КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Гепатит
Гепатит — бауырдың қабынуы; оның даму барысында бауырдың паренхимасында дистрофия мен некробиоз өрістеп, стромасына қабыну процесіне тән клеткалар шоғырланады. Гепатит бірден бауырда басталып, бірінші ретті немесе басқа аурудың көрінісі ретінде байқалып, екінші ретті (салдарлық) түрде дамиды. Гепатит жедел не соэылмалы аѓымды болады. Патологиялық анатомиясы. Жедел және созылмалы гепатиттің патологиялыќ анатомиясында айырмашылыќ бар. Жедел гепатит экссудациялы және пролиферациялы түрде дамиды. Экссудациялы гепатит тиреотоксикоз сияқты аурудан дамыса, бауырдың стромасына ±йымалы жалқық сіңіп, гепатит ±йымалы болады да, іріњді холангиттен немесе холангиолиттен өрістесе, іріңді жалқық порталыќ жолдың бойымен біркелкі жайылып, диффузды іріңді гепатит байќалады, ал егер іріңді аппендициттің, амебиаздың пилефлебиттік абсцестердің яки септикопиемиялық метастаздардың зардабы ретінде өрбісе, бауырда іріңдіктер қалыптасады. Жедел гепатит пролиферациялы болса, бауыр бөлікшелерінің әр жеріндегі гепатоциттерді дистрофия мен некроз шарпып, ретикула-эндотелийлік элементтер көбейеді. Ж±лдызша тәрізді ретикула-эндотелийлік клеткалар (Купфер клеткалары) мен эндотелий көбейіп, оларға қанның клеткалары араласады. Б±л клеткалар шоѓырлана немесе біркелі жайыла жайѓасады. Бауырдың сырт пішіні ќабыну процесінің түріне сәйкес болады. Созылмалы гепатит кезінде бауырдың стромасына клеткалар шоғырланып, паренхимасы зақымдалады, тканінде склероз бен регенерация өрістейді. Бұл процестердің арақатынасы әртүрлі болады, сондықтан созылмалы гепатит те активті (агрессиялы), персистенциялы (үздіксіз) және холестазды деп ‰ш морфологиялыќ түрге бөлінеді. Созылмалы активті гепатиттіњ барысында гепатоциттерде дистрофия мен некроз процестері айқын дамып, клеткалар шоѓыры шорланған порталыќ және перипорталыќ аймақтармен ѓана шектеліп қоймай, бөлікшелердің ішіне де өрістейді. Созылмалы ‰здіксіз гепатит кезінде гепатоциттерді дистрофия нашар шарпиды, клеткалар шоғыры негізінен порталық аймаќты қамтып, бөлікшелердің стромасында сирек байќалады. Созылмалы холестаздыќ гепатиттіњ барысында айқын бейнелі холангит пен холангиолит орын алады, строма клеткалар шоғырланып, шорланады, гепатоциттерді дистрофия мен некробиоз шалады. Кейбір ѓалымдар гепатиттің активті, үздіксіз жєне холестаздық түрлерімен қатар, бауырды вирус зақымдаѓанда байқалатын созылмалы бөлікшелік (лобулалық) түрі де бар дейді . Гипатиттің б±л түрі дамыѓанда бөлікшенің ішіндегі кейбір гепатоциттер тобын некроз шалып, онда лимфоциттер шоѓырланады. Сондықтан "бөлікшелік гепатит" деген атау — бөлікшенің ішіндегі, процесті ѓана бейнелейтін, сипаттамалық (гистотопографиялыќ) мєндегі аталым. Созылмалы гепатит кезінде бауыр ±лғайып, қатаяды, әр жері немесе түгел ќалыңдаған қабығы ақшыл болады. Тканінің кесіндісі тарғыл тартады. Этиологиясы мен патогенезі. Гепатит дербес ауру, яғни бірінші ретті гепатит ретінде көбіне гепатотропты вирустың (вирустыќ гепатит), алкогольдің (алкогольдік гепатит) немесе дәрі-дәрмектердің (медикаментік — дәрі-дәрмектік гепатит) әсерінен дамиды. Холестаздыќ гепатитке көбіне клеткадан тысқары (внеклеточный) холестаз бен бауырастылық сарғаюды өрбітетін факторлар, кейде дәрі-дәрмектердің (метилтестостерон, фенотиазин туындыларының, т.б..) әсері себеп болады. Дербес гепатиттердің ішінде ең маңыздылары — вирустыќ және алкогольдік гепатит. Екінші ретті, яғни салдарлыќ гепатиттің (бейспецификалыќ реактивтік гепатиттің) себебі алуан түрлі. Ол сары қалтырау, цитомегалия, іш сүзегі, дизентерия, безгек, туберкулез, сепсис сияқты инфекциялардың және тиреотоксикоз, гепатоциттерді зақымдағыш улардың әсерінен, сондай-ақ асқазан аурулары мен дәнекер ткань жүйесінің сырқаттары, басқа да аурулардың зардабы ретінде дамиды. Гепатиттің ақыры оныњ жалпы сипаты мен аѓымына, процестің көлемі мен бауырдың зақымдалу дәрежесіне және қалпына келу мүмкіндігіне байланысты. Бауыр жеңіл зақымдалса, толыќ қалпына келеді, ал оны көлемді зақымдаған жедел және созылмалы гепатит циррозға жалѓасуы мүмкін.
|