Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Химиялық тепе теңдік.Тепе теңдік константасы,оның физикалық маңызы.Ле-Шателье-Браун принципі 5 страница




 

Кетондар. . Кетондар дегеніміз карбонил тобы арқылы байланысқан екі коміртек радикалынан тұратын органикалық заттар.Оларды құрамына кіретін радикалдар атына кетон созі қосып атайды, ал халықаралық атау бойынша құрамындағы көміртек атомына сәйкес алканның атына –он жұрнағын жалғау арқылы айтылады.Кетондардың ең қарапайым өкілі-ацетон. Ол –өткір иісті, түссіз сұйыктык,судан жеңіл, бірак суда жаксы ериді, ұшқыш. Көптеген органикалық заттарды жақсы ерітеді. Мысалы.лакты, нитроцеллюлозаны т.б. Кетондарды екіншілік спирттерден алады. Алкендерді тотықтыру арқылы алуға болады....Кетондардағы карбонил топшасы кушті полюстенген топша.Карбонилди қосылыстардың химиялық қасиеттерін қарастырғанда, альдегидтер мен кетондардың реакциялық қабілеттерінің айырмашылықтарына көңіл бөлу керек, Альдегидтер кетондарға қарағанда активтілеу болып келеді.

Жалпы ф.сы:

R-C-R`

Егер кетонның құрамындағы радикалдары бірдей болса, симметриялы, ал егер әр түрлі болса, аралас деп аталады. Мысалы, ацетон (диметилкетон, пропанон) симметриялы, ал ацетофенон (метилфенилкетон) аралас кетондарға жатады. Кетондарда халықаралық ИЮПАК номенклатурасы бойынша көмірсутегінің атына –он суффиксі жалғанып, карбонил тобының орны көрсетіледі. Радикалдық номенклатура бойынша радикалдардың атына кетон деген сөз жалғанып айтылады.

37.Альдегидтер.Альдегидтердің изомериясы мен номенклатурасы.Нуклеофильді орынбасу реакциялары. Альдегидтердің жалпы формуласы R-CH=O. Альдегидтердің изомериясы радикалдардың құрылысына байланысты. Альдегидтер өздері тотыққанда түзілетін қышқылдардың атымен немесе соңына аль деген жалғау қосып қаныққан көмірсутектердің атымен аталады. Альдегидтер реакциялық қабілеттілігі жоғары. Альдегидтер спирттерди тотықтыру және дегидрлеу ,алкиндерді гидратациялау ,дигалогеналкандарды гидролиздеу арқылы алады, Ең қарапайым альдегид құмырсқа альдегиді. Альдегидтерге қысқа толқынды српектрлер сәйкес келеді, Альдегидтер кетонға қарағанда активтілеу.

ИЮПАК халықаралық номенклатурасы бойынша альдегидтердің аты көмірсутегінің атынан және аль суффикісінен құралады. Мысалы, НСНО метаналь, СН3СНО этаналь. Атомдардың санмен белгіленуі альдегид тобындағы көміртегі атомынан басталады. Сонымен қатар, альдегидтердің тарихи немесе ескі аттары да сақталған, мысалы, НСНО құмырсқа альдегиді немесе формальдегид, СН3СНО сірке альдегиді, немесе ацетальдегид. Алициклды альдегидтердің аты карбоциклдың атынан және карбальдегид суффиксінен тұрады.

Жалпы ф.сы:

R-C-R`

Карбон қышқылдары .Карбон қышқылдары дегеніміз құрамында бір не бірнеше карбоксил тобы СООН болатын органикалық қосылыстар.Карбоксил тобының саныны байланысты карбон қышқылдары бір негізді ,екі негізді және көп негізді болып жіктеледі.Бұл қышқылдар өз кезегінде қаныққан және қанықпаған болып бөлінеді.Ал молекуласындағы көміртек атомының санына қарай төменгі және жоғары не майлы қышқылдар болып классификацияланады.Көміртек атомдары 3 жеңіл қышқылдар өзіндік өткір иісті түссіз сұйықтық.олар сумен кез келген мөлшерде араласады.Қышқылдыардың қайнау температурасы молекулалык салмағы өскен сайын арта береді.Карбон қышқылдарының қышқылдық қысиеттері айқын байқалады.Оны карбоксил тобындағы атомдарының өз ара әсері деп түсіну керек,карбоксил тобындағы электрондық тығыздығы куштірек атом

Карбон қышқылдары дегеніміз құрамында бір не бірнеше карбоксил тобы (СООН) болатын органикалық қосылыстар. Карбоксил тобының саныны байланысты карбон қышқылдары бір негізді, екі негізді және көп негізді болып жіктеледі. Бұл қышқылдар өз кезегінде қаныққан және қанықпаған болып бөлінеді. Ал молекуласындағы көміртек атомының санына қарай төменгі және жоғары, не майлы қышқылдар болып классификацияланады. Көміртек атомдары 3 жеңіл қышқылдар өзіндік өткір иісті түссіз сұйықтық. Олар сумен кез келген мөлшерде араласады. Қышқылдардың қайнау температурасы молекулалық салмағы өскен сайын арта береді. Карбон қышқылдарының қышқылдық қысиеттері айқын байқалады. Оны карбоксил тобындағы атомдарының өз ара әсері деп түсіну керек, карбоксил тобындағы электрондық тығыздығы куштірек атом.

 

Оксиқышқылдар және оксоқышқылдар. Олардың қасиеттері, қолданылуы. Оксиқышқылдар деп-қурамында карбоксил топтарынан басқа бір не бірнеше гидроксил топтары бар органикалық карбон қышқылдарын айтады.Оксиқышқылдар аттарын көбінесе, өздеріне сәйкес карбон қышқылдарының окситуындылары ретінде алады. Гидроксил және карбоксил топтарының орналасу орындары грек алфавитінің әріптерімен көрсетіледі. Бір негізді оксиқышқылдардың гомолоктық қатары оксиқұмырсқа немесе көмір қышқылынан басталады. Оксиқышқылдардың арасында ассиметрлік көміртек атомдарының болуына байланысты оптикалық изомерияның өте жиі кездесетіндігі байқалады. Оксиқышқылдар қышқылдардың да спирттердің де қасиеттерін көрсетеді. Бұлар қышқылдар тәрізді тұздар, күрделі эфирлер, амидтер және т.б. өнімдерді береді.

ОКСОҚЫШҚЫЛДАР деп құрамында карбоксил тобынан басқа карбонил тобы бар қосылыстарды айтады. Оксоқышқылдар аралас функциялық қосылыс болғандықтан олар бір жағынан карбон қышқылдарының қасиеттерін көрсетіп, тұздар, күрделі эфирлер береді, Екінші жағынан альдегидтер мен кетондарға тән реакцияларға түседі. Атап айтқанда, олар тотықсызданғанда спирт түзетін альдегид пен кетондар сияқты тотықсызданып гидроксиқықылдарға айналады. Глиоксил қышқылы ең қарапайым окскқышқыл болып табылады: НООС-СНО. Көптеген оксоқышқылдар организмде Кребс циклына қатысады. Оларға пирожүзім СН2-С(ОН)-СООН, қымыздық сірке НООС- СН2-С(О)-СООН, а-кетоглутар Ноос-С(О)- СН2 -СН2-СООН қышқылдары жатады. Организмде майлы қышқылдардың метаболизмі нәтижесінде ацетосірке қышқылы СН2 -С(О)- СН2-СООН түзіледі.

А- aминоқышқылдар, олардың биологиялық ролі. Молекуласында амин және карбоксил топтары бар қосылыстар аминқышқылдар деп атайды. Екі функциялық топтың орналасуына байланысты алфа, бетта және гамма аминқышқылдары болады. Бір амин және карбоксил топтары бар қышқылдарды моноаминмонокарбон қышқылдары, ал молекуласында екі амин бір карбоксил топтары бар қышқылдарды диаминкарбон, бір амин және карбоксил топтары барларды аминдикарбон қышқылдары деп атайды. Аминқышқылдардың маңызы өте зор, өйткені солардың қалдықтарынан белок заттары құрылған. Алфа аминқышқылдары белоктардың негізгі мономерлері болып табылады. Аминқышқылдардың бірқатары организмде синтезделеді, ал кейбірі организмге тамақтану арқылы келеді. Ондай аминқышқылдарды алмастырылмайтын аминқышқылдары деп атайды. Химиялық құрамына байланысты аминқышқылдары полярлы (гидрофобты) және полярсыз (гидрофатты) деп жіктеледі. Немесе оларды бейтарап, қышқылдық және негіздік аминқышқылдары деп бөледі. Белоктардың құрамында кездестін аминқышқылдары, алфа аминқышқылдары деп аталады.

а-аминқышқылдары:

Аминокислота Формула Условное обозначение Тпл0C
Глицин Гли
Аланин Ала
Валин Вал
Лейцин Лей
Изолейцин Илей
Аспаргиновая кислота Асп
Глутаминовая кислота Глу
Орнитин Орн
Лизин Лиз
Серин Сер
Треонин Тре
Цистеин цис-SH
Цистин цис-S | цис-S
Метионин Мет
Фенилаланин Фен
Тирозин Тир
Триптофан Три
Пролин Про
Оксипролин Про-ОН
Гистидин Гис
Аргинин Арг
Аспаргин Асн
Глутамин Глн

46.Дисахаридтер. Дисахаридтердің түзілуі мен құрылысы, сақиналы тізбекті таутомериясы. Тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын дисахаридтер.Олисахаридтердің ішіндегі ең маңыздысы-дисахаридтер. Олар 2 молекула моносахаридтердің конденсациялану өнімі. Табиғатта бос күйінде таралған. Жоғары олисахарид не полисахаридті біртіндеп гидролиздеу арқылы алады. Молекулалары өзара оттек атомы арқылы жалғасқан моносахаридтің 2 қалдығынан құралады. Құрылысы жай эфирді еске түсіреді. R-O-R. Дисахаридтерге: сахароза, лактоза, мальтоза, т.б жатады. Егер дисахаридтегі жартылай ацеталь гидроксил тобы альдегид тобына айналса, онда альдегидтерге тән химиялық қасиеттер, яғни тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Олар жай және күрделі эфирлер түзеді. Тотықсыздандырғыш қасиет дисахаридтің арасында

мальтоза, лактоза, целлобиозаларға тән. Сахароза тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді. Мальтозаны крахмалдан алуға болады. Ол альдегид пен спирттерге тән барлық реакцияларға қатысады және тотықсыздандырғыш қасиеті болғандықтан Троммер реакциясына түседі. Лактоза ас қорыту процесі кезінде ішек клеткаларында болатын лактаза ферментінің әсерінен ферменттік гидролизге ұшырайды. Сахарозаның ерекшелігі жартылай ацеталь гидроксил тобы болмайды сондықтан тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді. Басқаға қарағанда гидролизі жеіңл жүреді.

47.Полисахаридтер. Биологиялық маңызы. Гомополисахаридтер. Крахмал, гликоген.Полисахаридтер- молекуласында гликозидті байланысқан 10-нан артық моносахарид қалдығы бар көмірсулар. Жалпы формуласы:(C6H10O5)n. Олар сілтіге төзімді, суда жақсы ериді. өсімдіктер мен жануарлар ағзасында ферменттердің әсерінен түзілген моносахарид поликонденсацияланып, полисахарид түзеді. Үлкен 2 топқа бөлінеді: гомополисахаридтер және гетерополисахаридтер. Гомополисахаридтер- құрамы бірдей моносахарид молекулаларынан тұрады. Оларға: крахмал, гликоген мен декстранандар жатады. Крахмал- табиғи полимер. Ол амилоза мен аминопектиннен тұрады. Табиғатта кең тараған: күріште 80, бидай мен жүгеріде 70-75, картоп түйінінде 20% крахмал болады. Салқын суда ерімейтін ақ түсті ұнтақ. Крахмалдан глюкоза, этил спирті, ацетон, лимон қышқылы алынады. Бактериялық негізді полисахаридтер декстрандар деп аталады. Гликоген-глюкоза қалдықтарынан құралған, адам мен жануар организмінде қорға жиналатын күрделі көмірсу. Ол жануар организміндегі өсімдік крахмалының структуралық аналогы болып саналады. Тармақталған тізбегі ұзын. Гликогеннің түзілуін жүйке жүйесі реттеп отырады. Ол бұлшықет талшықтары мен бауыр жасушалары цитоплазмасында дән түрінде жинақталады. Гетерополисахаридтердің маңыздылары: гиалурон қышқылы, хондроитинсульфаттары және гепарин.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 264; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты