Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып: Реттік шкала.




 

Дәріс мақсаты: Мәліметтерді өңдеудің статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлерін сипаттау.

Сұрақтар:

1.Реттік шкала дегеніміз не?

2.«Көп емес» және «аз» реттік шкалалары және т.б.

Психологиялық зерттеулер нәтижесін өңдеу- эксперименталлды психологияның статистикасымен және логикасымен тығыз байланысты арнайы бөлім. Мәліметтерді өңдеу келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

· Алынған материалды реттеу;

· Мәліметтердегі қателерді және ескертулерді табу және жою;

· Тікелей қабылдаудан жасырын тенденцияларды, заңдылықтар мен байланыстарды айқындау;

· Эмпирикалық процесс барысында байқалмаған және күтілмеген жаңа фактілерді табу;

· Жиналған мәліметтердің дәлдігін және сенімділік деңгейін анықтау және солардың негізінде ғылыми негізделген нәтижені алу;

Статтитикадағы мәліметтер- талдауға жататын негізгі элементтер. Мәліметтер ретінде қандай-да бір популяция мүшелеріне тән қасиеттер немесе сандық қорытындылар болуы мүмкін, яғни өңдеу мақсатында категорияларға бөлініп, жіктелетін кез-келген ақпарат алынады. Мәліметтердің үш түрі бар: сандық мәліметтер, сапалық мәліметтер, реттік мәліметтер.

1. Саныдық мәліметтер нақыт өлшеу барысында алынады.

2. Сапалық мәліметтер қандай-да бір популяция немесе таңдау тобы элементтері қасиетінің сипаты.

3. Реттік мәліметтер-элементтердің өсу реті бойынша орналасақандағы сәйкес орны.

Мәліметтерді сандық және сапалық өңдеу түрлері бар. Сандық өңдеу- зертелінетін объектінің өлшенетін сипатымен жұмыс жасау. Сапалық өңдеу-объектінің мәніне оның өлшенбейтін қасиеттерін көрсету жолы арқылы ену.

Сандық өңдеу объектіні сырттай зерттеуге бағытталған, сапалық- оны іштей мазмұнды зерттеу. Сандық зерттеуде танымның аналитикалық құрамы басы болады, бұл жерде қолданылатын сандық әдістерге: корреляциялық талдау, факторлық талдау жатады. Сандық өңдеу математикалық-статистикалық әдістер көмегімен жүзеге асады.

Сапалық өңдеу танымның синтетикалық тәсіліне ие.сапалық өңдеудің нәтижесі объектінің көптеген қасиеті туралы интеграцияланған көзқарас.

Мәліметтерді алғашқы статистикалық өңдеу

Сандық өңдеудің барлық әдісін алғашқы және екінші деп бөлуге болады.

Алғашқы статистикалық өңдеу объект туралы және зертеу пәні туралы ақпаратты реттеуге мақсатталған. Бұл сатыда «шикі» материалдар топтастырылып қортынды кестеге енгізіледі. Алғашқы статистикалық өңдеудің негізгі әдістеріне: орталық тенденция мәндері және таралу өлшемі жатады.

=Жұп корреляциялық талдау нені анықтауға мүмкіндік береді?

Айнымалылар жұптары арасындағы корреляциялық тәуелділіктерді Айнымалылар арасындағы корреляциялық тәуелділіктерді Бір айнымалылар ішіндегі корреляциялық тәуелділіктерді Айнымалылар топтары арасындағы корреляциялық тәуелділіктерді Бір мезгілде көптеген айнымалылар арасындағы корреляциялық тәуелділіктерді

=Жиындық корреляциялық талдау нені анықтауға мүмкіндік береді?

Бір мезгілде көптеген айнымалылар арасындағы корреляциялық тәуелділіктерді Бір айнымалылар ішіндегі корреляциялық тәуелділіктерді Айнымалылар топтары арасындағы корреляциялық тәуелділіктерді Айнымалылар жұптары арасындағы корреляциялық тәуелділіктерді Айнымалылар арасындағы корреляциялық тәуелділіктерді

=Көпөлшемді корреляциялық талдаудың қандай түрі кең тараған? Факторлық талдау Дисперсиялық талдау Регрессиялық талдау Сызықтық корреляциялық талдау Көпөлшемді талдау

=Түзу корреляцияның ең жоғарғы коэффициенті мынаған тең +1 0 +2 +10 +5

= Кері корреляцияның ең жоғарғы коэффициенті мынаған тең

-1 -0 -2 -10 -5

=Сызықтық корреляция коэффициенті қалай белгіленеді? r R Х Н y

=Қандай шкала интервалдық деп аталады?

Оның мәндері арасындағы ара-қашықтықты бағалауға мүмкіндік беретін Айнымалылар арасындағы алшақтық коэфициенттерін санауға мүмкіндік беретін

Интервалдарға бөлінетін Индекстерді санауға мүмкіндік беретін Интервалдарды өлшеуге мүмкіндік беретін

= Қандай өлшейтін аспап реттік деп аталады?

Бір көрсеткіштердің басқалардан қаншалықты көп екендігін айта алмайтын Бір көрсеткіштердің басқалардан қаншалықты көп екендігін айта алатын Бір көрсеткіштердің басқалардан қаншалықты аз екендігін айта алатын Бір көрсеткіштердің басқалардан қаншалықты аз екендігін айта алмайтын

Көрсеткіштер бірдей мие дегенді айта алатын

=Реттік шкалаларға сызықтық корреляция коэффициентін қолдануға болады ма?

Жоқ Мүмкін Иә және жоқ Жеке жағдайларда Иә

=Реттік шкалалар жағдайында қандай корреляция коэффициентіне жүгінеді?

Рангтік корреляция

Сызықтық корреляция Регрессиялық корреляция Дисперсиялық корреляция Толық корреляция

=Спирмен бойынша рангтік корреляция коэффициенті қалай белгіленеді?

R r Х Н y

=Факторлық талдау нені анықтауға мүмкіндік береді? Эксперимент материалындағы ішкі өзара байланыстардың жиынтығы Эксперимент материалындағы мәліметтердің жиынтығы Эксперимент материалындағы сыртқы өзара байланыстардың жиынтығы Эксперимент материалындағы ішкі өзара байланыстардың жиілігін Эксперимент материалындағы ішкі өзара байланыстардың себептерін

=Дербес (жұптық) корреляциялық тәуелділіктердің жиынын түсіндіретін себептер былай деп аталады

Факторлар Корреляциялар Мәндер Себептер Тәуелділіктер

=Қандай психологиялық әдістеме факторлық талдау негізінде құрылған?

Р.Кеттел тесті Роршах тесті Розенцвейг тесті ТАТ тесті Hand-test

=Қандай факторлар бас факторлар деп аталады?

Факторлық жүктемелерінің барлығы нөлден өзгеше факторлар Жүктемелерінің біреуі ғана нөлден айтарлықтай өзгеше факторлар Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі нөлден өзгеше факторлар Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі нөлге тең факторлар Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі бірге тең факторлар

=Қандай факторлар жалпы факторлар деп аталады?

Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі нөлден өзгеше факторлар Жүктемелерінің біреуі ғана нөлден айтарлықтай өзгеше факторлар Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі нөлге тең факторлар Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі бірге тең факторлар Факторлық жүктемелерінің барлығы нөлден айтарлықтай өзгеше факторлар

=Қандай факторлар бірліктік факторлар деп аталады?

Жүктемелерінің біреуі ғана нөлден айтарлықтай өзгеше факторлар Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі нөлден өзгеше факторлар Факторлық жүктемелерінің барлығы нөлден айтарлықтай өзгеше факторлар Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі нөлге тең факторлар Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі бірге тең факторлар

=Эксперимент нәтижелері бар кестелер деген не?

Сандық және сапалық мәліметтердің көлденең және вертикал бойынша реттелген рамкаға алынған немесе рамкасыз жинақтамасы Сандық және сапалық мәліметтердің вертикал бойынша реттелген жинақтамасы Сандық және сапалық мәліметтердің көлденең бойынша реттелген жинақтамасы Сандық және сапалық мәліметтердің реттелген рамкаға алынған жинақтамасы Сандық және сапалық мәліметтердің реттелген рамкасыз жинақтамасы

=Эксперимент мәліметтерін көрсетудің графикалық тәсілі нені білдіреді?

Графикті Шеңберді Гистограмманы Сызықты Диаграмманы

=Жазықтықтықтағы график нені білдіреді?

Екі айнымалылар арасындағы тәуелділікті көрсететін сызықты Үш айнымалылар арасындағы тәуелділікті көрсететін жазықтықты Екі айнымалылар арасындағы тәуелділікті бейнелейтін жазықтықты Үш айнымалылар арасындағы тәуелділікті көрсететін сызықты Жазық график

=Кеңістіктегі график нені білдіреді?

Үш айнымалылар арасындағы тәуелділікті көрсететін жазықтықты Екі айнымалылар арасындағы тәуелділікті бейнелейтін жазықтықты Үш айнымалылар арасындағы тәуелділікті көрсететін сызықты Екі айнымалылар арасындағы тәуелділікті бейнелейтін сызықты Кеңістіктегі график

=Екіөлшемді графикті пайдаланған кезде көлденең сызық бойынша қандай айнымалының орналастырады?

Тәуелсіз айнымалыны Тәуелді айнымалыны Екіөлшемді айнымалыны Бірөлшемді айнымалыны Сызықтық айнымалыны

=Екіөлшемді графикті пайдаланған кезде вертикал сызық бойынша қандай айнымалының орналастырады?

Тәуелді айнымалыны Тәуелсіз айнымалыны Сызықтық айнымалыны Екіөлшемді айнымалыны Бірөлшемді айнымалыны

=Гистограммалар қандай болады?

Бағанды диаграммалар Дөңгелек диаграммалар Торлар Жазық диаграммалар Матрицалар

=Қандай жағдайда гистограмманың көлемдік ретінде бейнелейді? Егер де ол үшөлшемді кеңістікке сәйкес келсе Егер де ол бірөлшемді кеңістікке сәйкес келсе Егер де ол екіөлшемді кеңістікке сәйкес келсе Егер де ол көпөлшемді кеңістікке сәйкес келсе Егер де ол көлемдік кеңістікке сәйкес келсе

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді алғашқы статистикалық талдауоны шағымдалған түрде сипаттауға мүмкіндік береді және екі сұраққа жауап береді: 1) таңдау тобы үшін қандай мән тән; 2) мәнге қатысты мәілметтердің таралымы қандай.

Орталық тенденция мәндері- бұл айналасында қалған мәліметтер топталатын өлшем. Орталық тенденция мәндеріне: орта арифметикалық шама, мода, медиана жатады.

Орта арифметикалық шама(М)- бұл барлық мәндердің жиынтығын зерттелушілер санына бөлу.

Медиана(Ме)- алынған мәндер жиынтығының өсу реті бойынша орналастырғандағы ортаңғы мән.

Мода (Мо)- таралуда неғұрлым жиі кездесетін мән. Егер топтағы мәндер жиі кездесетін болса, онда мода жоқ деп есептелінеді. Егер үлестірімде екі мода болса беймодальды мода деп атайды.

Статистикалық жиынтық – эксперимент нәтижелері болатын оқиғалардың жүйесі, қандай-да бір статистикалық заңдылықтар бойынша өзгеретін зерттелінген шаманың көрсеткіштерінің реті , , , .
Варианта ( ) – статистикалық жиынтық топтың көрсеткіші, жеке зерттеудің нәтижесі.
Статистикалық жиынтықтың көлемі(N) - статистикалық жиынтық топтағы варианталардың, жеке зерттеу көрсеткіштерінің жалпы саны.
Жиілік( ) - әр вариантаның статистикалық жиынтық топта кездесу саны, барлық жиіліктердің жиынтығы зерттеу тобының көлеміне тең.
Негізгі жиынтық– статистикалық жиынтық негізінде эксперимент кезінде қасиеттері анықталатын, шексіз мүмкін болатын өлшеулер жиынтығы немесе адамдар тобы.
Жалпылау– статистикалық жиынтық топтан эксперимент көмегімен алынған ғылыми қорытындылардың негізгі жиынтық топқа қолданылуы.
Реттеу– статистикалық топ варианталарын талдау жеңіл болуы үшін көрсеткіштерінің өсу не азаю реті бойынша белгілі бір кезекпен орналастыру.
Топтау– варианталарды көрсеткіштерінің белгілі бір шектері бойынша интервалдарға біріктіру.


 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 340; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты