Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


АСҚАЗАН КАРЦИНОМАСЫ




 

Асќазан карциномасымен сырқаттану мен өлім-жітімнің жиілігі 1981 жылдан бастап, жалпы карциномалар арасында екінші орын алатын болды. Өйткені соңғы 50 жыл бойы дүние жүзі елдерінің көбінде асқазан карциномасымен сырқаттану азаюда. Б±л үрдіс КСРО-да байқалып, онда 1970—1980 жылдары ер адамдардың асқазан карциномасымен сырқаттануы 3,9%-ѓа, ал әйелдердің — 6,9%-ѓа кеміген-ді. Асқазан карциномасы жасы 40—70-тер арасындағы ер адамдарда жиірек кездеседі. Ол жалпы карциномадан болатын өлімжітімнің 25%-ын қамтиды.

Этиологиясы. Әртүрлі канцерогенді заттардың (бензпирен, метилхолантрен, холестерин, т.б.) әсерінен асқазанда карцинома дамитыны экспериментте дәлелденген. Эксперимент экзогендік канцерогендер асќазанда, әдетте, карциноманың "ішектік" (ішек эпителийі тәрізді) түрін қалыптастыратынын көрсетті. Ал карциноманың "диффузды" т‰рінің дамуы әр организмнің жеке генетикалық ерекшеліктерімен сабақтас. Асқазанда карциноманың дамуына ракалдылыќ процестердіњ (карциномаға жиі ұласатын сырқаттар) және ракалдылыќ өзгерістердіњ (кілегейлі ќабықшаның гистологиялық қ±рылымының "қалпынан таюының") ықпалы зор. Асқазанның ракалдылыќ процестеріне созылмалы атрофиялы гастрит, пернициоздыќ анемия (оѓан атрофиялы гастрит тән), асқазанныњ созылмалы ойыќ жарасы, асқазан аденомалары (аденомалы полиптері) мен Менетрие ауруы жатады. Ракалдылық процестің әрқайсының "қатерлілік потенциалы" әртүрлі, біраќ олардың жиынтық әсерінің асқазанда карцинома дамыту мүмкіндігі жалпы популяциядаѓыдан 90—100% артық. Асќазаның ракалдылық өзгерістері тобына эштелийдің ішектік (ішек эпителийі тәрізденіп) метаплазиялануы және ауыр дәрежелі (тым) дисплазиялануы жатады.

Морфогенезі мен гистогенезі. Асќазан карциномасының морфогенезі мен гистогенезі әлі толық айқындалмаѓан. Б±л ісік даму үшін асқазанның кілегейлі қабыќшасы қалыпты қ±рылысынан тайып, ракалдылыќ процеске айналуыныњ үлкен маңызы бар екені күмәнсіз. Ќалпынан тайѓан қ±рылымдар карциноманың қ±рамынан да табылады. Сондыќтан карцинома асқазанда б±рын қалыптасқан, өзінің туындауына қолайлы процестер желеуінде ((фон) өрбиді деп т±жырымдауға болады.

Б±л ісіктің морфогенезін асќазанның кілегейлі қабыќшасындаѓы эпителийдің дисплазиялануы және ішектік түрде метаплазиялануы арқылы бірсыдырѓы түсіндіруге болады.

Эпителийдіњ дисплазиялануы деп — эпителийлі ќабаттың әр жерінде көбейіп жетілмеген, сондықтан атипиялық дәрежесі әртүрлі клеткалардың пайда болуы аталады. Асқазанның кілегейлі қабықшасындағы дисплазия бірнеше дәрежелі, оның ауыр дәрежелі түрі инвазиясыз (жайылмаған) карциномаѓа (cагсіnоmа іn sіtu — орнындаѓы карцинома) ±қсайды. Карциноманыњ гистологиялыќ қ±рылымы мен жетілу (дифферецировка) деңгейі дисплазия жамылғы-ш±ңқырлыќ эпителий мен бездің мойынындаѓы эпителийдіњ қайсысында басымырақ дамыѓанына байланысты деп есептеледі.

Асќазанның кілегейлі қабықшасындаѓы эпителийдің ішектік метаплазиялануы — асқазанда карцинома туындататын негізгі факторлардың бірі. Б±л тұрғыдан, әсіресе қ±рамына мутанттық әсері бар канцерогендерді сіңіргіш клеткалар кіретін, ішектік шала метаплазияныњ маңызы зор. Ішектік метаплазия ошағында клеткалардыњ пісіп жетілу процесі нашарлайда, сол себепті ол ошақта дисплазиялану байқалып, антигенді (карцинома эмбриондыќ антигенді) клеткалар пайда болады.

Сонымен, асқазан карциномасының морфогенезі үшін метаплазияланбаѓан (шұңқырдағы, без мойыныдаѓы) эпиителийдіњ дисплазия-лануының және эпителийдіњ (ішектік түрге) метаплазиялануыныњ зор әсері бар. Дегенмен, асқазан карциномасы de novo, яѓни дисплазиялық және метаплазиялыќ өзгерістерсіз-ақ дами алады.

Б±л аѓзада орын алатын карциноманың барлыќ гистологиялық түрлерінің гистогенезі ортақ. Б±л ісіктің ортаќ көзі — дисплазиялы және дисплазиясыз жерлердегі камбийлық (өндіршін) және ізашар клеткалар.

Классификациясы. Асқазан карциномасын клиника-морфологиялыќ тұрѓыдан классификациялағанда оның дамыѓан жері, өсу сипаты, макроскопиялыќ бейнесі мен гистологиялық түрі ескерілген.

Дамыған жеріне, яѓни асќазанныњ қай бөлімінде қалыптасқанына қарай, ол: пилорустыњ (асқазан қалтқысыныњ) карциномасы (50%), асќазанныњ кіші иілімі мен іргесін ќамтыѓан (27%), кардиумныњ (жүрекке жуық бөліктің) карциномасы (15%), ‰лкен иілімніњ карциномасы (3%), фундустыњ (асқазан түбінің) карциномасы (2%)және тотальді (түгел ќамтыған) карцинома (3%)деп алты түрге жіктеледі. Карцинома асќазанда мультицентрлі болып сирек дамиды. Сонымен, карциноманың 3\4-і асқазан қалтқысы мен кіші иілімде өрістейтіні байқалады. Б±л деректің осы кеселді дер кезінде айқындау үшін үлкен мәні бар.

Өсу сипаты т±рғысынан, асқазан карциномасы төмендегідей клиника-морфологиялыќ түрлерге жіктел-ен (Серов В.В.,1970).

I. Экзофитті-экспансиялы өсетін карциномалар:

1) түйме тәрізді (бляшковидный) карцинома; 2) бүртікті карцинома (аденомалы полиптен дамығаны да жатады); 3) саңырауқ±лаќ тәрізді (фунгоздық) карцинома; 4) ойық жаралы карцинома (қатерлі ойыќ жара): а) асқазанның бірінші ретті ойық жаралы карциномасы; б) табақша тәрізді карцинома (карциноманың ойыќ жарасы — рак-язва); в) созылмалы ойыќ-жаралыќ карцинома (язва-рак).

II. Эндофитті-инфильтрациялы өсетін карциномалар:

1) инфильтрациялы-ойық жаралы карцинома; 2) диффуз-ды (шектеле немесе түгел, яѓни тотальді зақымдаған) карцинома.

III. Экзо- және эндофитті (аралас) сипатта өсетін карцинономалар, яѓни карциноманың өтпелі түрлері.

Карциноманыњ бұл классификацияда аталѓан түрлері, оның даму фазалары да болады. Сондыќтан экзофитті немесе эндофитті өсу түрінің басымдыѓына сүйеніп, карциноманың қай түрі (фазасы) қандай вариантқа ұласатынын болжау әбден м‰мкін.

Микроскопиялыќ құрылысының ерекшеліктері т±рѓысынан, асқазан карциномасы: аденокарцинома (түтікті, бүртікті, муцинді), жетілмеген (тыѓыз, скирр, жүзікклеткалы) карцинома, жалпаќклеткалы карцинома, безді-жалпаќклеткалы карцинома және жіктелмейтін карцинома деп аталатын гистологиялыќ түрлерге бөлінеді.

Патологиялыќ анатомиясы.Түйме тәрізді (жайпаќ, беткейлік, төселген) карциноманыњ үлесіне асқазан карциномасының 1—5%-ы ѓана тиеді. Оның ±зын өлшемі 2-см-дей, жайпаќ түйіні көбіне асќазанның пилорус бөлімінде, кіші немесе үлкен иілімінде ќалыптасып, кілегейлі қабықшаны қалыңдата төселіп өседі. Б±л ісік кілегейлі қабаттың астын сирек ќамтығанмен, қабықша қатпарларының жылжымалылыѓын шектейді. Түйме тәрізді карциноманың көбінің гистологиялыќ қ±рылымын аденокарцинома, бірен-саранын жіктеле жетілмеген карцинома қ±райды.

Б‰ртікті (полипті) карцинома асқазан карциномасыныњ 5%-ын қамтиды. Ол — үсті бүртікті, диаметрі 2—3см, жіңішке сабақты түйін. Оның ткані қан тамырлы, қызѓылттау немесе қызыл боз түсті. Бүртікті карцинома кейде асқазан полиптерінен өрбігенмен, көбіне экзофитті өсу жолына ауысқан түйме тәрізді карциномадан қалыптасады. Бүртікті карциноманың микробейнесін, әдетте, аденокарцинома, кейде жетілмеген карцинома түзеді.

Сақырауќ±лаќ тәрізді (фунгозды) карцинома асќазан карциномасымен сырқаттанѓандардың кµбінде кездеседі. Ол, полипті карциномадаѓыдай, үсті кедір-бүдыр (кейде тегіс), түйінді ќ±рылым. Оның сабаѓы жалпаќ әрі кысқа келеді. Ісік түйінінің біразыныњ үстінде эрозиялар, қанды ошақтар немесе фибринді-іріңді қатпалар болады. Ісіктің ткані айқын шектелген, ж±мсақ, қызғылт боз яки қызыл боз түсті. Саңырауќ±лақ тәрізді карциноманы бүртікті карциноманыњ одан әрі экзофитті өсу кезеңі деп баѓалаѓан жөн. Сондыќтан оның гистологиялыќ бейнесін де адено-карцинома немесе жетілмеген карцинома ќ±райды.

Ойыќ жаралы карцинома — ең жиі кездесіп, асқазан карциномасыныњ 50%-дан астамын қамтитын ісік. Оны бейнелейтін ойыќ жаралардыњ даму тегі әртүрлі. Біраз ісіктің даму барысында бірден қалыптасып, бірінші ретті ойық жаралы карциномамен яки табақша тәрізді карциномамен (карциномалық ойыќ жарамен) бейнеленсе, енді бір тобы созылмалы ойық жарадан өрбіп, ойық жаралық карцинома деп аталады.

Асқазанның бірінші ретті ойыќ жаралы карциномасы толық зерттелмеген. Өйткені, ол сирек ұшырасады. Оған бірден жедел ойық жаралы болып, экзофитті өсетін түйме тәрізді карцинома жатады. Кейін карциномадаѓы жара созылмалы ағымды ойыќ жараѓа айналып, ісіктің б±л түрін ойық жарадан дамыѓан карциномадан ажырату қиындайды. Бірінші ретті ойық жаралы карциноманың микробейнесі жетілмеген карциномаға негізделеді.

Табаќша тәрізді карцинома (ойылѓан карцинома) — асќазанда ең жиі байқалатын карциномалардың бірі, экзофитті өсіп, бүртікті немесе саңырауқүлаќ тәрізді карциномадан өрбиді. Кейде өте көлемді болып, түсі ақшыл, жиегі бултықтанѓан, ортасы ойыќ жаралы, дөңгелек қ±рылым түзеді. Ісік асқазанды тесіп, өзімен т±стас ағзаға жайылса, жараныњ түбін сол аѓза шектейді. Табақша тәрізді карциноманыњ гистологиялыќ бейнесін көбінесе аденокарцинома, анда-санда жетілмеген карцинома ќалыптастырады.

Ойыќ жаралыќ карциномасы асқазандаѓы созылмалы ойық жарадан өрбиді. Сондыќтан ол көбінесе созылмалы ойыќ жара жайѓасатын жерлерде, яѓни кіші иілімде қалыптасады. Ойық жаралық карциноманы табаќша тәрізді карциномадан ажырату үшін ойық жаралыќ карциномада созылмалы ойық жараѓа тән белгілер болатынын ескерген жөн. Әдетте, ондаѓы тыртықты ткань ауќымды келіп, тамырлардың іргесі шорланады, саңылауында тромбылар түзіледі, жараның түбіндегі тыртықтанған бүлшықетті қабат зақымдалып, жараның жиегіндегі кілегейлі ќабықша қалың болады. Б±л белгілер карциномаға айналған созылмалы ойыќ жарада да сақталады. Әсіресе табақша тәрізді карциномада ісік жайлаѓан бүлшықетті қабаттың зақымдалмайтынына, ал ойық жаралыќ карцинома кезінде б±л қабатты тыртықты ткань жайлап, оныњ ауыр зақымдалатынына ерекше мєн беріледі. Ісік көбіне экзофитті өсіп, жараның жиегінің бір жерінен немесе оны түгел ораѓыта өрістейді. Гистологиялық қ±рылысы т±рғысынан, оның көбі аденокарцинома, бірен-сараны — жетілмеген карцинома.

Инфильтрациялы-ойыќ жаралы карцинома да асқазанда едәуір жиі кездеседі. Асқазанның іргесін ісік, бетін жаралар жайлайды. Бұл екі процесс бір мезгілде басталмайды: бірде эндофитті өскен ісікте алдымен ойыќ жара пайда болса, кейде қатерлі ойыќ жара б±рын қалыптасып, содан кейін ғана оның жиегінен эндофитті ісік өрістейді. Сондықтан инфильтрациялы-ойыќ жаралы карциноманыњ морфоло-гиялыќ бейнесі әртүрлі: ол іргесін ісік клеткалары жайлаѓан, тереңдігі әртүрлі, көлемі кішіректеу жара болуы да немесе жайпаќ жиекті, түбі кедір-б±дыр, өте көлемді ойыќ жара түрінде қалыптасуы да мүмкін. Оныњ гистологиялыќ негізі — аденокарцинома немесе жетілмеген карцинома.

Диффузды карциноманыњ үлесіне асқазан карциномаларыныњ 20—25%-ытиеді. Ісік эндофитті өсіп, кілегейлі қабат пен оның астын және б±лшықетті қабаттың дәнекер тканьді қатпарларын қуалай өрістейді. Асқазанның барлыќ қабаттары қалыңдап, қатайып, сіресіп қалады. Ісік жайлаған жердің түсі ақшыл болады. Қатпарлары біркелкі қалыңдамаѓан кілегейлі қабықша қалыпты бедерін жоѓалтып, б±дырланады, беткейінде ±саќ эрозиялар пайда болады. Процесс көбіне асқазанның пилорус бөлігін ѓана қамтып, шектелген түрде немесе аѓзаны түгел қамтып, тотальді түрде дамуы мүмкін. Ісік өсе келе, асқазан кішірейіп, бүріседі, саңылауы тарылады. Диффузды карциноманың гистологиялық қ±рылысы, әдетте жетілмеген карциноманың әртүрлі варианттарымен бейнеленді.

Карциноманың өтпелі түрі асқазан карциномасының 10—15%-дайын қамтиды. Б±л ісіктің кейбір түрлері белгілі бір даму кезеңінде негізінен инфильтрациялап өсе бастаѓан экзофитті карциномамен бейнеленсе, енді біреулері эндофитті өскенімен, асқазанның ішіне қарай өсуге бейім, шамалы жерді ғана қамтыѓан карциномамен көрініс береді, ал басқалары тіпті карциноманың екі немесе одан да көп клиника-анатомиялық түрлерінің бір мезгілде өрістеуі арқылы қалыптасады.

Соңѓы жылдары асќазанныњ жаңа басталѓан карциномасы (ранний рак желудка) деп аталатын ісік осы аѓзаның дербес ісігі ретінде танылып жүр. Б±л ісіктің диаметрі 3см-ден, ал жайылѓан тереңдігі кілегейлі қабықша астынаѓы қабаттан аспайды. Ол клиникалыќ практикада нысаналы (прицельная) гастробиопсия қолданғаннан бастап қана дер кезінде аныќтала бастады. Карциноманың бұл түрі бар деп танылуының практикалыќ маңызы зор, өйткені оны хирургиялыќ тәсілмен алып тастағаннан кейін науқастардың 100%-ы 5 жылдан артыќ өмір сүреді, оныњ 5%-ыѓана метастаз жаяды.

Асқазан карциномасының көбі өзінің маңындағы ағзаларѓа жайылады. Мысалы, асқазанның алдыңѓы жєне артқы іргелерін ќамти өскен кіші иілімнің карциномасы мен пилорус бөлімінің карциномасы үйқы безін, бауыр қақпасын, қақпа венасын, өт жолдары мен өт қабын, кіші шарбыны, шажырќай түбі мен төменгі қуыс венаны жайлап кетеді. Ал асќазанның кардиум бөлімінің карциномасы өңешке, асқазан түбіне жайылып, талақ қақпасына, көкетке де өрістейді. Тотальді карцинома мен үлкен иілімнің карциномасы тоқ ішектің көлденең бөліміне, үлкен шарбыға жайылады. Ісік жайлаѓан шарбы бүрісіп, қысқарады.

Асқазандаѓы карциноманың қ±рылымдық және қызметтік ерекшеліктері ісіктің гистологиялыќ т‰ріне сәйкес болады. Көбіне экзофитті өсетін аденкарцинома т‰тікті (тубулалы), б‰ртікті (папиллалы), шырышты (муцинді) болып, олардың әрқайсысы жіктеліп жетілген (дифференцирован-ный), орташа (дәрежеде) жіктеліп жетілген (умеренно дифференцированный), шала жіктеліп жетілген (малодиф-ференцированный) түрлерге бµлінеді. Ал көбіне эндофитті өсетін жіктеліп жетілмеген карциноманыњ тыѓыз (солидті), дәнекер тканьді (скирр) және ж‰зікклеткалы варианттары бар. Асқазанда карциноманың жалпаќклет-калы, безді-жалпаќклеткалы (аденоканкроид) және жікте-лінбейтін түрлері сирек кездеседі.

Асқазан карциномасы халыќаралық гистологиялыќ классификация тұрғысынан ѓана емес, өзінің қ±рылымдық сипатына қарай да жіктеліп, ішектік және диффузды түрлерге бөлінеді (Лаурен, 1965). Асқазан карциномасы-ның ішектік түрі ішектің шырыш түзетін, цилиндртәрізді эпителийіне ±қсас безді эпителийден қ±рылѓан. Карциноманың диффузды түрінде шырышты және шырышсыз, ±сақ клеткалар асқазан іргесінің кейбір жерлерінде безді қ±рылымдар қалыптастырып, біркелкі шашырап жайлайды.

Асқазан карциномасына метастазданутән. Метастаз асқазан карциномасының 3\4—1\2-інде кездесіп, әртүрлі жолмен, әсіресе лимфогендік, гематогендік және имплантациялыќ (контактылыќ) жолдармен тарайды.

Лимфогендік жолмен метастаздану басты рµль атқарады және оның клиникалыќ маңызы да зор.

Асқазанның кіші және үлкен иілімдерінің бойында жайѓасқан аймақтық лимфалық түйіндердегі метастаздардың маңызы ерекше. Метастаз ол жерлерде асқазан карциномасының жартысынан көбінде әрі бірінші пайда болады, сондыќтан операция тәсілін тањдап, оның көлемін анықтауѓа көп әсерін тигізеді. Шалѓайдаѓы лимфалыќ т‰йіндерде метастаздар лимфа аѓысына баѓыттас (ортоградтыќ) және лимфа аѓысына кері (ретроградтық) жолмен пайда болады. Диагностикалыќ маңызы бар, ретроградтыќ лимфогендік метастаздарға, әдетте, сол жақ бұғана үстіндегі лимфалыќ түйіндердегі ("Вирхов метастаздары") және көтен ішек маңындағы клетчатканың лимфалыќ түйіндеріндегі ("Шницлер метастаздары") метастаздар жатады. Асқазан карциномасының лимфогендік ретроградтық метастазының классикалык мысалы ретінде аналыќ бездегі Крукенберг карциномасы деп аталатын метастазды атауға болады. Әдетте, метастаз аналыќ бездің екеуін де зақымдап, олар күрт ±лѓайып, қатайып, аѓарыңқырайды. Лимфогендік метастаздар өкпеде, плеврада, іш пердесінде пайда болады.

Іш пердесініњ карциноматозы асқазанның карциномасы кезінде жиі байқалатын процесс. Өйткені, карцинома іш пердесіне лимфогендік жолмен ғана емес, имплантациялыќ жолмен де жайылады. Іш пердесіне түрлі көлемді ісік түйіндері себіле жайылып, бірігіп, ішекті қоршап алып, ірі-ірі конгломераттар түзеді. Біразында ішке ±йымалы немесе фибринді-геморрагиялы жалқыќ жиналып, канцерлік (канкроздыќ деп аталатын) перитонит дамиды.

Гематогендік метастаз қақпа венасының жүйесі арқылы жайылып, асқазан карциномасының 1\3—1\2-інде ең алдымен бауырда пайда болады. Жеке немесе көп түйіндер біраз жаѓдайда бауырды толық жайлап кетеді. Метастаздар тым көп болса, бауыр тым ±лғайып, массасы кейде 8—10 кг жетеді. Метастаз түйіндері некрозѓа ±шырап, ыдырап, кейде ішке қан кетуіне немесе перитонит дамуына себеп болады. Гематогендік жолмен метастаздар ±йқы безіне, сүйектерге, бүйрекке, бүйрекүсті безіне де шашырайды, кейде өкпе мен плеврада милиарлы карциноматоз өрістейді.

Асќыну зардаптары екі топқа жіктелген. Олардың бірінші тобы ісікте дамыѓан некроз және ќабыну процестерімен байланысты болса, екінші тобы карциноманың өз төңірегіндегі ағзалар мен тканьдерге жайылып, шалѓай жерлерге метастаздануымен сабақтас.

Карциномадағы некроздыњ салдарынан асқазанның іргесі тесіліп, қан кетеді немесе ісіктіњ төњірегі қабынады (перитуморлыќ, периульцерлік қабыну), тіпті флегмона дамуы мүмкін.

Карцинома бауырдың қақпасына немесе ұйқы безінің басына жайылып, қысып тастаса немесе өт жолдары мен қаќпа венасын бітесе, науқастың денесі сарѓаяды, ќаќпалыќ гипертензия дамып, іш шемені (асцит) байқалады. Ісік тоқ ішектің көлденең бөлігін немесе аш ішек шажырқайының түбіріне жайылса, б±л аѓзалар тарылып, бүріседі, іш түйнегіне (непроходимость) ±шыратуы да мүмкін. Асќазанның кардиум бөлігіндегі карцинома кейде өңешті қамтып, оның саңылауын тарылтады. Пилорустағы карцинома да, ондаѓы ойық жара сияќты, асқазанныњ қалтќысын тарылтады, сол себепті асќазан күрт кеңейіп, "асқазан тетаниясына" тән клиникалыќ белгілер орын алады.

Карцинома көкеттен өтіп, көбіне плевраѓа жайылады, сөйтіп геморрагиялы немесе фибринді-геморрагиялы плеврит дамиды. Ісік диафрагманың сол жаќ күмбезін тесіп өтсе, плеврада эмпиема өрістейді.

Асќазан карциномасымен сырќаттардың көбі әртекті улардың єсерінен және асқорыту процесі б±зылып, қоректік заттар жеткіліксіз болѓандыќтан ќатты ж‰дейді.

 

ІШЕК АУРУЛАРЫ

 

Ішектің клиникалық т±рѓыдан маңызды патологиясына қалыптасулыќ ақаулар (мегаколон, мегасигма, дивертикул, стеноз, атрезия), қабынулыќ (энтерит, аппендицит, колит, энтероколит) пен дистрофиялыќ (энтеропатия) процестер және ісіктер (полип, карциноид, тоқ ішектің карциномасы) жатады.

Қалыптасулық ақаулар. Кейде тоқ ішектің өне бойының (мегаколон – megacolon congenitum) немесе ќима ішектің (мегасигма – megasigmoideum) б±лшыќетті, қабаты өте қалың, саңылауы тым кең болып ќалыптасады. Б±л тума ақаулардың ерекше түрі . Iшектіњ бүкіл қабаты (шынайы дивертикул) немесе кілегейлі қабықшасы мен кілегейастылық қабатының гана б±лшыќетті, қ±рылымдары (жалѓан дивертикул) аќаулы болып, б±лтиюы мүмкін. Әдетте, дивертикул аш ішектегі кіндік-ішек жолының ќалдыѓынан (Миккель дивертикулы) немесе ќима ішекте қалыптасады. Дивертикул көп болса, дивертикулез деп аталады. Тоқ ішектегі дивертикулдың ішіне нєжіс іркіліп, кейде нәжістік тастар байланып, іргесі қабынады (дивертикулит), тіпті тесіліп, перитонит дамуы да мүмкін. Ішектің кей жерлері туа тар (стеноз) немесе бітеу (атрезия) болады. Б±л ақаулар көбіне ±лтабардың ащы ішекке және аш ішектің мыќын бөлігінің бүйенге ±ласатын т±сында жиі ұшырасады. Стеноз бен атрезияның салдарынан ішек түйілуі мүмкін ("Балалық шақ ауруларын" қара ).

Қабыну процесі кейде аш ішекте (энтерит) немесе тоқ ішекте (колит) басымыраќ болады, енді бірде ішектің өне бойын түгел жайлайды (энтероколит).

 

Энтерит

 

Энтерит аш ішектің өне бойын үнемі түгел қамтымайды. Сол себепті ±лтабар қабынса, дуоденит деп, ащы ішек қабынса, еюнит деп, ал оның мықын бөлігі ѓана қабынса, илеит деп аталады. Энтерит жедел және созылмалы аѓымды.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 224; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты