Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ауын жапырағындағы пигменттердің мөлшері




Алынған нәтижелерден қауын сорттарының жапырақтарында пигменттердің жалпы мөлшері және ара - қатынастары біркелкі болмайтындығы байқалды.

3 - Кестеде келтірілген жасыл пигменттерге мөлшерін салыстырып хлорофильдің жалпы мөлшері барлық сорттардың бірінші - төменгі жапырағында көп екендігін байқауға болады.

Вахарман сортының төменгі - бірінші жапырағында хлорофильдің мөлшері , үшінші және төртінші жапырақтарға қарағанда үш еседей артық. Ал екінші жапырақтағы хлорофилдер мөлшері бірінші жапырақтағыға жақын.

Осы сорттың бірінші және төртінші жапырақтарында "в" хлорофилдің мөлшері "а" ға қарағанда біршама көп екендігі байқалып тұр. Осы жапырақтардағы оның мөлшері жалпы жасыл Кесте 2пигменттердің тиісінше жетпіс және алпыс үш процентіне

тең. Ал ортаңғы екінші және үшінші жапырақтарда , керісінше "а" хлорофилінің мөлшері көбірек - елу бес процент шамасында. Гүрбек сортының бірінші жапырағында хлорофильдердің жалпы мөлшері Вахарман сортындағыға жақын. Онда да "в" хлорофилінің мөлшері "а" ға қарағанда екі есе артық.

Осы сорттың қалған жапырақтарында а мен в хлорофилдерінің мөлшері бірдей деуге болады.

 

Кесте 2.

Қауын жапырағының ауданы мм2

 

Ірік- темелер Жапырақ реті 2014 жыл
28.04 04.05 07.05 10.05 12.05 16.05 20.05 23.05 28.05
Вахарман 6,25 17,5
- - 10,5
- - - - 33,6
- 18,6 23,01
Гүрбек - 13,2 37,5 95,7 398,7
- - 43,8 44,0
22,36
2,5
Тарнама -
12,96 86,4 139,1
1,31 53,9
- -
Бешек              
             
                 

Кесте 3.

Жасыл пигменттердің мөлшері (мг/г)

Сорттар   Жапырақ реті Хлорофилл « а », мг/г Хлорофилл «в», мг/г Хлорофилдің жалпы қосындысы, мг/г
Вахарман   0,66 1,49 2,15
1,16 0,77 1,93
0,51 0,28 0,79
0,26 0,44 0,70
Гүрбек   0,66 1,36 2,02
0,44 0,43 0,87
0,49 0,40 0,89
0,30 0,50 0,80
Тарнама   0,59 0,57 1,16
0,45 0,65 1,10
0,54 0,26 0,80
0,34 0,59 0,93
Бешек 0,83 1,52 2,35
0,45 0,65 1,10
0,37 0,19 0,56
0,34 0,59 0,93

 

Зерттелген сорттардың ішінде жасыл пигменттердің мөлшері жағынан ең төмені Тарнама екендігі байқалады. Басқа сорттармен салыстырғанда шамамен екі есеге жақын аз. Осы сорттардың бірінші және әсіресе үшінші жапырағында "а" хлорофилінің мөлшері "в" ға қарағанда көбірек те, басқа жапырақтарында, (2,4) керісінше в хлорофилінің мөлшері көбірек.

Бешек сортының бірінші, екінші, төртінші жапырақтарында в хлорофилінің мөлшері жалпы мөлшерінің 60-65 пайызын құраса, үшінші жапырағында оның үлесі не бәрі 34 пайыздай ғана шамада.

Әдетте, басқа өсімдіктерде а хлорофилінің в ғана қарағанда көбірек болатындығы көптеген зерттеулердің нәтижесінен белгілі.

Қауын жапырағында көпшілік жағдайда в хлорофилінің көптігі осы өсімдіктің биологиялық ерекшелігінің бір белгісі болуы мүмкін.

Кестеде келтірілген мәліметтерден барлық сорттардың сабақта жоғары орналасқан жапырақтары d хлорофилдің мөлшері төмендегілерге қарағанда төмендеу екендігі көрінеді. Бұның себебі олардың жастық ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін.

Бесінші кестеде келтірілген мәліметтерден қауын жапырағында сары пигменттердің каротиноидтардың мөлшері және ара-қатынастары да, сорттардың ерекшеліктеріне және жапырақтың сабақта орналасу реттеріне байланысты өзгеретіндігін оңай байқауға болады.

Вахарман сортының бірінші - төменгі жапырағында барлық каратиноидтар мөлшерінің 59 пайызы каротиннің, 19 пайызы - вилоксантиннің қалған 22 пайызы - лютеиннің үлесіне тиеді. Осы сорттың екінші жапырағында осылайша есептегенде каротин мөлшері шамамен 38, вилоксантин - 20, лютеин - 42 пайыз. Үшінші жапырақта тиісінше -35, 31 және 34 пайызға тең.

Гүрбек сортының бірінші жапырағында каротиноидтары алдыңғы сорттағыдай. Екінші жапырағында сары пигменттердің ара қатынасы каротин -40, вилоксантин - 28, лютеин - 32, үшінші жапырақта тиісінше - 35, 30, және 35, төртінші жапырақта - 43,30,27 пайызға тең болып бейнеленеді.

Жемісі ерте пісетін Тарнама сортының жапырағында каротиноидтар мөлшері алдыңғы екі сортпен салыстырғанда біршама төмендеу. Бұл ерекшелік негізінен каротиннің есесінен байқалады. Оның бірінші жапырақтағы мөлшері алдыңғы сорттардың сондай жапырағындағыдан шамамен екі есеге жақын төмен. Пигменттердің ара қатынасы каротин - 40, вилоксантин - 34, лютеин - 26 %. Осы сорттың екінші жапырағындағы пигменттердің пайыздық үлестері тиісінше - 43,25,32 %, төртінші жапырағында каротиноитардың басқа жапырақтардағыға қарағанда өте аздығын түсіндіру қиын. Себебі, басқа сорттарда бұндай көрініс байқалмайды.

Кеш пісетін Бешек сортының жапырақтарында сары пигменттердің мөлшері басқа сортағыларға қарағанда әжептеуір төменірек. Мысалы, оның бірінші жапырағында пигменттердің жалпы мөлшері Вахарман жәнк Гүрбек сорттарының сондай жапырағындағыдан 40 пайыздай төмен. Сондай - ақ пигменттердің ара қатынасы жағынан да өзіне тән біраз ерекшеліктерін байқауға болады. Мысалы, осы сорттың жеке жапырақтарындағы пигменттердің ара - қатынасы төмендегіше бейнеленеді : бірінші жапырақта каротин - 40 пайыз, екінші жапырақта - 43, үшіншіде - 47, төртіншіде - 35 пайыз, лютеин - 31,30,20 және 36 пайыз.

Сонымен біздің зерттеулеріміздің нәтижесі қауынның әртүрлі сорттарында жасыл және сары пигменттердің мөлшері жапырақтың жасына, сабақта орналасу ретіне байланысты өзгергіш келетіндігін байқатады. Зерттелген сорттардың пигменттер мөлшерімен ара қатынастары жағынан әр қайсысына тән ерекшеліктері бар.

Жасыл пигменттерге қарағанда каротиноидтардың мөлшері өте аз болатындығы байқалды. Осының нақтылы дәлелі ретінде хлорофилдердің каротиноидтерге ара қатынасын келтірсек ол мынадай көрсеткіштермен бейнелер еді. Вахарман сортының жапырақтарында ол қатынас 18 - 37:1, Гүрбек жапырақтарында 16 - 33:1, Тарнамада 15 - 44:1, Бешек сортында 17 - 50:1 ге тең.

Зерттелген сорттардың ішінде жапырақтарында пигменттердің ең көп мөлшері Вахарман сортында, ең аз мөлшері Тарнама сортында байқалды.

 

Кесте 4.

Каротиноидтардың мөлшері (мг/г)

Сорттар Каротин Ксантин Лютеин Жалпы қосынды
Вахарман   0.0444 0.0143 0.0173 0.0760
0.0254 0.0143 0.0248 0.0645
0.0148 0.0135 0.0146 0.0429
0.0088 0.0062 0.0044 0.0194
Гүрбек   0.0444 0.0143 0.0173 0.0760
0.0211 0.0147 0.0173 0.0531
0.0127 0.0108 0.0128 0.0363
0.0105 0.0072 0.0066 0.0243
Тарнама   0.0233 0.0205 0.00155 0.0593
0.0283 0.0174 0.020 0.0657
0.0013 0.0038 0.0022 0.0073
0.0148 0.0116 0.0111 0.0325
  Бешек 0.0190 0.0135 0.0146 0.0471
0.0283 0.0174 0.0200 0.0657
0.0084 0.0058 0.0035 0.0177
0.00127 0.0096 0.0111 0.344

3.4 Топырақты цианобактериялар сығындысы+биопрепараттар негізінде жасалған қоспалармен өңдеу және тұқым өнгіштігін арттыру

 

Сурет 1. Цианобактериялар сығындысымен өңделген қауын тұқымдарын топыраққа көшіру

Суретте көрсетілгендей цианобактериялар сығындысымен өңделген қауын тұқымдарын топыраққа көшіргенде бақылаумен салыстырғанда тұқымның өнгіштігі тәжірибе варианттарында 30 % пайызға жоғарылайды. Қауын тұқымдарын арнайы цианобактериялар сығындысынан жасалған биопрепараттармен өңдеу барысы оңтайлы нәтиже берді. Бұл зерттеудің нақтылығын Колхозшы іріктемесі бойынша жасалған тәжірибеден көруге болады.

Сурет 2. Цианобактерия сығындысында өңделген қауын тұқымдары

Сурет 3. Цианобактерия сығындысында өңделген қауын тұқымдары

А- Бақылау варианты

В – Цианобактериялар сығындысы қосылған сулы ортасындағы

қауын тұқымының өнгіштігі

Сурет 4. Цианобактериялар сығындысының сулы ортасындағы қауын тұқымының өнгіштігі

4 суретте көрсетілгендей алдын-ала цианобактериялар сығындысында өнген сулы ортадағы тұқымдардың өнгіштігі төменде көрсетілген көрсеткіштермен салыстырғанда 80 пайызға төмен. Себебі бастапқыда 3 дән алынса, соңында тек 1-2 дәннің өнгіштігін байқадық. Мұндай қорытынды сулы ортамен салыстырғанда топырақтағы кешенді элементтермен цианобактериялар сығындысының құрамындағы белсенді заттар байланысып, өсуді жылдамдатуы мүмкін.

Сурет 5. Қауын дақылының тұқым өнгіштігі

5 суретте бастапқы мерзімнен 1 аптадан соң цианобактерия сығындысы+биопрепарат қосылған топырақтан алғашқы өскін пайда болды. Тұқымның өнгіштігі бақылаумен салыстырғанда жоғары. Бірақ сабақ жапырақшалары қалыптасқан жоқ.

Сурет 6. Цианобактерия сығындысымен өңделген қауын тұқымының өнгіштігі

Цианобактерия сығындысымен өңделген қауын тұқымының өнгіштігі бақылаумен салыстырғанда сабақ ұзындығы 2-3см жоғары, алғашқы жапырақшалары қалыптасқан.

Сурет 7. 2 тәжірибедегі цианобактерия сығындысымен өңделген қауын тұқымының өнгіштігі

 

Мұндағы, бастапқы 3 тұқымның 1-і өніп шықты, бақылаумен салыстырғанда сабағының ұзындығы 1,5-2см –ге жоғары.

 

Сурет 8. 3 тәжірибедегі цианобактерия сығындысы+биопрепаратпен өңделген қауын тұқымының өнгіштігі

2 және 1 тәжірибелермен салыстырғанда топырақ құнарлығының жоғарылауынцианобактериялар сығындысы және биопрепарат қоспасы негізінде байқадық. Себебі, 3 тәжірибеде егілген 3 дәннің 2-і пайда болған. Сабақ жапырағы қалыптасқан.

Сурет 9. 4 тәжірибедегі цианобактерия сығындысы+биопрепаратпен өңделген қауын тұқымының өнгіштігі

Бақылаумен салыстырғанда 4 тәжірибеде цианобактерия сығындысы+биопрепаратпен өңделген қауын тұқымының өнгіштігі жоғары көрсетті.Барлық тұқымдар өнген. Сабақ және жапырағы қалыптасқан.

Сурет 10. 5-6 -7-8 тәжірибелердегі цианобактерия сығындысымен өңделген қауын тұқымының өнгіштігі

Бақылаумен және биопрепарат қосылған топырақ шөкімдерімен салыстырғанда, сабақ пен жапырақтың қалыптасуы және тұқымның өнгіштігі 20% пайызға жоғары.

Сурет 11. Қауын тұқымының өнгіштігі

Бақылауда тәжірибеге алынған варианттармен салыстырғанда тұқымның өнгіштігі төмен. Бастапқы 3 дәннің 1-і пайда болған. Демек, цианобактерия сығындысы және биопрепарат қоспалары қауын дақылының тұқым өнгіштігін және вегетативтік мүшелерінің қалыптасуын жылдамдатады.

Сурет 12. Нанотехнология Сурет 13. Цианобактерия сығындысымен

зертханасының арнайы моделді өңделген қауын тұқымының өнгіштігі тәжірибеге арналған өсімдіктерді

өсіру сөресі

 

12 суретте көрсетілген цианобактерия сығындысымен өңделген қауын тұқымының өнгіштігін №5 суретпен салыстырғанда бастапқы өсу үрдісі 20 күндік мерзімде сабақтың ұзаруымен (10 см) және 4-5 жапырақтарының қалыптасуымен сипатталады.

Сурет 14. 3 тәжірибедегі цианобактерия сығындысы+биопрепаратпен өңделген қауын тұқымының өнгіштігі (20 күн)

14 суретте көрсетілген цианобактерия сығындысы+биопрепаратпен өңделген қауын тұқымының өнгіштігін 7 суретпен салыстырғанда бастапқы өсу үрдісі 20 күндік мерзімде сабақтың ұзындығы 15 см және 4-5 жапырақтары қалыптасты.

Сурет 15. 4 тәжірибедегі цианобактерия сығындысы+биопрепаратпен өңделген қауын тұқымының өнгіштігі (20 күн)

20 күн аралығында 4 тәжірибедегі цианобактерия сығындысы+биопрепаратпен өңделген қауын тұқымының өнгіштігі жоғары. Сабақ ұзындығы 10-12см және 4-5 жыпырақтары пайда болған. Екінші қайталым ретінде алынған бұл шөкімді 3 тәжірибемен салыстырғанда айырмашылығы жоқ.

 

Сурет 16. 5-6 -7-8 тәжірибелердегі цианобактерия сығындысымен өңделген қауын тұқымының өнгіштігі

 

Алғашқы қауын дақылының тұқым өнгіштігін анықтау барысында төмендегідей нәтижелер көрсетті: бақылаумен және биопрепарат қосылған топырақ шөкімдерімен салыстырғанда, сабақ пен жапырақтың қалыптасуы және тұқымның өнгіштігі 20% пайызға жоғары болды. 20 күн аралығында сабақтың ұзындығы 10-15 см, жапырақ ауданы ұлғайған 5-6 жапырақшалардан түзілген.

Сурет 17. Бақылауда тәжірибеге алынған варианттармен салыстырғанда тұқымның өнгіштігі бастапқы 3 дәннің 1-і пайда болуымен сипатталған.

 

Ал 20 күн аралығында тәжірибелермен салыстырғанда сабақ ұзындығы бойынша 4-5 см-ге өсу қарқындылығы төмен, жапырақ 2 өсімдіктің жапырақ саны 6. Демек, бақылаумен салыстырғанда цианобактерия сығындысы және биопрепарат қоспалары қауын дақылының тұқым өнгіштігін және вегетативтік мүшелерінің қалыптасуын жылдамдатады.

Зерттеу нысаны ретінде алынған қауын іріктемелерінің өсу үрдісі мен олардан биоөнімдер алудың зертханалық үлгілері жасалды. Қауын қабықтарын сұйық суық азот көмегімен зақымдау арқылы қабық кұрамындағы антиоксиданттық өнімдерді бөліп алу және оларды жақпа майлар жасау өндірісіне ұсыну, мұндағы қалдықсыз технология негізіне сүйене отырып зерттеулер жүргізілді; Зерттеу бойынша қауын дақылын өсіруде энергия шығымынсыз өсіру технологиясы пайдаланылды, егу, өсіру, баптау, тасымалдау мерзімінде нарық жағдайы бойынша талаптарды орындауға нұсқаулық жасалды. Әлеуеттің талабына сәкес халықты арзан құнды тағаммен қамтамасыз ету заманында қауын өндірісінің қалдықсыз технологиясы пайдаланылды. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығына тоқталатын болсақ, адам денсаулығына қауіпсіз қауын дақылдарын кептіру және құрамынан биологиялық маңызды заттарды айқындау бойынша зерттеулер ұсынылды. Тұқымның құрамынан майды бөліп алу және оны қоспа жақпа майлар алу технологиясында пайдалануға үлгілер даярлануы мүмкін.

Қауын жапырағының өсу үрдісі.Гелригельдің қоректік ортасында (судағы ерітіндісінде) қауынның өскіндерін өсіріп жапырақтарының қалыптасуына ені мен ұзындығын өлшеулер арқылы бақылаулар жүргізілді.

Сабақтардың жапырақтардың қалыптасу мерзімін бірінші (нағыз) жапырақтан бастап тәжірибелердің аяғына дейін (30 тәулік) бақыладық.

Осы мерзімнің ішінде Вахарман және Гүрбек сорттарында бес жапырақ, ал Тарнама және Бешек сорттарында төрт жапырақ толық қалыптасты.

 

 

Сурет 18. Қауының өсу үрдісі

 

Жапырақтардың өсуі (2,3 кесте) жылдамдығы тәжірибе мерзімінде өте құбылмалы екендігі көрінді. Яғни, бір күндері өте қарқынды өссе, келесі күндері баяулайды. Жапырақтардың өсу қарқындылығы жағынан да сорттардың ерекшеліктері байқалды. Мысалы, 3-кестедегі келтірілген өлшем көрсеткішін пайдаланып әр жапырақ ауданының бір тәулікке өсуі есептелсе төмендегідей болып бейнеленеді. Вахарман сортының бірінші жапырағының орташа тәулік өсуі 27, екінші жапырағы - 43, үшінші жапырағы - 37мм2. Гүрбек сортында тиісінше - 34, 43.37 мм2 ,Тарнамада -47, 35, 32мм2, Бешекте - 40, 30, 28 мм2.

2014 жылы көктем айында алдын – ала топырақ жамылғысы тыңайтқыштармен өңделіп қауын дақылын егуге алдын-ала даярланды. Қауын дақылының іріктемелерін цианобактериялар сығындысында күн мерзіміне байланысты өңдегенен соң, топыраққа отырғызылды. Топырақ жамылғысы қопсытылып дәндердің өнгіштігіне мониторинг жүргізілді.

 

 

Сурет 19. Зертханалық жағдайда қауын тұқымын цианобактериялар сығындысында өңдеу

 

 

Сурет 20. Зертханалық жағдайда өсірілген цианобактерия сығындысы қосылған қауын тұқымының өсу барысы

Алдын – ала күзде 20-30 см тереңдікте жақсы кептірілген көң қалдықтары бар қоспамен топырақ өңделді (1 кв.м – ге 5-7 кг). Түсімді арттыру үшін фосфорлы калийлі тыңайтқыштар қосымша қосылады. Көктемде екі рет қопсытылды, бұл жағдай арамшөптерден тазартады, бірінші қопсытуда топырақты 12-14 см тереңдікте қопсыттық, екінші рет 4-6 см.

Ашық егістік алқабында қауын дақылын өсіру барысында құнарды топырақ қажет болғандықтан, дақылдарды арнайы балдырлар сығындысында өңдеп 1-2 сабақ жапырағы бар дақылды топыраққа көшірдік. Қауын өскінін арнайы пластика стакандарға отырғыздық. Жылы бөлмеге сақтауға қалдырдық.

Сурет 21. Топырақ жамылғысын тыңайтқыштармен өңдеу

 

Бастапқы қауын өскінін суару барысында жапырақшасына су тигізбей суарылады. Дақыл аптасына екі рет суарылады. Қауын дақылының пісіп –жетілуін қадағалау үщін арнайы кесу тәсілі жүргізіледі. Бірінші кесуді алғашқы 4 ірі жапырағы пайд болғаннан кейін бастадық, екіншісі жаңа өркендерді жою, үшіншісі 3 жапырақтан кейін, соңында жаңа жеміс пайда болғанда жасалады. Қауын жемісі түйнектегеннен пісіп жетілгенге дейін «аудару тәсілі» пайдаланып бақылау жүргізіледі.

 

Сурет 22. Дипломды орындаушы студенттің егістіктегі жұмыс істеу барысы

Топырақ құнарлығын арттыру мақсатында қосымша тыңайтқыштармен өңделді және топырақ жамылғысы егістік дақылдарды өсіруге даярланды.

Сурет 23. Қауын тұқымдарын арнайы су қоспасымен өңдеу тәсілі

Қауын тұқымдарын суда 6 сағат суды ұсталды (сурет №4). Бастапқы өскін пайда болу мерзімі 6 апта, жемістің түзілуі 10-12 аптада басталды. Топырақ құрамында калийлі тыңайтқыштар жеткілікті болғандықтан, аналық гүлдердің гүлдеуі қарқынды болды (Сурет 5).

Сурет 24. Қауын дақылының гүлдеу барысы

Суретте Оңтүстік Қазақстан, Сарыағаш ауданында жүргізілген Қауын дақылдарын өсіру тәжірибесі көрсетілген.

 

Сурет 25. Дақылды топыраққа көшіру барысындағы тәжірибелік жұмыстар

 

 

Сурет 26. Дақылды топыраққа көшіру барысындағы тәжірибелік жұмыстар

 

Егістік танаптары алдын-ала өңделіп даярланды. Өлшеу құралы арқылы бірнеше рет өлшеніп топыраққа тұқымдар енгізілді.

Сурет 27. Егістік алқабында өсірілген қауын өнімдігі


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 178; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты