Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің ресурстық жағдайының психологиялық ерекшеліктері.




І тарау. Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің ресурстық жағдайын зерртеудің теориялық тәсілдері.

Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің ресурстық жағдайының психологиялық ерекшеліктері.

Қазіргі шарттарда ҚР –ғы ІІБ-і қызметкерлері әрдайым психогенді факторлар, өмірі үшін тәуекел ететін, физикалық күш жұмсайтын, зейін аударатын тез өзгермелі және анықтаусыз жағдайлардағы үзіліссіз анализ қажеттіліктерінің қауіпсіздігіне әкелетін жауапты тапсырмаларды орындайды. Барлық психикалық және физикалық мүмкіндіктерін мобильдеуде арнайы қызмет ІІБ қызметкерлерінен талап етеді.

Сонымен бірге мұндай жағдайларда қызметкерлердің тез істелетін іс-әректердегі күш дайындығының жетіспеуі, оперативті-қызметтік іс- әрекет эффективтілігіне әсер ететін жағымсыз, яғни қорқыныш және басқада эмоционалды күйге әкелуі мүмкін. ІІБ-ң қызметкерлерінің проффесионалды – қызметтік іс – әрекеттіндегі экстремальды шарттардың объективті көрсеткіштері қандай?

Экстремалды жағдайдың қайнар көзі болып табылатын:

1. Ұрыстық жерлерде әскери – ұрыстық әрекеттерге қатысу.

2. Заңбұзушылық, ескерту және сөгіс беру процессі

3. Рұқсат беру процессіндегі азаматтар арасындағы конфликтер, арыздар және шағымдар

4. Қызметкерлердің заңбұзушылықтағы тікелей күресі

5. Тергеу іс-әрекетін өткізудегі психологиялық қарама – қарсы күресу жағдайы

6. Азаматтардың көтерілген қауіпсіздік қайнар көздеріне қарсылық қолдану

7. Басқарушылар және қызметкелердің ұзақ интенсивті күштері.[7.80б]

ҚР-ң ІІБ Министрлік орталығы қызметкері А.Б.Сәрсенбаев ІІБ-ың қызметкерлері үшін, қазіргі заманға психикалық өзін – өзі реттеудің әдістерін қолдануы бойынша теоритикалық сұрақтар және практикалық ұсыныстарды қарастыруда. Автор, «бұл мәселеге қызығушылық және теоретикалық өңдеуде ІІБ – де шыңайы нақты психикалық реттеуді, қызметкерлердің қызметтік іс –әрекеттерінде және МВД РК бөліміндегі білім беріліп жатқан курсанттарды оқыту бүгінгі күннің қажеттіліктерінен артта екендігін айтты.

Ал практикалық көрсетуде:қызметкер экстремальды шарт іс-әрекеттеріне әрдайым дайындалуына қарамастан көбісі мамандандырылған тәжірибеге жете алмайды. В.Д Тумановтың пікірінше, «практикада жиі пайда болатын экстремальды жағдайдың тууы-бұл негативті эмоция сапасының пайда болуы. Бұл фактор қызметкердің психикалық қорының қажеттіліктерін дамытады. [8.40б]

Қазақстан республикасының Ішкі істер департаментінің (ІІБ) жоғарғы юристік мектебінің қызметкері Т.Е Сүлейманов ІІБ-ң жұмысшысының экстремальды жағдайда эффективті іс-әрекеттің көтеріліуінің психологиялық негізін жасаумен айналысты.

ІІБ-ң қызметкеріне экстремалды шарттарда тұлғаның өзара іс-әрекетінен В.Г Андросюк зерттеді. Автор, жағдайды тудыратын психикадағы мобильдеудің өзгеруін және оның жақсы жақтарын көрсетті.

Зерттеуден басқа ІІБ Министрлігінің ғылыми қызметкерлерінің өткізуімен экстремальды жағдайдағы адам күйінің мәселесі әртүрлі бағытта көрініс тапты:

1. Психология аймағындағы экстремальды жағдайды зерттеу

2. Психология аймағындағы мамандандырылған іс-әрекетті зерттеу

3. Психология аймағындағы жағдайды зерттеу

Әрбір бағыт бойынша экстремальды жағдайдағы адамның күйін зерттеудегі «үлесті» қысқаша қарастырайық.

Экстремальды жағдай психологиясы – қолданбалы психологияның бірден –бір бағыты. Ол адамның стресс жағдайындағы тәртібі мен психикалық күйі оптимизациясының және соған байланысты баға мәселесін зерттейді. Бұл авторлардың пікірінше,экстремальдыжағдай психологиясы ғылыми әлемді приоритетті дәрежені игеруге тиісті. Өкінішке орай, бұл іс керісінше жасалды».[9.3-4б] Хрестоматияны құруда,авторлар сирек кездесетін эмоционалды стресстің күйі анализденетін баспаларды жинады.Өздерін білетіндей, алғаш «стресс» түсінігі физиологияда ағза реакциясының спецификалық емес маңызы үшін («жалпы бейімделетін синдром»-Г.Селье бойынша) барлығына жағымсыз іс-әрекеттерден жауап қайтарудан туды. Кейін экстремальды жағдайдағы индивидтің күйін бейнелеу үшін қолданды. Р. Лазарус (1990), Л.А.Китаев –Смык (1983), В.А Бодров (1985) және басқалардың өткізуімен психологиялық стресс мәселесін теоретикалық –экспериментальды оқыту,стресстің дамуындағы когнитивті процесстің рөлін анықтауды талап етті.

Л.Г Дикаяның (2000) жүргізуімен мамандандырылған іс-әрекет психологиясы аймағында адамның өзін-өзі реттеу күйі мәселесін зерттеудің толық қатары өтті. А.О Прохоров (1996) нақты іс-әрекетке (педагогикалық және оқу) қосылған адамның күйін реттеудегі функциялық ерекшеліктерін зерттеді. Стресстік жағдайларда субъект іс-әрекеттің бейімделу стратегия мәселесі терең оқытуды алды: В.И. Медведев [1982], Б.Ф. Ломов [1984], С.А. Шапкин [1987], А.Б. Леонова [1988]. С.А. Шапкин және Л.Г. Дикая [1996] стресттің барлық деңгейін реттеудегі: белсенді –энергетикалық, когнитивті,эмоционалды бағалауды игеру, стратегиясын бейімдеуді көрсетті.

Функционалды , В.А Бодровтың пікірінше, «функционолды қор мәселесі әлі дамыған жоқ. Бұл қорлар психикалық күйді реттеу және даму факторы ретінде аз үйретілген (мобильдеу ресурсы)» [10.223б].

Психология күйі психикалық жағдайларды зерттеу аймағындағы әлемдік психологиялық ғылымының үлкен тәжірибесін біріктіреді. Адамның оптималды күй мәселесін Е.П.Ильин қарастырды. А.О. Прохоров психологияға тең емес жағдайларды өңдеумен айналысты. Тензионды жағдайды (күш жұмсау күйі) Т.А Немчин (1983), П. Гримак [1987] В.И. Лебедев [1989] оқытты. А.О. Прохоров [1998], А Кемпински [1998] және басқалары экстремальды жағдай тудыратын эмоционалды күйді зерттеді.

Т.А Немчин пікірінше, «адам іс-әрекетіндегі мінездемені анықтау үшін, психикалық күйді жақсы өңдеу қажет». [11.167б].

И.П Павлов психология біздің күй жағдайымыздың ғылымы және соның арқасында барлық субьекттің қиындығын көре аламыз.

Бұл проблеманың психикалық жағдайына байланысты көптеген авторлар оның құралы,құрылымы,функциясы,механизмі,классификациясы жайында бір пікірде. Осылай Н.Д Левитов ең бірінші психологиялық дәрежесіне «психикалық күй» түсінігін қойып, берілген проблеманың шешімі психологияда психикалық процесті оқыту және жеке тұлғаның психикалық жиынтығы арасында төңкеріс тудырады.[12.18б] Осыған орай, Ю.Е. Сосновиков: «психикалық күй формасының нақты интегралды пайда болуын зерттемей, толығымен психиканы түсінуге болмайды. [13.184-189б].

ІІБ-ң қызметінің экстремалды жағдайының психикалық күйін оқытуда біз экстремальды жағдай терминінің бір маңыздылығымен ұшырастық. Сонымен қатар берілген терминдер синонимдес,яғни, бұл түсініктің мазмұндары бірдей, ал берілген топтастыру жағдайы,аттары әртүрлі. Сонымен әртүрлі автор жұмыстарын қарастырайық. «Күш жұмсау жағдайы» [М.И. Дьяченко, Л.А. Кандыбович, В.А. Пономаренко 1985], «төтенше шарттар»[Л.Г. Дикая 1990], «қиын жағдайлар» [А.В. Либин 1999], «стресстік жағдайлар» [Г. Селье 1979, Китаев-Смык 1983], «қатаң оқиға жағдайлары» [В.В. Авдеев 1988], «төтенше жағдайлар» [А.Ф. Майдыков 1992], «штатты емес жағдайлар» [В.Д.Туманов 1994], «ерекше шарттар» [С.А. Шапкин, Л.Г. Дикая 1996]. «экстремальды жағдай» терминің келесідей авторлар толықтырады: Т.А. Немчин [1983], В.Г. Андросюк [1990], В.И.Лебедев [1989], Г.В. Суворов [1997], М.П. Мингалиева [2001], Т.С. Назарова және В.С. Шаповаленко [2001] және басқалары.

Бізге «экстремальды жағдай» темині жақын, бірақ ол көбінесе амбебапты болып табылады.

Орыс тілі сөздігінде «экстремалды» сөз:

1. Жоғарғы нәтижеге жеткен. Мысалы: экстремальды температура.

2. Қарапайымдылықтан шыққан төтенше (қиындық, еңбек, қауыпсіздік және т.б бойынша). Мысалы: экстремальды шарттар (француздан extreme сөзінен шыққан).[14.1456 б]

Сонымен А.В Коробков, шектелген диапозондық критериі, ағза және жүйенің эволюциялық дамуындағы нәтижеде қалыптасқан функцияның мінездемесі, осы функцияны игере отырып, индивидтің субъективті рөл шешімінің экстремальды жағдайдағы объективті параметр маңыздылығын байқамайды. Шыңайы объективті индивидуалды көрініс жағдайдың субъективті бағасын және оның қауыпсіздік кезеңдерін құрайды. Мысалы: эксперт – криминалист қызметін атқаратын ІІБ қызметкерімен әңгімелесуде біз олар үшін экстремальды жағдай болып табылатын, қаптағы өлікті шығару кезіндегі оның ең бірінші шығаруы. Өзінің түсіндіруінше ол: «басқалары үшін қалыпты жағдай болуы мүмкін, бірақ мен жаратылысымнан өліктен қорқамын,әрине айналадағылар байқамас үшін барлық күшімді салдым». Бұл тәжірибеден қызметкер біз түсінетін экстремальды жағдай жұмысында өзін сенімді, қалыпты ұстауы.

Украин ғалымдары М.И. Дьяченко, Л.А. Кандыбович, В.А. Пономаренко субъективтің экстремальды жағдайды қабылдау маңыздылығын былай көрсетті: «Күш жұмсау жағдайы- бұл жеке тұлғаға ерекше маңыздылық әкелетін іс-әрекеттегі шарттың қиындауы. Басқаша айтсақ, қиын объективті іс-әрекеттің шарты адамдар үшін қауіпті және қиын деп түсінілетінғ бағаланатын, қабылданатын жағдайларда ғана күш жұмсау жағдайлары болып табылады. Бұл объективті іс-әрекеттер мазмұнындағы анықтаулы қажеттіліктермен, мотивтермен, мақсаттармен, адаммен қарым-қатынастарда күш жұмсау ситуациясын біріктіруде қатысады. Зерттеу бойынша күш жұмсау жағдайы барлық жағдайдағыдай өзіне объективті және субъективті жағдайларда қосады. Объективті – бұл іс-әрекет процесіндегі және шартындағы қиыншылықтар, ал субъективті – тез өзгермелі жағдайдағы іс-әрекеттің құрылуы, құрамы, жиынтығы. Күш жұмсау жағдайына жалпы мінездеме, бұл- субъект үшін қажетінше қиын тапсырманың, « қиын» психикалық күйдің туындауы». [15.5б].

ІІБ қызметкер жұмысында туатын экстремальды жағдайлар бізді қаншалықты қызықтыратының еңбек психологиясы сөздігімен қарастырайық: «жұмыстың экстремальды шарты- ағза ресурсындағы максимальды мобильдеу есебінде гамеостатикалық реттеу жүйесіндегі қайта құру қажеттілігін кеңейтетін, динамикасын анықтайтын жағдайға алып келетін еңбек шартының іс-әрекеті болып табылады. Сонымен, жұмыстың экстремальды шарты ағза ресурсының максималды мобильдеуін қажет етеді.

М.Р Мингалиевтің зерттеуінде экстремальды шарт іс-әрекеті субъект іс-әрекетіне қатысты деп түсініледі. Осы көзқарастан экстремальды шарт негативті функционалды күй (эмоционалды іс-әрекет өзгеруінің мінездемесі реакция жылдамдығы когнитивті процесстің бұзылуы,өзін-өзі реттеу процесі,өзара қарым-қатынастың өзгеруін) тудырады».

Л.П. Гримак зерттеулерінде экстремальды шарт басқа көзқараспен яғни- адамның денсаулығы және өмірі үшін қауып туғызатын адамның қажетті функционалды күйінде қалыптаспаған іс-әрекет фактроры ретінде түсініледі. [16.285 б].

В.Г. Андросюк ІІБ іс-әрекетіндегі « Педагогика және психология» кітабында мынадай шешімге тоқталады: «экстремальды жағдай – бұл адамның психикалық қалыптасуы үшін жағымсыз, өміріне және денсаулығына қауыпті, өмір іс-әрекетіндегі күй жүйесі». [17.70 б].

Жоғарыда айтылғандарды санасақ, ІІБ қызметкерінің экстремальды жағдай іс-әрекетіндегі негізгі мінездемелер:

1. Бұл жағдай қызмеркердің мүмкіндіктерін берілген диапозон шегінен шлығуы өте төтенше іс-әрекеттер.

2. Қызметкердің қиын,қауыпсіз және басқа субъективті қабылдаулары,түсінулері,бағалаулары іс-әрекет шартының қиындауы.

3. Жағдай субъект үшін қиын тапсырма «қиын» психикалық күйдің туындауына әкеледі.

4. Экстремальды жағдай ағза ресурсындағы максималды мобильдеді қажет етеді және динамикалық келісімдегі күйдің тууына әкеледі.

5. Бұндай жағдай негативті функционалды күйді, психологиялық реттеудегі іс-әрекеттің бұзылуына эффективтілік және іс-әрекеттегі сенімділіктің төмендеуіне әкеледі.

6. Қызметкер өзінің мотиві, ұмтылысы, сапасы, қызығуларын жүзеге асыруда мүмкіншіліктермен ұшырасып отырады.

Экстремальды жағдай қызметкер психикасының қалыптасуы үшін жағымсыз психикалық күш жұмсау, оның өмірі және денсаулығы үшін қауіпті жағдайларға әкеліп, ал басқаларына жағымсыз қйымдаспаған өзара іс істеуде қауіпті. Бізді экстремальды жағдайдағы ресурстық күй қызықтырады, сондықтан оның ІІБ қызметкерінің жекеліе сферасына,яғни тәртіп және таным, эмоционалды сферадағы жақсы, өзгеруді мобилдейтін, жағдай т уғызатын іс-әрекеттерді қарастырамыз. В.Г Андросюк пікірінше, мұндай өзгерулерге:

· Түйсік қызметінің төмендеуі, қозғалыс және сезім реакциясының тездеуі. Қызметкер айналадағы жағдай шартының өзгеруін тез реттейді;

· Жалығу,шаршау сезімдерінің пайда болуы немесе жоғалуы. Қызметкерде дискомфорттық шарт жағдайлары көрінеді;

· Батыл немесе шешілеітн әрекетке дайындықтың жоғарылауы. Еріктік сапалар білініп, шешім шығару деңгейі қысқарады, ал жағдай оптималды дамудағы тәуелділікпен түйіседі;

· Іс мотивтерінің белсенділігі. Қызметкерлерде соңғы және аралық мақсат іс-әрекет бірқалыпты және есепті анықталатын, қозу пайда болады.

· Жағымды эмоционалды көріністің тұрақтылығы, әлеуметтік шыңдықтағы сезімнің орнығуы бақыланады;

· Төменгі іс-әрекеттің белсенділігі. Қызметкер қабылдауға,ұзақ уақыттың және оперативті ес белсенділігін қосады. Оның шығармашылық қабілеттері, ойлауы динамикалық стандартты емес шешімдерді іздеуде көрінеді интуиция көп қолданылады.

· Қызығу,энтузиазманың көрінуі. Қызметкермен профессионалды тапсырманы шешуде оның психологиялық мүмкіндіктері және арнайы қабілеттері (ізделетін, тергелетін, коммуникативті, ұйымдастырушылық және т.б) мобильделді.

Біз көргендей автор б\ұл жерде ресурстық күй трактовкасын береді.

Сонымен, ІІБ қызиметкердің экстремальды жағдайдағы іс –әрекеттегі жұмыс түсінігінанықтасақ: бұл қызметтегі мүмкіндіктерін орындауда туатының қызметкерде қиын және қауыпті қабылданатын, ағза ресурсының максималды мобильденуін қажет ететін және психикалық күйін өзгеруін тудыратын жағдай.

«Экстремальды жағдайға қарсы тұру мүмкіндігі өзіне үш құрамды қосады»:

1. Ағзаның физиологиялық сапасы және физикалық күймен байланысты физиологиялық тұрақтылық(конституциялық ерекшеліктер, нерв жүйесінің типі)

2. Жеке тұлғаның жалпы деңгейдегі сапасы(экстремальды жағдайға арнайы дағдылану,сезім) және мамандандырылған дайындықтағы психикалық тұрақтылық.

3. Психикалық дайындық ( алдағы іс-әрекетке барлық күші мен мүмкіндіктерін мобильдеудегі белсенді іс-әрекет жағдай)». [18.11 б]. Біздің жұмысымыздың пәні- күй болғандықтан оның пайда болатынын қарастыруға көшейік.

Әртүрлі авторлар «психикалық күйі»түсінігіне әртүрлі анықтама береді. Олардың ішіндегі мысалы: Джемс, «күй» және «процесі» түсінігін байланыстырады, ал басқалары «психикалық күй» түсінігімен «таным күйін» алмастырады, ал үшіншілер психологиялық күйді эмоционалды сфера м інездемесімен байланыстырады.[19.36 б] Әдебиеттерде К.К. Платоновтың, А.Ф. Лазурскийдің, Е.П. Ильиннің, Ю.Е. Сосновикованың және басқаларының анықтамалары бар.

Бізге психикалық күйдің толық анықтмасын Д.Н. Левитов ұсынды: «бұл психикалық іс-әрекет уақытында анықталатын кезеңнің толық мінездемесі, іс-әрекетнің пайда болуынан көрінетін пәніндегі жеке тұлғаның ппсихикалық күйін көрсетеді». [20.44-47 б]. Экстремальды жағдайдағы адамның жағдайы мен тәртібін анализдеуде тітіркендіретін және қате іс-әрекеттерге әкелетін ақпараттың жетіспеуін көрсетті.

П.С.Симонов эмоцияның ақпаратты теориясының ақы жетіспеудегі жағымсыз эмоцияның артуында көрсететін теория жасады, жағымды эмоция берілген қажетті толық қамтуда, ақпараттануында пайда болады. [21.56 б]. Осыған байланысты, жеке тұлғаның ақпараттануы жеке адамның эмоционалды және психикалық күйін өзгертеді, қызметкердің ішкі ресурсын ашады.

ІІБ қызметкері үшін ақпараттың жеткіліксіздігін білу үшін, қажетінше жоғарғы және алдын ала психологиялық дайындық қажет.

Құрылу түсінігі 1899 ж. бастап әртүрлі формаға бағытталған реттеулерді дайындауда қолдана бастады. Психологиядағы көп құрылған құрылу теориясы Д.Н. Узнадзе және оның шәкірттерімен жасалған. Узнадзе, құрылуды іс-әрекетке деген дайындық ретінде психологиялық феномен қатарындағы басқа да субъекттің жағдайы деп қарастырды. [22.31-54 б]. Бұл құрылым грузиндік мектептерде танымдық емес күй ретінде түсінілетіні белгілі Д.Н Узнадзе бар назарын іс-әрекеттегі құрылудың жүзеге асыру факторына арнады, бұл фактор « ерік» болып табылды. «еріктің арқасында өмірлік құрылу, мақсат жүзеге асырылады». [23.87-91 б].

«Ерік адамның танымын реттеуіндегі тәртіп және іс-әрекетпен байланысты ішкі және сыртқы қиындық» [24.60 б]. Қызметкерлердің қиындықты игеруі еріктік жігері- іс-әрекетті және оның физикалық, интеллектуалды және моральды күштерін мобильдейтін нервті психикалық – психикалық күш жұмсау күйінің ерекшелігін қажет етеді. Ерік қызметкерлердің өз күйіне сенімділігін нақты ситуацияларда үлгілі және қажетті деп танитын шешім ретінде көрінеді.

Экстремальды жағдайдың бірінші жоспарына қандай параметерлер кіреді? Біздің ойымызша, бұл – күш жұмсау.

Күш жұмсау (ағыл. Fension) Дж. Древер [1974] психология сөздігінде сезімнің тартылуы, күш жұмсау, қауіпт і ситуативті фактормен кездесудегі тәртіптің өзгеруіне байланысты түйсік т епе-теңдігімен дайындықтың бұзылуы. Мұндай фактор жоғары күш жұмсау, уақыттың жетіспеушілігінен, ақпараттың жетіспеушілігінен және т.б болуы мүмкін. Л.В Куликовтың (2000) пікірінше, дәл осы факторлар күш жұмсау іс-әрекетінің себебі болып табылады. Сондықтанда Л.В Куликовтың ойындағы күш жұмсау эмоция себебінен деп түсіндіруімен толық келісу қиын. Эмоцияның рөлі А.В Запорожец анықтауындағы іс-әрекет көрінісінің ерекше формасы психикалық белсенділікті басқару, яғни психикалық тәртіптің динамикасы және психикалық реттеуге жалпы бағыттауын айтуға болады.

Күш жұмсау түсінігі стресс түсінігімен тығыз байланысты. Стресс жайлы көбінесе экстремальды жағдайда айтады. Отандық психологиялық сөздіктің соңғы басылымында стресс және күш жұмсау түсінігі біріктірілген. Стресс «адамның психикалық күш жұмсау процесінде қиын ерекше жағдайларда және күнделікті өмірде туындайды деп талқыланады» (психологиялық сөздік, 1996).

Стресс- бұл жеке тұлғаның және ағзаның экстремальды іс-әрекеттерге қайтаратын интегралды (глобалды) жауабы. Стресстің пайда болуында көптеген биохимиялық, физиологиялық психологиялық, әлеуметтік психологиялық және әлеуметтік көрінітер береді. Күш жұмсау үшін мұндай ерекшеліктер көбінесе қажет болмайды.

Стресс теориясын құрушы Г.Селье стресстің бейімділік бағытын көрсетіп, «стресс –бұл қарапайым нервті күш жұмсау емес» деді. [25.290 б] Автор «жалпы бейімделетін синдром» теориясын жасады.бұл спецификалық реакцияның бейімдеуіндегі үш фазаны: 1) үрей реакциясы, 2) резистентік саты, 3) әлсіреу сатысы. Г.Селье адамға ең бірінші көмектесетін ағза ресурсын «бейімдеушілік энергиясы» деп атады.

Кейбір зерттеушінің көзқарасымен стресс көрінісі сол бағамен детерменацияланады, яғни адамның стимулдарды беруі[26.216 б]. Оның зерттеуі бойынша стресс тек қауіпті жағдайларда ғана емес , жағдайдың аяқ астынан өзгеруі, жауапкершілікті талап етуі,қиын тапсырмаларды шешуден де туындауы мүмкін. Стресс барлық психикаға және психикалық белсенділік мінездемелеріне, психикалық функция жағдайларына да байланысты болады. М.И. Дьяченко, Л.А. Кандыбович, В.А. Пономаренко көрсетуі бойынша стресс жағдайларда алдымен қиын әрекеттер және интеллектуалды процесстер бұзылады,сонда ғана қарапайымдылары үлкен тұрақтылыққа қатысты өзгереді.

Стресстің жағымсыз әсерлері оның түсінігі, есі,ойлауы, бір әрекетке бейімділігінен көрінеді. «стресстік жағдайдың тууы орта қажеттілігіне байланысты ішкі ресурстардың жеке басына қауіп төңдірумен байланысты [27.128 б].

Стресстің жағымды эффекттері психиканың белсендеуінде, психикалық процесстің тездеуінде, ойлаудың дұрыстығында, оперативті естің жақсаруында көрінеді.

Стресстің тұрақтылығы, экстремальды жағдайдағы іс-әрекеттің эффективтілігін сақталуын анықтауда, ең алдымен проффесионалды шеберліктің жоғарғы деңгейінде, жеке тұлғаға бағытталған, тәрбиенің мотивтерінде, белсенді іс-әрекетті дайындықта ғана анықталады. Дәл осы тапсырманы орындаудағы психологиялық дайындық стрестің формасының, қызметкерлерге қиындықтарды жеңуге көмек көрсететін бірден бір жолы.

Индивидуалдылықпен қатар жалпы іс-әрекетті бұзатын топтық стресс негізіде бар. В.Д Довыдов (1981) эксперименталды зерттеулерде, кіші топ ішіндегі жеке қарым-қатынас жағдайларды қиындатудағы фактор ретінде топтық стресстің тууына ескеру ретінде құрылған. Қызметтерді жақындастыру үшін олардың қиын біріккен әрекет нәтижелері қажет етеді.

Басқа да маңызды экспериментальды жағдайдағы күйлердің параметрі – белсеендіру және тонус. Белсендіру түсінігі орталық нерв жүйесінің,мидың қалыптасуындағы деңгейін анықтайтын нейрофизиологияда кең қолданылады. Психологиялық деңгейдің қарастыруында жоғарғы белсендіру сананың дәлдігінде,іс-әрекет жылдамдығында, қозғалыс және психомоторлы реакцияда және шешім табуда,жағдайды қажетті жағына өзгертудегі ұмтылыста және қиындықтарды жеңуде көрінеді. Біз көрсет іп отырғандай, бұл ресурстық күйдің мінездемесі А.В Куликов: «белсендіру деңгейінің көп бөлігі қажеттілік және мотивтікке белсендіру күшінде, өмірлік жағдайларға өзіне мүмкіндіктерінің үміті» деп жазды [28.16 б]. Сонымен қызметкерлердің оптимистік көңіл-күйі экстремальды жағдайларда оны белсендіру көмектеседі.

Физиологияда тонус термині нерв орталағын белсендірудегі күнделікті ағзаға, іс-әрекетке дайындықты қамтамасыз етуді білді. Белсендіру сияқты тонуста көңіл-күйдің мінездемесі. Тонус энегияның болу немесе болмауында, аз және көп ресурс күйінде, алға қойған мақсат етудегі мүмкіндіктер, қиындықтарды жеңіп шығуда сезіледі. Жоғарғы тонус үшін жұмысқа жоғары дайындықсубъективті сезіледі, ал төменгі тонус жұмысқа деген қабілеттілік, шаршау, инерттік қиын жағдайларда туындайтын астеникалық реакцияларға бейім болушылық. Сонымен, жоғарғы тонус, яғни, экстрементальды жағдайлардағы эффективті игеру үшін өте маңызды болатын қызметкерлердің ресурстық күшке ие болуы.

Е.П Ильин жүйенің жұмыстық жағдайының жақсаруы, яғни, оптималды критериді көрсетті: «оптималды функционалды күйдің бірінші себебі орындалатын іс-әрекетке қосылатын максималды функцм яның пайда болуы.

Оптималды жағдайлардағы екінші себебі- стимулддайтын әрекеттерді реттеудегі адекваттылық. Келесі себеп болып т абылатын оптималды күйдің инерттілігі,бір жағынан жұмыстағы эжаңа режимге ауысу, ал ек\інші жағынан кедергілерімен күрес механмзмі болып табылатын жұмыстың оптималды режимін қиындатады.

Шыңайы іс-әрекетте бұл операциялар қаншалықты аз жасалса, онда оптималды күй тағыда үш себеппен ерекшеленеді.

Оның біріншісі функцияның максималды сақталуындағы ұзақтылықтың көрінуі. Келесі себеп функционалды жүйенің мобилділігіне қатысты – жұмыстық деңгейдегі максималды дәрежеге жетудің тездігі және жұмысты аяқтағаннан кейінгі жұмыстың тыныштығы.

Соңғы себеп оның деңгейіндегі максималды функцияның стабилділігі.

Эмоционалды күш жұмсаудағы әртүрлі іс-әрекеттер,адамда толығымен қалыптасатын екі негізі көрінеді.

Оның бірінші жолын жақтаушылар,эмоция алдымен адамның ұйымдастырылмағанынан көрінеді дейді. [29.119- 129 б]

Ал екінші жолды жақтаушылар Ч. Дарвин 1872, В.Д. Кеннон 1927 және оның шәкірттері әртүрлі мазмұнда (үрей, қорқыныш, ашу эйфория) күш жұмсау пароцесінде адамның экстремальды жағдайға бейімделе алмау типінде қатысады дейді. Осы жағдаймен келісіп,эмоциялдар ағза ресурстарын оптималды қолдануға және жағдайларды шешуге көмектеседі. Йеркс және Додсон жұмыстарында бұл екі қарама- қарсылықты жақындауын құрды. Осы авторлардың жұмысында экстремальды жағдайдағы адамның психикалық күйін модельдеу сұрағына жауап табылды.Басында бұл екі мағына бір деңгейде өсті, бірақ эмоционалды күш жұмсаудың тәуелділігінің орындау деңгейінің төмендеуінде өзгереді. Осындай үлгіде эмоционалды тонустың өсуінің кейбір этаптары іс-әрекетті жағымсыз қылмайды, оның эффективтілігін төмендетеді. Мысалы: жеңіл үрей, қорқыныш, эффективті іс-әрекетті ұлғайтуы мүмкін. Сонымен, анықталған эмоционалды күш жұмсаудағы көріністер жеңіл және шешімі қиын тапсырмалар үшін жағымды болуы мүмкін. Ц.П. Короленко көрсетуі бойынша «зерттеу нәтижелері анық деңгейлерде адамға сырттай мүмкін болатын экстремальды шарттарда табылады. [30.124 б]

Адамдағы эмоционалды тонустың жоғарғы деңгейінің әсер ету анализін орындау, психология аймағындағы мамандандырумен бірге жүргізілді. Хебба (1981) пікірінше, іс-әрекеттің энергиясы және жылдамдықтың өсуі ағымдағы перцепцияның күшейтіліуі. Автор бұны ми бағанының ретикулярлы күш жұмсауының өсуі, бас миындағы нерві импульстің жүруін жеңілдетеді деп түсіндірді.

Даффи [1983] бұл жоғарғы белсендіру моторлы реакцияның қабілеттерін тоқтатып, импульстік қозғалыс реакциясын әкеледі деп санады.

Лазарус (1970) күш жұмсау жағдайында кумуляциялық сәтсіздіктің тууына әкелсе, екінші жағынан Векслер шкаласындағы тексттің символдық санының кодталуының тездеуіне әкелсе, келесі жағынан бір уақытта қате саны кеңейеді.

Истербук (1974) жалдпы зейін бөлігіндегі тарылуды тудыратын қозудың күшейтілу өлшемінен сигналдық емес жүйедегі диапозондар қажетті ақпарат алу және дұрыс іс-әрекет жасау үшін, жайлап кішірейіп отырады. Алғашқыда зейін концентрациясы күшейеді. Бірақ тапсырма орындау үшін қажетті іс-әрекеттің деңгейі төмендейді.

Экстремальды жағдайды орындаудағы маңыздылық үлкен тапсырма мінездемесін алады. Мюррей (1979) орындауға жеңіл тапсырма іс –әрекеттің маңызды эмоциялық қозуына қарағанда қиын тапсырма екендігін көрсетті. Осындай үлгімен, қарапайым іс-әрекетті орындаудағы эффективтілікті қозуды осындай жағдайларда кеңейеді және қиын деңгейді орындауда тө мендейді.

Ағзаға эмоционалды күш жұмсаудың әсер ету анализі әлеуметтану, психология және физиология аймағындағы мамандарға, авторларға зерттеуге арнады. Алдым ен мұндай жағдайда фрустрацияға қалыпты бейімделу мүмкіндіктерін ескеру керек. « Фрустрация – адамның жалпы бақылауындағы эмоционалды ауыр уайымдауға салынуы, алға қойған мақсат нәтижесіне үміттенуі» [31.224 б].

Экстремальды жағдайға ұшырайтын адам адекватты реакция дағдысын өз функциясын дұрыс жүргізу қажет.

Зерттеу көрсеткендей,ұзақ экстремальды жағдай қатары адамға жағымсыз әсерлерді, тәртіптің бұзылуын, конфликт, әлеуметтік девиация тудыратының көрсетті. Гринкер және Шпигель «Человек под влиянием стресса» [1978] монографиясында ұрыс уақытында ұзақ стресстік жағдайлардың тууындағы психикалық жағдайларды анализдеді. АҚШ-тың ұшқыштарында армияға негізделген қызмет кезеңдерінде (ауадағы күресуге қатысу) мінез-құлық үрейі дамыды. Авторлар оларды дифференциациялы клиниканы бақылай отырып, оларға үрей кезінде невроз, қоқыныштар, психосоматикалық аурулар депрессивті жағдайларға әкеледі деді. Дамыған невротикалық күйлер қзіне бейімделу компонентін құрды. Авторлардың ойынша, мұндай мүмкіндіктер кейбір уақыттарда қауыпті жағдайлардан морльді зияндылықтарсыз өзінідік дәрежелерден шығуға мүмкіндік береді.

Ц.П. Короленко [1978] бақылауы бойынша, ұзақ психотравмалық жағдайларда адамның психикалық күйінің өзгеруіне өзара қарым- қатынас жолының жоғалуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайлар симптомдық психикалық ауруларға әкеледі, олар қысқа уақыт болғандықтан адам экстремальды жағдайдан шыққаннан кейін жойылып кетеді. Экстремальды жағдайдағы жағымсыз нұсқасының реакциясы апатия, пассивтіліктің дамуы болып табылады. Егер адам жағдайларды қорғансыздық деп бағаласа, айналадағы оқиғаларға қатысты белсендіру жолы тоқтатылады.

Ұзақ экстремальды әрекет тек қана психикалық ауытқуға емес, сонымен қатар соматикалық бұзылыстарға әкеледі. Олар тамыр ауруларына, он екі елі ішек және асқазан жарасы ауруларында көрінеді. Брэди (1982) ұзақ стресс және физиологиялық бұзылыстардың арасындағы байланыстарды көрсетті. Эксперимент келесідей бектілді. Қос м аймылды қозғғалу мүмкіндігінен айырған, тек бас қозғғалысын жасауға рұқсат берген. Осындай жағдайдағы жануарды ұзақ уақыт ұстап отырған. Диапозон бойынша аяқтары рычагтың үстінде орналасқан. Алты сағат ішінде маймылдар әр 12 сек сайын электрошок қозуларын береді. Маймылдар шок ұру алдында тоқты қоспастан бұрын, тек біреуі ғана рычагті басуы мүмкін, ал екінші жануарға ешқандай оқиға әсер еткен жоқ. Маймыл аз уақыттан кейін тоқ әрекетін көрстеру алдында рычагті басуды үйренді. Бірақ эксперимент қорытындысы драммалық болды. Өзіне және қолындағы серігіне жауапты жануар бірнеше уақыт соң өлді. Он екі елі ішегі және асқазан жарасы потоанотомиялық болып табылады. Маймылдар пассивті рөлде бұзылыссыз экспериментке шыдады. Осындай үлгімен, ұзақ күйдің жіктелуі эмоционалды күй болып табылады.

Әртүрлі автор зерттеуі бойынша қорытындыны анализдейтін болсақ,мынадай анықтауыш шешім жасауымызға болады: экстремальды жағдайдағы күш жұмсаудың кейбір кезеңдері іс-әрекеттегі жағымсыз әрекетті көрсету. Күш жұмсаудың оптималды кезеңі әрбір қызметкер үшін индивидуалды болып табылады.әрбір адам өзін –өзі тиянақты оқытуға стресстің оптималды кезеңін табуға үйрету керек. [32.156 б]

Эмоционалды тонус кезеңінің жоғарылауында мидың нервті импульсі адамның күйіне жағымды әсер етеді, жоғарғы белсенділікті бұзады, іс-әрекетті ұйымдастырмайды, ішікі ресурстардың қосылуын жабады.

Оптималды күйге жету үшін қызметкер эестремальды жағдайда сезім бақылауын игеру керек. Жиі экстремальды жағдай болуында қызметкер өзіндік ртесурсты дұрыс мобилдеп, адекватты реакция дағдыларын өңдейді. Мұнда қызметкердің жұмыс тәжірибесінің маңыздылығы, сонымен қатар психологиялық дайындығы маңызды болып саналады.

Сонымен қатар қызметкердің өзіне деген сенімділігі және берілген тапсырманы орырндаудағы жағымды тәжірибе қалыптастыру маңызды болып табылады. Экстремальды жағдайдағы қызметкердің күйіне жағымды әсері оптимизм болып табылады. Сенім өзіндік ресурстарды мобильдеуге жақсы көмектеседі.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 293; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты