Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Біріші ретті (идиопатиялық) кардиомиопатиялар




 

1. Гипертрофиялыќ (констрикциялыќ) кардиомиопатия т±қымќуа-лайды. Оның морфогенезі жайлы мынадай гипотезалар бар: 1) кар-диомициттердің катехоламиндер әсеріне сезімталдығы артады, жиырылу қабілеті күшейеді, сондықтан олар тез зақымдалып, миокардта фиброз бен гипертрофия өрістейді; 2) миокардтың жиырылу қабілеті эмбриондыќ кезеңде (пренаталдық фазада) артып, оның кей жерлеріндегі, әсіресе ќарыншааралыќ пердедегі кардиомиоциттері гиперплазияға ±шырайды. Кейін постнаталдыќ кезеңде гиперплазия гипертрофияға ұласып, миокард қалыңдай түседі; 3)коллаген патологиясының салдарынан миокардтың фиброзды қ±рылымдары заќымдалып, миофибриллалар сол себепті ыдырағыш келеді.

Гипертрофиялы кардиомиопатияның диффузды түрі (миокардтыњ идиопатиялыќ гипертрофиясы) және жергілікті (аортаастыныњ идиопатиялыќ гипертрофиялы стенозы) деп аталатын түрі бар. Бірінші рөтті гипертрофиялы кардиомиопатияныњ диффузды түрінде жүректің сол жақ қарыншасы мен ќарыншааралық пердесі біркелкі қалыңдап, оның оң жақ бөлігі сирек ±лѓаяды, ал қуыстарыныњ кµлемі өзгермейді немесе кішірейеді. Микроскоппен кардиомиоциттердің, әсіресе қарыншааралыќ пердеде, ретсіз жайѓасқаны байќалады. Гипертрофиялы кардиомиопатияныњ екінші ретті, жергілікті (локальді), түрінде сол жақ қарыншаның жоғарѓы, аортаастылық бөлімі қалыңдап, куысы тарылады (аортаастылық б±шыќетті стеноз). Б±л аурудың екі түрі де жүректің каќпашалары мен артерияларын зақымдамайды.

2. Дилатациялыќ (конгестивтік) кардиомиопатия вирустық миокардиттен (Коксаки вирусының әсерінен) өрістейтін сияқты. Кейде ол вирус пен алкоголь ќосылып әсер еткенде дамиды.

Дилатациялық кардиомипатия кезінде жүректің б±лшықеті шамалы ѓана қалыңдап, қарыншалары мен жүрекшелері күрт кеңейеді. Жүректің массасы, әсіресе сол жаќ қарынша есебінен өсіп, жалпы кескіні шар тәрізді болады. Миокард болжырап, көмескі тартады, оны дәнекер тканьнің ақшыл түсті жолаќтары жайлап кетеді, ±лғайѓан және семген кардиомиоциттер аралас жайѓасады. Жүректің қақпақшалары мен артериялары зақымдалмайды, қуыстарынан көбінесе тромбылар табылады.

3. Рестрикциялыќ кардиомиопатияны кейбір авторлар Лефлердің париеталдық эндокардитінен туындайтын сырқат деп есептейді, бірақ б±л пікір толыќ дєлелденбеген. Бірінші ретті кардиомиопатияның б±л түрінде көбіне сол жақ карыншаның, кейде оң жақ ќарыншаның эндокардында диффузды яки ошақты фиброз дамып, процесс қосжақтаулы қақпақшаның артқы жақтауын да қамтиды. Қарыншалардың іргесінде тромбылар түзіліп, беріштенеді. Эндокард кейде тым (3—5 см дейін) қалыңдап, қарыншалар тарылады (бітеледі).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 62; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты