Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Пәнге қысқаша сипаттама




Педагогика және психология факультеті

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы

СИЛЛАБУС

Арнайы психология

пәні бойынша

5В010500 – Дефектология мамандығы үшін

 

Оқыту түрі:күндізгі

Курс:2

Семестр: 4

Кредиттер саны: 4

Барлық сағат саны: 180 соның ішінде:

Лекциялар: 30

Лабораториялық сабақтар: 30

СОӨЖ: 60

СӨЖ: 60

Аралық бақылаулар:2

Емтихан: 4 семестр

 

 

Талдықорған 2014 ж.

Оқытушы туралы мәлімет: Исабаева Зауреш Муратовна –оқыту және тәрбиелеу кафедрасының аға оқытушысы, электронды пошта адресі –Zauken_88@mail ru, ұялы тел - 87717533515.

Пререквизиттері: мамандыққа кіріспе, жалпы психология, педагогика

Постреквизиттері:Арнайы психология ғылым ретінде дамуында әртүрлі ауытқулары бар балалардың психикалық ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын, оларды зерттеу тәсілдерін, арнайы психологиялық қарапайым білімді игеру мүмкіндіктерін қарастырып, теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндіктерін қарастырады.

Пәнге қысқаша сипаттама

Арнайы психология – бұл балаларды және үлкен адамдарды психикалық дамуының ауытқушылығы бар, туа пайда боған немесе жүре пайда болған кемістігі бар және жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінде кемістігі бар адамдарды зерттейтін психологияның саласы.

Арнайы психологияның міндетіне әртүрлі зақымдалуы бар балалардың психологиялық дамуының жалпы және арнайы заңдылықтарының көріністері кіреді; таным сферасының даму ерекшеліктерін зерттеу; қалыпты дамудағы баламен салыстырғанда дамуында ауытқуы бар баланың жеке тұлғасының дамуындағы заңдылықтарды зерттеу.

Әртүрлі зақымдылықтары бар балалардың психологиялық дамуына педагогикалық әсер етудің неғұрлым нәтижелі жолдары мен тәсілдері.

Арнайы психологияның міндетіне әртүрлі зақмдылықтары бар балалардың психологиялық дамуының жалпы және арнайы заңдылықтардың көріністері кіреді; таным сферасының даму ерекшеліктерін зерттеу; қалыпты дамудағы баламен салыстырғанда дамуында ауытқуы бар баланың жеке тұлғасының дамуындағы заңдылықтарды зерттеу.

Әртүрлі заңдылықтары бар балалардың психологиялық дамуына педагогикалық әсер етудің неғұрлым нәтижелі жолдары мен тәсілдері.

Арнайы психология – бұл мамандық бойынша мұғалімдердің оқу жоспарымен дайындалған пәні: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия.

Бұл курстың негізгі мақсаты – бұл студенттерді арнайы психологияның негізгі түсініктерімен және әдістемелік зерттеулермен оның дамуының негізгі түсініктерімен және әдістемелік зерттеулермен оның дамуының негізгі бағыттарымен таныстыру. Оны зерттеу процесінде студенттерде есту қабілеті, көру қабілеті, зияты және сөйлеу тілі зақымдалған балалардағы кемістіктің мәні туралы, олардың психологиялық даму ерекшеліктері туралы дұрыс елестер қалыптасу керек.

Берілген курс 3 бөлімнен тұрады:

1. Арнайы психологияның негізі.

2. Дамуында ауытқуы бар баланың таным сферасының сипаттамасы.

3. Дамуында ауытқуы бар бала тұлғасының жеке – психологиялық ерекшеліктері.

Берілген типтік оқу бағдарламасында дамуында ауытқуы бар баланың психологиялық ерекшеліктерін талдайтын арнайы психологияның сұрақтары қарастырылады. Қалыпты дамыған адамдарға қарағанда сөйлеу тілі , зияты, көру қабілеті және есту қабілеті зақымдалған адамдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Арнайы психологияның зерттеу пәні: дамуында ауытқуы бар балалардың психикалық даму өзгешеліктерін және әртүрлі кемістіктердің орнын толтыру жолдары болып табылады.

Курстың міндеті келесіде бекітіледі:

- қалыпты дамыған балалармен салыстырғанда, дамуында әр түрлі психикалық кемістіктері бар балалардың жалпы және арнайы заңдылықтарын шығару;

- дамуында ауытқуы бар балалардың таным сферасының даму ерекшеліктерін зерттеу;

- олардың жеке тұлғасының даму заңдылықтарын зерттеу.

Берілген пәннің объектісі: дамуында әртүрлі кемістігі бар балалардың психикалық процестері және олардың даму ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

“Арнайы психология” курсы болашақ дефектологтарды дайындау процесінде маңызды орын алады. Ол психология – педагогикалық пәндер жүйесіне, жалпы психологияменен, арнайы педагогикамен және дефектология негіздерімен тығыз байланысты.

«Арнайы психология» пәнін меңгеру нәтижесінде студент білуі керек:1. Дамуында әртүрлі ауытқуы бар балалардың психикалық денелік дамуының ерекшеліктері;

2. Аномальді баланың танымдық сферасының дамыту және жеке тұлғалық ерекшеліктерінің заңдылықтары;

3. Дамуында әртүрлі бұзылыстары бар балалардың дамуына түзету-педагогикалық әдістері.

- а) түйінді құзіреттілік

- дамуында ауытқуы бар балалардың әр түрлі категориялары туралы психологиялық білімдерін меңгеру;

- дамуында ауытқуы бар балалардың компенсаторлық (толықтыру) жолдарын пайдалана білу;

- психологиялық әдістердің мүмкіндіктерін көрсете білу, қай салада қолдануын және тексеру нәтижелерін оқыту мен тәрбиелеу практикасында тиімді пайдалана білу.

- б) пәндік құзіреттілік

- Дамуында ауытқуы бар балаларға психологиялық тексерулер өткізу;

- Арнайы мектеп оқушыларына психологиялық-педагогикалық мінездеме құрай білу.

в) арнайы құзіреттілік

· бала құқығы менмүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну;

· жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеруі;


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 236; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты