КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ГЛОСАРИЙ
1) қайталанбайтын кездейсоқ таңдау – бұл бас жиынтықтың элементі іріктемеге бір рет қана түсетін таңдау; 2) іріктемелік үлестіру – бұл белгілі бір іріктеме жоспары шеңберінде бағалауға қабылдай алатын барлық мүмкін мәндердің ықтималдылық үлестірілуі; 3) өлшеу – салмақты анықтау үдерісі. Іріктеменің элементтерін өлшеу –оларға анықталған салмақтарын беруді білдіреді ; 4) бас жиынтық – сипаттамасы бағалауға жататын талдаудың барлық бірліктерінің толық тобы; 5) талдау бірлігі - ол тікелей зерттеуге ұшыраған қалыптастырылған іріктемелік жиынтықтың элементтері; 6) аралық бағалау – бұл іріктемелі байқаудағы интервалды анықтайтын екі санды қалай есептеу керектігін көрсететін анықталған ықтималдықпен бағаланған параметрді көрсететін формула; 7) Математикалық күту – бұл барлық әрбiр нәтижедегi пайда болуы мүмкiн барлық iрiктеулердің жеке сипаттамалық орташа мәндерi, сонымен бірге ықтималдықтардың салмағы бар орташа өлшемдi мәні; 8) бағалау – бұл сандық мәні бар және сипаттаманың іріктемелі байқауларынан есептелген және бас жиынтықтың белгiсiз мәндерi бойынша ақпарат алу үшін пайдаланылатын шама; 9) кәсіпорын – тауарлар мен қызметтер өндіруші ретінде шығатын және бір немесе бірнеше мекемеден тұратын институционалдық бірлік; 10) қайталанатын кездейсок таңдау – ол бас жиынтықтың бір элементі іріктемге бір реттен көп түсе алатын таңдау әдісі; 11) іріктеме жоспары – бұл бас жиынтықты және іріктеме бірлігін және де ықтималды іріктеменің мүмкін дәрежесін анықтайтын ерекшеліктер жиынтығы; 12) параметр – бұл бас жиынтықтың жиынындағы барлық мәндерден есептелген шама. Яғни параметр дегеніміз бұл бас жиынтықтың сипаттамалық өлшемі; 13) стандартты ауытқу – бұл бас жиынтықтың өзгермелілігі көрсеткіштері; оның шаршылық мәні бас жиынтықтың дисперсиясы деп аталады; 14) респондент – статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері; 15) көрнекілік — іріктеме сипаттамасының тарату немесе бас жиынтықтың сипаттамасына жалпы сәйкес келуі. Көрнекілік анықталған іріктемені пайдалана отырып зерттеу нәтижелерін ол жиналып алынған бүкіл бас жиынтыққа қаншалықты жалпылауға болатынын анықтайды; 16) статистикалық байқау – статистикалық байқау объектісі бойынша алғашқы статистикалық деректерді ғылыми-ұйымдастырып жинау; 17) статистикалық тіркелім – статистикалық байқау объектісі бірліктерінің сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларымен қоса жүйеге түсірілген тізбесі; 18) іріктеме стратегиясы – бұл бағалау қызметі мен іріктеме жоспарының байланысы; 19) статистикалық бағалау – бұл іріктемелік бақылау нәтижелерін барлық бас жиынтыққа бағалау жасау үшін қолданылатын математикалық формула немесе ереже; 20) ығысу - математикалық күту мен алынған жиынтық параметрлерінің арасындағы айырмашылық. Егер ығысу нөлге тең болса онда бағалау функциясы жылжымаған болады; 21) Сипаттама – бұл іріктеменің және талдаудың әр түрлі элементтері үшін әр түрлі ықтимал мәндерге ие кез келген айнымалы непесе сапалы ерекшелік үшін жалпы термин. Іріктемелік зерттеуде іріктеме элементтері үшін бір немесе бірнеше сипаттаманы өлшейміз немесе бақылаймыз. Мінездеме ол бас жиынтықтың элементтерімен байланысты кіріс, жұмыспен қамтылу және т.б. кез келген айнымалы болуы мүмкін; сан ол сомасы, орташа мәні, медианасы немесе басқа шама болуы мүмкін. Сонымен қоса бас жиынтық үшін бағалағымыз келетін мәндер пайыздық қатынасы, стандатртты ауытқуы немесе кез келген басқа шама болуы мүмкін.
22)Статистикалық жиынтық – эксперимент нәтижелері болатын оқиғалардың жүйесі, қандай-да бір статистикалық заңдылықтар бойынша өзгеретін зерттелінген шаманың көрсеткіштерінің реті Мода – статистикалық топта ең жиі кездесетін варианта көрсеткіші. №1-Тақырып: Психология ғылымындағы «өлшем» ұғымы. Психологиялық өлшемнің қажеттілігі. Дәріс мақсаты: Зерттеу жүргізушілер арасында жаңа зерттеу тәсілдері мен техникаларын үйрету. Сұрақтар: 1.Сандық ұсыныстар. 2.«Шкала» ұғымы. Әдіснамалық нұсқау. 3.Құрылымдық және логикалық сызба: Эмпирикалық өлшем.
Психологияның философиядан бөлек ғылым саласы ретінде қалыптасу үшін экспериментті қолдану маңызды рөл атқарды. Эксперименталды психологияның қалыптасуына негізінен әсер текен көзқарастар: қайта өрлеу дәуірінен бастап, әр түрлі ғылым салаларында эксперименталды ойлар қалыптаса бастады. Эксперименталды психологияның дамуына шарттарды байланыстыру қажет болды: 1. Ғылыми ойлаудың дамуы. Яғни, жаңа мәселелерді тудыратын ғылыми ізденістердің қалыптасуы; 2. Зерттеу жүргізушілер арасында жаңа зерттеу тәсілдері мен техникалары енуі керек (психофизика, психофизиология); 3. Арнайы ғылымдық білімдердің және арнайы дайындығы бар адамдардың сол ғылым саласына келуі керек. Көрсеткіш, шама, деңгей түсінігі. Психологиялық құбылыстарды сандық өлшеу. Қайта өрлеу дәуірінен бастап эксперименттік ойлар қалыптаса бастады. Ағылшын ғалымы Ф. Бэкон – эмпиризмнің алғашқы өкілдерінің бірі. Ол ғылымның эффективті зерттеу әдісін қалыптастыруға басты назар аударып, эмпиризмнің алғашқы жаршысы болды. Геометрия мен жаңа механикаға бағытталған психологиялық теорияның сызбасын француз математигі, философы және жаратылыстану ғылымдарының зерттеушісі Рене Декарт (1596 - 1650) ұсынды. Джон Локк(1632 - 1704) ассоционист, ағылшын философы. Ол Декарттың рационалисттік көзқарастарына қарсы шықты. Дж. Локк психологияның дамуына принциптер енгізді. Гартли Д.(1705 - 1757) ағылшын ойшылы. Ол ассоциацияны психикалық өмірдің негізгі принциптері деді. Д. Гартли Локтың ассоциациялар идеясын дамытты, бірақ ол материалистік бағытты ұстанды. Гоббстыңайтуынша, инерция заңы бойынша түйсіктерден елестер туындайды, ал олардың бірігуі ойлауды қалыптастырады. Джон Миль (1773 - 1838). Ол Гартли теориясын одан ары дамытты. Ол психикадағы элементтер бір-бірімен ойлау арқылы қосылады. Ламетри(1709 - 1751) француз дәрігері. Ол Гартлимен сәйкес келетін көзқараста болды. Оның айтуынша, жан денеден бөлек емес, ал адам машина емес деп түсіндіргісі келді. Осы жерде ол Гартлимен келіспеді. Фехнердің 1850ж. «Элементы психофизики» деп аталатын еңбегі эксперименттік психологиядағы бірінші жазылған кітап. Ол түйсіктердің ажырату табалдырықтарын және осы табалдырықтардың логарифмикалық заңға байланысты екендігін көрсеткен. Гельмгольц (физиолог, әрі хируруг) «Физиологиялық оптика» еңбегінде физиологиядан психологияға тікелей қадам жаан. Ол көбіне эмоцияларды, сезімдерді қарастырады, және оларды зерттеу үшін өлшеу әдісін еңгізді. Сондай-ақ ол нерв импульстерінің жылдамдылығын өлшейтін прибор жасаған. Герниккеңістікті қабылдауды, температураны сезінуді зерттеген. Функционалды психологияның ең көрнекті өкілі Брэнтаноболды. Ол адамның белсенділігі идеясын ұсынып, оны элементтерге бөлшектеуге болмайтынын көрсетті. Ол бойынша әр белсенділік психикалық процесс мақсатқа байланысты қалыптасады. Брэнтано бойынша психология ғылымының пәні – акті ретінде көрініс беретін психикалық феномендер. Вюрцбург мектебінің негізін салушы – О. Кюльпе.Ол мектепте негізінен ойлау мәселесі зерттелінді. Негізгі зерттеу әдісі – интроспекция. Бұл мектеп – ойлау мәселелерін эксперименттік түрде шешуге тырысты. Кюльпенің пікірі бойынша, ойлау елестердің ағымы емес.
|