Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс 5. Арнайы психологияның мәселелері . Коррекция, бейімделу, компенсация .




· Компенсация және коррекция.

· Әлеуметтік бейімделу. Ақыл-ойы кем балалардың дамуындағы коррекциялық бағыты.

· Абилитация және реабилитация. Арнайы оқытудағы әдістердің құрудағы психологиялық мәселелері. Біріктіріп оқытудың және психикалық дамуындағы бұзылыстары бар адамдарды қоғамға біріктірудің психологиялық мәселелері.

Психикалық функцияның компенсациясы –бұл дамымай қалған немесе психикалық функциялардың бұзылуын қалыптастыру.

Компенсацияның екі түрі анықталады, 1-ші түрі: ішкі жүйелік компенсация, ол зақымдалған структураның сақталған жүйе элементтерімен іске асырылады.

2-ші түрі: жүйеаралық компенсация. Ол бұрын атқарылмаған басқа структураның жаңа элементтерін іске қолдануы және функцияны жүйелі қайта қалпына келтіру арқылы қалыптасады. Л.С. Выготский жалпы адамдар арасындағы сөйлеудің қажеттілігін қалыптастыру керек, сонда ғана сөйлеу пайда болады деген. Психолог А.Адлер компенсациялау мәселелерін жекеше шешеді. Оның айтуынша, бала тұлғасының қалыптасуы 5 жасқа дейін , содан соң психологиялық дамуы анықталады. Адам биологиялық тіршілікте икемсіз болады. А.Адлер компенсацияның төрт түрін көрсеткен.Толық және толық емес, Жоғарғы және төменгі компенсация.

Комплекс пайда болып, баланы өмірлік өзгертеді. Ол өте қызғаншақ, өзіне-өзі тұрақты емес, құбылғыш болады. Әсіресе функциялық кемістіктерді жеңу мүмкін , ол төменгі компенсацияға әкеледі. Бала ұлкен болған кезде өз кемістігін сезінеді. Кейін оларда өзімшіл, қызғаншақ тұлға ретінде өсуі тоқтайды. Жоғарғы компенсация кезінде балада невротикалық басқару компенсациясы пайда болады. Олар өздерінің білімін пайдалана отырып, өздерін ғана ойлап , адамдарды басқаруға тырысады. Бұл әлеуметтік тәртіптің ауытқуына алып келеді. Толық емес компенсация кезінде балалар басқа адамдар әсіресе өз құрбыларынан компенсацияланып отырады. Ал толық физикалық ауытқуы бар баланы компенсациялау мүмкіндігі жоқ, өйткені оларда изоляция нәтижесінде тұлғалық өсуі тоқтайды.

Коррекция - латынның “correkctio” - түзету. Балалардың психофизиологиялық даму кемшіліктерін түзету немесе азайтуға бағытталған. Кемістіктің дамуын жою немесе жеңілдету , балалардың таным әрекетінің және дене дамуының коррекциялық тәрбие жұмысы ұғымымен анықталады.

Әлеуметтік бейімделу– дамуында кемістігі бар тұлғалардың жеке дара немесе топтық мінез-құлқын жалпыға бірдей қоғамдық нормалармен

құндылықтарға келтіру.

Сауықтыру (реабилитация) - өзара тығыз байланысты бірнеше формасы бар және дәрігерлік, психологиялық , педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби еңбек пен тұрмыстық шаралардың кешенді жүйесін құрайды. Осылардың біреуінсіз толық сауықтыру болмайды. Сауықтырудың міндетін тек қана қоғам тұтастай шешеді.

Дәріс 6. Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық зерттеудегі негізгі қағидалары.

Жоспары:

· Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық диагностикасының жалпы негіздері.

· Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық зерттеудегі негізгі қағидалар: жинақтылық қағидасы, психологиялық – педагогикалық тексерудегі бүтінше толық қағидасы; бастапқы іс- әрекет процесінде зерттеу және т.б. Психологиялық диагноз, оның түрлері.

· Дамудың бұзылыстарының құрылымының маңызды элементтерінің бөлініп шығуы .

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды дефектолог мамандары, психологтар арнайы диагностикалық әдістерді қолданып, жалпы тексеру жүргізеді. Психологиялық зерттеудің нәтижесі ПМПК-ның негізінде анықталады.

Психологиялық зерттеудің мақсаты:

1. Психикалық даму көрсеткіштерін анықтау немесе кемістіктің даму мазмұнын анықтау, топтастыру.

2. Бала дамуының ерекшеліктерін анықтау негізінде арнайы оқыту және тәрбиелеу жұмысының мазмұнын және әдістерін іріктеу

3. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ерекшеліктеріне байланысты арнайы білім беру мекемелерін анықтау, оқытудың қолайлы түрін дайындау.

Психологиялық, медициналық, педагогикалық зерттеу балалардың жан-жақты даму ерекшелігіне жағдай жасайды. Психикалық дамуында кемістігі бар балаларға диагноситка жүргізу үшін баланың жүйке жүйесі жайында толық мағлұмат алып, оның психологиялық - соматикалық дамуын өз жасына сәйкес келетіндігін анықтау үшін педагогикалық, медициналық, логопедиялық, психологиялық толық талдау жүргізу керек.

Психологиялық зерттеу әдістемесі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды зерттеу әдістемесі жан-жақты және қалыпты балаларды зерттеу әдістемесімен тура келеді. Бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар:

1. Баланың жеке құжаттарымен танысу.

2. Баланың жалпы жағдайы туралы педиатрдің анықтамасы

3. Психоневрологтың медициналық диагнозы және ақыл-ой кемістігіне мінездеме береді.

4. Отолорингологтың анықтамасы.

5. Офтальмолог көру мүшесіне мінездеме береді және толық диагноз қояды.

6. Артопед – қимыл –қозғалысы бұзылған балалрға анықтама береді.

Толық жиналған материалдар негізінде психологиялық зерттеулерге мүмкіндік береді.

Зерттеу әдістері:

Бақылау әдісі – бақылау бақылаушының араласпай баланың психикалық функциясын анықтауға болады. Бақылау қорытындыларын дәлме-дәл тіркеп отыру керек.

Бақылау: -белсенді-енжар

Әңгіме әдісі – арнайы құрылған бағдарлама бойынша жеке қарым-қатынас процесіндегі психикалық құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтық әдісі. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әңгіме 2 түрлі бағытталған болады:

1. Ата-анамен әңгімелесу

2. Баламен сөйлесу.

Эксперимент әдісі – оқытылып жатқан құбылыстардың активті пайда болатын, қамтамасыз ететін түрлі және арнайы модельденген жағдайдың факторларының жиынтығы.

XIX ғасырдың 2 жартысында ақыл-ойы кем балаларды зерттеудің клиникалық және психолого – педагогикалық аспектісі кеңейеді. Бұл зерттеулер ақыл – ойы кем балалардың дифференциациялық критериін және интелектісінің дамуына бағытталған. Бұл мәліметтер әр түрлі деңгейдегі аномальді балалардың мекемелер түрін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мәселелердің шешілуі психиатрия және психологияның даму деңгейінің өсуімен байланысты.

XIX ғасырдың 2 жартысында ғылымдардың өрлеп дамуымен сипатталады. К.Маркс және Ф.Энгельстің диалектико – материалистік зерттеулері биология аймағындағы теориялық концепцияларды құруда зерттеушілер және философтар өз көмегін тигізді. Материалистік көзқарастардың дамуына үлкен әсер еткен биология аймағындағы Ч.Дарвиннің «Пройсхождение видов» (1859) және И.М. Сеченов «Рефлексы головного мозга» (1863) атты кітаптардың шығуы дүр сілкіндірді.

И.М. Сеченовтың бұл жұмысында, психикалық құбылыстардың құрылуы орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы жұмысының нәтижесі деген.

Психологияда және педагогикада көптеген экспериментальды зерттеу әдістері қолданылады.

XIX ғасырдың 2 жартысында XX ғасырдың басында ақыл – ой кемдіктің мінездемесі және айқынды түсінігін екі бағытта анықтады.

Бірінші бағыттағы ақыл –ойы кем балаларды зерттеу клиникалық негізде болады, яғни ақыл – ой кемдіктің себебін, материалдық негізде аномальды дамуды анықтау. Бұл бағытты қолдаушылар ақыл – ой кемдікті балалардың әртүрлі кезеңіндегі қолайсыз жағдайлардың себебі деп түсіндіреді. Бұл бағыттағы ақыл – ой кемдікті зерттеу бағыттары шет елдерде XIX ғасырдың 2 жартысында XX ғасырдың басында психиаторлармен ұсынылды. Олар: В. Гризингер, В. Айрленд, Б. Морел,

Д. Бурневил, В. Вейганд, Э. Крепелин және т. б., Ресейде – И.П. Мержеев, П.И. Ковалевский, С.С. Корсаков, В.П. Сербск, А.Н. Бернштейн, В.И. Яковенко, Г.И. Россолимо, Г. Я. Трошин т.б.

Зерттеудің екінші бағыты психолого – педагогикалық мінездемеде болады. Бұл бағытты ұстанушылар А. Бинэ, Т.Симон, Санте де Санктис және басқалары ақыл – ойы кемдердің логикалық түріне көңіл аударды. Бұлардың ойынша ақыл –

ойы кем баланың дамуы дұрыс дамудағы баладан дамудың сандық жағынан артта қалып отырады. Жоғарыда айтылған зерттеушілер ақыл – ойы кем балалардың психикалық деңгейін анықтады. Оларды негізінен нормадағы дамудан ауытқушылықтың себебі қызықтырды.

XX ғасырда жиналған ақыл – ой кемдіктің зерттеулері, классификациялары, ақыл – ой кемдіктің түрлері, формалары, ақыл ой кемдік мәселесімен айналысқан дәрігерлер, педагогтар және психологтарда ыңғайсыздық туды. Бұл жағдайда қарама – қарсы ойлар болды.

Дәрігерлер, педагогтар және психологтардың ойлары тек ақыл – ойы кем баланы оқытудағы бағытын анықтау болды. Жаңа педагогиканың міндеттерінің бірі ақыл – ойы кем балалардың ойының даму деңгейін және ерекшелігін анықтау, оларды жалпы мектепке бөліп, ыңғайлы оқыту жағдайына енгізу болды.

Тұлғалық ерекшелігін анықтау мақсатында 1-ші болып 1890 жылы Американдық психолог Кэттэл қолданған болды.

Индивидтің қарапайым және күрделі тұлғалық жағдайларын анықтауда француз психологы Альфред Бинэ (1857-1911) енгізген. Ол бірінші болып индивидуалды және практикалық психологияны қалаған. Альфред Бинэ тұлғаның қарапайым жағдайларына сезіну, ас, реакцияның тездігін жатқызды, ал күрделі жағдайларға – эмоция, ерік, өзіндік пікірді, эстетикалық критерийлерді жатқызған. Альфред Бинэ тұлғаның күрделі жақтарының эксперимент арқылы шығаруға қиынға соғатынын түсінген, дегенмен ол зерттей отырып тұлғаның күрделі жақтарын шығаруға тырысты. Альфред Бинэнің ізденістері тест әдістеріне алып келді. Оның ойынша тест арқылы күрделі психикалық құбылыстарды анықтауға болады.

Тесттің бірінші варианты 1896 жылы жарық көрді. Бұл тесттер ес, қиял, елестету, зейін, қабылдау, бұлшық ет сезімталдығын, ерік, эстетика және этикалық сезімдерді анықтауға арналған. Дегенмен бұл тест эксперименталдық зерттеу арқылы тұлғаның ерекшелігін анықтауға мүмкіндік бермеді. Бинэ тест әдісінен бас тартқан жоқ. Бұл әдіске кеш келе отырып, тәжірибелік мақсатта қолдана бастады. 1904 жылы ақыл – ой кемдікті классификацияларын анықтау мақсатында А.Бинэ және Т.Симонға француз басқармасынан тапсырма берілді. Бинэ және Симон ақыл – ой кемдіктің идиотия, имбецил, дебил деп дәстүрлі бөлінуіне қосылды. Олардың ақыл – ойы кем балаларға беретін мінездемесі келесідей: Идиот деңгейіндегі балалар деп өз ойын жазбаша жеткізе алмайтын және жазылған сөзді

оқи алмайтын балаларды жатқызады. Дебил деңгейіндегі балаларға жазбаша және ауызша тілде сөйлей алатын балалар жатады.

Осылайша Бинэ және Симон ақыл – ой кемдіктің бір жақ белгісі яғни сөйлеу ерекшелігін ала отырып суреттейді. Бинэ және Симон талап етілетін білімді әртүрлі жасқа, сыныпқа негізделе отырып: оқу дағдысын меңгеру деңгейін келесідей көрсеткіштер бойынша мінезделетінін көрсеткен.

1) Буындап оқу (6-7 жастағы балалар деңгейінде)

2) Сөзді немесе сөз тобын тоқтап оқу (7-8 жастағы балалар деңгейінде)

3) Бір қалыпты оқу (8-9 жастағы балалар деңгейінде)

4) Бір қалыпты жылдамырақ оқу (9-10 жастағы балалар деңгейінде)

5) Анық оқу (10-11 жастағы балалар деңгейінде)

Бинэ және Симон бала жасын ескере отырып психологиялық эксперимент жүргізді.

7 жастағы балаларға арналған сұрақтар:

1. Сабаққа кешігіп бара жатқанда не істеу керек? (Асығу керек)

2. Поездан қалып қалсаң не істеу керек? (Келесі поездпен кету керек)

3. Жалқау және жұмыс істегісі келмегендермен не болады? ( Олар надан болып қалады.)

4. Егер сен жүргеннен шаршасаң, трамвайға ақшаң жоқ болса не істеу керек? (демалып содан кейін жүру керек)

11 жастағы балалар үшін сұрақтар.

1. Керекті іске көше берместен не істеу керек? (Тәжірибелі адамдардан көмек сұрау керек)

2. Неге ашумен жасалған тәртіпті қалыпты жағдайда жасалған тәртіпке қарағанда тез кешіреді?

(Бірінші әрекет санасыз, ал екіншісі санамен жасалған әрекет)

3. Біз танымайтын адам туралы ойымызды айтуды сұрағанда не істеу керек? (Түкте айтпау керек)

4. Неге адамның сөзіне қарап емес, ісіне қарап бағалайды? (Іспен алдауға болмайды, сөзбен алдауға болады)

Жауаптың сапалы анализіне қарай ақыл-ой кемдіктің деңгейін анықтауға болады.

Л.С. Выготский ақыл-ой кемістігі туралы өзіндік ой қозғады. Ол біріншілік және екіншілік кемістік. Оның ойынша біріншілік және екіншілік кемістікті дамуы кешеуілдеген баланы қатал ажырату керек. Бұл кемістіктер материалды жағдаймен, басқа біреулері тура пайда болып біріншілік кемістікті құрайды. Екіншілік кемістік ең негізгі жарақаттан пайда болады. Біріншілік кемістік орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылысы болғандықтан, оны түзеу өте қиынға соғады.

Екіншілік кемістік түзелуге келеді. Өйткені, педагогикалық күш екіншілік кемістікті тоқтатып ескерту керек.

Л.С. Выготский біріншілік және екіншілік кемістікті нақты көрсетпейді, дегенменде бұл екі кемістікті коррекциялық-тәрбиелеу жұмыстарын негізін құрауға мүмкіндік берді.

Л.С. Выготский ақыл – ойы кем баланың тұлғалық дамуына үлкен үлес қосты. Оның көзқарасы бойынша баланың тұлғалық дамуы биологиялық, әлеуметтік және педагогикалық факторлардың қарым – қатынасы арқылы дамиды деген. Психикалық қызметтің бұзылуы баланың тұлғасына түгелімен әсер етеді. Ақыл – ойдың бұзылуының барлық түрінде таным әрекеттерінің бұзылысы жүреді. Орталық жүйке жүйесіне әсер еткен себебіне және мінездемесіне, бұзылыстың уақытына байланысты ақыл- ой кемдіктің келесі формалары жүреді олигофрения және деменция.

Ақыл – ой кемістігі құрсақ ішіндегі және баланың ерте даму кезеңіндегі орталық жүйке жүйесі не жарақарттар болған кезде ғана пайда болады.

Деменция (кем ақылдық) бала біраз дұрыс дамудан өткеннен кейін пайда болады.

Кеңес дәрігерлері, психологтары және педагогтары психофизикалық аномальді өзіндік ерекшелігі бар баланың дамуы туралы диалектико – материалдық түсінігі пайда болды. Дефектологияның дамуына, соның ішінде психикалық және физикалық дамымаушылығы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарына Л.С. Выготский (1896-1934) зор үлес қосқан.

Л.С. Выготскийдің қосқан ойлары, кеңес дефектологының негізінде жатқан, бірақта қазіргі кезде де өзінің белсенділігін жоғалтқан жоқ. Олар ақыл – ой кемістігінің клиникалық және психологиялық зерттеулерінде дамуда.

Л.С. Выготский зерттелінген ақыл – ой кемдікті теріс жақтарын қатты сынға алды, ақыл – ойы кем баланың денсаулығын түзеу, сақталған функцияны қосу

туралы өз зерттеулерін жүргізді. Ол осы аномальды балалардың дені сау жақтарына сүйене отырып коррекциялық – педагогикалық жұмысты жүргізуге болады деген. Л.С.Выготский ақыл – ой кемдікке және баланы зерттеуде динамикалық түрде келді. Оның ойынша, ақыл – ой кемістігінің құрылым белгілері күрделі. Ақыл – ойы кем баланың көптеген белгілері белгілі бір өнімнің нәтижесі.

Л.С. Выготский неміс психиаторы Крепелиннің еңбегін қолдады,ғ өйткені ол белгілерді классификация негізіне қаламай, аурудың сыртқы белгілері ретінде қарастырған.

Л.С. Выготский ақыл – ой кемдіктің интеллектуалдық бағыттағы көзқарасты сынға алады. Бұл бағыттыц қолдағандар жиі орынға интеллектуалдық жетіспеушілікті қойды. Ақыл – ой кемдіктің негізгі белгісіне тұлғаның аффективті – ерік жігер жағын қосқан жоқ.

Деменцияға қарағанда олигофрения бірқалыпты өтеді. Мұнда таным және эмоционалды ерік жігер сферасының жақсаруы немесе төмендеуі байқалмайды.

Деменцияда психикалық дамудың бірқалыптылығы болмайды. Мұнда, жағдайдың жақсаруы немесе төмендеуі жүреді. Кейбір дефектологтар

ақыл – ой кемістікті «терең идиотия», «терең имбицил», «жеңіл дебил» және т.б. деп бөледі. Дегенмен мұндай анықтамалар субъективті мінездеме болады, яғни ақыл – ой кемдіктің психофизикалық ерекшелігін бейнелейді. Кеңес өкіметі кезіндегі дефектологтар ақыл – ой кемдікке этиологиялық, потогенетикалық және физиологиялық принцип бойынша әр түрлі классификацияға бөлген.

Профессор Д.И. Азбукин ақыл – ой кемістігінің патогенезінде эндокринопатияның рөлін кеңейте отырып өз классификациясын ұсынды. Бірақ бұл классификация танылған жоқ. Ақыл – ой кемдіктің терең клиникалық зерттеулерін жүргізген психоневролог Г.Е. Сухарева және профессор М.С. Певзнер.

Профессор Г.Е. Сухарева (1965) ақыл – ой кемдіктің уақытымен себебін ескере отырып өз классификациясын ұсынды. Г.Е. Сухарева оны 3 түрге бөлді, 1-де ата – ананың генеративті жасушаларының бұзылуымен байланысты, 2- де құрсақ ішіндегі балаға әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсері, 3-де баланың туу кезіндегі және өмірінің алғашқы жылдарындағы әр түрлі әсерлер.

Профессор М.С. Певзнер үлкен клиникалық және арнайы зерттеулер негізінде ақыл – ойы кем блаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерінің

классификациясын ұсынды.

Ақыл – ой кемдіктің 1-ші формасы мінез-құлық, эмоционалды ерік-жігер сферасының т.б. күрделі емес бұзылысымен сипатталады. Көбінесе бұл генетикалық мінездемеге сәйкес. Ақыл – ой кемдіктің қалған формаларын М.С. Певзнер күрделенген түрлерге жатқызды. Бір жағдайларда таным әрекеттерінің мінез- құлықпен байланысы, басқа жағдайда сөйлеу есту функцияларының төмендеуі, кеңістікті бағдарла, қозғалыс жүйелері бұзылады, 3-ші түрде тұлғалық бұзылу, психопатты қылықтар, моториканың бұзылысы жүреді.

М.С. Певзнер потофизиологиялық фактордың қозғалыс және қалыпты жағдайдағы қозу және тежелу процестерін ескереді. Ақыл – ой кемдіктің бір тобында әрекетінің күрделі бұзылыстары, жүйке процесстерінің қозу және тежелу аймағындағы бұзылыс жүреді. Ақыл – ой кемдіктің 2-ші түрінде қозу үстіндегі тежелумен сипатталады. М.С. Певзнер ақыл – ой кемдіктің 3-ші түрін бөліп көрсетеді. Бұл топтағыларға жалпы әлсіздік, жүйке процестерінің жалпы бұзылысы мен сипатталады.

Қазіргі уақытта ақыл – ой кемдіктің себептілігінің генетикалық факторлардың зерттеулеріне көп көңіл аударуда. Биология, генетика, физиология, психиатрия және басқа да ғылымның жаңа жаңалықтары

ақыл – ой кемдікті зерттеуге жаңа бағыт ашуда.

 

Тақырып 7. Дамуында ауытқушылығы бар балалардың қабылдауы және сезінуі .


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 1207; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты