Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зерттеу материалдары




Зерттеу объектілері ретінде қауынның жемісіне сипаттама беру үшін қауынның 32 сорты алынып, әрқайсысына бірнеге қауынның ішкі құрылыстары зерттелді. Ол үшін қауынның салмағы, жемістің өлшемдері, торлылығы, қабығының құрылысы, түсі, етінің қалыңдығы, тұқым қуысының өлшемі, етінің түсі және қанттылығы анықталынды (кесте 1).

Қауын жемісінің ішкі құрылысын салыстыру үшін жеміс тілініп, тиісті өлшемдер жүргізілді. Алынған сорттар: Гүрбек, Тарнама, Вахарман, Бешек.

Гүрбек сортының Көк гүрбегі – ерте пісетін сортқа жатады. Салмағы 4-8 кг, дөңгелек ұзындығы 23-25 см, торлылығы тегіс торлы, қабықтарының үстіңгі беті ірі-ірі торланған, етінің қалыңдығы 105-2,5 см, қуысының диаметрі 6-7 см, плацентасы етті, етінің түсі ақ, торлылығы 16 пайыз.

Тарнама – ерте пісетін сорт. Салмағы 3 кг, дөңгелек ұзындығы 15-25 см аралығында, торлылығы жақсы байланысқан тор, қабығының үсті тегіс сүресіз, етінің қалыңдығы 2,5-3 см, қуысының диаметрі кіші өлшемді 2 см, 3-ке бөлінген плацента, қанттылығы 6-7 пайыз.

Вахарман-орташа пісетін сорт. Салмағы 3-4 кг, дөңгелек ұзындығы 30-35 см, торлылығы қатты бір-бірімен тұтасқан, етінің қалыңдығы 4-6 см, қуысының диаметрі өте тығыз, плацента аралығы құрғақ, етінің түсі ашық жасыл, қанттылығы 13 пайыз.

Бешек сорты – кеш пісетін сорт. Салмағы 4 кг, дөңгелек ұзындығы 30-35 см, торлылығы бүкіл жеіс бойы таралған, қабықтарының үстіңгі беті күшті тілімденген, етінің қалыңдығы 5 см, ақшыл етті, қуысының қалыңдығы орташа плаценталы үш ұялы, тығыз, қанттылығы 15 пайыз.

Қауын жапырақтарының өсуі мен жапырақтағы пигменттерді анықтау үшін төрт сорттың тұқымдарынан өскіндер алынды. Олар Гельригелдің қоректік ортасында (ерітінді) өсірілді.

Жапырақтың өсуін жапырақ қалыптасқаннан бастап, әр 3 күнде ені мен ұзындығы өлшенді (мм, қағазбен). Пигменттердің мөлшерін анықтау үшін зерттеуге белгіленген жапырақтың әрқайсысына 500 мг-нан (2 рет) шөкім алынып, майдалап турап, кәрлен келісіне салып, үстіне сусыз күкірт қышқыл натрий және бор ұнтағы қосылып, спиртте езілді. Одан соң езінді сүзіліп алынып, жалпы көлемі 10 мл-ге жеткізілді. Езіндідегі хлорофилдердің мөлшері спектрофотометр арқылы тікелей анықталды.

Каротиноидтардың мөлшерін анықтау үшін, оларды хромотографиялық әдіспен бөлініп алынып, одан соң спектрофотометрде анықтайды. Спектрофотометрде әр езіндіден пигменттер 3-4 рет анықтайды. Формула бойынша анықталады.

Пигменттердің жалпы есептелу теңдеуі Wintermans, De mats ( Гавриленко 1975) көрсетуімен есептелінеді.

 

C a+b -6.10*D665+20.04 D645 (1)

 

Мұндағы, -хлорофилдің жалпы құрамы, мг/л.

D 665- хлорофилл «а» - ның оптикалдық тығыздығы.

D 645- хлорофилл «в»-оптикалдық тығыздығы.

Пигменттің концентрациясы анықталған соң мөлшері мына формуламен есептеледі:

А- мг/г; (2)

 

 

А- өсімдіктегі пигменттің құрғақ, салмағы, мг/г.

С-пигмент концентрациясы, мг/л.

Р-жапырақ өлшемдігі, г.

Каротиноидтарды анықтау үшін мына формула қолданылды:

 

- ; - ; - ; (3)

 

Табылған концентрациясына езіндіге қарап пигменттердің мөлшері жапырақтың 1 гр, ылғал салмағына мг-мен есептеледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 145; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты