Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


СӨЖ мақсаттары мен орындауға әдістемелік нұсқаулар




Арнайы психология – бұл балаларды және үлкен адамдарды психикалық дамуының ауытқушылығы бар, туа пайда боған немесе жүре пайда болған кемістігі бар және жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінде кемістігі бар адамдарды зерттейтін психологияның саласы.

Арнайы психологияның міндетіне әртүрлі зақымдалуы бар балалардың психологиялық дамуының жалпы және арнайы заңдылықтарының көріністері кіреді; таным сферасының даму ерекшеліктерін зерттеу; қалыпты дамудағы баламен салыстырғанда дамуында ауытқуы бар баланың жеке тұлғасының дамуындағы заңдылықтарды зерттеу.

Әртүрлі зақымдылықтары бар балалардың психологиялық дамуына педагогикалық әсер етудің неғұрлым нәтижелі жолдары мен тәсілдері.

Арнайы психологияның міндетіне әртүрлі зақмдылықтары бар балалардың психологиялық дамуының жалпы және арнайы заңдылықтардың көріністері кіреді; таным сферасының даму ерекшеліктерін зерттеу; қалыпты дамудағы баламен салыстырғанда дамуында ауытқуы бар баланың жеке тұлғасының дамуындағы заңдылықтарды зерттеу.

Әртүрлі заңдылықтары бар балалардың психологиялық дамуына педагогикалық әсер етудің неғұрлым нәтижелі жолдары мен тәсілдері.

Арнайы психология – бұл мамандық бойынша мұғалімдердің оқу жоспарымен дайындалған пәні: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия.

Бұл курстың негізгі мақсаты – бұл студенттерді арнайы психологияның негізгі түсініктерімен және әдістемелік зерттеулермен оның дамуының негізгі түсініктерімен және әдістемелік зерттеулермен оның дамуының негізгі бағыттарымен таныстыру. Оны зерттеу процесінде студенттерде есту қабілеті, көру қабілеті, зияты және сөйлеу тілі зақымдалған балалардағы кемістіктің мәні туралы, олардың психологиялық даму ерекшеліктері туралы дұрыс елестер қалыптасу керек.

Курстың міндеті келесіде бекітіледі:

- қалыпты дамыған балалармен салыстырғанда, дамуында әр түрлі психикалық кемістіктері бар балалардың жалпы және арнайы заңдылықтарын шығару;

- дамуында ауытқуы бар балалардың таным сферасының даму ерекшеліктерін зерттеу;

- олардың жеке тұлғасының даму заңдылықтарын зерттеу.

Берілген пәннің объектісі: дамуында әртүрлі кемістігі бар балалардың психикалық процестері және олардың даму ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

Курста психологияның көмекші және негізгі әдістері қолданылады. Негізгі әдіске бақылау және психологиялық эксперимент әдісін жатқызуға болады. Көмекші әдіске – анкеттік , іс- әрекет дағдыларын талдау және тест әдісін т. б . жатқызуға болады.

“Арнайы психология” курсы болашақ дефектологтарды дайындау процесінде маңызды орын алады. Ол психология – педагогикалық пәндер жүйесіне , жалпы психологияменен, арнайы педагогикамен және дефектология негіздерімен тығыз байланысты.

«Арнайы психология» пәнін меңгеру нәтижесінде студент білуі керек: 1. Дамуында әртүрлі ауытқуы бар балалардың психикалық денелік дамуының ерекшеліктері;

2. Аномальді баланың танымдық сферасының дамыту және жеке тұлғалық ерекшеліктерінің заңдылықтары;

3. Дамуында әртүрлі бұзылыстары бар балалардың дамуына түзету-педагогикалық әдістері.

- дамуында ауытқуы бар балалардың әр түрлі категориялары туралы психологиялық білімдерін меңгеру;

- дамуында ауытқуы бар балалардың компенсаторлық (толықтыру) жолдарын пайдалана білу;

- психологиялық әдістердің мүмкіндіктерін көрсете білу, қай салада қолдануын және тексеру нәтижелерін оқыту мен тәрбиелеу практикасында тиімді пайдалана білу.

Пән білімді меңгеру барысында оқушының тұлғасында болатын өзгерістер мен оқу процесінде кездесетін қиыншылықтарды білікті бағалай және сәйкес әрекеттер қолдана алатын болашақ дефектологтарды даярлауға бағытталған.

СӨЖ қашықтан оқыту технологиясы бойынша аудиториялық сабақтарда қарастырылмаған немесе шолып қана қарастырылған тақырыптарды оқуға бағытталған. СӨЖ тапсырмалары сағат көлемі мен пән ерекшеліктеріне сәйкес берілген.

№ 1 тақырыпты оқығаннан кейін студент № 1 ӨЖ орындап оқытушыға жіберуі керек. № 2 тақырыпты оқығаннан кейін студент № 2 ӨЖ орындап оқытушыға жіберуі керек. Сол сияқты № 5 тақырыпты оқығаннан кейін студент № 5 ӨЖ орындап оқытушыға жіберуі керек.

Студенттер теориялық материалды өзі оқып, практикалық жұмысты, ӨЖ тапсырмаларын орындауы және тесттік тапсырмалар мен бақылау сұрақтарына жауап беруі керек.

Академиялық кезең барысында 2 аралық бақылау (№1,2) өтеді.

Пәнді оқу әдебиетпен танысудан басталады. Студент силлабуста көрсетілген әдебиет тізімімен шектелмеуі керек екендігін ескертеміз.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 270; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты