Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тікелей шетел инвестициялары, олардың ролі және тарту мақсаттары




Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіз сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік алды. Бірақ, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде жеткілікті тәжірибесі жоқ және сондықтан белгілі бір проблемалар туындайды. Қазақстан Республикасының үкіметінің маңызды проблемаларының бірі шетелдік инвестицияларды тиімді түрде тарту мен бөлу болып табылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуынан бастап шетелдік инвестициялардың көлемі екпінді өсуін байқаймыз. Қазақстан экономикасы үшін шетел капитал салымдары, оларға бәсекелік әлемдік экономикаға интегралдануына көмектеседі. Төменде шетел инвесторларын тарту маңыздылы көрсетіледі: Жаңа технологияларды беру Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) ірі, дамыған және бәсеке қабілеттілігі жоғары компанияларға жатқызылады. Қазіргі күнгі экономикада басты өндірушілер барлық әлем бойынша жабдықтаушылар мен рыногтарға кіруді іздейтін глобалды әрекеттегі тұлғалар болып табылады.

Егер Қазақстан ТҰК тарта алса, онда оның жаңа технологиясының әсерін сезінеді. ТҰК-мен байланысты белгіленген жергілікті компаниялар, олардың ноу-хауларын менгереді және қатаң бәсеке жағдайында халықаралық рынокка жұмыс істеуге үйренеді. Мұндай білімдерді ТҰК-ң персоналдары мен менеджерлері алады.

Жұмыс орындарын құру. Экономика өтпелі жағдайда болған кезде Қазақстанда жартылай (толық емес) жұмыс бостылық немесе жұмыссыздық созылмалы проблема болып табылады. Мемлекеттік секторда жұмыс орындарын құру сияқты шаралардың көмегімен жұмыссыздықпен күресу аз нәтижелі болады. Ал тікелей инвестициялар жұмыс орындарын құрайды. Сонымен қатар жергілікті кадрларды кәсіби дайындау жергілікті экономикаға қолайлы әсерін тигізеді.

Экспортты дамыту. Шетел инвесторлары Қазақстандағы өзінің экспортының номенклатурасын кеңейтуге көмектеседі. Дәстүрлі емес экспорт өнімі деп аталатын жаңа экспорттық өнімнің сапалы өсімі, шикізат тауарларын дәстүрлі экспорттаған Қазақстан үшін өте маңызды. Экспорттық өнімнің диверсификациясы шикізат тауарларына бағаның төмендеуінің алдында елдің қорғалмағандығын төмендетеді.


24. Инвестициялық жобанының технико-экономикалық негіздемесі,оның құрылымы және оны дайындау шарттары.

Инвестициялық жоба дегеніміз- бұл жаңа өндірісті құруға іс-әрекеттегі өндірісті кеңейтуге жіне жаңартуға салынатын шаралар кешені болып табылады жіне сонымен қатар одан белгілі бір экономикалық тиімділікті алуды білдіреді.Инвестициялық жобаны қаржыландыруға қажетті шешім қабылдау үшін техника-экономикалық зерттеу жүргізіледі.Сондықтан да жобаны техника-экономикалық негіздеме өзінен қаржыландыру мәселесін шешкенде ескертіп,артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтауды көрсетеді.Яғни жобаны техника-экономикалық негіздеме болашақта бизнес жоспарды жетілдіру негізгі жоба алдындағы құжатты білдіреді.Техника-экономикалық негіздемелерді құрастырудың әр түрлі әдістері бар. Даму бағдарламалары бойынша БҰҰ-ның әдісімен қалыптасқан техника-экономикалық негіздеме келесідей бөлімдерден құралады:

Ø Жобаның жалпы жағдайы,яғни кәсіпорынның алдына қойған мақсаттары ,жобаның авторлары ,соңғы 3жылдағы кәсіпорынның қаржылық жағдайы ;

Ø Кәсіпорынның қуаты және рынок ,яғни бұл жерде қнімдерді өндіретін кәсіпорынның нақты көлемі жөніндегі мәліметтер,техника-экономикалық көрсеткіштердің бәсекеге қабілеттігі және т.б. жағдайлар қарастырылады;

Ø Өндірістің материалды факторлары ,яғни шикізаттар мен материалдармен ,сумен,электр энергиясымен қамтамасыз ету қарастырылады;

Ø Обьектілердің орналасқан жері ,яғни бұл кезде обьектінің орналасатын жерін таңдаудағы артықшылықтарды қарастырады;

Ø Жобалық конструкторлық құжат.Яғни бұл кезде өндірістің жоспарларының схемасы жасалынады.Негізгі және қосалқы құрал-жабдықтарды жеткізуіне келісімшарттар жасалынады және т.б.

Ø Кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру,яғни бұл кезде өнімді өндіру және өткізу мәселелері қарастырылады;

Ø Еңбек рыноктарына қажеттілік;

Ø Жобаның жүзеге асырылу кезеңдері;

Ø Жобаны экономикалық және қаржылық бағалануы ;

Ø Жобалық салыстыру формасы,яғни мұнда тәуекел қарастырылады;

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 150; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты