Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ДНҚ-ның 1-, 2-, 3-, 4-лік құрылысы. ДНҚ-ның биологиялық функциясындағы комплементарлық әсерлердің ролі.




58.Липидтер және олардың жіктелуі. Сабынданатын липидтер.Липидтер бүкіл тірі жасушалардың құрамына енетін, майдан және май тәрізді заттардан тұратын, суда ерімейтін, полюстілігі төмен органикалық заттар тобы. Липидтер қуат көзі. Липидтер тірі ағзалардың ішкі органдарының мөлшері мен сапалы әрқашан бір қалыпты және тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Бұны гомеостаз деп атайды. Липидтер жасушада бос күйінде емес, ақуыздармен комплекс түрінде кездеседі. Сондықтан оларды липопротеиндер дейді. Олардың физикалық-химиялық қасиеті құрамындағы май қышқылына байланысты. Май қышқылдары қаныққан және қанықпаған болып 2-ге бөлінеді.Гидролиздену қабілетіне байланысты сабындалатын (2-3 компоненттен тұрады, оңай гидролизденеді) және сабындалмайтын (1 компоненттен тұрады, гидролизге ұшырамайды) болып 2-ге бөлінеді. Сабындар жоғары карбон қышқылдарының тұздары болып табылады. Мысалы, натрийлі тұздар қатты, ал калийлі тұздар сұйық сабындарды түзеді. Майлардың гидролизденуі маңызды, ол қайтымды процесс. Сілтілердің қатысуымен бір бағытта жүріп сабын алынады. Фосфолипидтердің биосинтез кезіндегі негізгі аралық өнімі- фосфотид қышқылы. Ол глицериннің жоғары майлы қышқылдың 2 молекуласынан және фосфор қышқылынан тұрады.

59.Сабынданбайтын липидтер. Терпендер және стероидтар. Стероидтардың биологиялық ролі.Изопрен фрагменттерінен түзілген қосылыстарды изопреноидтар деп атайды. Изопреноидтардың туындысы терпендер кейбір көмірсутектерден, құрамында оттегі бар спирттердің, альдегидтердің, кетондардың туындыларынан және 2,3 одан да көп изопрен буындарынан құралады. Терпендердің ең маңызды тобы А,Е,К витаминдері жатады. Е,К витаминдері құрамы бойынша убихиноиндарға ұқсас. Олар липидтермен жасуша мембраналарында тотығу- тотықсыздану процестеріне қатысуымен қатар электрондарды тасымалдайды. Стероидтар табиғатта ең көп таралған. Ағзада атқаратын қызметі әртүрлі, құрылыстары циклді болып келеді. Стероидтардың жалпы қаңқасы стеран циклопентан және пергидрофенантрен ядроларынан құралған. Стероидтық спирттердің, яғни стериндердің не стеролдардың А сақинасында ОН тобы болады. Ол ең маңызды қосылыстарда (холестерин, өт қышқылдары, гормондар) кездеседі. Стероидтардың медицинада, ветеринарияда, мал шаруашылығында маңызы үлкен болғандықтан, ол кең зерттелуде. өнеркәсіп жағдайында синтез жолымен алу әдісі игерілді. Стероид сапониндері мен стероид гликоалкалоидтарының агликондары, лалагүл, сабынкөк алқа тұқымдастарына тән және бұлар гликозидтер түрінде әсер етеді. Стероидтардың барлық түрі дерлік кристалл заттар.

Стериндер. Холестерин. Д-тобының витаминдері. От қышқылдары. Стероидтық гармондар туралы түсінік.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 486; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты