КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Алкогольдік гепатит
Алкогольдік гепатит — алкогольдің бауырға уытты әсерінен дамитын сырқат; ол жедел және созылмалы аѓымды болады. Этиологиясы мен патогенезі. Алкоголь (этанол) — гепатоциттерге тікелей уытты әсері бар у; ол белгілі мөлшерден асса, бауыр клеткаларын жояды. Этанол заќымды бауырдың клеткаларына (майлы гепатоз, созылмалы гепатит, цирроз кезінде) тезірек және ауырлау әсер етеді. Жедел алкогольдік гепатит қайталана берсе, созылмалы үздіксіз гепатитке ұласады, өгер алкогольді ішу мүлде тоќтатылса, оның ағымы қатерсіз бейне алады. Ал алкогольді ішу одан әрі созылса, қайталамалы жедел алкогольдік гепатит созылмалы үздіксіз гепатитке айналып, кейін порталық циррозѓа жалѓасады. Кейде созылмалы активті алкогольдік гепатит дамып, ол постнекроздық циррозбен аяқталады. Этанол бауырдың регенерациялық мүміндіктерін тежейді; б±л да алкогольдік гепатиттің бір себебі. Б±л аурудың дамуына аутоимундыќ механизмнің қатысы бар дейтін жорамал айтылып жүр; олай болса, аутоантигендік әсер алкоголь гиалинімен байланысты болуы мүмкін. Патологиялық анатомиясы. Жедел және созылмалы ағымды алкогольдік гепатиттің морфологиялық бейнесінде айырмашылық бар. Жедел алкогольдік гепатит өзіндік макроскопиялыќ (лапаро-скопияда) және микроскопиялыќ бейне (бауыр биоптатында) байқалтады. Тыѓыз, ақшылдау бауырдың кей жерлері қызғылт түсті болса, тыртыќ жайлаған жерлері ойыстау келеді. Микроскоппен зерттегенде гепатоциттері жойылған аймақтармен қатар, сол аймақтар мен порталыќ жолдардың бойына шоғырланѓан нөйтрофилдерді және гепатоциттердің цитоплазмасы мен сыртына жиналған алкогольдік гиалинніњ т‰йіршіктерін (Маллори денешіктерін) көреміз. Алкогольдік гиалин — этанолдың әсерінен гепатоциттерде түзілетін фибриллалы (талшыќты) белок; ішінде алкогольдік гиалин пайда болса, гепатоциттер жойылады. Алкогольдік гиалиннің гепатоциттерді жоятын цитоуытты єсерінен басқа да қасиеттері бар. Ол лейкотаксисті жандандырады, антиген ретінде єсер етіп, қанайналымында иммундық кешендер түзеді. Алкогольдік гиалин лимфоцит-киллерлердің сезімталдыѓын арттырып, коллаген түзілу процесін (колагенгенезді) үдетеді. Алкогольдік гепатит бауырдан басқа да аѓзаларды зақымдайтындықтан, әртүрлі васкулиттер жєне көбінесе гломерулонефрит байқалатыны белгілі. Б±ѓан қ±рамында алкогольдік гиалиннің антигені бар қанайналымындаѓы иммундық кешендердің әсері себеп болады. Жедел алкогольдік гепатит кебінесе майлы гепатоздың, созылмалы гепатит пен цирроздың аясында өрбиді. Ол б±рын заќымдалмаѓан бауырда да дами береді. Майлы гепатоздың немесе созылмалы гепатиттің аясында қайталана берген жедел алкогольдік гепатит көбіне циррозбен аяқталады. Егер жедел алкогольдік гепатит цирроз шалған бауырда өрістесе, бауырда уытты әсерлік дистрофия дамып, науқас өледі. Ал жедел алкогольдік гепатит б±рын зақымдалмаѓан бауырда дамып, науқас алкоголь ішуін дер кезінде тыйса және дұрыс ем қолданылса, бауыр толық өз қалпына келеді немесе оның стромасын фиброз шалады. Алкогольді іше берген жаѓдайда, бауыр одан әрі заќымдалып, гепатоциттерде майлы дистрофия, стромада фиброз үдей түседі. Созылмалы алкогольдік гепатит көбіне үздіксіз (персистенциялы), анда-санда ғана активті болады. Созылмалы ‰зэдіксіз алкогольдік гепатит кезінде гепатоциттер майлы дистрофияѓа ±шырайды, гистиоциттер мен лимфоциттер тым көп шоѓырланып, порталық строма шорланады. Созылмалы активті алкогольдік гепатит шалған бауыр бөлікшелерінің жиегіндегі гепатоциттер белокты (гидропиялы, баллонды) дистрофияѓа ±шырап, жойылады. Бөлікшелер қалыпты қ±рылысынан тайып, қайта ќ±рылады. Сонымен ќатар, кең көлемді склерозѓа ±шыраѓан порталық жолдарды гистиоциттер мен лимфоциттер біркелкі қамтып, жайлайды. Б±л клеткалар бөлікшелердің жиегіндегі гепатоциттердің арасына өтіп, қоршап алады да, оларды жойып жібереді (баспалдақты некроз). Алкогольдік гепатит, әдетте, циррозбен аяқталады. Кейде бауыр қызметінің жедел жеткіліксіздігі де байқалады.
|