Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Идиопатиялық миокардит




 

Идиопатиялыќ миокардит (Абрамов — Фидлер миокардиті, қатерлі идиопатиялыќ инфекциялы-аллергиялық миокардит) — тек ќана миокард ќабынып (дара миокардит — изолированный миокардит), процесс тез өршіп, ќазаѓа жиі ±шырататын сырқат (ќатерлі миокардит). Оның ағымы жедел не ќайталамалы созылмалы.

Этиологиясы мен патогенезі. Идиопатиялыќ миокардиттің аллергиялыќ негізде дамитыны қазір көпке белгілі. Б±л танымды кезінде А.И. Абрикосов пен Я.Л. Рапопорт дәйектеген-ді. Кейбір ғалымдар идиопатиялыќ миокардитті қан іркілгендіктен дамитын, яғни іркілулік (конгестивтік) кардиомиопатияѓа ±ксас деп табады, бірақ ол — бейспецификалық инфекциялы-аллергиялық миокардиттің асқынып, меңдеген түрі. Б±л миокардиттің инфекциялы-аллергиялыќ механизмге негізделетініне оның вирустық және бактериялыќ инфекциялардан, қан сарысуы мен вакцина еккеннен, дәрілерді ретсіз ішкеннен соң дамитындыѓы да дәлел. Аурудың өршімелілігі аутоиммундану процесімен де сабақтас сияқты.

Патологиялық анатомиясы. Идиопатиялыќ миокардит жүректің барлық бөлімдерінің бұлшықетті қабатын түгел заќымдайды. Жүрек болжырап, қуыстары кеңіп, оның көлемі ±лѓаяды; әдетте, тромбылар ќалыптасады. Б±лшықеттің кесіндісі тарғыл түсті болады, жүректің қақпақшалары зақымдалмайды. Идиопатиялыќ миокардиттің төрт морфологиялыќ (гистологиялыќ) т‰рі бар: дистрофиялы (деструкциялы); қабыну-инфильтратты; аралас және тамырлыќ.

Дистрофиялы (деструкциялы) т‰рінде клеткалы жауап (реакция) байќалмайды, кардиомиоциттер гидропиялы дистрофия мен лизиске ±шырайды (ареакциялы миолиз). Б±лшықеттік клеткалар жойылѓан жерлердің ретикулалық стромасы (қаңқасы) қабысып қалады (коллапс).

Ќабыну-инфекциялы т‰рінде миокардтың стромасы ±йымалы суланып (серозный отек), онда нейтрофилдер, лимфоциттер, макрофагтар, плазмоциттер шоғырланады. Б±л клеткаларѓа көпядролы алып клеткалар араласады. Кардиомиоциттерді шамалап дистрофия шарпиды.

Аурудың аралас т‰рінде деструкция және қабынулыќ инфильтраттар ќалыптасады.

Ал аурудыњ тамырлыќ т‰рінде тамырлар басымырақ зақымдалып, васкулит дамып, оѓан дистрофия мен қабынулыќ инфильтраттар қосарланады.

Идиопатиялық миокардиттің барлыѓы да ошаќты және (немесе) диффузды кардиосклерозѓа ±ласады, көбіне миокард қалыңдап, ±лѓаяды.

Морфологиялыќ бейнесі әр алуан болғандықтан (миолиз, аралық қабыну, склероз, гипертрофия), идиопатиялық миокардиттің клиникалық белгілері мен клиникалық варианты да әртүрлі (аритмиялы, псевдокоронарлыќ, инфаркт тәрізді, т.б).

Жүрек қызметі жеткіліксіз болып, эндокардта тромбылар түзілетіндіктен, жүректен басќа аѓзалар мен тканьдер де заќымдалады. Өкпеге, миға, бүйрекке, ішекке, талаққа, басқа да аѓзаларѓа қан іркіліп, паренхималық элементтерінде дистрофия, тромбэмболия дамып, инфаркт пен қанды ошақтар пайда болады.

Б±л аурудың ең жиі әрі қауіпті зардабы — тромбылы эмболия. Кейде миокардит алѓаш рет осы тромбэмболия арқылы білініп, анықталады.

Сырқат адам көбіне жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен немесе тромбылы эмболиядан өледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 224; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты