Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Гетероплисахаридтер. Гиалурон қышқылы, хондроитинсульфат және гепарин.




Полисахаридтер- молекуласында гликозидті байланысқан 10-нан артық моносахарид қалдығы бар көмірсулар. Жалпы формуласы:(C6H10O5)n. Олар сілтіге төзімді, суда жақсы ериді. өсімдіктер мен жануарлар ағзасында ферменттердің әсерінен түзілген моносахарид поликонденсацияланып, полисахарид түзеді. Үлкен 2 топқа бөлінеді: гомополисахаридтер және гетерополисахаридтер. Гетерополисахаридтер- құрамы әртүрлі моносахарид молекулаларынан тұрады. Гуалурон қышқылы-β-1,4-гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан дисахаридтен, ал дисахаридтік фрагмент β-1,3-гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан Д-глюкурон қышқылының, ацетил қалдығынан тұрады. Ерітіндісінің тұтқырлық қасиетіне байланысты микробтарға қарсы қорғаныш қызметі жоғары болады. Хондроитин сульфаттары глюкурон қышқылы және ацетил галактозаминнің қалдығынан тұрады. Олар белокпен комплекс түрінде шеміршекте, теріде, көздің белокты мүйізгек қабығында кіндік бауырда кездеседі. Гиалурон қышқылына қарағанда тұтқырлық қасиеті төмен. Гепарин-жануар мен адам тканьдерінде, бауырда, өкпеде, жүректе, қаңқа еттерінде кездеседі. Медицинада маңызы зор, қан ұюын төмендету үшін қолданады. Д-глюкурон және һ-идурон қалдығынан тұрады. Бауыр клеткасында синтезделіп, бүйректе ыдырау процесі жүреді.

49Бес және алты мүшелі гетероциклдер. Бір гетероатомы бар гетероциклдер. Тұйық тізбектің құрамында көміртегі атомдарынан басқа бір не бірнеше басқа атомдар болатын қосылыстар гетероциклды қосылыстар деп аталады. Кең тараған гетероциклдарға бес және алты мүшелілер жатады. Гетероатомның ролін азот, күкірт, оттегі атқаруы мүмкін. Гетероциклдар қаныққан, қанықпаған, ароматты болып бөлінеді. Физиологиялық белсенді заттардың және дәрілердің құрамында кездесетін ароматтылар табиғатта кең тараған. 5 мүшелі 1 гетероатомды гетероциклдарға пиррол, фуран, тиофен жатады. Олар өзара генетикалық байланыста болады. Азотты табиғи заттардың маңызды тобын құрамына 4 пиррол сақинасы енетін қосылыстар құрайды. Фуранның туындысы фурфолдан фуран қатарының күшті бактерицидтік қасиет көрсететін 5-нитротуындылары алынады. Бұл қатардан микроорганизмдер туындататын іріңді- қабыну процестерінде тиімді әсер ететін фурацилин, фуразолидон жатады. Тиофеннің туындылары қабынуға қарсы, антисептикалық және жергілікті жансыздандырғыш қасиеттер көрсететін ихтиол майының құрамында болады. 1 гетероатомды алты мүшелі гетероциклдардың ішіндегі аса маңыздыларына азотты қосылыстар пиридин, хинолин, изохилин, акридин жатады. Пиридиннің туындылары ішінде изомерлі метилпиридиндер- пиколиндердің тотығуы маңызды. Оның тотықсыздануы жұмсақ жағдайда жүреді. Маңызды туындыларына коферменттердің құрылымдық элементтері болып табылатын В тобының кейбір витаминдері жатады. Изохилиннің ядросы морфин және папаверин алколоидтарының құрамында болады. Акридиннің кейбір туындылары күшті бактерицидтік әсер жасайды, мысалы, риванол залалсыздандыру үшін қолданылады.

50.Жоғары май қышқылдары: қаныққан және қанықпаған қышқылдар.Жоғары май қышқылы- бір негізді карбон қышқылдары. Жоғары май қышқылы адам өміріне қажетті май құрамында кездеседі. Липидтердің физикалық-химиялық қасиеті құрамындағы май қышқылына байланысты. Қаныққан майлы қышқылдардың балқу температурасы қанықпаған май қышқылына қарағанда жоғары. Гидрогенделу реакциясы арқылы қанықпағанды қаныққан май қышқылына айналдырады.Қаныққан май қышқылы 1 байланысты, ең маңыздылары пальмитин және стеарин қышқылдары. Олар иіссіз, дәмсіз, суда ерімейтін қатты заттар. Бұл қышқылдар глицериннің күрделі эфирлері түрінде өсімдік және жануар майының құрамында болады. Пальмитин және стеарин қышқылын майларды гидролиздеу арқылы және алкандарды катализдік тотықтыру арқылы алады. Бұл қышқылдардың натрий тұздары суда ерігіш келеді, қатты сабынның негізін құрайды. Жануар майы құрамында қаныққан қышқыл көп, сондықтан бөлме температурасында да қатты күйде болады. Қанықпаған май қышқылы қос байланыс түзеді. Оларға олеин, линол, т.б. жатады. Өсімдік майы құрамында қанықпаған май қышқылы көп, осыған байланысты олар жеңіл ериді және бөлме температурасында да сұйық күйін сақтайды. Мысалы, зәйтүн майы глицеринмен байланысқан олеин қышқылы қалдығынан тұрады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 437; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты