Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азақстанның инновациялық қорының инвестициялық қызметін сипаттаңыз




Ұлттық инновациялық қор АҚ «ҚР Ұлттық инновациядық қор АҚ-н құру туралы »2003 ж. 30 мамырдағы жарғысы бойынша мемлекеттің жарғылық капиталға 100 % үлесі ретінде құрылды.

Қор құрылуының мақсаты – елдегі инновациялық белсенділікті артыру, жоғары технологиялық құрылғыларды, ғылыми жобаларды іске асыру

Қор акционерлері- Самұрық қАзына әл-ауқат қоры, ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру комитеті.

Қазақстандағы жаңа технологияларды қалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін Қор инновациялық жобаларды іске асырады. Қор қызметкерлері Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының дамуын қамтамасыз ететін инновациялық жаңалықтарды , ашылымдарды іздеуді жүзеге асырады. Қор иноовациялық жобалрады үлестік балаушы емес қатысуы арқылы қаржыландыру жүргізеді. Инновациялық жобаларды таңдау кезіндегі ең басты ерекшелік, инвестициялық жобалардың инновациялығы мен коомерциялылығы б.т. Венчурлік инвестициялау. Ұлттық инновациялық қор АҚ -ақша қаражаттарын технологиялық инновациялық бизнеске салатын қазақстандық және шетел капиталымен венчурлік инвестициялық институттарды құруға қатысатын Қазақстандағы ең алғашқы қор б.т.

Ұлттық инновациялық қор АҚ- мемлекеттік- жеке серіктестік қағидалары бойынша жергілікті инвесторлармен құрылған Қазақстандағы 4 отандық венчурлік қорлардың серіктесі болып табылады. Олар келесілер: АО «АИФРИ «Венчурный фонд «Сентрас», АО «АИФРИ «Венчурный фонд «Delta Technology Fund», АО «Фонд Высоких технологий «Арекет» и АО «Logycom perspective innovations».

Ұлттық инновациялық қор АҚ инвестициялық қызметі келсілер арқылы жүзеге асырылады :

1) Инновацияларды құру мен жүзеге асыруды іске асыратын инновациялық қорлар мен инвестциялық қорлардың жарғылық капиталдағы бақылаушы емес қатысуы;

2) Инновациялық инфрақұрылымды дамыту

3) Инвестицияланатын компаниялардың жарғылықкапиталына бақылаушы емес үлестік қатысу негізінде инновацияларды құру мен жүзеге асыруды қаржыландыру

4) Елдегі инновациялық белсенділікті арттыру мақсатында іс – шараларды жүргізу

5) Отандық инновацияларды сыртқы нарыққа шығару

6) Инновациялық технологияларды дамыту, қолдану , жібері бойфнша халықаралық серіктестіктің дамуы

7) Инновациялық жобаларды іске асыруға жұмсалған ақша қаражаттарын, кейін осы жоба жүзеге асырылу арқылы бұл ақша қаражаттарын қайтарып алу мен қосымша табыс табу,

8) Инновацялық жобаларды іске асырудан пайда болған қаражаттарды басқа да жобалардың іске асырылуына , оларды қаржыландыруға қолдану.

"Ұлттық инновациялық қор" АҚ 80,2 млрд. теңгенің 55 жобасы бойынша міндеттеме жүктеп алды, соның ішінде Ұлттық инновациялық қордың қатысуымен 22,5 млрд. теңгенің міндеттемесі алынды. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында сөз сөйлеген "Қазына" қорының басшысы Қайрат Келімбетов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Инвестиция жұмсаудың абсты принципі - жеке меншік капиталмен әріптестікті жүзенге асыру арқылы Ұлттық инновациялық қор инновациялық қызметке жалпы көлемі 10 млрд. теңге болатын жеке инвестиция тартты. Соның ішінде инвестициялық жобаларға 4,5 млрд. теңге, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-ның қатысуымен құрылған отандық венчурлық қорларға 5,72 млрд. теңге тартты",- деді ол. Қ.Келімбетовтың айтуынша, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ жүктеп алған мндеттемелерден 1-қарашадағы жағдаймен 13,3 млрд. теңгенің жобалары іс жүзінде қаржыландырылды. "Сөйтіп, бірінші кезеңде-ақ белсенді инвестиция жұмсауға кірісу арқылы Қазақстан үшін жаңаша болып табылатын бұл бизнесті қаржыландыруда пайдалы тәжірибе жинақтады",- деді ол. Қ.Келімбетовтың хабарлауынша, грант негізінде ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру аясында қор осындай 32 жобаны қаржыландыруға міндеттеме алды. Оның жалпы сомасы 335,4 млн. теңгені, соның ішінде қордың қатысуымен 240,3 млн. теңгені құрады. Атап айтсақ, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мынадай бағыттарда қаржыландырылуда: биотехнология және фармацевтика - 170 млн. теңгеге 9 жоба, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар - 43,6 млн. теңгеге 6 жоба, химия - 37,2 млн. теңгеге 5 жоба, машина жасау - 33,5 млн. теңгеге 5 жоба, көмірсутегі технологиялары - 21,4 млн. теңгеге 3 жоба, баламалы энергетика - 14,3 млн. теңгеге 2 жоба. Сонымен бірге қордың қатысуымен ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша 10 жоба аяқталды. Соның ішінде 6 жоба бойынша ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесіне қатысты мүліктік қарым-қатанастарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге Қ.Келімбетовтың айтуынша, "венчурлық индустрияны дамытуда ұлттық инновациялық қордан жұмсалған әрбір теңгеге жеке меншік инвестицияның 3 теңгесі келуде".

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 195; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты