Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кпе эмфиземасы




Өкпе эмфиземасы (грекше: еmphуsао — қампайтамын) — өкпенің тканін ауа кернеп, көлемі ±лғаятын сырқат. Б±л ауру созылмалы диффузды обструкциялы эмфиземаға, созылмалы ошақты (перифокалдық, тыртықтық) эмфиземаға, викарлық (компенсациялық) эмфиземаға, бірінші ретті (идиопатиялық) панацинустық эмфиземаға, кєрілер (қарттар) эмфиземасына және аралыќ эмфиземаға жіктеледі.

¤кпенің созылмалы диффузды обструкциялы эмфизе-масы — эмфизема ның ең жиі түрі.

Этиологиясы мен патогенезі. Эмфиземаның б±л түрі созылмалы бронхит пен бронхиолиттен және олардың зардаптары — бронхэктаздар мен пневмосклероздан өрбиді. Эмфизема кезінде лейкоциттердің протеазалары, эластаза мен коллагеназалар жанданып, өкпенің эластикалы және коллагенді қаңқасы зақымдалады. Эмфиземамен сырқат адамдардың ќан сарысуында антипротеазалардың т±қымқуалайтын жеткіліксіздігі байқалады, сондықтан б±л ферменттердің әсері үдей түсіп, эластикалық және коллагендік талшықтар одан єрі ыдырай береді. Сөйтіп, эластикалық қаңңасы зақымдалған өкпеде ш±ралыќ (вентильный) механизм қалыптасады, — созылмалы бронхит кезінде бронхылар мен бронхиолалардың саңылауына шырыш жиналып, тығындап, альвеолаға өткен ауаны кері шыѓармай тастайды. Ақырында ацинустарды ауа кернеп, олардың саңылауы кеңейіп, диффузды обструкциялық эмфизема дамиды.

Патологиялыќ анатомиясы. Ауа кернеп, ±лғайған, бозғылт түсті, ж±мсақ, қабыспайтын өкпенің алдыңғы жақ жиектері көкірек қуысын жауып т±рады. Кескенде ткані сықырлайды. Іргесі қалындаған бронхылардың саңылауынан қысќанда шырышты ірің шығады. Бронхылардың кілегейлі қабықшасына клеткалар шоғырланып, бокалша клеткалар көбейеді; олардың єр жері, єсіресе ұсақ бронхылардың бұлшықетті қабаты қалыњдайды. Бронхиолалар басымырақ өзгерсе, ацинустың проксималдық бөлімдері (1-ші және 2-ші ретті тарамѓа жататын респирациялық бронхиолалар) кеңейеді, ондай эмфизема центрацинустық деп аталады. Процесс ірірек бронхыларда басымырақ болса, ацинус түгел кеңейеді, б±л — панацинустыќ эмфизема.

Ацинус керілгендіктен эластикалыќ талшықтар жіңішкеріп, альвеолалық жолдар кеңейіп, олардың іргесі өзгереді. Альвеолалардың іргесі ж±қарып, тегістеледі, альвеолааралық тесіктер кеңейіп, капиллярлардың саңылауы бос қалады. Ауа жеткізетін тыныстыќ бронхиолалар да кеңейіп, альвеолалардың қалташалары тайыздайды, газалмасатын аймақтың кµлемі күрт кеміп, өкпенің вентиляциялық (ауа алмастыру) қызметі б±зылады. Ацинустардың тыныстық бөлігіндегі капиллярлар желісі т±рпайыланып, альвеола-капилляраралыќ бөгет (блок) қалыптасады. Альвеолааралық капиллярларда коллагендік талшықтар көбейіп, интракапиллярлыќ склероз дамиды. Бейімделу процесін бейнелейтін жаңа капиллярлар желісі пайда болады. Сонымен өкпенің созылмалы обструкциялы эмфиземасынан қанайналымының кіші шењберінде гипертония қалыптасып, ол жүректің оң жақ бөлігін ±лѓайтады (өкпелік ж‰рек). Созылмалы эмфиземаныњ соңғы кезеңінде науқас адамда жүрек-өкпе қызметінің жеткіліксіздігіне тєн халдың бейнесі басты орын алады.

Созылмалы ошақты эмфизема көне туберкулез ошақтарының, инфарктіден қалѓан тыртыќтардыњ төңірегінде дамып, көбінесе I-II сегменттерден орын алады. Сол себепті оны тыртыќтыќ, немесе перифокалдыќ эмфизема деп те атайды.

Ошақты эмфизема, — әдетте, панацинустыќ эмфизема: ацинустар керіліп, тегісіргелі қуыстар қалыптасады. Рентгенскопия кезінде жаңылып, оны туберкулез кавернасы деп қалуға да болады. Көпќуысты эмфизема буллалы (кеуекті) эмфизема деп аталады. Плевраға жақын кеуектердің плеврамен жабылѓан жағы жыртылып, кейде спонтандық пневмоторакс дамиды.

Эмфиземаның бұл түрінде капиллярлар арнасы шағын ѓана жер-лерде т±рпайыланады, сондықтан перифокалдық эмфиземаға кіші ќанайналымы шеңберіндегі гипертензия тєн емес.

Викарлық (компенсациялыќ) эмфизема бір өкпені немесе оның бір бөлігін алып тастағанда байқалады. Өкпеніњ ќалған бөліктеріндегі ткань кеңейіп, көбейіп, ұлғаяды.

Бірінші ретті (идиопатиялық) панацинустық эмфизема сирек кездеседі, этиологиясы да белгісіз. Альвеолалардың іргесі семіп, капиллярлардың іргесі т±рпайыланып, кіші қанайналымында айқын бейнелі гипертензия дамиды.

Кәрілер эмфиземасы қарттардың — обструкциялыќ эмфиземасы; кәріліктен өкпенің қ±рылымдары солып, кері дамиды (инволюция). Сондықтан дұрысы оны қарттар эмфиземасы деп атаған жөн.

Аралық эмфизема — эмфиземаның ерекше түрі; науқас қатты жөтелген кезде альвеолалар жыртылып, ауа өкпенің аралық тканіне жайылады. Кейде ауа көкірек қуысының, мойын мен беттің тканьдерін де жайлап кетеді (тері астыныњ эмфиземасы). Терінің ауа кернеген жерлерін саусақпен басқанда ерекше сыќыр (крепитация) естіледі.

 

Бронхылық астма

 

Бронхылыќ астма (грекше: asthma — т±ншығу) — аллергиялық жауаптың салдарынан бронхылық тарамдар арқылы ауаның кері шығуы (экспирация) қиындап, ±стамалы ентікпе дамитын сырқат.

Этиологиясы, патогенезі мен классификациясы. Бронхылық астма тұқымқуалайтыны күмәнсіз, бірақ оның басты себебі экэогендік аллергендер. Бронхылыќ астма ±стамасының қайталана беруіне түрткі болатын себептердің қатарына тыныс жолының жоѓарѓы бөлімінде дамитын инфекциялыќ сырќаттар, қоршаѓан орта мен ауаѓа араласқан заттардың (бөлмедегі, өнеркәсіптегі шаң-тозандар; түтін, әртүрлі иіс, т.б.) әсерінен дамитын аллергиялыќ риносинуспатиялар, метеорологиялыќ (ылғал ауа, т±ман) мен психогендік (психогендік тітіркендіргіштер) факторлар, єртүрлі таѓамдар мен дәрілер жатады. Аталаған себептердің қайсысының әсері басым болса, соған қарай, бронхылық астма инфекциялыќ, аллергиялық, кәсіби, психогендік (психологиялық), сыртқы ортаның әсерінен дамитын және т.б. түрлерге бөлінеді. Дегенмен, б±л аурудың басты түрлері: атопиялық (латынша: аthоріа — т±қымќуалайтын бейімділік) астма және инфекция-аллергиялық астма. Атопиялыќ бронхылық астма єр текті аллергендер организмге тыныс жолдары арқылы әсер еткенде дамиды.

Инфекция-аллергиялыќ астма жедел немесе созылмалы инфекциялық бронхитпен, немесе пневмониямен сырқат адамның өкпесіне қосымша аллерген әсер еткенде дамиды.

Бронхылық астманың бұл екі түрінің патогенезі µте ±қсас. Аурудың барысында өрістейтін аллергиялық жауап клеткалыќ антиденелермен, яғни реагиндермен (ІgЕ) байланысты. Бронхылық астманың ±стамасы лаброцит, базофил ж.б. да клеткаларға бекіген антиденелер аллергенмен (антигенмен) қосылѓанда басталады. Сол сєтте түзілген антиген-антиденелік кешеннің єсерінен лаброциттер грануласынан биологиялық активті заттар (гистамин, серотонин, кининдер, анафилаксияныњ баяу әрекетті субстанциясы, т.б.) бөлініп, бронхылардағы тамырлардың экссудатты жауабын өрбітеді. Бронхылардың б±лшыќетті қабаты жиырылып, кілегейлі қабықшасы шырышты тым көп түзеді, сµйтіп олардың сањылауы арқылы ауаның өтуі қиындайды.

Патологиялық анатомиясы. Бронхылық астманың ±стамасы кезінде бронхылар мен өкпеде жедел аѓымды процестермен қатар, аурудың қайталамалы ±стамасы мен ±зақ мерзімділігінің салдары ретінде қалыптасқан, созылмалы ағымды процестер де көрініс береді.

Бронхылық астманың жедел кезењінде (ұстама кезінде) брон-хылардың іргесіндегі микроциркуляциялыќ арнаны қан кернеп, өткізгіштігі артады. Кілегейлі қабықша мен оның астындағы қабат сусіңділеніп, эозинофилдер, базофилдер, лимфоциттер, плазмоциттер мен лаброциттер шоғырланады. Бронхылардың базальдық мембранасы ісініп, қалыңдайды. Бокалша клеткалар мен шырыштық бездер шырышты тым көп түзеді. Түрлі көлемді бронхыларға эозинофилдер мен сыдырылған эпителий араласқан қатпарлы шырыш жиналады. Субсегменттік және одан да ±сақ бронхылардың саңылауы бітеледі. Иммунды гистохимия тәсілімен бронхылардың кілегейлі ќабықшасында шоғырланған клеткалардың бетінен және кілегейлі қабықшаның базальдық мембранасынан шашыраѓан ІgЕ-лік сәулені көруге болады. Аллергиялыќ әсерден тыныс жолдары қабынып, тарылады, олардың саңылауы бітеледі. Бронхылардың кәріздік әрекеті б±зылып, ауа өтпей қалады. Өкпенің тканінде жедел обструкциялық эмфизема дамып, ателектаздық ошақтар қалыптасып, тынысалу қиындайды. Науқас адам кейде бронхылың астманың ±стамасынан µледі.

Ќайталамалы бронхылыќ астмамен ұзақ уақыт сырқаттардың бронхыларының іргесі созылмалы диффузды қабынады, базальдыќ мембранасы қалыңдап, гиалинозға ұшырайды. Альвеолааралық пердені дәнекер ткань жайлап, созылмалы обструкциялы эмфизема дамиды. Капиллярлар арнасы босап, кіші қанайналымы шеңберінде салдарлық гипертония өрістейді, ж‰ректің оң жақ бөлігі ұлѓаяды; ақыры өкпе-жүрек қызметініњ жіткіліксіздігіне ұласады.

 

Созылмалы абсцесс

 

Өкпенің созылмалы абсцесі кµбіне жедел ағымды абсцестен өрбіп, әдетте, оң жақ өкпеде, бірқатары сол жақ өкпенің I,VI, IX және X сегменттерінде, яѓни жедел бронхпневмония мен жедел абсцесс жиі кездесетін бөліктерінде дамиды. ¤кпедегі созылмалы абсцестің құрылысыныњ басқа аѓзалардағы абсцестерден еш айырмашылығы жоқ ("Ќабынуды" ќара). Процесс тез арада өкпенің лимфалық кәріздерін қамтиды. Лимфалық тамырлардың өне бойын қуалай дәнекер ткань өсіп, созылмалы абсцестің іргесі мен өкпенің түбірін жалғастыратын ақшыл жолақтар түзеді, фиброз дамып, µкпенің ткані қалыпты пішінінен тайып, сиықсызданады. Кейде созылмалы абсцестегі ірің бронхыгендік жолмен өрістеп, өкпенің басқа жерлеріне жайылады.

 

Созылмалы пневмония

 

Созылмалы пневмония кезінде өкпеде түрлі текті патологиялық процестер дамиды. Дегенмен, басты процесс — өкпенің респирациялық бөлімдерінің созылмалы қабынуы. Оның клиникалыќ және морфологиялық бейнесі әр әлуан.

Созылмалы пневмонияда карнификациялы және фиброзды аймақтармен қатар, созылмалы ағымды пневмониягендік абсцестің куыстары да болады. Бөлікшелердегі лимфалыќ тамырлар мен басқа да тамырлардың және бронхылардың өне бойы мен айналасы созылмалы қабынып, фиброз дамиды, өкпеде эмфизема ќалыптасады. Эмфиземаға созылмалы бронхит (панбронхит, деформациялы бронхит) та түрткі болады. Ірілі-ұсақты тамырлардың іргесі қабынып, склероз дамып, саңылауы бітеледі. Созылмалы пневмония көбінесе сегментті немесе бөлікшені қамтып, біртіндеп бронхылар арқылы жайылады. Ол бір немесе қос өкпені түгел заќымдауы мүмкін.

Созылмалы пневмонияның бір ерекшелігі — қайталамалы. ¤йткені ол бронхылар мен лимфалық тамырлардың кәріздік әрекеті нашарлап, өкпесінде бронхэктаздар мен іріњдіктер қалыптасқан науқастарда дамиды. Қайталанған сайын жаңа ошаќтар ќабынып, зақымның көлемі ±лғаяды, склероз үдеп, өкпенің пішіні өзгереді. Обструкциялы эмфизема өрістейді. Зақымды және зақымсыз жерлердің капиллярлары бітеліп, қ±рылымы т±рпайыланады (редукция).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 180; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты