КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің психикалық жағдайын экстремалды ситуацияларда зерттеу.«Ресурс» терминін қалай түсінеміз? Энцеклопедиялық сөздік бойынша: « Ресурстар (француз тілінде resource – көмекші заттар) заттардың қайнар көзі, кірісі (мысалы, табиғар ресурсы, экологиялық ресурсы)» Бізге қажетті психологиялық анықтамада және сөздіктерде «ресурстар», «психика ресурстары» немесе «ағза ресурстары» дейтін түсінік жоқ. Г.В. Суворов өзінің «Психическое состояние в экстремальной ситуации» жұмысында «энергетические ресурсы организма и психики» түсінігін қолданды.[33.113 б],бірақ бұл терминге анықтама бермеді. А.В. Бодров «Когнитивные процессы и психологический стресс» жұмысында ресурсты «жеке адам мүмкіндіктері» [34.65 б] ретінде жасады. Бейімделу түсінігін анализдеуде С.А. Шапкин и Л.Г. Дикая: «ресурстар түсінігін субъект үшін эффективті іс-әрекетті қамтамасыз ету және оптималды функциялық күйде ұстануда қолданатын заттардың жиынтығы деген мінездеме береді» деп жазды. [35.19-34 б] Психологиядағы ресурстық жолды жақтаушылар Д.Норман және Д.Боброу: «адам жүйесі әрбір уақытта энегетикалық, жекелік, тәртіптік мүмкіндіктердің яғни, ресурстарды игереді». [36.219 б] Жоғарыда айтылған біздің зерттеуіміздің мақсатына сәйкес жұмыстық түсінік болып табылатын қор ұғымын анықтайық. Сонымен, қорлар (ресурстар) –адамның психикаснының және ағзаға қосылған мүмкіншіліктерді қосатын жеке мүмкіндіктер. Соған сәйкес - ішікі істер басқармасының қызметкерлерінің қорлық күй жағдайы, бұл жеке мүмкіншіліктерде мобилизацияның күй жағдайы болып табылады. Ішкі істер басқармасының жұмыс ерекшелігін еске ала отырып, біз өз жеке мүмкіншіліктеріміз бойынша экстремальды жағдайларда қызметкерді мобилизациялау қажет деген пікірге келдік. Бұл қызмет мақсаттардың орындалуында, экстремальды жағдайдың ықшамдалуына, сонымен қатар жүйке қауыпсізді барынша көп қамтамасыз етуге арналған қажеттілік. Адамның психсикалық белсенділіктерін зерттеу мақсатында қорға жақын келуді американдық ғалымдар Д. Браун және Е. Поултон [1991] және М. Познер және С. Бойес жетілдірген, сонымен қатар басқа зерттеушілер Д. Боброу, С. Джексон еңбектерінде өңделген. Дәл осы кезеңде қабылдау процесстері және хабар өзгертулер , әсіресе, қиын шарттардағы адамның іс-әрекеті қарқынды өңделіп жатыр. Хабар өңдеу жүйесін әрбір кезеңде өзгертулерді жалғастырады, бірақ шексіз қорлармен қойылған. Бұл құралдар тапсырманы орындау үшін бөлінеді. Қорларға сәйкес қасиеттер біріншіден- құралдардың шектелгендігімен, яғни, адамдар қазіргі уақытта реттеледі, екіншіден –бұларды қайта бөлуде адамдар әртүрлі кезеңдер және мақсатты орындаудағы сатылармен және мүмкіншіліктерімен таратты. «Ресурс»түсінігінде не жасырылып жатыр? Ресурстық жолды жақтаушылар бұл сұраққа 3 жауаппен жауап берді. 1. Ресурс түсінігінде анық объективті заттық құбылыс жатыр. Мысалы.ресурс сапасы ретінде ретикулярлық формацияда активтеуші функция, мидағы гликопротеин метоболизм процесстерін айтуға болады. 2. Ресурстарға идеалды сапа беретін кейбір теоретикалық конструкт ретінде түсіндіруге болады. Бұл қалыптасқан объективтілікті бөлу берілген тапсырманы шешудегі түрлі сандық өлшемдерді бағалауда қалыптасатын мүмкіндіктерге рұқсат бюеру. Сондай ақ қолданылмаған ресурстар резервтер болып табылады. 3. Ресурстық реттелу ресурс ретінде түсініледі. Егер псиъхикалық реттеу жүйесін қарастырсақ, онда ресурстық регубляциялар бұл жүйені құрайтын әр компоненттерде табылады. Ресурстық жол позициясындағы психологиялық стресс мәселесі өз көрінісін стресстік модельден яғни, стрестің шыңайы және қияли жоғалтудағы ресурстар бөлімінің нәтижесінен табылады. Ресурстарға тәртіптегі белсенділік соматикалық және психикалық мүмкіндіктер, жекелік м інездемелер, вегативті және ауыспалы процесстер жатады. А.Гейлард 1993 стресс ортадағы талаптар және ресурстардың мөлшеріндегі қанағаттандыру қызметі аралығындағы қарым-қатынастың мінез – құлығын көрсетті деп айтты. Стресстің ресурстық моделіндегі тартымдылығын жоғалту категориясы арқылы стресс ресурстарының шығының бағалау мүмкіндіктері, сонымен қатар бұл процесс ресурстың қайта бөліну эффектісі құрамдық және сандық стрессогенді жағдайларда көрінеді. Тек әлеуметтік процесстегі экстремальды шарттарда ғана стресстің концепция үлгісі жарыққа шықты деп ескерген жөн. Р. Хокки және П. Гамильтон [1997] берілген әдебиеттер және өзіндік зерттеулеріндегі стресстік жағдайларды реттеу механизімінің негізіндегі процесс анализін айтты. · Когнитивті жүйе ақпараттармен (ресурстармен) жұмысы бойынша анықтаулы мүмкіндіктерге ие болды, ЦНС құрылымдағы ресурстардың тікелей сәйкестігі қажет емес. · Ресурстар осы немесе басқа стимульдың мүмкіндіктерін, жүйенің шапшан мінездемесін анықтайды. · Бұл жүйе сондай-ақ жоғарғы басқарманы басқаруындағы жалпы ресурстарды өзіне қосады. · Бұл басқарма ресурстардың бөлек жүйелік бөлімге бөлінуін және басқаруын бақылап отырады. · автоматты қызметтің орындалуына қажетті «қосу» процессі жүзеге асады. · Жүйе бір немесе бірнеше күйлерде сипатталуы мүмкін. · Әрбір адамда айқын «негіздік» күй жағдай бар,-оны осы адамдар үшін типтік деп есептеуге болады; бұл күй жағдайды сипаттап тұрған түсті көрсеткіштер ұзақ уақыт бойы тұрақты болып табылады. · Күй жағдай сыртқы шарттар әсерінде алмасып отырады. · Осы немесе басқа тапсырма үшін оптималды жағдай «күйге келтіру» механизмі ретінде пайда болды,оптималды жағдайды тандау автоматты түрде орындалады. Стресстің ресурстық теориясын анализдеуде шығын процесстерінің маңызы туралы сұрақтар туады (бұл қалай болып жатыр, неде айтылып жатыр). Спецификалық ресурс дар индивидуалдылық түрлеріндегі интенсивті шығын жағдайлары ресурстарды өзгеруін әртүрлі жағдайларда бұл сұрақтарды ашып қарастырмады. Бұл сұраққа жауапты энегияға бейімделудегі ұсыныстардың дамуынан іздестіруге болады. «Энергия бейімдеушілігі өзіне индивидтегі ресурстың (энергетикалық , жекелік,мінез-құлықтық) стрессогенді жағдайдағы талаптарды қамтамасыз етуде шапшаң мобилизацияланады. Берілген бөлімдегі адам ресурсы нақты жағдайлардағы резерв (функционалды) және оның жасырынды бөлімін қарастырып жатыр. Бұл резервті сыртқы орта факторларының қолайсыз күшті әсер қабілеттерін компенсациялау және эффективті қиындық процесстеін бағалау» [37.132 б]. Сонымен, психологиялық ресурс мәселесі қазіргі уақытта психикалық жағдайларды реттеу м еханизімін оқытуда негізгі зерттеу бағытының негізі болып табылады. Бірінші бөлімде ІІБ қызметкеріне қажетті физикалық, психикалық мүмкіндіктерінің мобилизациялау іс-әрекетінің спецификасы қарастырылды. Психикалық күйдің жүйке аспектісі, құрылым теориясын, стресс теолрияс ын зерттеу үшін маңызды баяндалған. Адамның экстремальды жағдайдағы түрлі эксперименталды зерттеудің нәтижесі талданылды. «ресурс» және экстремальды жағдайдағы ІІБ-ң ресурстық күй түсінігі анықталып, мазмұны қарастырылды. Екінші бөлімде ІІБ қызметкердің ресурстық күй ерекшеліктерін эмпирикалық әдіс көмегімен айқындауды жоспарлап отырмыз. Яғни, біз қызметкерлерді дайындауда неге ұмтылу керектігін анықтаймыз. Бұл түсініктен біз келесідей гипотеза шығарамыз: ІІБ қызметкерлерінің экстремальды жағдайдағы ресурстық күйінің ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктерді көрсете отырып, біз пайда болу дерегін дәлелдейміз. Сонымен қатар, сапалы контент – анализ көмегімен ІІБ қызметкерлерінің экстремалды жағдайдағы ресурстық күй ерекшеліктерінің мінездемесін береміз.
|