Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Инвестицияның экономикалық мазмұны және рөлін сипаттаңыз




«Инвестиция» сөзі латын тілінен қазақ тіліне аударғанда «қаражат салу , жұмсау»деген мағынаны білдіреді.

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өту кезіңде пайда болған жаңа термин болып табылады.Олай болу себебі,бір орталықтан жоспарлау кезіңде капитал жұмсалымы деген ұғым пайдаланылды.Инвестиция ұғымы капитал жұмсалымына қарағанда кең мағыналы . Жоспарлы экономика тұсында капитал жұмсалымы деп негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне жұмсалынатын, оның ішінде оларды жөндеу шығындары қамтитын барлық шығындар түсіндірілген.

Ал, «инвестици» ұғымына келсек, бұл ұғымға түрлі экономистер түрлі анықтама берген . Мысалы, Райзберг , Лозлвский және Стародубцеваның жазған инвестициялық сөздігінде : «Инвестиция – пайда табу мақсатында өз елінде немесе шет елде әр түрлі саланың кәсіпорындарына ,кәсіпкерлік жобаларға , экономикалық- әлеуметтік бағдарламаларға , инновациялық жобаларға, ұзақ мерзімге жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді»-делінген.Сонымен қатар Лапусты және Никольскийдің жалпы басқаруымен дайындалған сөздігінде : «Инвестиция – табыс алу және әлеуметтік теңдікке қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік обьектісіне және басқа да құндылықтар түрлерін жұмсалынған ақшалай қаражаттар ,мақсатты банк салымдар ,пайлар,акциялар және өзге де бағалы қағаздар , технологиялар ,машиналар ,жабдықтар, лицензиялар,несиелер,басқа да мүліктер немесе мүліктік құқықтар және интеллектуалдық құндылықтар»-деп анықтама берген.Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Ал , ҚР –ң «Инвестиция туралы » Заңында «инвестиция дегеніміз- инвестициялық қызметті жүзеге асырумен табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет обьектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлығы делінген».Қазіргі уақытта «инвестиция» термині әртүрлі мағынада қолданылады,солардың бірнешеуіне тоқталайық:Инвестиция –табыс немесе пайда табу үшін ақша қаражаттарын салу, табыс немесе пайда табу үшін сатып алынатын мүлік.Инвестиция -экономикалық жүйеде қызмет ететін капитал көлемінің ,яғни адамдармен құрастырылған өндіріс құралдарының ұсынылған мөлшерінің ұлғаюы.Инвестиция – ол өнеркәсіптің ,құрылыстың, ауылшаруашылықтың және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып жұмсалатын шығындар жиынтығы.Инвестиция –бұл жаңа технологияларды , материалдарды және басқа да еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндірістің ұлғаюына жіне жаңаруына жұмсалатын шығындар.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 156; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.014 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты