КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кардиосклероз
Кардиосклероз — жүректің созылмалы ишемиялық ауруының морфологиялыќ негізі; оның атеросклероздан дамыған диффузды ±сақошақты түрі және инфарктіден туындаѓан (постинфарктілік) іріошаќты түрі болады. Іріошақты кардиосклероз кейде жүректің созылмалы аневризмасына ±ласады. Ж‰ректіњ созылмалы аневризмасы, әдетте, трансмуральдық инфарктінің өте ауқымды түрінен туындайды. Б±ндай аневризманың іргесін ауқымды инфарктінің орнын басып, жүректің іргесіне айналған тыртықтыќ дәнекер ткань қалыптастырады. Б±л ткань ж±қарып, қанның ќысымынан біртіндеп сыртқа қарай б±лтиып, аневризмалық қалташаѓа айналады, кейін оның іргесінде қатпарлы тромбылар түзіледі. Созылмалы аневризма ж‰рек қызметініњ созылмалы жетіліксіздігімен (қарыншада үнемі ќан "қалдыѓы" болады), тромбылы эмболия синдромымен асқынады және аневризма жыртылып, үлпершек қанмен тығындалуы да (тампонада) мүмкін. Жүректің созылмалы ишемиялыќ ауруымен сырқаттардың өліміне осы аталған процестер себеп болады. Дегенмен, б±л аурумен сырқаттарѓа үнемі инфаркті мен оның асќыну зардаптарының ќайталану (ќайталанѓан инфаркт) қаупі тµніп т±ратынын естен шыѓармаған абзал.
МИ ТАМЫРЛАРЫНЫЊ СЫРҚАТТАРЫ
Ми тамырларыныњ (цереброваскулалыќ) сырќаттары атеросклероз бен гипертония ауруының салдары ретінде дамып, мида ќанайналымының жедел түрде б±зылады. Олар атеросклероз бен гипертония ауруынан, кейде симптомдыќ гипертензиядан өрістеп, мидаѓы процестердің негізі болып табылады. Жүректің ишемиялыќ аурулары сияқты, мидың тамырлық сарқаттарының да әлеуметтік мәні зор, сондықтан б±л аурулар да дербес топ деп танылған. Экономикасы өркендеген елдерде б±л аурулармен сырқаттанудың және өлім-жітімнің көрсеткіші жүректің ишемиялық ауруын "қуып жетті". Этиологиясы мен патогенезі. Жүректің ишемиялық ауруының этиологиясы мен патогенезі жайлы жоғарыда не айтылса, соның бәрі мидың тамырлыќ сырқаттарына да қатысты. Мидаѓы қанайналымының жедел б±зылуына тікелей әсер ететін себептердің ішінде басты орынды ми, мойын мен омыртќа артерияларыныњ жиырылып тарылуы (спазмы) және осы тамырлардағы тромбоз бен тромбылы эмболия алады. Ангионеврозѓа ±шырататындықтан, психика-эмоциялыќ зорыѓу ахуалына да зор мән беріледі. Классификациясы. Мидың тамырлыќ сырқаттарының негізі — мидаѓы қанайналымыныњ жедел б±зылуы. Ол мидың транзиторлық (өтпелі) ишемиясына және инсультке бөлінеді. Инсульт (латынша: іnsultare — секіру) деп - мидың бір жерінде қанайналымы жедел (күрт) б±зылып, сол жердің ткані мен қызметінің де зақымдалуы аталады. Оның мынадай түрлері бар: 1) геморрагиялы инсульт: мида гематома қалыптасады немесе мидың тканіне қан сіңеді. Оныњ бір түрі — субарахноидылыќ қан қ±йылу; 2) ишемиялық инсульт. Оның морфологиялық негізі — ишемиялық, геморрагиялы және аралас инфаркт. Патологиялық анатомиясы. Мидың транзиторлыќ (өтпелі) ишемиясы кезінде артериолалар жиырылып тарылады, олардың іргесіне плазма сіңіп, төңірегіне с±йыќтық жиналып, қанды ошақтар пайда болады. Ми тканінің әр жеріндегі клеткалар тобы сусіњділеніп, дистрофияѓа ±шырайды. Бұл өзгерістер қайтымды. Ќан қ±йылѓан жерлердегі кейбір тамырлардың төңірегіне гемосидерин шоғырланады. Геморрагиялы инсультке шалдыққандардың 85%-ының миында гематома қалыптасады. Ондай жағдайда артериолалар ауыр зақымдалады; микроаневризмалар пайда болып, іргелері жыртылады. Мидың ткані ыдырап, қуыс (киста) түзіледі. Ол қуыстың ішінде ±йыған ќан мен мидың жидіген ткані болады (мидыњ ќызыл т‰сті жидуі). Ќан көбіне ми қыртысы астындағы түйіндерге (мидың көру аймағына, ішкі қабығына) және мишыќќа қ±йылады. Оның көлемі әртүрлі: ми қыртысыныњ астындаѓы түйіндерді қамтып, кейде мидың бүйірлік және ІІІ, IV ќарыншаларына, тіпті ми баѓанына дейін жайылады. Ондай инсульт, әдетте, науқасты опат қылады. Егер науқас тірі қалса, қан ќ±йылған жерлердің айналасындаѓы ми тканіне сидерофагтар, түйіршікті шарлар, глиялық клеткалар шоғырланып, ±йыѓан қанды таратады. Ақырында гематоманың орнында ішіне ќоңырлау зат жиналған, іргесі тот басқандай, қоңыр түсті ќуыс қалады. Гипертония ауруының милық түрімен (мозговая форма) ±заќ уақыт сырқаттанып, инсульттен өлгендердің миында жаңадан қ±йылған қан ошаќтарымен қатар, б±рынѓы қанды ошақтардан қалѓан қуыстар да болады. Геморрагиялыќ инсульттің бір түрі — мидыњ тканіне қан сіњеді. Ќан сіңген аймақтар т±тасқан ±саќ-±саќ ќанды ошақтардан қалыптасады. Ол жерлерде некробиоз шалѓан нерв клеткалары ±шырасады. Б±л процесс мидың көру түйіндері мен Варолий көпірінде дамып, әдетте ми қыртысы мен мишықта байқала қоймайды. Мидыњ ишемиялыќ инфарктісі атеросклероз шалған мида және мойын артерияларында тромб түзілген кезде дамиды. Ол — ишемиялыќ инсульттің ең жиі (75%-ында) байқалатын және мидың әр жерінде ќалыптаса беретін түрі. Ишемиялық инфарктіге ±шыраған жер боз түсті, әрі с±йыќ (мидыњ боз т‰сті жидуі). Оныњ микробейнесін ми тканінің өлексесі мен өлі нейрондар түзеді. Аралас инфаркт көбіне мидың боз затында дамиды. Оның ќ±рамына ишемиялық және геморрагиялы аймақтар кіреді. Гематома сияқты, инфаркт аймағы да қуысқа айналады. Геморрагиялы инфарктіден қалыптасқан қуыстың іргесінде гемосидерин көп болады ("тот басқан қуыс"). Инсульт (қан қ±йылу, ми инфарктісі) және оның асқыну зардаптары (ќуыс, т.б) науқасты параличке, яғни сал ауруына ±шыратады. Атеросклероз және гипертония ауруымен сырқаттардың біразы инсульттен өледі.
|