КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Клиника-морфологиялық нысандары. Зақымдалған тамырлар атрабын аурудың зардаптарын, ақырын ескере отырып, атеросклероз: 1) ќолқа атеросклерозы
Зақымдалған тамырлар атрабын аурудың зардаптарын, ақырын ескере отырып, атеросклероз: 1) ќолқа атеросклерозы, 2) жүрек артерияларыныњ атеросклерозы (жүрек атеросклерозы; жүректің ишемиялық ауруы), 3) ми артерияларының атеросклерозы (ми атеросклерозы), 4) бүйрек артерияларының атеросклерозы (бүйрек атеросклерозы), 5) ішек артерияларының атеросклерозы (ішек атеросклерозы) және 6) аяқ артерияларының атеросклерозы деп бөлінеді. Атеросклероздың б±л нысандарының әрқайсысында екі түрлі процестер тобы орын алады. Атеросклероз артерияларды біртіндеп баяу тарылтса, қанаайналымының созылмалы ағымды жеткіліксіздігі дамып, ағзалардың паренхимасында дистрофия мен атрофия, ал стромасында диффузды немесе ұсақ ошақты склероз өрістейді. Егер артерия күрт бітеліп (окклюзия), қанайналымының жедел ағымды жеткіліксіздігі орын алса, процесс мүлде басқа текті болады: жедел түрде некроз дамып, ол инфарктімен немесе гангренамен бейнеленеді. Б±л өршімелі атеросклерозѓа тән процестер екені б±рын айтылған. 1. Ќолќа атеросклерозы — атеросклероздың ең жиі түрі. Ол қолқаныњ ќ±рсаќтыќ бµлімінде өте айқын дамып, көбінесе атероматозбен, ойық жарамен, атерокальцинозбен сипатталады. Б±лардың салдарынан қолқа атеросклерозы тромбоз, тромбылы эмболия және атеромалыќ қойыртпақтың эмболиясы сияќты процестермен жиі асқынады, сөйтіп инфарктіге (мысалы, бүйректі) немесе гангренаға (мысалы, ішекті, қол-аяқты) ±шыратады. Бірсыпыра жағдайларда қолқаның атеросклероз зақымдаған, әсіресе ойың жаралы жерлері қалталанып, аневризма қалыптасады. Аневризманың кескіні цилиндр, қалташа, кейде жарыќ (грыжа) тәрізді болады. Оныњ шынайы және жалѓан түрлері бар. Шынайы аневризманыњ іргесі қолқаныњ өз қабырѓасынан ќалыптасса, жалѓан аневризманы оның төңірегіндегі тканьдер мен гематома шектейді. Ќ±йылған қанның қысымынан қолқаныњ ортаңѓы қабаты мен интимасының немесе адвентицияның арасы ажырап, жыртылып, кейін эндотелиймен астарланады. Ондай аневризма ажыратпалы (расслаивающая) аневризма деп аталады. Аневризма жыртылғанда қан кету қаупі туады. Аневризманың ±зақ мерзімді әсерінен онымен т±стас тканьдер (мысалы, төссүйегі, омыртқалар) семіп қалады. Атеросклероз қолқа доѓасын зақымдаса, кейде қолқа доѓасыныњ синдромы дамиды. Ал, атеросклероз қолқаның бифуркациясын зақымдап, ол жерде тромб ќалыптасқан жаѓдайда, кейде өзіндік бейнесі бар Лериш синдромы көрініс береді. 2. Ж‰ректіњ тєждік артериясыныњ атеросклерозы — жүректің ишемиялыќ ауруыныњ негізі («Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруын» қара). 3. Ми артерияларыныњ атеросклерозы — ми тамырлары сырқаттарының (цереброваскулалық сырқаттардың) негізі. Атеросклероз ми артерияларын тарылтып, мидың қыртысты қабатын ±зақ мерзімді ишемияѓа ±шыратса, онда дистрофия мен атрофия процестері өрістеп, адам атеросклероздыњ салдарынан алжиды. 4. Атеросклероз түймешелері, әдетте, б‰йрек артерияларыныњ негізгі немесе бірінші яки екінші ретті тарамдарыныњ саѓасын тарылтады. Процесс бүйректің сыңарын жиірек, ал екеуін бірдей сиректеу зақымдайды. Бүйректің паренхимасы семіп, стромасы қабысып, дәнекер ткань жайлаған сына кескінді аймақтар пайда болады немесе инфаркт дамып, оны тыртық басады. Тыртық басқан жерлер ойыстау келеді. Сөйтіп, б‰йрек атеросклероздан ірі б±дырланып б‰ріседі (атеросклероздыќ нефроцирроз). Біраќ паренхимасыныњ басым бµлігі зақымдалмайды, сондықтан оның қызметі де онша кеми қоймайды. Атеросклероздан бүйректің артериялары тарылып, паренхимасы ишемияѓа ±шыраса, кейде симптомдыќ (б‰йректік) гипертония байқалады. 5. Ішек артерияларыныњ атеросклерозы көбіне тромбозбен асқынып, ішекте гангрена дамиды. 6. Қол-аяќ артерияларыныњ атеросклерозында, әдетте, санныњ артериялары зақымдалады. Коллатералдардың арќасында процесс ±зақ уақыт білінбейді. Дегенмен, коллатералдардың жеткіліксіздігі өрістей келе, бүлшықеттер семіп, аяқ-ќол суиды, жүргенде осы ауруға тән ауырсыну пайда болады (±стамалы аќсаќтыќ). Егер атеросклерозға тромбоз қосарланса, ќол-аяқты гангрена шарпиды (атеросклероздық гангрена).
|