КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кесте. Ойық жаралы аурудың патогенезінің жараның ќалыптасқан орнына байланысты ерекшеліктері
Эрозия деп тереңдігі кілегейлі қабыќшаның б±лшықетті табақшасынан аспайтын ақаулар аталады. Эрозия көбіне жедел аѓымды, кейде созылмалы болады. Ол кілегейлі қабықша беткейінің алдымен некрозға ±шырап, кейін ќан қ±йылып, эпителийі түсіп қалған жерлерінде қалыптасады. Эрозияның түбінде т±з қышқылды гематин түзіліп, жиегіне лейкоциттер шоѓырланады. Асқазанда,әдетте эрозия көптеп қалыптасып, жылдам эпителийленеді. Ал ойық жаралы ауру дамыѓан жаѓдайда эрозиялар жазылмайды; некроз кілегейлі қабыќшамен шектеліп қана қоймай, басқа да ќабаттарды қамтып, жедел пептикалыќ ойыќ жараѓа айналады. Олар дөңгелектеу немесе сопақтау пішінді болады. Жедел ойық жара өлекседен тазара келе, оның түбі б±лшықетті қабатпен немесе сірі қабықшамен шектелгені анықталады. Өлексеге араласќан гидрохлоридті гематин ойыќ жараның түбін көбінесе лайсаң сұр немесе қара түске бояйды. Кілегейлі қабықшаны терең жайлаѓан ақау воронка тәрізді болып, түбі жоѓарғы, кілегейлі қабықша жаққа, ал ±шы төмен, яѓни сірі қабықшаға баѓытталады. Жедел ойыќ жара, әдетте, қарынның кіші иілімінде, антрум мен пилорус бөлімдерінде қалыптасады. Б±ның себебі аталған бөлімдердің қ±рылым-қызметтік ерекшеліктерінде. Кіші иілім "ас жолы" болып табылады, сондыќтан ол оңай жарақаттанады. Сонымен қатар, б±л бөлімнің кілегейлі кабыќшасының бездері бөліп шыѓаратын асқазан сөлі жоғары әсерлі, оның үстіне бұл жердің кілегей ќабықшасының ќатпарлары тыѓыздау, сондықтан жараның беті б±лшықетті қабат жиырылѓан кезде де жабылмайды. Аталған ерекшеліктердің әсерінен б±л жердің жедел ойыќ жарасының жазылуы қиын болады әрі ол созылмалы аѓымды ойыќ жараға ±ласуѓа бейім келеді. Осы себептерден созылмалы ойық жара да жедел аѓымды ойыќ жара сияќты асқазанның б±л бөлімдерінде, яѓни кіші иілімде, антрум мен пилорус бөлімдерінде жиі қалыптасып, кардиум мен субкардиум бөлімдерінде сирек кездеседі. Созылмалы ойыќ жара көбінесе бір-бірден, анда-санда ғана бірнешеуден қалыптасады. Оныњ пішіні сопақтау немесе дөңгелек (ulcus rotundum), диаметрі бірнеше миллиметрден 5—6 см дейін. Жара асқазан қабаттарын түрлі тереңдікте қамтып, кейде қарынның сірі қабатына дейін жетеді. Түбі тегіс, кейде кедір-бүдыр. Жиектері сүйелденген, тыѓыз әрі буылтықтанып, көтеріңкі келеді (каллезді ойық жара, лат.: callus - с‰йел). Ойық жараныњ өңеш жақтаѓы жиегі ±ңғыланып, кілегейлі қабықша ол жақта ақауға қарай төніп т±рады да, пилорус жақтағы жиегі баспалдақ тәрізді сатылы болып, жайпақтау келеді. Өйткені жараның жиегін шектейтін асқазан қабаттарының (перистальтикалыќ) амплитудасы әр түрлі. Созылмалы ойыќ жараның көлденең кесіндісі ±шты жаѓы кесілген пирамидаға ±қсайды; б±л жағы өңешке баѓытталады. Жараныњ т±сындаѓы сірі қабықша қалыңдап, асќазан кейде бауырмен, ±йқы безімен, шарбымен, көлденең тоќ ішекпен бірігіп кетеді. Асқазанның созылмалы ойық жарасының микробейнесі ойыќ жаралы аурудың даму кезеңіне қарай әр түрлі. Ремиссия кезењінде ойыќ жараның жиегін тыртыќ басады. Жараныњ жиегіндегі кілегейлі қабықша, ќалыңдайды. Жараның түбіндегі б±лшыќет зақымдалып оның орнын дәнекер ткань жайлайды, үстін кейде эпителийдің ж±қа қабаты жабады. Дәнекер тканьнің арасында қалыњ іргелі тамырлар (артериялар, веналар) көп. Клеткалар көбейіп (эндоваскулит) немесе дәнекер ткань өсіп, тамырлардың саңылауы тарылады кейде мүлдем бітеледі. Нерв талшықтары мен ганглийлық клеткалар дистрофияѓа ±шырап, ыдырайды. Кейде тыртық тканінің арасында нерв талшыќтары көбейіп, ампутациялыќ невромаға ±қсайтын қ±рылымдар түзеді. Ойық жаралы ауру асќынѓан кезде жараныњ түбі мен жиегінде аумақты фибриноидты некроз өрістейді. Өлексенің үстіне фибринді-іріњді немесе іріңді экссудат жиналады. Некрозды аймақтың жиегін к±рамында ж±қа іргелі тамырлар, эозинофилдер мен басқа да клеткалар көп грануляциялыќ ткань шектейді. Жараныњ асқынѓандығын экссудациялы-некроздық өзгерістермен қатар, саңылауына тромбылар түзіліп, іргесінде фибриноидтыќ процестер өрістеген тамырлар да, оныњ түбіндегі тыртыќтыќ (рубцовая) тканьніњ фибриноидты ісінуге ±шырауы да көрсетеді. Б±л процестер ойыќ жараның көлемін ±лѓайтып, асқазанның барлық қабатын зақымдап, өте қауіпті асқыну зардаптарын өрістетуі мүмкін. Асқыну кезеңі ремиссияѓа ±ласса (жара жазылса), қабыну процесі бәсеңдеп, некроз аймағын грануляциялыќ ткань жайлайды. Кейін ол ткань жуан талшыќты тыртыќтық тканьге айналады. Ойыќ жараның біразы эпителиймен жабылып, жазылуы да мүмкін. Тамырлардағы фибриноидты некроз бен эндоартериттің салдары ретінде тамырлардың іргесі шорланып, саңылауы бітеледі. Сөйтіп, ойық жараның асқыну кезеңі организмге жайлы аяќталса да, асқазанды тыртыќтыќ ткань жайлап, заталмасу процесі одан әрі б±зыла т‰седі. Сондыќан, егер ауру қайта асқына қалса, асқазанның өз ткані де, жаңадан өскен дәнекер ткань де оңай зақымдалып, тез бүлінеді. ¦лтабардың созылмалы ойық жарасыныц морфогенезі мен пато-морфологиялыќ бейнесі де асқазанның созылмалы ойық жарасындаѓыдай. ¦лтабардаѓы созылмалы ойыќ жараныњ басым көпшілігі ±лтабар буылтыѓының (луковица) алдыңғы немесе артќы іргесінде ќалыптасып (бульбустық ойыќ жара); 10%-ы буылтықтан төмендеу бөлімдерден орын тебеді (постбульбустық ойыќ жара). Ұлтабардың ойық жаралы ауруыныњ 1/4-інде жаралар көп болып, буылтықтың алдыңғы және артқы іргелерінде біріне-бірі қарама-қарсы жайғасады. Ондай ойық жаралар —"жанасқан жаралар" деп аталады. Асқыну зардаптары. Ойыќ жаралы ауруға тән созылмалы ойық жараның зардаптары мына топтарға бөлінген [Самсонов В.А.,1975]: 1) ойыќ жаралы-деструкциялы (қан кету, тесілу, пенетрация); 2) ќабынулыќ (гастрит, дуоденит, перигастрит, перидуоденит); 3) ойыќ жаралы-тыртыќтыќ (асқазанның кіре беріс және шыға беріс бөліктерінің тарылуы, асқазаның деформациялануы, ұлтабар мен оныњ буылтыѓының тарылуы); 4) ойыќ жараныц малигнизациялануы (ойық жараныњ карциномаѓа ұласуы); 5) ќ±рамдас (комбинациялық) зардаптар. Ойық жаралы аурудың ең қауіпті әрі жиі зардаптарыныњ бірі — қан кету. Ќан кетудің жиілігі ойық жараның асқазанда қалыптасқан орнына байланысты емес. Дегенмен, қан ±лтабар буылтығының артқы іргесіндегі ойық жарадан жиі ағады. Қан көбіне ойыќ жара асќынып, ондаѓы тамырлардың іргесі жегіленген кезде кетеді (аррозиялыќ ќан кету). Тесілу (перфорация) де ойық жаралы ауру асқынѓан кезде байқалады. Көбіне асқазан қалтқысы мен ±лтабар буылтыѓының алдыңғы іргесіндегі ойық жаралар тесіледі. Тесілген жара перитонитке ±шыратады. Тесілген жердің төңірегінде алдымен фибринді қабыну дамып, кейін ол жан-жағына жайылып, фибринді-іріңді қабынуға айналады. Ол жерде бірікпелер болса, перитонит шектелуі де мүмкін. Перитониттің созылмалы түрі сирек байқалады. Ондай жағдайда асқазаннан шыққан заттар дәнекер тканьді қабықпен қоршалып, шарбыда бөгде заттыќ гранулела пайда болады. Кейде тесік бауырмен, шарбымен, ±йқы безі немесе тез қалыптасқан фибринді қабыршықпен жабылып ќалады (бүркелген тесік). Пенетрация дегеніміз — ойық жараның асказанды немесе ұлтабарды тесіп, өзімен т±стас аѓзаѓа жайылуы. Єдетте, асқазанның немесе ±лтабар буылтығының артқы іргесіндегі ойық жара тесіліп, процесс көбіне кіші шарбыѓа, ±йқы безінің басы мен денесіне, бауыр-ұлтабараралыќ жалѓамѓа, ал кейде бауырѓа, тоқ ішектің көлденең бөлігіне, өт қабына жайылады. Асқазан ойық жарасы жайылған ағзаның біразы (мысалы ±йқы безі) жидіп кетеді. Ойық жараның қабынуымен байланысты зардаптар тобына периульцероздық (ойық жара төңірегіндегі) гастрит пен дуоденит, перигастрит пен перидуоденит жатады. Бұл процестерден ойыќ жара мен оның төңірегіндегі аѓзалар арасында бірікпелер қалыптасады. Ойық жараның кейбіреуі флегмонамен асқынады. Ойық жараның ауыр зардаптарының бірқатары асқазан қалтқысы тыртыќтанып тарылѓандыќтан дамиды. Қалтқысы тыртыќтанған асқазан көңейіп, ондағы ас ұзақ уаќыт жылжытылмай, науќас ќайта-ќайта қ±са береді, организмінде су мен хлоридтер азайып, хлоргидропениялыќ уремия (асқазандық тетания) байќалады. Кейде асқазанның ортаңѓы бөлігі тыртыќпен буналып, екі бөлінеді, пішіні қ±мды сағат тәрізді болады. Ал ұлтабар буылтыѓының артқы іргесінде жайғасқан жара тыртықтанған кезде ѓана тарылады, қалыпты сиқынан таяды. Асқазандаѓы созылмалы ойыќ жараның 3—5%-ы малигнизацияланады, яѓни қатерлі ісікке айналады. ¦лтабардағы созылмалы ойыќ жара өте сирек қатерліленеді. Ойық жараныњ ќ±рмалас зардаптарының ең жиісі — тесіліп, қан кету және т±стас аѓзаѓа жайылуы (пенетрация).
|