Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау




Ауын жемісіне сипаттама

Бірінші кестеде көрсетілгендей қауын жемісінің көрсеткіштері алынған сорттардың әр қайсысында әр түрлі болатындығы байқалады. Мысалы, ерте пісетін сорттардың етінің қалыңдығы екіден-екі, төрттен, екі сантиметр аралығында болады.

Ерте пісетін сорттардың ішінде қанттылығы өте жоғары Көк-гүрбек екені байқалады. Оның қанттылығы он алты процентке жетеді. Қалған сорттардың қанттылығы жетіден он екі процентке дейін жетеді. Сыртқы белгілерінен, түсі ашық-сарыдан қызғылт сары, ақ түсті болып келеді. Тұқымдары әр түрлі пішінді, қуыстары тығыз орналасып жатады. Ішкі белгілерінен - қабығының жұқалағы 2.2 - 4.2. см аралығында болса, еттерінің қалыңдығы Көк - аламшадан көрінеді.

Сондай - ақ жеміс қабығының сырты жылтыр, жартылай жылтыр, буындалып келеді. Пісіп жетілуі орташа мерзімді сорттардың еттерінің өте қалың (6-8см) мынадай сорттарды атауға болады: Хамма-бешек, Ала-хамма, Сары-гулябі, Қарбыз-қауын.

Жеміс етінің қалыңдығы 3-4см-ден аспайды. Қабығының сырты пісіп жетілуіне байланысты ашық-сары, жасыл, ашық-қызыл, сарғыштау болады. Бүкіл жемісін бойлай не болмаса толық торланған. Қауынның жұмсақ етті болатындығы қанттың мол болуына әсері бар.Жұмсақ етті, қанттылығы он бес процентке дейінгі Алекке қауынын атауға болады (1 Кесте).

Кеш пісетін сорттардың бірден - бір ерекшелігі сыртқы қабығының қатты болуы. Сондықтан осыған байланысты қауын келесі жылдың көктеміне дейін жақсы сақталады.

 

Кесте 1.

Қауын жемісіне сипаттама

Сорттар Салмағы кг Шеңбер ұзын, см Етінің қалың, см Қанттылығы, %
Ерте пісетіндер:        
Тарнама 0,8-3,0 15-25 2,5-3,0 6,0-7,0
Ақ замша 0,6-0,8 14-15 2,0-3,0 9,0-12
Сары - замша 0,6-2,7 15-23 2,0-3,0 9,0-12
Қызыл - замша 0,5-1,8 14-20 3,0-3,5 9,0-12
Қара - замша 0,8-3,2 18-22 3,0-3,5 8,0-9,0
Көк - замша 3,0-4,2 22-24 3,5-4,2 9,0-11
Көк - гүрбек 4,0-8,0 23-25 1,5-2,5
Орташа пісетіндер:        
Қарбыз - қауын Нан - геші 4,0-6,0 4,0-10 24-26 25-36 1,5-2,0 1,5-1,5
Секерпара 4-10 30-30 3,0-4,0
Хива - бешек 6,0-8,0 30-24 2,0-3,0
Вахарман 3,0-4,0 30-25 4,0-6,0
Хамма - бешек 10-9,0 30-25 6,0-8,0
Ала - хамма 6,0-7,0 24-30 7,0-8,0
Қара - бешек 3,0-4,0 25-48 5,0-6,0
Көк - гулябі 7,0-9,0 22-40 5,0-7,0
Сары - гулябі 4,0-6,0 22-32 6,0-7,0
Ақ - қас 1,5-3,0 22-14 5,0-6,0
Кеш пісетіндер:        
Түйе - қауын 7,0-10 30-35 6,0-5,0 13-15
Кәрі қыз 8,0-11 30-35 6,0-7,0
Қара қотыр 2,0-3,0 25-30 6,0-7,0
Нават - бешек 3,0-4,0 25-30 5,0-6,0
Қара - көш 4,0-10 25-30 5,0-6,0 13-15
Қызыл - бешек 3,0-4,0 30-35 4,0-5,0
Бекзады 3,0-4,0 25-30 4,0-5,0 12-14

 

Түйе - қауын, Кәрі қыз, Нават бешектерді атауға болады. Қабықтарының бояуы жылтыр сары, қаралтым - сары, қара - сұрғылт, сары болуы пісіп жетілу мерзіміне байланысты.

Қанттылығы жоғары сорттарға Түйе - қауын, Кәрі қыз, Нават - бешек жатады. Сорттардың пісіп жетілуі әртүрлі кезеңдерге бөлінеді. Ерте пісетін сорттар қанттылығы өте жоғары болады. Тез піседі. Орташа мерзімде пісетін сорттарда еттері қалың, еті жұмсақ келеді.

Кеш пісетін сорттардың ерекшелігі жеміс қабығы қатты болып келуі, сондықтан қауындарды сақтау бір елден екінші елге тасу мүмкіншілігіне ие болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 164; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты