Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азақстанның инвестициялық қорының инвестициялық қызметі және қағидаларын сипаттаңыз




Қазақстанның инвестициялық қоры – республикалық арнаулы қаржы қоры. 2003 жылы 30 мамырда акционерлік қоғам ретінде құрылған. Қордың республикалық бюджет қаржысы есебінен бөлінген 23 млрд. теңге жарғылық капиталдағы мемлекеттің үлесі – 100%. Негізгі міндеттері: шикізаттар мен материалдарды тереңдете өңдейтін, бәсекелесуге қабілетті және қазіргі заманғы озық технологияларды пайдалана отырып өнім өндіретін, сондай-ақ, келешегі бар өнеркәсіп орындарына тиімді өндірістік қызмет көрсете алатын жаңадан құрылған кәсіпорындардың жарғылық қорларына инвестиция салу; инвестиция көлемін кеңейту жолымен республикада корпорациялық бағалы қағаздар рыногінің дамуына ықпал ету, қор рыногінің қазіргі заманғы құралдарын қолдануға жағдай жасау; әлуетті инвесторлар үшін кәсіпорындардың тартымдылығын арттыру; отандық және шет елдік кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияларды қамтамасыз ету үшін, қосымша аралас өндірістердің дамуы үшін шетелдік инвестицияны жүзеге асыру; қазақстандық кәсіпорындардың шет елдегі инвестиц. белсенділіктерінің артуына ықпал ету; халықаралық стандарт пен тәжірибелер негізінде инвестиц. қоржындарды басқарудың алдыңғы қатарлы үлгісін жасау; Қордың инвестиц. жобаларына қатысу үшін менеджерлер даярлау Қордың мақсаты мен мiндеттерi 1. Қор қызметiнiң мақсаты перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту, экономиканың шикiзаттық емес секторында жеке сектордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын iске асыруға жәрдемдесу болып табылады. 2. Қордың мiндеттерi:
1) шикiзат пен материалдарды тереңдеп өңдеудi жүргiзетiн, жаңа технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаратын, сондай-ақ өз қызметiн өнеркәсiпте жүзеге асыратын перспективалы ұйымдарға өндiрiстiк қызметтер көрсететiн жаңадан құрылып жатқан, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру; 2) Қордың инвестициялық жобаларды бiрлесiп қаржыландыруы (ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысуы арқылы экономиканың шикiзаттық емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру; 3) отандық және шетелдiк ұйымдар арасындағы өндiрiстiк кооперацияны қамтамасыз ететiн, толықтырушы, аралас өндiрiстердi дамытатын Қазақстан Республикасынан тыс жердегi инвестициялық жобаларды бiрлесiп қаржыландыру арқылы шет елдердегi қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу болып табылады. Қордың инвестициялық қызметiн шектеу1. Қордың инвестициялары ұйымдардың шаруашылық дербестен шектемейдi. Инвестициялық қызметтiң қажеттi шарттарын қамтамасыз ететiн ұйымдар мен ұйымдардың жарғылық капиталына Қордың қатысуының шектi мөлшерi Қордың инвестициялық декларациясында анықталады. 2.Қор: 1) ұйымдарға кредит берудi жүзеге асыруға; 2) кепiлгер және/немесе кепiлдiк берушi ретiнде әрекет етуге; 3) оларды қабылдау шарты мен тәртiбi Қордың жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн мiндеттемелердi өзiне алуға; 4) бағалы қағаздар мен қаржы құралдарынан басқа өзге мүлiктi материалдық өндiру және сауда-саттық саласында қызметiн жүзеге асыруға құқықсыз. 3. Қордың инвестициялық декларациясында Қордың қызметiн өзге де шектеулер көзделуi мүмкiн Қордың қызметiн ұйымдастыру, қайта ұйымдастыру
және тарату1. Қорды құру және оның қызметi осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 2. Қорды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңдарының негiздерi бойынша және белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 211; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты