Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азақстан Республикасының даму институттарына сипаттама




Қазақстан Даму институты – 1994 жылы құрылған, мемлекеттік емес, тәуелсіз ғылыми-сараптамалық мекеме. Институт құрылымына үш ғылыми-зерттеу орталығы, оның ішінде Экономика зерттеулер орталығына кірді. Институт құрамында 1 экономика ғылым докторы, 3 экономика ғылым кандидаты, барлығы 33 адам жұмыс істеді. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы бойынша жүргізілді. Олар республика экономикасына тартылған сыртқы қаржы түрлері мен көлеміне; нарықтық инфрақұрылымның перспективалы түрлерінің дамуына; республиканың сыртқы экон. дамуының жағдайы мен перспективаларына; республиканың экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігі мәселелеріне; аймақтағы шиеленісті жағдайларға, экономика саласындағы интеграциялық мүмкіндіктерге сараптама жасауға, т.б. бағытталған.Даму институттарының тізімі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Ұлттық әл-ауқат қоры, экономиканың нақты секторына инвестициялар тарту, өңірлердегі жұмысты белсендіру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту бойынша мәселелерді жылдам шеше отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша көмек көрсетуге арналған. Қордың негізгі мақсаты, ұзақ мерзімді құндылығын көбейту және әлемдік нарықтарда бәсекеге қабылеттілігін арттыру үшін, ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың өзінің меншік құқығына тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.
Қордың және компаниялардың қызметінің негізгі бағыты – ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық экономиканы жетілдіру және диверсификациялау. «Қазақстанның Даму Банкі»АҚ
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – инвестициялық жобаларды және лизингтік мәмілелерді орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды, сондай-ақ Қазақстан экономикасының басым секторларында экспорттық операцияларды саудалық қаржыландыруды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық даму институты.
Банктің қаржыландыруы көмегімен 01.01.2011 ж. жағдай бойынша жалпы құны $3,3 млрд. жоғары және $1,6 млрд. мөлшерінде Банктің қатысуымен 62 жаңа және жетілдірілген кәсіпорын мен инфрақұрылым объектілері пайдалануға енгізілді.

«Қазақстанның инвестициялық қоры»АҚ
Қордың мақсаты– перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту, экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабылетті өндірістерді құру бойынша жеке сектордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға көмек көрсету. Қаржы салатын компанияның акционерлік капиталына тікелей қатысу мақсатты іске асыруға арналған негізгі құрал болып табылады. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі - Агенттік) жарғылық капиталда мемлекеттің жүзпайыздық қатысуымен құрылған және «Ұлттық инновациялық қор» АҚ ізбасары болып табылады.
Агенттік инновациялық даму үрдісінің координациясын қамтамасыз етуде жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру мақсатымен құрылған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»АҚ Холдингтің миссиясы
Холдингтің құрылымдарын бірлесіп тиімді басқару және нәтижелілік, транспаренттілік принциптерінде АӨК индустриялық дамуын ынталандыру бойынша мемлекеттік саясатты іке асыру холдингтің миссиясы болып табылады «ҚазынаКапитал Менеджмент»АҚ
Қазына Капитал Менеджмент, қазақстандық компаниялар үшін қаржыландыру көзі болып табылатын, тікелей инвестициялар қорларын қалыптастыру үшін Қазақстанның экономикасына шетелдік капиталды тарту мақсатында құрылды. ҚКМ тікелей инвестициялар нарығының дамуына және Қазақстанда активтерді басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізуге ықпал етеді.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 159; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты