ

- Қазақстанның ЖҰӨ

- шетел азаматы елінің ЖІӨ-де

- Қазақстанның ЖҰӨ-де және шетел азаматы елінің ЖІӨ-де

- ТҰӨ

?

КСРО тарағаннан кейін Тәуелсіздік алған жылдардағы Қазақстан экономикасы алға жылжып дамуын танып білу үшін оқуда қандай курс керек болды?

- дәстүрлі экономика

- реттелмейтін экономика

- дамыған реттелетін нарықтық экономика

+өтпелі кезең экономикасы

-жоспарлы экономика

?

Қосымша бағалауды, зерттелудегі экономикалық құбылыстың барлық аспектісі туралы қолда бар ақпараттық базаны тереңдетіп зерттеу арқылы анықталған жанама дәлелдерді пайдалану негізінде қайтара есептеуді жүргізуді қалай атаймыз?

- құрама әдіс

+ жанама әдіс

- тура әдіс

- ақтық өнім

- соңғы өнім

?

Науқас және уақытша жұмыс істемейтін адам қай санатқа жатады?

- уақытша жұмыссыздарға

- құрылымдық жұмыссыздарға

- циклдық жұмыссыздарға

+ жұмысшы күшінің жалпы санына кірмейтіндерге

- жұмысбастыларға

?

Өндірушінің өз қажетін өтеуге арналған шаруашылық:

+ натуралды шаруашылық

- тұйықталған шаруашылық

- тұйықталған рыноктық шаруашылық

- ауыл шаруашылығы

- коллективтік шаруашылық

?

Несие % төлеміне қарай қандай түрге бөлінеді?

- тұрақты, негізгі

- негізгі, қосымша

+ тұрақты, ауыспалы

- жанама, негізгі

- ауыспалы, негізгі

?

Несиелік ақша қайсысы жатады?

+ вексель, банкноттар, чектер, кредиттік және электрондық карточкалар

- тауарлардың кредитке сатылу кезінде қолданылатын ақша

- кредиттік және электрондық карточкалар

- қағаз ақша

- кез-келген карточкалар

 

?

Экстенсивті экономикалық өсу дегеніміз?

+ өндірістің сандық жағынан ұлғаюы

- өнімнің сапасы жағынан ұлғаюы

- шаруашылықта шығындарды көп жұмсау бағыты

- өндіріс процесінде капиталдың жинақталуы

- егіс көлемін өсіру арқылы көп өнім өндіру

?

Алдағы уақытта жұмысқа тұрамын деген адам қандай санатқа жатады?

- жұмыстағы разрыдқа жатады

- толық емес жұмыстағы разрядқа жатады

- жұмыс күшінің құрамында қарастырылмайды

+ жұмыссыздар қатарына жатады

- жұмыс табуға үмітін үзбегендер қатарына жатады

 

?

Адамзат қажеттіліктерінің түрлері қалай аталады?

- баспана,киім-кешек,аяқ-киім,тамақ

- рухани және әлеуметтік

- материалдық және әлеуметтік

- шынайы,әлеуметтік және табиғи

+шынайы, экономикалық және әлеуметтік

 

?

Өндіріс факторлар бойынша капитал қандай формада болады:

- ақшалай

- несиелік

- инновациялық

+ өндіріс құралдары

- тауарлы форма

 

?

Өзгермелі капитал қалай аталады?

- өндірісті жаңартуға аванстандырылғанн капитал

+ жұмысшы күшін сатып алуға жұмсалған аванстандырылған капитал

- өндірістің дамуына байланысты өзгеріп отыратын капитал

- жұмысшыларға төленетін жалақы капиталы

- жұмысшының денсаулығына жұмсалатын капитал

 

?

Әміршіл-әкімшіл экономикаға тән белгілеріне қайсы жатады?

- барлық материалдық ресурстар қоғамдық меншікте болады

- мемлекеттің араласуы шектеулі

- өткір жұмыссыздқ мәселесі

- таңдау еркіндігі бар

+орталықтандырылған жоспарлау

 

?

Ақша белгілері массасының нарықтағы тауарлар санынан артып кету құбылысы қалай аталады?

- ақша эмиссиясы

- салық

+инфляция

- несие

- қаржы

 

?

Негізгі өндіріс факторлары дегеніміз?

- ақшалай қаржылар мен акциялар

- машиналар, құрал- жабдықтар, шикізаттар

- тауарлар мен қызметтер өндірісіне кететін уақыт

+еңбек, жер, капитал

-жер, кәсіпкерлік мүмкіншілік, капитал

 

?

Экономикалық теорияның даму кезеңіне қайсысы жатпайды?

- Меркантилизм, кейнсиандық

- Маржинализм, марксизм

+Танымдық, методологиялық

- Институционализм, физиократизм

- Классикалық саяси экономия

 

?

Еңбек бөлінісі дегеніміз не?

- еңбек нәтижесін оған қатысушылар арасында тарату

- өндірушілерді белгілі бір міндеттерді орындауға мамандануы

+ еңбектің бір түрін жан- жақты дамыту

-еңбектің орындағанына қарай ақысын алу

-еңбектің күрделілігіне қарай ақысын алу

 

?

Қажеттілік дегеніміз?

+ адамдардың мәдени деңгейі мен жеке тұлғасына сәйкес ерекше нысандағы жетіспеушілік

- адамдардың психологиялық ерекшелігі

- адамдардың өмір сүру салтын айқындайтын қасиет

-адамдар тұтынатын тауарлар мөлшері

-адамдардың тауарлар тұтынуда жұмсайтын қаржысының көлемі

 

?

Экономикалық қажеттілік дегеніміз?

- адамдарға қажетті игіліктер

- табиғи ресурстар, капитал және еңбек

- өзіміздің шектеулі ресурстарымызға сатып ала алатын заттар мен қызметтер

+материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтыну арқылы қанағаттандырылатын қажеттілік

-адамдардың өмір сүру салтын айқындайтын қасиет

 

?

Қай жауапта барлық үш өндіріс факторларын көрсететін мысал келтірілген:

- электрик, инженер, мұнай шығаратын жер

- электр станциясы, мектеп тақтасы, зауыт диреторы

- табиғи көл, тас көмір шығаратын жер, прокаттау станы

+мектеп мұғалімі, қарағайлы тоғай, кітап басатын станок

-электрик, мектеп мүғалімі, электр станциясы

 

?

Төмендегілердің қайсысы қоғамдық тауар болып табылады?

- пепси- кола банкасы

- қоғамдық пәндерден беретін мектеп мұғалімінің қызметі

- бағыттық таксилер

- жеңілдікпен сатылатын тауарлар

+елдің әуе кеңістігін қорғау

 

?

Іс тігетін машина қай кезде капитал болып табылады?

- оны ломбардқа тапсырғанды

+ оны пайдаланып сату үшін өнім тіккенде

- көздің қарашығындай сақтағанда

-теледидардың астына қоятын қойғыш ретінде пайдаланғанда

-оны сыйға бергенде

 

?

Әміршіл-әкімшіл жүйе әрекет ете алады?

- көленкелі экономикасыз

+ ішкі тұтынушы нарығында еркін бәсекесіз

- орталықтанған жоспарлаусыз

-сыртқы экономикалық саудаға монополиясыз

-өндіріс құралдарына мемлекет меншігінің монополиясынсыз

?

Төмендегі түсініктердің қайсысы нарықтық экономикаға қатыссыз болып табылады?

+ тауарлар мен қызметтер өндірісі мен тұтынуына толықтау әкімшілік бақылау

- ресурстардың шектеулілігі

- жеке меншік

-бәсеке

-нарық субьектілерінің мемлекетке тәуелділігі

?

Экономикалық мәселелер жартылай нарықпен, жартылай үкіметпен шешілсе, онда бұл экономикақалай аталады?

- әкімшілік

- нарықтық

- натуралды

+аралас

-дәстүрлі;

?

Тұйықтық , техникалық процестің жоқтығы қай жүйеге қатысты?

- нарықтық жүйеге;

- әміршіл-әкімшіл жүйеге;

+ дәстүрлі жүйеге;

-аралас жүйеге;

-барлығына қатысты.

 

?

Әкімшілік жүйеде келесілердің қайсысы жоқ?

- бастықтардың бағаны белгілеуі

- жеткен нәтижеден жоспарлау

+ сұраныстын төлем қабілеттілігіне қарай өндірушілердің бейімделуі

-игіліктердің дұрыс таратылуы

-өндірушілердің төлем қабілеттілігі бар сұранысқа бейімделуі

 

?

Еркін нарықтық баға қалыптастыру мен мемлекеттің әлеуметтік реттелу принциптерінің үйлесуі қай жүйеге қалыптасты?

- нарықтық экономикаға

- дәстүрлі экономикалық жүйеге

- әміршіл-әкімшіл жүйеге

+аралас экономикаға

-барлық жүйеге қатысты

 

?

Монопсония дегеніміз?

- нарықта жалғыз ғана сатушының болу жағдайы

- нарықта көптеген сатып алушылардың болуы

- нарықта көптеген сатушылардың болуы

- бірнеше сатып алушы мен сатушының болу жағдайы

+нарықта жалғыз ғана алушының болуы

 

?

Басқару құқығы дегеніміз?

+ игілікті пайдалануды кім және қалай қамтамасыз ететіндігін шешетін құқық

- бұзылған құқықты қалпына келтіру құқығы

- қоршаған орта меншігін тартып алудан және зияннан қорғау құқығы

-игілікті пайдаланудың нәтежелерін иемдену құқығы

-бұзылған құқықты қалпына келтіру құқығы

 

?

Егер Ұлттық банк есептік ставканы төмендетсе, айналымдағы ақшаға қалай әсер етеді?

+ айналымдағы ақша массасын молайтады

- айналымдағы тауарда ақша массасы да азайады

- айналымдағы тауар көлемі молайтады

- айналымдағы тауар көлемі азайтады

- айналымдағы ақша массасын азайтады

 

?

Фирма мақсаттарының қайсысы ең маңызды болады?

- пайда алу

- сатуды максималдау

- еңбек ақыны көтеру

-өнім сапасын көтеру

+қажеттіліктерді өтеу

 

?

Меншік иесінің мүлкін мемлекет бекіткен тәртіппен ақысыз алу қалай аталады?

- мемлекет иелігінен алу

- монополияландыру

- жекешелендіру

-ұлтсыздық

+тәркілеу

 

?

Рентаның қандай түрі жердің табиғи сапасына байланысты болады?

- абсолютті рента

- дифференциалды рента 1 және 2

+ дифференциалды рента 1

- рентаның барлық түрі

-дифференциалды рента 2

 

?

Жекешелендірудің негізгі нысандарына келесілердің қайсысы жатпайды?

- сату

- тарату: толықтай немесе жартылай

- сатып алу

-тапсыру

+сыйға тарту

 

?

Натуралды шаруашылық қалай аталады?

- адамдар үшін натуралды өнімдерді өндіру ұйымдастыру

- машиналар қолданылмайтын, қол енбегі пайдаланылатын өндірісті ұйымдастыру

- сатуға арналған өнім өндіретін шаруашылық

+барлығын тек өздері тұтыну үшін өндірілетін шаруашылық

-өнімдері жартылай өздері тұтыну үшін, жартылай тауар айырбасы үшін өндірілетін шаруашылық

 

?

Тауарлы шаруашылық дегеніміз?

- жетілген машиналар мен құрал-жабдықтар қолданылатын шаруашылық

- өндіретін өнімдері жоғары көлемді шаруашылық

+ сатуға арналған тауарлар мен қызыметтер өндірісін ұйымдастыру

-шаруашылықтың ішкі қажеттіліктері үшін жоғары сапалы тауарлар өндірісін ұйымдастыру

-қол еңбегінін кеңінен пайдаланатын өндірісті ұйымдастыру

 

?

Қажеттілік дегеніміз?

- қанағаттануды талап ететін бір нәрсенің жетіспеушілігі

-адамдардың ақша төлемей алғысы келетін тауарлары

- адамдардың қаржысы жеткілікті болса алғысы келетін қызметтері

+адамдардың мәдени деңгейі мен жеке тұлғасына сәйкес ерекше нысандағы жетіспеушілігі

-қанағаттануды талап ететін бір нәрсенінің қатты жетіспеушілігі

 

?

Жекеден жалпыға жылжу арқылы қорытынды шығаруға негізделген әдіс қалай аталады?

- экстрополяция

- логика

- дедукция

+индукция

-абстракция

 

?

Экономикалық жандану кезінде:

- нақты көлем төмендейді

- өндірістің номиналдық көлемі өседі

- өндірістің номиналдық көлемі өзгермейді

+өндірістің нақты көлемі өседі

-нақты көлем төмендейді, ал номиналдық өседі

 

?

Қай кезде еңбек, жұмысшы қолы сату-сатып алу заты болады?

- қарапайым тауар шаруашылығында

+ дамығын тауар шаруашылығында

- жалпыға ортақ тауар шаруашлығында

-бүкіл әлемдік тауар шаруашылығнда

-маңызды тауар шаруашылығында

 

?

Өндіріс мәселесіне қайсы жатады?

- асыра өндіру және жеткіліксіз өндіру дағдарыстары

+ өндірісті шоғырландыру және бөлшектеу

- жұмыссыздық және инфляция

-өндірісті мамандандыру

-өндірістегі еңбек бөлінісі

 

?

Ағымдағы өзгермелі курс жағдайында кез келген басқа баға сияқты, валюта курсы немен анықталады?

- алтын қорының болуымен

- әлемдік экономикадағы жағдайымен

- жағымды қаржы жағдайымен

+сұраныс пен ұсыныс факторларымен

-валюталық ресурстар болуымен

 

?

Экономика ғылымының тану әдістеріне қайсысы жатады?

- индукция, танымдық, практикалық, гипотеза

- дедукция, болжамдық,методологиялық, индукция

+ индукция, экстраполяция, гипотеза, дедукция

- экстраполяция, дүниетанымдық, болжамдық, гипотеза

- гипотеза, практикалық, болжамдық, методологиялық

 

?

Экономикалық теорияның функцияларын көрсетіңіз?

+ танымдық, практикалық, болжамдық, дүниетанымдық, методологиялық

- дедукция, болжамдық, методологиялық, индукция

- индукция, экстраполяция, гипотеза, дедукция

- экстраполяция, дүниетанымдық, болжамдық, гипотеза

- гипотеза, практикалық, болжамдық, методологиялық

 

?

Экономикалық теория дегеніміз?

+ барлық экономикалық жүйелерді оқып білу үшін керек

- социализмнің экономикалық жүйесін оқып білу үшін керек

- тек қана капиталистік шаруашылық жүйені оқып білу үшін керек

- жоспарлы экономиканы оқып білу үшін керек

- нарықтық экономиканы оқып білу үшін керек

 

?

Ақшаның құны немен анықталады?

+ ақша бірлігене айырбасталуға болатын тауарлар мен қызметтердің мөлшерімен

- ақша өндірісіне кеткен еңбекпен

-ақша бірлігінің алтын қорымен

-өтімділігімен

-айналымдағы ақша өлшерімен

 

?

Мемлекеттік бюджет қандай игіліктерге жұмсалады?

-фирмалардың негізгі өндірістік құралдар сатып алуына

-тек сыртқы қарызды өтеуге

+елді қорғау мен құқықты тәртіп сақтауға

-жеке адамдардың өзіндік шаруашылық жүргізуіне

-тек әлеуметтік мақсатқа

 

?

Экономикалық ойлардағы ең бірінші ғылыми бағыты қалай аталады?

+меркантилистер

- классикалық-буржуазиялық саяси экономика

-физиократтар

-ұсақ буржуазиялық саяси экономика

- маркстік саяси экономия

 

?

Капиталды қайтадан қалпына келтіруге бөлінген қаржы:

- таза инвестиция

- жалпы инвестиция

+ амортизация

-тұтынушы тауарларды сатып алу үшін қолднуға болатын қорлар

жеке тұтынуды қанағаттандыру үшін арналған қаржы

?

Нарық шеше алмайтын мәселелер қатырына келесілердің қайсысы жатады:

+ өндірістің сыртқы әсерлері

- еркін бәсекені қамтамасыз ету

- әр түрлі нысандағы нарықтарға еркін ену

-материалды, еңбек, қаржылық ресурстарды жұмылдыру

-нарықтық ақпараттардың толық көлеміне еркін кіру

?

Нарықтық қатынастардың негізгі қатысушылары болып табылатындар:

- үй шаруашылығы және фирмалар

- үй шаруашылығы және мемлекеттік кәсіпорындар

+үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет

-мемлекет, шет елдер

-мемлекет, кәсіпорындар

 

?

Инфрақұрылымның материалдық базасына келесілердің қайсысы жатады?

- брокерлік ұйымдар

- жабдықтау- өткізу ұйымдары

- банктер

-несиелік- жинақтау мекемелері

+көлік жүйелері, қоймалар

?

Қандай шығындар тұрақты деп аталады?

- бухгалтерлік шығындар

+ шамалары өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты емес

- өнеркәсіптің ресурстарды төлеуге кететін шығындары

-өнімнің бір бөлігіне шаққандағы шығындар

-құрамына айқын емес шығындар кіретін шығындар

 

?

Постиндустриалды экономика қалай аталады?

- машиналық өнеркәсіп өндірісіне негізделген экономика

- ауылшаруашылығы басым және қол еңбегіне негізделген экономика

- аграрлы-индустриалды шаруашылық

+тиімді технологияға негізделген, ақпаратпен толық қамтамасыз етілген, жоғары дамыған қызмет көрсету саласы бар экономика

-халықтың салт-дәстүріне негізделген экономика

 

?

Нарықтық экономикада «кім үшін өндіру керек» мәселесі қалай шешіледі?

- сұраныс көлемімен

- ұсыныс көлемімен

+ тұтынушылардың табысымен

-өндірушілер арасындағы бәсекемен

-өндірушілер санымен

 

?

Өндіріс құралдар нарығында айналымға нелер түседі:

-акциялар мен облигациялар

+ өндіріс технологиялары мен лицензиялар

-тұтынушы тауарлары

-қаржы ресурстары

-еңбек ресурстары

 

?

Аумақтық белгілері бойынша нарықтар қандай болады?

- жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтары

- ресурстар мен игіліктер нарықтары

- ресми және көлеңкелі нарықтар

+халықаралық, аймақтық және ұлттық нарықтар

-реттелетін және реттелмейтін нарықтар

 

?

Нарықтың баға қалыптастыру міндеті қай кезде көрінеді?

- өндіріске қатысушылардың экономикалық байланыстарынан пайданы анықтауда

- тиімді өндіріс құрылымын қалыптастыруда

+ құн мен баға арасындағы байланысты анықтауда

-тауарға сұраныс жөніндегі дұрыс мәліметті беруде

-сатушы мен сатып алушы арасындағы байланысты анықтауда

 

?

Келесі сипаттамалардың қайсысының нарықтық экономикаға қатысы жоқ?

- бәсеке

+ орталықтан жоспарлау

- жеке меншік

-тұтынушы таңдауының еркіндігі

-кәсіпкерлік

 

?

Нарықтың қате жіктелуін табыңыз:

- даму деңгейі бойынша-дамыған, дамымаған

- заңға сәйкестігі бойынша-ресми, ресми емес

+ аумақтық белгісі бойынша-жетілген және жетілмеген бәсеке нарығы

-толығуы бойынша-тапшылықты, артықшылық

-көлемі бойынша-жәрмеңке, аукцион, базар

 

?

Сақтандыру компаниялары, жарнама агенттіктері, адвокаттық кеңселер қандай инфрақұрылымға жатады:

- шикізат нарықтары

- қаржы нарықтары

- тұтыну заттар нарықтары

+қызмет нарықтары

-құнды қағаз нарығы

 

?

Нарықтық экономикада болуы мүмкін емес?

- ең жоғарғы табыс алу

- өндіріс шығындарын ең төменгі деңгейге жеткізу

- күн көріс деңгейі төлем отбасыларға қайратылмайтын көмек көрсету

+барлық адамдарды бір деңгейлі өмірмен қамтамасыз ету

-нарықтағы сұранымға сәйкес тауарлар шығару

 

?

Нарықтың тазарту міндеті қай кезде көрінеді:

- тауарлардың қоғамға қажетті мөлшері жөнінде мәлімет беруде

+ үздік өндірушілерді таңдауда

- нарыққа қатысушылар арасындағы байланысты жасауда

-өндіріс құрылымын реттеуде

-өндіруші сұранымды толық қанағаттандырғанда

 

?

Сұраныс заңы төмендегілерді ұсынады:

- ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендететіндігін

- егер тұтынушылар табысы өссе, олардың көп тауар сатып алатындығын

- баға өссе, тауарға сұраныстың өсетінін

+тауар бағасы төмендегенде жоспарланған сатып алу көлемі артатындығын

-тауар бағасы жоғарлағанда жоспарланған сатып алу көлемі төмендейтінін

 

?

Адам еңбегін техникамен алмастырудың нәтижесінде пайда болатын жұмыссыздық түрі?

- құрылымдық

- маусымдық

+ технологиялық

-жасырын

- циклдық

 

?

Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен болған жағдайда?

- тауарлар молшылығын қалыптастырады

+ тауарлар тапшылығын тудырады

- сатып алушылар нарығын қалыптастырады

-ресурстар бағасы төмендейді

-сатушылар нарығы қалыптасады

 

?

Қарапайым тауар өндірісі кезінде еңбек формасы:

+ жеке

- жалдамалы

- қоғамдық

- келісімді

-ұжымдық

 

?

Егер номиналды ЖҰӨ өсетін болса, онда нақты ЖҰӨ қалай болады?

+ төменірек қарқынмен өсу қажет

- жедел қарқында өсуі қажет

- өсуі, тұрақты болуы немесе төмендеуі мүмкін

- бір қарқында өсуі қажет

-тұрақты болу қажет

 

?

Жеке салықты алып тастағандағы жеке табыс дегеніміз?

- таза өнім

+ қолда бар табыс

- импорт

- бағалар индексі

-таза экспорт

 

?

Мемлекеттік қаржы жоспары дегеніміз?

- сыртқы экономикалық жоспарлау

- мемлекеттік қарызды жоспарлау

+ мемлекеттік бюджетті жоспарлау

- мемлекеттік жоспар

- салық төлемдерін жоспарлау

 

?

76Кедейлік деңгейі анықталады:

- жалақы деңгейімен

- минималды зейнетақы мөлшерімен

- минималды жалақы мөлшерімен

-орташа зейнетақы мөлшерімен

+өмір сүру құнының ең төменгі деңгейімен

 

?

 

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдірудің мақсаты:

-денсаулық сақтау саласында басқару және менеджмент жүйесін жетілдіру;

-денсаулық сақтау саласын қаржыландару тетіктерін жетілдіру;

+медициналық көмек көрсетудің тиімді және қол жетімді жүйесін жетілдіру;

-медициналық көмектің жоғарғы сапалы жәек қол жетімді болуын қамтамасыз ету;

-әлеуметтік бағдарламаны денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.

?

ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының мақсаты:

- елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту;

+елдің тұрақты әлеуметтік- демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту;

- медициналық кадрларды дайындау сапасын жақсарту;

- Қазақстан азаматтары үшін көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту

- елдің дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту;

?

ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының мақсатты бағдарламаларының бірі:

- медициналық білімнің бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру

- медициналық қызметті және медициналық білімді дамыту

- денсаулық сақтауды дамыту жолымен экономиканы дамыту

+денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру

- салауатты өмір салтын қалыптастыру

?

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне 2010 жылы 1 қаңтарда қандай жүйе енгізілді?

+денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі

- тестілеудің бірыңғай жүйесі

- жаңа технологияны енгізу жүйесі

- демографияны дамыту бағдарламасы

- инновациялық технологияны енгізу бағдарламасы

?

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі нені қамтамасыз етеді?

- дәріхананы еркін таңдау және медициналық құралдарды еркін босату

+науқастарға дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау

- дәрігерлерге науқасты және жұмыс орнын еркін таңдау

- халықтың барлық топтарына ақысыз медициналық тексеру

- ақысыз медициналық қызмет

?

ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге не себеп болды?

- 2010 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексі

+«Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы Қазақстан Президентінің бұйрығы

- «Қазақстан жедел экономикалық , әлеуметтік және саяси модернизация жолында» 2005 жылғы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы

- «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға »2009 жылғы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы

- 2010 жылға Қазақстан Республикасының білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы

?

ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шегінде медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдірудің, медицинаға жаңа технологияны енгізудің және дамытудың мақсаты не болып табылады?

+денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетті құру және жаңа технологияны дамыту

- бәсекеге қабілетті медициналық білімді және инновациялық технологияны құру

- медицина ғылымын басқарудың және қаржыландарудың жаңа принцптерін енгізу

- «Назарбаев Университеті» базасында алдыңғы қатарлы халықаралық стандартқа сәйкес дәрігерлер дайындаудың инновациялық жүйесін енгізу

- университеттердің материалдық- техникалық базасын жақсарту

?

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің мақсаты не?

- ҚР демографиясын жоғарылату

- санитарлық- эпидемиологиялық нормалау және стандарттаудың қазіргі заманғы техноголиясын әзірлеу және енгізу сферасында халықаралық ынтымақтастықты дамыту

+медициналық қызмет көрсетудің тиімді және қол жетімді жүйесін құру

- халықаралық талаптарға сәйкес лабораториялық зерттеудің стандарттарын әзірлеу

- медициналық сараптама саласында лабороторияларды халықаралық аккредиттеу бойынша шаралар өткізу

?

Дәрілік заттардың қол жетімділігін және сапасын жоғарлатудың, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жабдықтауды жақсартудың мақсаты не?

+халықты сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз ету, тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі шегінде олардың қол жетімділігін жоғарылату

-медициналық қызметтің сапасын үздіксіз жақсарту принцптері негізінде, медициналық қызметтің сапасын басқарудың аурухана ішілік жүйесін енгізу

-халықаралық принцптерге негізделген медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеуді дамыту

-денсаулық сақтау ұйымдарының қызметтерінің тиімділігі туралы халықты ақпараттау жүйесін әзірлеу және енгізу

-денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту процесіне науқастардың және жалпы қоғамның қатысу потенциялын жоғарлату

?

ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес медициналық білімді дамытудың мақсатына жету үшін не жоспарланып отыр?

-пациенттердің және медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін көрсететін нормативтік базаны жетілдіру

+денсаулық сақтау саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындау, соның ішінде магистратура және PhD докторантура шегінде ғылыми- педогогикалық кадрларды дайындау бағдарламасын жетілдіру

-денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық техникамен жабдықтау жүйесін қалыптастыру

-халықаралық талаптарға сәйкес орта медициналық персоналының ролін және потенциалын күшейту

-дәрігерлердің кәсіби дамуының республикалық және аймақтақ бағдарламасын әзірлеу,сонымен қатар кәсіптік бедел және кәсіптік бәсеке институттарын дамыту

?

ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасна сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында кадрлік саясатты жетілдіру үшін не жоспарланып отыр?

+медициналық қызметкерлердің әлеуметтік дәрежесін және мамандығының беделін жоғарылату

-денсаулық сақтауды қаржыландарудың механизмдерін жетілдіру

-денсаулық сақтауды басқару және менеджмент жүйесін жетілдіру

-санитарлық- эпидемиологиялық сараптаманың инновациялық әдістерін енгізу

-білім беру сферасында халықаралық қарым- қатынасты дамыту

?

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің әрекет ету сферасы:

+ҚР азаматтарының конституциялық құқығын жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қарым-қатынас

-Қазақстан Республикасы Үкіметі қарамағындағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара қарым-қатынасы

-халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі сұрақтарын тікелей және жанама қозғайтын нормативтік, құқықтық актілер және нормативтік құжаттар

-денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру сферасы

-медициналық қызмет көрсету сферасында медициналық мекемелердің өзара қарым- қытынасы

?

Медициналық қызмет көрсету сферасында мемлекеттік бақылау обьектісіне не жатады?

-ақпараттық ресурстар

-жаңа өнім, технология, құрал- жабдық

+жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін медициналық қызметтер

-балаларға арналған тауарлар, тағамдық қоспалар

-дәрілік заттарды сату

?

Медициналық қызметтер сапасына сараптама қалай бөлінеді?

-ашық және жабық

-біріншілік және екіншілік

+ішкі және сыртқы

-бірлік және жаппай

-негізгі және қосымша

?

Аурудың алғашқы алдын алу неге бағытталған?

+аурудың пайда болуын алдын алу мақсатында өмір сүрудің қолайлы жағдайын жасау

-медициналық көмектің қол жетімдлігі

-халықтың санитарлық- эпидемиологиялық жағдайын қастамасыз ету

-жеке және қоғамның денсаулығын сақтау және жақсартауға мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақты жауапкершілігі

-аурудың алғашқы ошақтарын анықтау

?

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға не жатады?

-медициналық көмектің сапасын әрдайым жоғарылату

-ерікті өтеусіз донорлыққа сыйақы

-халықтың қажеттілігін, мұқтаждығын қанағаттандыруға және өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағытталуы

+өмір салтымен байланысты, денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу сұрақтары барысында халықты гигеналық оқыту және тәрбиелеу, ақпараттық қамтамасыз ету жолымен салауатты өмір сүру салтын, дұрыс тамақтану және аурудың алдын алу жағдайын насихаттау

-денсаулық сақтау жүйесін дамыту

?

Медициналық тексерулер:

+міндетті және алдын алу

-ашық және жабық

-кезеңді

-бақылау және жалпылама

-алғашқы және екінші

?

«Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің ар- намыс Кодексі» көрсетілген нормативтік құжатты атаңыз:

-«ҚР халқының денсаулығы туралы» заң

+«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы » ҚР Кодексі

-ҚР Конституциясы

-денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

-ҚР медициналық қызмет ұйымдарының типтік ережесі

?

Денсаулық сактау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдар өзінің құзыреттілігі шегінде қай мемлекеттік органда реттеуді жүзеге асыруға әсер етуге міндетті:

-ақпараттандыру

+денсаулық сақтау

-денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру

-халықаралық әріптестік

-фармацевтикалық қызмет

?

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алуға не жатады?

+резидентура, магистратура, доктарантура

-интернатура, резидентура, магистратура

-интернатура, магистратура, доктарантура

-магистратура, доктарантура

-интернатура, резидентура,магистратура, доктарантура

?

Жеке тұлғаларға клиникалық тәжірибе сабағын қандай құжатсыз рұқсат етілмейді?

-ғылыми дәрежесі туралы куәлік

+маман сертификаты

-біліктілікті жоғарлату туралы куәлік

-халықаралық үлгідегі сертификат

-мемлекеттік үлгідегі диплом

?

«Дәрігер анты» қай нормативтік құжатта көрсетілген?

-"ҚР халық денсаулығы туралы" заңы

+«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы » ҚР Кодексі

-ҚР Конституциясы

-денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

-ҚР медициналық қызмет ұйымдарының типтік ережесі

?

ҚР эвтаназияның жүзеге асырылуы:

+тыйым салынады

-науқасты қиналудан құтқару мақсатында оның келісімімен рұқсат етіледі

-жазылмайтын ауруға кеңес беретін дәрігерлер консилиумнің келісімімен рұқсат етіледі

-науқастың заңды өкілінің келісімімен рұқсат етіледі

-науқастың жақын туысқандарының келісімімен рұқсат етіледі

?

Медициналық сақтандыру нешеге бөлінеді?

-жеке және топпен

+міндетті және ерікті

-міндетті және міндетті емес

-ерікті және еріксіз

-жеке меншік және мемлекеттік


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 365; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты