КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лимфоцит текті созылмалы лейкоздар
Б±л лейкоздар екі топќа бөлінген: біріншісін созылмалы лимфолейкоз бен оған ±қсайтын лимфоматоз (Сезари ауруы) қ±раса, екінші топќа парапротеинемиялы лейкоздар жатады. Созылмалы лимфолейкоз, әдетте, орта жастаѓы немесе егде тартќан адамдарда кездесіп, бірен-саран отбасына да тән. В-лимфоциттерден өрбіп, аѓымы ±зақ мерзімді әрі қатерсіз келеді. Ќанда лейкоциттер күрт (100 x 10/9 л дейін) көбейіп, лимфоциттер басым болады. Сүйек кемігі, лимфалық түйіндер, талақ, бауыр сияқты ағзаларды ісіктік лимфоциттер жайлап, ұлғайтады. Ісіктік В-лимфоциттер иммундыќ глобулиндерді өте аз түзеді, сондыќтан гуморалды иммунитет тежеліп, созылмалы лимфолейкоз көбіне инфекциялық аурулармен асќынады. Лейкоздың бұл түріне организмнің аутоиммунды жауабы, әсіресе аутоиммунды гемолизді және тромбопениялы ахуал тән. Созылмалы миелолейкоздың ағымы қатерсіз болғанмен, кейде бластты криз қосарланып, науқас адам ауруы организмді түгел жайлағандықтан (генерализация) қайтыс болады. Дегенмен, науқастар, әдетте, инфекциялыќ немесе аутоиммундық процестерден өледі. Мәйітті зерттегенде басты өзгерістер сүйек кемігінде, лимфалық түйіндерде, талақта, бауырда және бүйректе өрістегені байқалады. Жалпақ с‰йектер мен жіліктердіњ кемігі миелоидтық лейкоздағыдай қызыл түсті болады, бірақ жілік майы ондағыдай толыќ жойылмайды, сары түсті майлы ошақ сияқтанып диафиздерде сақталып қалады. Гистологиялыќ тәсілмен зерттеп, сүйек тканінен ісік клеткаларынан түзілген ошаќтарды көреміз. Ауру меңдесе, сүйек кемігіндегі миелоидтыќ тканьді лейкоздыќ лимфоцитті шоғырлар ыѓыстырып, кішігірім қан жасайтын миелоидтық ±ялар ѓана қалады. Барлыќ лимфалыќ т‰йіндер ±лғайып, бірігіп, өте ірі, ж±мсақтау не ќаттылау қ±рылымдар қалыптастырады; кесінделері шырынды, аќшыл қызѓылт түсті. Бадамша бездің, ішектің топтасқан және солитарлы лимфалық фолликулдары да ±лѓайып, олардың да ткані ақшыл қызғылт түсті болады. Лимфалыќ түйіндер мен ќұрылымдардың тканін лейкоздық клеткалар жайлап, қалыпты қ±рылысын бүлдіріп, ±лғайтады. Кейде лимфоциттер лимфалық түйіндердің қабығына шоғырланып, төңірегіндегі басқа да тканьдерге жайылып кетеді. Талаќ едәуір ±лғайып, массасы 1 кг дейін өседі; оның етженді (мясистая), кесіндісінің беткейі ќызыл түсті. Фолликулдары µз қалпында қалып немесе пульпамен т±тасады. Лейкоздық клеткалар алдымен фолликулдарды жайлайды, олар ±лғайтып, бірігеді. Кейін лимфоциттер ќызыл пульпаға, қан тамырларының іргесіне, талақтың трабекулалары мен қабыѓына да өрістейді, ¦лѓайып, қатайған бауырдың кесіндісі ашық қоңыр түсті болады. Оның үсті мен кесіндісінің бетіннен аќшыл бозғылт түйіншектер байқалады. Лимфоциттер шоғырының көбі бауырдың порталық жолын қуалай жайғасады. Гепатоциттерде белокты не майлы дистрофия дамиды. Б‰йрек, әдетте, ±лғайып, қатаяды, түсі с±рғылт қоңырлау келеді. Лейкоздыќ клеткалар тканін түгел жайлап, ќ±рамдас қабаттарын кескенде ажырата алмайтындай етіп, тұтастырып жібереді. Лейкоздыќ клеткалар басќа да ағзалар мен тканьдерге (кеуде қуысы, шажырқай, миокард, сірі және кілегейлі қабықшаларѓа) шашыранды не ошақты түрде шоғырланып, ірілі-±сақы түйіндер т‰зеді. Созылмалы лимфолейкозѓа, жоғарыда сипатталған өзіне тєн өзгерістермен қатар, инфекциялық (мысалы, пневмония) және гемолиздік (гемолиздік сарғаю, жалпы гемосидероз) процестер де қосарланады. Б±л лейкоздың барлыќ лимфалыќ түйіндерді жайлап, талақ пен бауырды шамалы ѓана ±лѓайтатын түрінен басқа, лимфалыќ т‰йіндердіњ белгілі бір тобын ғана (мысалы, көкірек қуысындаѓы, шажырқайдаѓы, мойын немесе шаптаѓы түйіндерді) зақымдайтын түрі де болатынын ескерген жөн. Өйткені аурудың ол түріне шалдыќќанда тым ±лғайған лимфалық түйіндер маңындағы ағзаларды қысып тастауы мүмкін. Мысалы, көкірек қуысындағы лимфалыќ түйіндер ұлғайса, жүректі, өңешті, кеңірдекті қысады, ал шажырқай мен бауыр қақпасындағы лимфалық түйіндер қақпа венасы мен оның тарамдарын қысып, порталық (қаќпалыќ) гипертензия мен асцитке (іш шеменіне) ±шыратады. Тері лимфоматозы (Сезари ауруы) — созылмалы лейкоздың өзіндік ерекшелігі бар бір түрі. Алғашќы кезде ісіктік Т-лимфоциттер теріге ғана шоѓырланады. Кейін процесс біртіндеп сүйек кемігін жайлайды, қан арнасында лейкоциттер көбейіп, осы ауруға тән Сезари клеткалары пайда болады. Лимфалық түйіндер мен талақ ±лғаяды. Парапротеинемиялы лейкоздар. Б±л топ В-лимфоциттер жүйесіне жататын клеткалардан (плазмоциттердің ізашарларынан) дамитын лейкоздар түрін қамтиды. Ал, В-лимфоциттердің гуморалдық иммунитетті ќамтамасыз ететіні белгілі. Ќатерлі иммунды-пролиферациялы сырќаттар деп те аталып жүрген, б±л парапротеинемиялы лейкоздар тобының басты ерекшелігі — ісік клеткаларыныњ біртекті иммунды глобулиндерді не олардыњ фрагменттері парапротеиндерді (РIg-патологиялық, немесе моноклонды, иммунды глобулиндерді) түзетінінде. Парапротеинемиялы лейкоздар тобына жататын миеломалы аурудың және Вальденстремнің бірінші ретті макроглобулинемиясы мен Франклиннің ауыр тізбекті ауруының бүкіл клиника-морфологиялыќ ерекшеліктері осы иммунды глобулиндер патологиясына негізделген. Парапротеинемиялы лейкоздардың ішіндегі ең маңыздысы — миеломалы ауру. Миеломалы ауру — жиі кездесетін сырқат. Оны алғашқы рет О.А. Рустицкий (1873) мен Калер (1887) сипаттаѓан. Бұл ауру гемопоэздің лимфоцит-плазмоциттер қатарынан туындайтын ісік клеткалары — миеломалыќ клеткалардыњ көбеюіне негізделеді. Миеломалыќ клеткалар сүйек кемігінде, одан басќа да жерлерде шоғырланады. Сүйек кемігіндегі миеломалы процестен сүйектің өзі де қатты зақымдалады. Миеломалыќ клеткалардың сипатына қарай, миелома плазмоцитті, плазмобластты, полиморфклеткалы және ±сақклеткалы түрлерге жіктеледі [(Струков А.И., 1959]. Полиморфклеткалы және ±сақклеткалы миелома төмен деңгейде жетілген ісіктер тобына жатады. Миеломалыќ клеткалар парапротеиндер түзеді. Парапротеин науқастың қанынан, зєрінен және миеломалыќ клеткалардың өзінен де табылады. Миеломамен сырқаттардың қан сарысуы мен зєрін биохимиялыќ тәсілмен зерттегенде әртүрлі патологиялыќ иммунды глобулиндер анықталады, соған сәйкес бұл ауру бірнеше биохимиялық варианттарѓа (А-, D-, Е-миеломаға, Бенс-Джонс миеломасына) бөлінеді. Кіші дәреттегі Бенс-Джонс белогы — миеломалық клеткаларда түзілетін белок. Б±л белоктың молекулалық массасы өте төмен, сондыќтан ол бүйрек шумағы сүзгісінде қалып коймай, еркін өтіп кетеді. Әдетте, миелома алейкемиялық вариантта өрістейді, кейде қанда миеломалыќ клеткалар болуы да мүмкін. Миеломалық клеткалар көбінесе сүйек пен оныњ кемігін жайлайды, олар қалыптастырѓан морфологиялыќ бейнесіне ќарай, миеломалы ауру диффузды, даффузды-түйінді және көптүйінді түрлерге бөлінеді. Егер сүйек кемігіне миеломалық клеткалар шоғырланып, остеопороз дамыса, науқас адам миеломаныњ диффузды т‰рімен сырқаттанғаны. Ал, аурудың диффузды-т‰йінді түріне ±шырағандардың сүйек кемігінде диффузды миеломатоз дамып, ісік түйіндері қалыптасады; миеломаның көпт‰йінді түрінде миеломалық клеткалар шоғыры диффузды болмайды. Миеломалыќ клеткалар, єдетте, жалпаќ с‰йектер (қабырѓа, бас сүйектері) мен омыртќаларда, кейде жіліктерде (тоқпан және ортан жілікте) көбейіп, сүйектерді б±зады (деструкция). Б±л клеткалар жайлаѓан остеондардың орталық өзекшесі мен эндост тұсындаѓы сүйек табақшалары ±сақ түйіршіктеніп, сұйылады. Ол жерлерде остеокласттар пайда болып, сүйектің қабығы сыдырылып қалады. Сүйек табаќшалары біртіндеп с±йық сүйек деп аталатын затқа айналып, толыќ ыдырап тарайды, остеондыќ өзекшелері кеңейе түседі. Сүйекте "кеуектене сорылу" ("пазушное рассасывание") процесі дамып, остеолиз бен остеопороздық ошақтар, яѓни миеломалы ауруѓа тән тегіс іргелі, пішіні біркелкі (штампованные) ақаулар пайда болады. Миеломалы ауруѓа шалдыққандардың сүйектері сынғыш келіп, жиі сынады. Миеломалы ауру кезінде сүйек ткані ыдырап, гиперкальциемия дамитындыќтан, ізбестенген ошақтар да көп болады. Миеломалық клеткалар сүйек пен оныњ кемігінде ѓана емес, талақ, лимфалыќ түйіндер, бауыр, бүйрек, өкпе сияқты басќа да аѓзаларда шоғырланады. Миеломалы ауруда байқалатын өзгерістердің біразы ісік клеткаларының парапротеин түзгіштігіне негізделген. Ондай өзгерістер қатарына: 1) амилоидоз (АL-амилоидоз); 2) амилоид тәрізді заттар мен кристалл заттардың тканьдерге шөгуі; 3) аѓзаларда парапротеинемиялық сулану (отек) немесе парапротеиноз (миокард, өкпе парапротеинозы, парапротөинемиялық нефроз) дамып, олардыњ ж±мысќа қабілетінің төмендеуі жатады. Парапротеинемиялыќ өзгерістердің ең маңыздысы — парапротеинемиялыќ нефроз, яѓни миеломалыќ нефропатия. Ол миеломамен сырќаттардыњ 1/3-нің µліміне себеп болады. Парапротеинемиялық нефроздың даму барысында бүйрек Бенс-Джонс парапротеинімен "ластанып", алдымен бүйректің милыќ, кейін қыртыстыќ қабаты шорланады, ақырында бүйрек бүрісіп қалады (миеломадан б‰ріскен б‰йрек). Кейде парапротеинемиялыќ нефрозѓа бүйрек амилоидозы ұштасады. Миеломалы ауруда қанға парапротеин жиналатындықтан, тамырларда белокты тромбылар түзіліп, өзіндік ерекшелігі бар т±тќырлыќ синдромы (синдром повышенной вязкости) мен парапротеинемиялыќ кома дамиды. Плазмоцитомаға иммунитеттің дәрменсіздігі тән және оѓан тканьдік парапротеиноз сабаќтасады, сондыќтан аутоинфекция жанданып, ќабыну процесі (пневмония, пиелонефрит) жиі қосарланады. Бірінші ретті макроглобулинемия — сирек кездесетін сырқат; оны 1944 жылы Вальденстрем сипаттаѓан. Ол лимфоцит текті созылмалы лейкоздың патологиялық макроглобулин (ІgM) түзгіш ісіктік клеткаларынан дамитын түрі. Талақты, бауыр мен лимфалық түйіндерді лейкоздық клеткалар жайлап, ±лѓайтады. Сүйектердің қ±рылысы бұзылады. Гипопротеинемия дамып, қанның тұтқырлыѓы күрт артып, тромбоциттердің сапасы төмендеп, ±сақ тамырларда қан ағысы баяулайды. Стаз дамитындықтан, әдетте геморрагиялыќ синдром өрістейді. Б±л ауруға көбінесе геморрагиялыќ процесс, парапротеинемиялық ретинопатия және парапротеинемиялыќ кома жиі қосарланады. Амилоидоз дамуы да мүмкін. Ауыр тізбектер ауруын 1963 жылы Франклин сипаттаған. Б±л ауруда лимфоциттер мен плазмоциттер қатарына жататын ісік клеткалары ІgC ауыр тізбегінің (аурудың атауы осыдан туындаған) Рс-фрагментіндей, ерекше парапротеин түзеді. Әдетте, ісік клеткалары лимфалық түйіндер мен бауырда, талақта көбейіп, осы ағзаларды ±лѓайтады. Сүйектің өзі мүлде өзгермейді, кемігі сирек зақымдалады. Сырқат адамдардың өліміне гипогаммаглобулинемияның (иммунитет ташылығыныњ) салдарынан қосарланѓан инфекциялар (сепсис) себеп болады.
|