Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тікелей инвестицияның артықшылықтары мен кемшіліктері




Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Тікелей инвестициялар қазіргі таңда көптеген елдердің ұлттық эконмикасына өз әсерін тигізбей қоймайды. Тікелей шетел инвестицияларының көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Тікелей инвестицияларының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Тікелей инвестициялардың жағымды әсерін бірнеше аспектіге бөліп қарастыруға болады:1-шіден, тікелей шетел инвестициялары тұрақты қаржыландыру көзі болып табылады. Шетел инвестицияларының тұрақты ағыны біздің еліміздің экономикасына үздіксіз капиталдың келіп түсуін қамтамасыз етеді, ол дегеніміз өндірістік қабілеттің өсуі сонымен қатар капиталдың қорлануына әсер етеді. 2-шіден, басқа елге капиталды инвестициялау жаңа технологияларды енгізумен, басқару қабілетімен бөлісуді, біліктілікпен алмасуды қамтамасыз етеді. Технологиялық қабілеттілікті көтеру өз кезегінде білікті мамандардың болуын талап етеді. Осылайша, шетел инвестициялары жоғары білікті жұмыс күшіне сұранысты арттырады, халықтың тұрмыс деңгейін көтереді, өткені инвестициялаушы өнеркәсіптер, шетелдері жергілікті фирмалармен салыстырғанда жоғары көлемдегі жалақы төлейді. Шетел капиталын инвестициялау инвестиция қабылдаушы елдің бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Өйткені,жоғарыда айтып өткенімдей, инвестиция ағыны өндірістік қабілетті көтереді. Сондай ақ инвестициялар өндірілген өнімнің сапасын көтереді, ол оның бәсекеге қабілеттілігін көтереді, оны халықаралық деңгейге шығарады, яғни сыртқы байланыстарды кеңейтеді. Осыншама артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де жоқ емес. Жоғарыда айтқанымдай, шетел инвестициялары жоғары білікті маман кадрларға сұранысты арттырады, өйткені олар көбірек жалақы төлейді деп, бірақ соған сәйкес жоғары бәсекелестік болғандықтан отандық фирмалардың табыстары азая түседі. Шетел инвестициялары кезеңдік өнімдерді өндіруге ынталандырады, өйткені сол өнімге сұраныс қалыптасады. Отандық фирмалар қосымша өндірістік күшті қалыптастыруы қажет, өйткені шетел инвесторларының тарапынан сұраныс болмағанда олар бұл өнімдерді өндірмес еді. Келесі кемшілігі ретінде, үлкен бәсекелестік нәтижесінде отандық фирмалар шетел компанияларымен қатар дамуға, өсуге, әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндіктері болмайды. Сонымен қатар, шетел инвестицияларының еліміздің импорт пен экспортына тигізер әсерін айта кеткен жөн. Шетел капиталның келіп түсуінен біздің еліміздің отандық өнімдерінің экспорты мен импортының деңгейі төмендеуі мүмкін, өйткені сапасы жағынан артық болып келетін шетел инвесторларының өнімі отаныө һнімге қарағанда тиімдірек болып келеді. Тікелей инвестициялардың артықшылықтары мен кемшіліктері жалпы алғанда инвестиция қабылдайтын елдің жүргізіп отырған ұлттық саясатына, шетел инвестицияларының формаларына, ұлттық компаниялардың бәсекеқабілеттілігіне байланысты болып келеді. Қазақстанда тәуелсіздік жылдары ел экономикасына тартылған жалпы тікелей шетелдік инвестицияның (ТШИ) 50 пайызға жуығы соңғы 4 жылдың үлесіне тиесілі. Әлемдік тікелей шетелдік инвестициялар түсімінің теріс серпініне қарамастан, елімізде оның тұрақтылығы сақталып келе жатыр. Мәселен әлемде қаржы дағдарысынан кейінгі жылдары ТШИ түсімі азайып, инвестициялар деңгейі әлі дағдарысқа дейінгі деңгейге жете алмауда. Ал Қазақстанда былтыр ол рекордтық көрсеткішке жетіп, 22,5 млрд. долларды құрады. Атап айтқанда 1993-2012 жылдары ел экономикасына тартылған ТШИ-дің жалпы көлемі 171,2 млрд. доллар болса, оның 81,6 млрд. доллары 2009-2012 жылдардың үлесіне тиіп отыр.


 

28.Бизнес-планды жасау және оны құрастырудың кезектігі.Бизнес-жоспар бұл инвестициялық жобаны қабылдау туралы кәсіпорынның іс-әрекетінің жоспарын сипаттайтын құжат болып табылады. Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты: 1) кәсікерлік қызметтің алдағы қаржылық нәтижелерін есептеу. 2) қаржылық көздерді анықтау. 3) инвестициялық жобаны жүзеге асыруда қабілеті бар мамандарды таңдау. Бизнес-жоспардың құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: резюме(түйіндеме), өндіріс объектісінің сипаттамасы, саланың сипаты, өткзіу және нарықты талдау, ұйымдық жоспар, инвестициялық жоспар, өндірістік жоспар, маркетингттік талдау, қаржылық талдау, тәуекелдерді талдау, қорытынды, қосымшалар. Резюме бөлімінде бизнес жоспарды жасаудың қысаша мазмұны сипатталады және бизнес жоспарды жасаудың ең соңғы кезеңінде сипатталады. Онда кәсіпорын, өнім және қызметкерлер туралы мәліметтер, кәсіпорынның негізгі мақсаты, қаржылық нәтижелері, тартылатын инвестиция көлемі туралы мәліметтер көрсетіледі. Өндіріс объектісінің сипаттамасы бөлімінде объектінің орналасу орны, заңды мәртебесі, кәсіпорынның қаржылық қызметі, кәсіпорынның ағымдағы жағдайы, жұмыс жүргізу стратегиясы, клиенттермен, мердігерлермен есеп айырысу шаралары және кәсіпорынның даму болашағы сипатталады. Саланың сипаты бөліміндеқарастырылатын мәселелер- саланың шикізат базасы, инвестициялық климаты, сала бойынша өнімді сату көлемі, бәсекелестік жағдайдағы әлсіз және кұһүшті жақтары. Өткізу немесе нарықты талдау бөліміндепотенциалды тұтынушыны анықтау, нарықтық сұранысын талдау және сатылатын өнімді жетілдіру жағдайы қарастырылады. Ұйымдық жоспар- бұл бөлімінде кадрлармен қамтамасыз етілу ,қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары ж/е олардың еңбекақы дңгей/і қарастырылады. Инвестициялық жоспардаинвестицияға қажеттілік, яғни шикізатқа, материалдарға, құрал-жабдықтарға, жер учаскесіне қажетті капиталды тартудың көздері мен шарттары қарастырылады. Өндірістік жоспарда өндірістік процестің толық сипаты қарастырылады ж/е өнім өндірісінің көлемі анықталады. Маркетингтік жоспардажоспарланатын сату көлемі мен максималды пайда алу үшін кәсіпорынның іс-әрекетінің жоспары қарастырылады. Қаржылық жоспар бөлімінде табыстар мен шығындардың жоспары, ақша қаражаттарының түсімі мен төлем жоспары, қолма-қол ақша ағымының жағдайы және баланстық жоспар қарастырылады. Тәуекелді талдау бөлімінде кәсіпорынның қызметіне әсер ететін барлық тәуекел түрлері талданып, осы тәуекелді төмендетудің әдістері қарастырылады. Қорытынды бөлімінде кәсіпорынға жоба бойынша ұсыныстар беріледі, жобаны жүзеге асыру үшін капитал көлемі, инвестицияға берілетін кепілдеменің түрлері, қаржылық көздерін талдау мүмкіндіктері сипатталады.Қосымшалар бөлімінде бөлімдерге сәйкес диаграммалар, графиктер, кестелер, суреттер көрсетіледі.



Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 236; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты