![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
КІРІСПЕ. Тақырыптың өзектілігі: Асқабақ тұқымдастарына жататын қауын шырын жемісті өсімдіктердің ішінде
Тақырыптың өзектілігі: Асқабақ тұқымдастарына жататын қауын шырын жемісті өсімдіктердің ішінде ең маңыздылардың бірі. Оның жемісі тікелей де түрліше өңделген күйде де ( консерві, тәтті су, қақатаған, кептірген т.б.) тағам ретінде кеңінен қолданылады. Өзінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты бұл өсімдік кез-келген жерде өсе бермейді. Ауа-райы ыстық Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Өзбекстан, Түркменстан, Әзірбайжан және т.б.егіледі. Осы аталған мемлекеттердің суармалы және суарусыз егін шаруашылығында бұл өсімдіктің көптеген түрлері және сорттары егіледі. Әр мемлекеттің ауа-райы жағдайларына байланысты жергілікті жаңа сортттары енгізілген. Қауынның биологиялық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне арналған ғылыми зерттеулер де баршылық. Соның ішінде Алманиязовтың «Қазақстандағы қауын-қарбыздар» деген еңбегін атауға болады. Дегенмен, басқа өсімдіктерге қарағанда жалпы асқабақ тұқымдастарының, соның ішінде қауынның физиологиялық ерекшеліктері туралы зерттеулер айтарлықтай көп емес. Қауын (лат. Cucumismelo) — Асқабақ тұқымдасына (Cucurbitaceae), Қияр туысына жататын (Cucumis), біржылдық, ыстыққа төзімді, жарық сүйгіш бақша өсімдігі. Өзінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты бұл өсімдік кез-келген жерде өсе бермейді. Ауа-райы ыстық Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Өзбекстан, Түркменстан, Әзірбайжанда егіледі. Асқабақ тұқымдастарына жататын қауын шырын жемісті өсімдіктердің ішінде ең маңыздылардың бірі. Оның жемісі тікелей де түрліше өңделген күйде де ( консерві, тәтті су, қақтаған, кептірген т.б.) тағам ретінде кеңінен қолданылады. Қауынның Отаны Орта және Кіші Азия болып саналады. Жарық және жылу сүйгіш өсімдік. Құрғақшылыққа төзімсіз. Бір өсімдікте сорт пен орналасқан жеріне байланысты 2-ден 8-ге дейін, массасы 1,5 кг-нан 20 кг-ға дейін қауын өсіп шығуы мүмкін. Осы аталған мемлекеттердің суармалы және суарусыз егін шаруашылығында бұл өсімдіктің көптеген түрлері және сорттары егіледі. Әр мемлекеттің ауа-райы жағдайларына байланысты жергілікті жаңа сорттары енгізілген. Қауынның құрамында А,Р,С дәрумендері, каротин, фоли қышқылы және аскорбин қышқылы, май, минералды тұздар, темір, калий, натрий, клетчатка бар. Қауындағы дәрумендер: фоли қышқылы және В9, С дәрумені, бетакаротин. Фоли қышқылы аяғы ауыр әйелдерге, сондай-ақ депрессиядан құтылғысы келетіндерге және есте сақтау қабілетін жасартқысы келетіндерге таптырмас ем. Ал С дәрумені біздің ағзамызды қыстық суықтардын сақтайды. Бета-каротин тері мен шаштарды нәрлендіреді. Қысқаша айтқанда, қауын иммунитет қалыптастырады. Қауынның құрамындағылар ұйқысыздықтан, шаршаудан және ашушаңдықтан жақсы ем. Қауындағы микроэлементтер қауынға емдік қасиеттерді қамтамасыз етеді.қауынның еті жүйке ұлпасына, теріге, шашқа керек кремнийге бай. Темірдің көп мөлшерде болуы қаназдықта көмектеседі. Калий мен магнийдың болуы жүрек-қантамыр жүйесі ауралуарында таптырмас ем. Әр мемлекеттің ауа-райы жағдайларына байланысты жергілікті жаңа сорттары енгізілген. Қауынның пайдалылы оның сорттарына байланысты болады. Заманауи бақша шаруашылығы - бақша дақылдарын жинау барысында және күтіп баптап өсіру шаруашылығында экологиялық таза өнімнің шығымына нұсқан келтірмей өнімділікті арттырудың көптеген арготехникалық тәсілдерін іздестіруде. Ғылыми жаңалығы:Қауын іріктемелерін егістік жағдайында өсіру үшін арнайы цианобактериялар сығындысы+биопрепараттармен өңдеу және мол өнім беретін іріктемелер алуға ұсыну. Практикалық маңыздылығы. Топырақ жамылғысын цианобактериялар сығындысы негізінде жасалған биопрепараттармен өңдеу арқылы қауын дақылдарының өнімділігін жоғарылатуға болады және алынған қауын дақылдарынан экологиялық таза өнімдер, мұндағы диеталық балалар сусындарын шығаруға және жуғыш заттар өндірісінде қосымша заттар болып табылады. Ғылыми мәселенің қазіргі таңдағы бағалануы.Болашақта агротехниканың жетістіктерін пайдалана отырып жаңа технологиялық ізденістерді және өңірлер бойынша қауын дақылдарының түсімін төмендетпейтін шараларды қолдануға барлық жағдайлар қарастыру. Қауын дақылдары 2014 жылы Сарыағаш ауданының егістік алқабында арнайы күтіп-баптау тәсілі көмегімен өсірілді. 2014-2015 жж аралығында зертханалық жағдайда өсірілген қауын дақылдарынан арнайы Зерттеу жұмысының мақсаты. Қауын тұқымының өнгіштігіне балдырлар сығындысының әсерін анықтаужәнебалдырлар сығындысы қосылған қауын дақылдарынан косметикалық биоөнімдер алу. Зерттеу жұмысының міндеттері: 1. Қауын дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беру 2. Заманауи бақша шаруашылығы - бақша дақылдарын жинау барысында және күтіп баптап өсіру шаруашылығында экологиялық таза өнімнің шығымына нұсқан келтірмей өнімділікті арттырудың көптеген арготехникалық тәсілдерін іздестіру. 3. Оңтүстік Қазақстанның биоклиматтық жағдайы бақша дақылдарын өсіруге қолайлы аймақ, мұнда жер ресурстары жеткілікті, яғни ұзақ вегетациялық кезең, суармалы егістік көлемін пайдалануға болады. биоөнімдер құрамы даярланды және оларға биомониторинг жүргізілді. Зерттеу объектісі: Қауын дақылдары. Теориялық және әдістемелік негізі. Алдын-ала балдырлар сығындысында өңделген тұқымдар топыраққа және сулы орталарда өсірілді, өсу үрдісіне бақылаулар жүргізілді. Тәжірибе барысында спектрофотометриялық, биометриялық әдістер қолданылып, вегетациялық тәжірибелер жасалынды. Практикалық базасы: Дипломдық жұмыс Әл –Фабари атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, биотехнология кафедрасы, биотехнология зертханасында орындалды.
|