КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының инвестициялық қызметін сипаттаңыз.Шағын кәс-к қызметінің негізгі бағыттары және бюджеттік несиелендіруге жататын инвестициялық жобалар: өңдеуші өнеркәсіп; ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу; ауыл шаруашылық өнімдерін және бірінші қажеттіліктегі өнімдерді сақтау және сату бұдан бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыру, бұл жағдайда қайта қаржыландыруға бағытталған қаражат көлемі алынған қаражат көлемінен 50 пайыздан аспауы керек. Бұл жағдайда бюджеттік несиелендіруге жататын шағын кәсіпкерлік жобаларының тізбесі толық болып табылмайды және облыс әкімдігімен құрылған комиссияның мақұлдауына жатады; “Қазына” – Қазақстанның тұрақты даму қоры. ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекелесу қабілетін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы” 2006 ж. 16 наурыздағы Жарлығын іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 2006 ж. 15 сәуірдегі қаулысымен құрылған. Қор қызметінің негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың әртараптандыру, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру, оның аймақтық және әлемдік экономикаға ойдағыдай бірігуін қамтамасыз ету міндеттерін іске асыру шеңберінде еншілес ұйымдарды тиімді корпоративтік басқару арқылы инвестициялық және инновациялық белсенділікке ынталандыру. Осы мақсатта үкімет ұлттық даму институттарын құрды. Олар ұзақ мерзімді келешекте Қазақстан экономикасы құрылымының шикізаттық бағдарлануын бәсеңдетуге, содан соң айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретін жобаларды іске асыруда тәуекелді инвесторлармен бөлісуге тиіс. Даму институттарының стратегиялық мәні бар ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуы кешенді сипатта болады. “Қазына” қоры – “Қазақстан даму банкі”, “Қазақстан инвестициялық банкі”, “Ұлттық инновациялық қоры”, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры”, “Маркетингілік-талдамалы зерттеулер орталығы” акционерлік қоғамдарының, “Қазақстанның инвестицияларға жәрдемдесу орталығы” ЖШС-нің, “Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы”, “Kazyna Capіtal Management”, “Әлеуметтік инновациялық технологиялар” акционерлік қоғамдарының бірден-бір акционері. Шағын кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпкерлік бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей шағын кәсіпкерлік бизнеске қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген.Бүгінгі күні отандық банктеріміздің барлық капиталының мөлшері әлемдегі ірі банктердің капиталынан жүз есе кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерінің ресурстарын нығайту қажеттілігі туып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы жолдауында кәсіпкерлікті –ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау үщін келесідей алғы шарттарын айқындап берді. Шағын бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек.Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен. Ол үшін төмендегідей шаралар қажет:
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі – мемлекеттің қаржы-несиелік және инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау мынадай жолдармен жүзеге асырылады: Шағын бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдауды қамтамасыз ету мамандандырылған институттарды дамыту мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы несие беру шарттары мен рәсімдерін белгілей отырып, олардың мақсатты топтарын қаржы-несиелік қамтамасыз етудің деңгейлі схемасын енгізуді көздейді. «БТА Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры және Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберіндегі Стресті активтер қоры бизнесті дамытуға несиелер ұсынады. «ДАМУ» қоры аймақтарда басымдыққа ие салалардағы шағын кәсіпкерлік бизнесті дамытуға бағытталған мақсатты қаржыландырудың ондаған бағдарламасын іске асыруда.
|