Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жедел колит




 

Жедел колит — тоқ ішектің жедел ағымды қабынуы.

Этиологиясы. Жедел колиттің инфекциялық тобы, уытты әсерлік (токсикалық) және уытты әсерлі-аллергиялық топтары бар. Инфекциялық топ дизентерия, іш сүзегі, колибациллалыќ, стафилококтық, саңырауќ±лақтыќ, протозойлық және туберкулез бен сифилистік сепсистен дамыѓан колиттерді ќамтыса, уытты єсерлік колитке уремия, сулема, дәрі-дәрмектер себеп болады, ал уытты єсерлі-аллергиялыќ колиттер тобына алиментарлыќ және копростаздыќ колиттер жатады.

Патологиялық анатотомиясы. Жедел колиттің морфологиялыќ түрлері катарлы, фибринді, іріњді, геморрагиялы, некрозды, гангреналы және ойық жаралы деп бөлінеді.

Катарлы колит кезінде ішектің кілегейлі қабықшасына ќан толып, үстіне ±йымалы, шырышты немесе іріњді экссудат жиналады (ұйымалы катар, шырышты немесе іріњді катар). Клеткалар кілегейлі қабықша мен оның астына да шоѓырланады. Кілегейлі кабықшаныњ астында қанды ошақтар болады. Эпителий дистрофия мен некробиозға ±шырап, сыдырылып, түлейді (десквамация), бездер секретті көп түзеді.

Фибринді колит некроз бен фибринді экссудаттың кілегейлі қабықшаны қамтыѓан тереңдігіне, яѓни қалыптасқан фибринді ќабыршықтың ішектің іргесімен жалѓасу беріктігіне байланысты крупты колитке және дифтеритті колитке жіктеледі ("Дизентерияны" қара). Іріњді колит, әдетте флегмоналы (флегмоналы колит). Егер ішектің іргесінде қанды ошақтар тым көбейіп, қан сіңген аймақтар пайда болса, колит геморрагиялы (қанды) деп аталады. Некрозды колит кезінде процесс кілегейлі қабықшамен ғана шектелмей, оның астын да қамтиды. Гангреналы колит — некрозды колиттің даму варианты.

Жедел ойыќ жаралы колит көбіне ішектегі дифтериттік немесе некрозды процестің жалѓасы ретінде өрістейді. Ал тоқ ішектік амебиазбен сырқаттанғанда ойық жара бірден қалыптасады.

Жедел колит асќынса, кейде қан кетеді немесе ішектің іргесі тесіліп, перитонит, парапроктит дамуы, параректалдық жыланкөз қалыптасуы мүмкін. Жедел колит созылмалы колитке ±ласауы да м‰мкін.

 

Созылмалы колит

 

Созылмалы колит — тоқ ішектің созылмалы аѓымды қабынуы — бірінші ретті дербес ауру да, басқа сырқаттың салдары ретінде дамып, екінші ретті де болады. Кейде ол жедел колиттен туындаса, енді бірде ондай тектестік байқалтпайды.

Этиологиясы. Жедел колитті дамытатын инфекциялар, уытты әсерлер және уытты әсерлі-аллергиялық факторлар созылмалы колиттің де себептері. Жергілікті сезімталдық (ішектің) арта түссе, б±л факторлардың әсерлілігі де артады.

Патологиялық анатомиясы. Созылмалы колит кезінде алынѓан биоптаттан аныќталатын өзгерістердің созылмалы энтеритте байқалатын процестерден айырмашылыѓы шамалы. Дегенмен, ондаѓы ќабыну процесі дисрегенерациялыќ процестермен қатар дамып, айқындау болады және кілегейлі қабықшаны атрофия мен— склерозѓа ±шыратады. Сондыќтан созылмалы колит кілегейлі қабыќша сембейтін атрофиясыз және семетін-— атрофиялы түрлерге бөлінеді.

Созылмалы атрофиясыз колит. Кілегейлі ќабықша сусіңділеніп, көмескі тартып, түйіршікті, бозѓылт ќызыл немесе қызыл болады да, кейде оның беткейінен қанды ошақтар мен эрозиялар байќалады. Призма пішінді эпителий аласарып, түлейді, крипталарда бокалша клеткалар көбейеді. Ал крипталардың өздері таяздап, кеңейеді, кейде ірі қуыстарға айналады (кисталы колит). Кілегейлі қабыќшаның өзіндік табақшасының кей жерлері қанталап, лимфоциттер мен плазмоциттер, эозинофилдер көбіне б±лшықетті қабатқа дейін өрістейді. Клеткалар шоѓыры кейде бірен-саран болса, енді бірде біркелкі жайылып, крипталарда іріңдік түзеді (іріњдікті крипталар — крипт-абсцессы), ойыќ жаралар да ќалыптасады.

Созылмалы атрофиялы колит кезінде призма пішінді эпителий аласарып, крипталар азайып, бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары көбейеді. Кілегейлі қабықшаға негізінен гистиоциттер мен лимфоциттер шоғырланып, дәнекер ткань өседі; кейде тыртықтанып, эпиелиймен жабыла бастаѓан ойыќ жаралар ±шырасады.

Созылмалы колиттің коллагенді колит деп аталатын түрі, де бар: кілегейлі қабыќшаның крипталарының айналасына коллаген мен аморфты белок және иммунды глобулиндер жиналады ("перикрипталық фибробласттар ауруы" — "болезнь перикриптальных фибробластов"). Б±л колит коллаген д±рыс түзілмейтіндіктен немесе аутоиммундану процесінен туындайтын сияқты.

Асќыну зардаптары. Парасигмоидит пен парапроктит, кейде гиповитаминоз дамиды.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 364; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты