Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Крупты пневмония




Крупты пневмония - жедел аѓымды инфекция-аллергиялыќ ауру; ол µкпеніњ бір немесе бірнеше бµлімін толыќ ќамтиды (бµліктік, лобустыќ пневмония), альвеолаларѓа фибринді экссудат жиналып (фибринді, немесе крупті, пневмония), плевраѓа да фибин шµгеді (плеврапневмония). Жаќшада келтірілген атаулардыњ арќайсысы осы аурудыњ єр ерекшелігіне сєйкес синонимдері. Крупты пневмония - дербес ауру; кµбіне ересектер, кейде балалар да ауырады.

Этиологиясы мен патогенезі. Оны пневмококтардыњ I, II, III жєне IV типтері қоздырады. Оны кейде Фридлендер диплобацилласы да дамытады. Науқас адаммен қарым-қатынаста болмаған сау адамныњ кенет сырқаттануы, пневмококтардың сау адамдарда да болатынын, крупты пневмонияның аутоинфекциялыќ сырқат екендігін көрсетеді. Жедел пневмонияның патогенезі үшін, аутоинфекциямен қатар, дененің суықтан тоњазуы, жараќаттану сияқты факторлардың пневмококтар сенсибилизациялаѓан организмге єсер етіп, ауыруѓа түрткі болуының да маңызы зор. Осы ауруѓа тєн клиникалыќ бейне, даму барысында белгілі бір кезеңділіктің (стадийность) байқалуы және оның морфологиялыќ ерекшеліктері организмде гиперергиялық жауап қалыптасатындығын дәлелдейді. Гиперергияның әсері өкпеде жүзеге асып, онда сезімталдыќ артуының жедел т‰ріне сәйкес процестер өрістейді.

Морфогенезі мен патологиялық анатомиясы. Жүз жылдан астам мерзімде қалыптасқан ±ѓым бойынша, крупты пневмония өзінің даму барысында төрт кезеңнен өтеді: 1) қан толу кезеңі; 2) қызыл бауырлану (опеченение); 3) боз бауырлану және 4) аяқталу кезеңдері. Б±л төрт кезең 9—10 тєулікті қамтиды.

Ќан толу кезењініњ мерзімі бір тєулік қана. Өкпенің бµлігіне күрт қан толып, сусіңділенеді. Оған жиналған с±йықтыќта бактериялар өте көп болады. Капиллярлардың µткізгіштігі артып, альвеолаларға диапедездік жолмен эритроциттер шығады. Кан кернеп, өкпе қатайыњқырайды.

Қызыл бауырлану кезењі аурудың 2-ші тәулігіне сєйкес келеді. Толықќанды, єрі микробтардың єсерінен сусіңділенген альвеолаларѓа диапедездік жолмен эритроциттер жиналады. Эритроциттерге араласқан нейтрофилдердің арасына фибрин жиналады. Альеолалардағы экссудатқа араласқан пневмокококтарды нейтрофилдер сіңіреді (фагоцитоз). Аралыќ тканьдегі лимфалық тамырларға лимфа жиналып, кеңейеді. Өкпенің ткані бауырға ±қсап, қоңыр-қызыл реңденіп, қатаяды. Сондыќтан аурудың б±л кезеңі өкпеніњ ќызыл бауырлануы деп аталады. Өкпенің зақымдалған бµлігіндегі лимфаны єкететін түйіндерді де қан кернеп, олар да ±лғаяды.

С±р бауырлану кезењі 4—6-шы тєулікті қамтиды. Альвеолаларѓа фибрин мен нейтрофилдер жиналады. Нейтрофилдер мен макрофагтар ыдыраѓан пневмококтарды сіңіреді. Кей жерлерден фибрин талшықтарының бір альвеоладан екіншісіне альвеолааралық ш±рыќтар (поралар) арқылы өтетінін аңғаруға болады. Эритроцитердің гемолизі кеміп, толыққандылық бәсеңдейді. Электронды микроскоппен фибринге жанасқан нейтрофилдердің лизосомалары жанданып, фибринді ерітетіні жєне лейкоциттердегі лизосомалардың азайѓаны байќалады. Сµйтіп, бұл кезеңде нейтрофилдердің фибринді ерітетін єсері басталады да, кейін б±л процесс үдей түседі. Боз бауырлану кезеңінде өкпенің зақымдалған бөлігі ұлғайып, қатаяды, оның салмағы өсіп, сірі қабығында фибрин ќабыршықтары пайда болады. Өкпенің боз түсті, ұсаќ түйіршікті кесінідісінің бетінен лайсаңдау сұйықтық сорѓалайды. Аралық тканьдегі лимфалыќ тамырларға ыдыраған лейкоциттер жиналып, фибрин жіпшелері араласады. Өкпенің түбіріндегі лимфалық түйіндерден жедел аѓымды қабынудың гистологиялық бейнесі байқалады; олар ұлѓайып, реңі ақшыл қызғылт түсті болады.

Аяќталу кезењіне тєн өзгерістер аурудың 9—11 тєуліктерінде өрістейді. Нейтрофилдер мен макрофагтардағы протеолиздік ферменттер фибринді экссудатты ыдыратып, таратады. Экссудат лимфалыќ кєріздер (дренаждар) арқылы және қақырықпен шығарылып, өкпе біртіндеп фибрин мен пневмококтардан тазарады.

Сірі қабықтағы фибринді ќабыршықтар да ыдырап, тарайды. Дененің қызуы басылып, қалтыраудың клиникалыќ белгісі жойылѓаннан кейін де, аяқталу кезеңі бірнеше күнге созылады.

Крупты пневмонияның б±л сипатталған классикалық тєсімі бүгінгі таңда біраз µзгерді [Цинзерлинг В.Д., 1939; Лешке, І93І]. Сондықтан кейде боз бауырлану ќызыл бауырланудан б±рын басталады. Кейде µкпенің бµлігінің ортаңѓы аймағы ғана қабынады, аурудың б±л түрі орталыќ пневмония деп аталады. Енді бірде, процесс кµшпелі (миграциялы) болып, қабыну ошағы біресе бір бµлікте, бірісе екінші бµлікте қалыптасады (миграциялы пневмония).

Крупты пневмонияда орын алатын жалпы µэгерістерге аѓзаларда дамитын дистрофиялық процестер мен толыққандылыќ, талақ пен сүйек кемігінің гиперплазиялануы, мидың толыққандылығы мен сусіңділенуі жатады. Мойындағы симпатикалыќ ганглийлердің тамырларын қан кернеп, олардың айналасына лейкоциттер шоғырланады; ганглийлік клеткаларды дистрофия шарпиды [Абрикосов А.И.,1922].

Крупты пневмонияныњ асқыну зардаптары µкпеде жєне басқа да ағзаларда дамуы мүмкін.

Олардың өкпеде дамитын тобы лейкоциттердің фибринді д±рыс еріте алмауынан. Ішіндегі фибринді лейкоциттер еріте алмаѓандыќтан, альвеолаларды грануляциялық ткань жайлап, ол жетіле келе талшықты дәнекер тканьге айналып, беріштенеді; µкпе ауасыз, етті тығыз тканьге айналады. Б±л процесс карнификация (еттену) деп аталады (латынша: carno — ет). Ал, нейтрофилдер тым жанданып кетсе, онда µкпеде абсцесс немесе гангрена дамиды. Фибринді плеврит іріњдеп, плевралыќ эмпиемаѓа ұласады.

Өкпеден басќа аѓзаларды қамтыған асқыну процестері инфекция жалпы жайылған жаѓдайда орын алады. Егер инфекция лимфалық жолмен жайылса, онда іріњді медиастенит пен перикардит, ал гематогендік жолмен өрістесе, перитонит, мида іріњді метастаздар мен менингит, жүректің көбінесе оң жақ бөлімінде жедел ойыќ жаралы немесе полипті-ойық жаралы эндокардит дамиды, сондай-ақ, іріњді артрит сияќты процестер де µрбиді.

Фридлендер таяќшасы дамытқан плевропневмонияның (Фридлендер пневмониясының) біраз ерекшеліктері бар. Ол кµбінесе µкпенің жоғарғы бөлімінің бір бөлігін ғана зақымдайды. Экссудаттың құрамына фибрин мен жабысқақ єрі созылғыш шырыш жєне µлі лейкоциттер кіреді. Ќабынған жерлердің біразында некрозды ошаќтар пайда болып, кейін олардың орнында іріњдіктер ќалыптасады.

Қазіргі қолданылып жүрген емнің єсерінен крупты пневмонияныњ клиникалық және морфологиялық бейнесі µте µзгерді. Сондыќтан да, б±л ауруды индукциялық (емнің ықпалынан болған) патоморфозѓа ұшырады деуге єбден болады. Антибиотиктердің, химиялық препараттардың єсерінен крупты пневмонияныњ ағымы өзгеріп, оның өкпе мен басқа да ағзаларда дамитын зардаптары сиреді.

Крупты пневмониямен сырқаттанғандар жүрек қызметі жеткіліксіздігінен (єсіресе қарттар мен созылмалы алкоголизммен науқастар) немесе оның басќа зардаптарынан (ми абсцесінен, менингиттен, т.б.) өледі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 297; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты