Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ауынның биологиялық ерекшеліктері




Бақша дақылдарының ішінде кеңінен егіліп келе жатқан өсімдіктің бірі-қауын. Ол асқабақ тұқымдасына жатады. Қауынның ең сапалы, әрі өнімді сорттары Ақмешіт, Қазалы жерлеріне, Орта Азия республикаларына таралған. Тарихи деректерге қарағанда бұдан екі мың жыл бұрын Амудария, Сырдария бойында Хорезмнің сапалы қауындары пайда бола бастаған. ІХ-Х ғасырларда Хорезм қауындары әртүрлі елдерге, соның ішінде Қазақстанға да тарай бастаған. Дихандар піскен қауынды бұзбай, әр елге жеткізу үшін, оны қорғасынға орап тастаған [1-10].

Қазақстанға тараған қауын тұқымдары жергілікті топырақ климат жағдайына жақсы бейімделіп, әсіресе Шымкент, Түркістан және басқа аудандарда мол өнім берген. Жергілікті дихандардың қауын тұқымын көптеген жылдар бойы сұрыптап, таңдауы нәтижесінде бертін кезде Қызылорда облысында қауынның жергілікті сорттары шығарылған. Дихандар қаынның сапасын білу үшін бірін-бірі қонаққа шақырып, қауынға баға берген. Осындай жиында қауынды күздеғ қыста сақтап пайдалану қарастырылған. Сөйтіп, олар қауынның ұзақ сақталатын түрін сұрыптаған. Осындай ізденудің нәтижесінде ұзақ сақталатын түрін сұрыптаған. Ондай түрлерге: Қызылорданың Қара Гулябін, Торлама Гуляб, Қалайсан және Шымкенттің Бұхара сорттар түрлерін жатқызуға болады. Бұл сорттар өз жерінің топырақ климатына сай келіп жақсы өсіп, мол өнім берген [1-2].

Қауынның бір сорты өзінің шыққан жерінен қанша аластатылса, оның белгілері де түрлі болып өзгерген. осы өзгеруіне қарай сорттардың да түрлері көбейеді. Мәселен, Қара-амери сортының әр жерде өзгеріске ұшыраған 4 сорты кездеседі. Олар қауынның түріне, салмағына, өніміне қарай бөлінеді. Қара қауын, Қара-ала қауын, Ала-қауын және Әйнек түсті қауын. Осы сияқты Гүрбек қауынның әртүрлі сорты кездеседі. Ақ-қауын, Көкше-бешек, Замша, Данияри т.б.[1-10].

Селекционерлер тез пісетін Қызылорда әңгелегі, жергілікті Қостанай қауындарын өсіріп шығарған. Бұл қауындар басқа қауындармен салыстырғанда әлдеқалай тәтті. Қауындардың кеш пісетін түрлері нашар, орташа, ұзақ сақталуына байланысты 3-ке бөлінеді. Нашар сақталатыны қауынның түрлерін 1,5-2 айға, орташа сақталатыны 3-4 айға, ал жақсы сақталатыны – келесі жылдың көктеміне дейін шыдайды [1-2].

Қазақстан жерінің көпшілігінде қауын егіле бермейді, тек кейбір аудандарда ғана көп егіліп, одан сапалы әрі мол өнім алынып жүр. Қауын әсіресе Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Семей, Орал, Ақтөбе аудандарында көбірек егіледі. Қауын егілетін жерде жеткілікті ылғал және күннің жылылығы 18-22 градус. Жылы болса, олардың өсуі жақсарып, өнімділіг артады. Аудандардағы топырақтың ылғалдылығы мен ауа-райының түрліше болуына байланысты, сол жерде өсетін сорттар да әртүрлі болып келеді. Шымкент облысында көкек айында күн 13-14 градусқа дейінгі жылылықта болса, қауынның тұқымы себілмегенде де ондай жылылық болса тұқым жер бетіне өніп шығады [1].

Қауын ауа-райының ыстығына, құрғақшылыққа төзімді келеді. Ауа-райы ыстық, топырақ ылғалдылығы мол болғанда тамыр жүйесі топыраққа терең таралып өседі. Егістік жердің үстіңгі бетіндегі топырақ ылғалы буға айналып кеткенде, тамыры терең жайылып өскен өсімдіктер жергілікті жерден керекті мөлшерде ала алады [1-8].

Қазақстанның солтүстік-батыс, шығыс облыстарында ауа-райы салқын болуы және жауын-шашын көп түсетіндіктен, қауынды аз, бірақ суармай өсіреді. Бұл солтүстік аймақтарда колхозшы 749, жергілікті Қостанай сорты өсіріледі. Температура +10 градус болған да жеткілікті. Осыған байланысты қауын селекциясын жүргізгенде тез пісетін түрлерін таңдап алып, жаңа сорт шығаруға баса көңіл бөлу керек [1-9].

Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстарында қауын су жайылмаларына егіледі. Жайылымдарға егілген қауын өнімділігі 2 есе артық, әрі 8-12 күн ерте піседі. Тамыр жүйелері өзінің өсу кезегінде топырақтың топырақтың бос, борпылдақ болуын тілейді. Сондықтан, қауын саз балшықты жерден гөрі құмды немесе құмды-сазды, құмдауыт жерлерде өседі [1-10].

Бақша өсімдіктердің ішінде қауын салқынды сезгіш келеді. Өсімдік жаңа көктеп келе жатып салқын температураға төзе алмайды. Ауа-райының жылылығы 1 градусқа дейін төмендесе, өсімдіктің өсуі тоқтап, солып қалады [10].

Профессор Н.Ивановтың зерттеулеріне қарағанда, бақша өсімдіктерінде қанттың жиналу процестерін былайша: жеміс піспей тұрғанда тек глюкоза, жеміс пісе келе глюкозадан фруктоза құралады, жемістің ең соңғы пісу кезінде глюкоза мен фруктоза қантқа айналады. Белгілі маусым ішінде күннің қызуы жеткілікті мөлшерде құрылып өзгермейді, соның нәтижесінде жемістің дәмі де нашар болады [11].

Қауын –асқабақ тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Сабағы жіңішке, бірнеше буынға бөлініп, топырақ үстіне жайылып өседі. Қауын қос жарнақты, екі жынысты өсімдік. Демек бір өсімдіктің өзінде аталық та аналық та жынысты гүл болады. Гүлдері түсті, 5 күлтелерінен тұрады. Бес гүл шашақты екі ұялы ұрығы болады. Тұқымы жылтыр жемістің ортасына орналасады. Сорттарына қарай қауынның тәттілігі, қабығының хош иісі, түсі түрліше болады [1-10].

Қауын жылылықты жақсы көретін өсімдік. Оның тұқымы 13-18 градус болғанда жақсы өніп, көктей бастайды.

Қауын жарықты жақсы көретін өсімдік. Өсіп-даму дәуірінде жарықтың мол болуын қажет етеді. Егер күн ұзақ уақыт бойы болса, қауын өсімдігінің гүлдеуіне, түйнек салуына және пісіп-жетілуіне кедергі келтіреді [2].

Қауынның пісу кезеңінде жаңбыр жауса, қауынның дәмі кетіп, өнімі аз болады. Қауын тұзды, сортаң топырақта өсе береді.

Қауынның жеуге пайдаланатыны ішкі дәмді шырынды тілігі, оның хош иісі түрліше болады. Қауынның сорттары бір-бірінен айырылу үшін төменгі белгілер алынады.

Сыртқы белгілер жемісінің көлемі, түрі, қабығының сыртқы түсі, олардың әртүрлі сызықтары, тұқымның үлкенді-кішілігі және түстері. Ішкі белгілеріне қауын қабығының жұқалығы, дәмді-дәмсіздігі, жемісінің пішінінің әртүрлілігі, жеміс қабығының сырты жылтыр, жартылай жылтыр болып келуін еске алу керек. Қауынның осындай ерекшеліктерін қарастыра отырып, Қарақалпақстандағы өсірілетін қауындардың аса бағалы сорттарына салыстыру жүргізілді.

Қауын өсіретін аудандар Хожелі, Беруний, Төрткүл- мұнда кеш пісетін сорттар: Бешек, Аққош, Қарақош, Сары-гулябі, Ала-хамма, Хамма-гулябі.

Ерте пісетіндер Замша, Дүнек көп өсірілуде. Берунийде жоғары сапалы және қанттылығы жоғары қауын өсіретін Бай-базар ауылы. Онда көп тараған: Қара –гулябі, Бешек, Ала хамма, Шабаз-бешегі, Сары гулябі, Тарнават, ал куәдік сорттарынан Кәрі қыз өсіріледі [11].

Төрткүл ауданында кеш пісетін тағы жаздық сорттар өсіріліп келген. Сонымен қатар, түркмен қауындарының түрлі сорттары кездеседі. Олар Мары қауын, Ич-қызыл және Қой-баш. Міне осындай сорттарын біле отырып, қауын түрлерінің тізімін жазып алып, оларға сипаттама жүргізілді.

Қауын түрлері мен сорттарынң ерекшеліктері әртүрлі, тамақтық аса бағалы сорттарға Сары замша, ерте пісетін, алысқа жарамайтын сорт, пісіп-жетілуі 65-70 күн. Жемістері шар тәрізді. Жемісінің үсті сегменттелген, өте жұмсақ, иісі хош иісті. Замшаның кестедебірнеше түрлері келтірілген.

Ерте пісетін сорттар: Тарнама, Сары замша, Қызыл замша, Ақ замша, Көк, Ала замшалар, Ақ және қара гүрбек.

Орташа пісетін сорттар: Қарбыз-қауын, Нангош, Секерпара, Хива-бешек, Вахарман, Ала хамма, Қара бешек, Көк және Қызыл гулябі.

Кеш пісетін сорттар: Түйе-қауын, Кәрі қыз, Нават-бешек, Қара-қош, Қызыл бешек, Бекзады. Сорттардың ішіндегі қауын түрлерін, қасиеттерін, тұқымдарының орналасуын, сыртқы пішіндерінің айырмашылықтарына салыстыру жүргізілді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 199; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты