Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып: Психологиялық өлшемдердің түрлері.




 

Дәріс мақсаты: Критерийді қолдану мен нәтижелерді өндеу тәсілдерін үйрету.

Сұрақтар:

1.Психологиялық өлшемдердің әдістері.

2.Ранжирования әдісі.

3.Екі жұпты салыстыру әдісі.

4.Абсолютті бағалау әдісі.

5.Таңдау әдісі.

6.Гутманның шкалограммалы талдамы

Q – Розенбаум критерийі. Екі статистикалық топтың сандық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты бағалау. Мәліметтерді графикте бейнелеу. Критерийдің шектеулері. Критерийді есептеу алгоритмі. Сәйкестендіру және салыстыру есептерінің негізі. Көрсеткіштер арасындағы айырмашылықтарды анықтау. Статистикалық топты зерттелінген қасиеттерінің даму деңгейі бойынша бөлу. Статистикалық топтардағы деңгейлік көрсеткіштерді салыстыру. U – Манна-Уитни критерийі. Шағын статистикалық топтар арасындағы айырмашылықты анықтау. Критерийді есептеу алгоритмі. Мәліметтерді графикте бейнелеу.
Критерийді есептеу алгоритмі. H – Крускал-Уоллис критерийі.
Үш және одан көп статистикалық топтардың көрсеткіштерінің деңгейлері бойынша айырмашылықтарын бағалау. Критерийді есептеу алгоритмі. Мәліметтерді графикте бейнелеу. Критерийдің шектеулері. S – Джонкирдің тенденциялар критерийі. Көрсеткіштердің бір статистикалық топтан екінші статистикалық топқа ауысу кезіндегі өзгеру тенденцияларын анықтау. Критерийді есептеу алгоритмі. Мәліметтерді графикте бейнелеу. Критерийдің шектеулері.

=Шкала интервалдық деп аталады, егер де ... мүмкіндік берсе

 

Оның мәндері арасындағы ара-қашықтықты бағалауға Айнымалылар арасындағы алшақтық коэфициенттерін санауға Интервалдарды өлшеуге Индекстерді санауға Интервалдарға бөлінсе

=Қандай өлшейтін аспап мына жағдайда реттік деп аталады, егер де ол

Бір көрсеткіштердің басқалардан қаншалықты көп екендігін айта алмаса Бір көрсеткіштердің басқалардан қаншалықты аз екендігін айта алмаса Бір көрсеткіштердің басқалардан қаншалықты аз екендігін айта алса Бір көрсеткіштердің басқалардан қаншалықты көп екендігін айта алса Көрсеткіштер бірдей ме дегенді айта алатын

=Сызықтық корреляция коэффициентін реттік шкалаларға қатысты пайдалануға болады ма?

Жоқ Иә Иә және жоқ Жеке жағдайларда Мүмкін

=Реттік шкалалар жағдайында қандай корреляция коэффициентін пайдалану қажет?

Рангтік Сызықтық Толық Регрессиялық Дисперсиялық

=Спирмен бойынша рангтік корреляция коэффициенті

R r Х Н y

=Факторлық талдаудың көмегімен эксперимент материалындағы ненің бар екендігі анықталады?

 

Ішкі өзара байланыстардың жиынтығы Ішкі өзара байланыстардың себептері Сыртқы өзара байланыстардың жиынтығы Ішкі өзара байланыстардың жиілігі Мәліметтердің жиынтығы

=Дербес (жұптық) корреляциялық тәуелділіктердің жиыны былай деп аталады

Факторлар Тәуелділіктер Мәндер Корреляциялар Себептер

=Факторлық талдау көмегімен құрылған тест – бұл ... тесті?

Р.Кеттел Hand-test Розенцвейг тесті ТАТ Роршах тесті

=Бас факторлар деп мына факторлар аталады?

Факторлық жүктемелерінің барлығы нөлден өзгеше Жүктемелерінің біреуі ғана нөлден айтарлықтай өзгеше Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі бірге тең Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі нөлге тең Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі нөлден өзгеше

=Жалпы факторлар деп мына факторлар аталады?

Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі нөлден өзгеше Факторлық жүктемелерінің барлығы нөлден айтарлықтай өзгеше Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі нөлге тең Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі бірге тең Жүктемелерінің біреуі ғана нөлден айтарлықтай өзгеше

=Бірліктік факторлар деп мына факторлар аталады?

 

Жүктемелерінің біреуі ғана нөлден айтарлықтай өзгеше факторлар Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі нөлден өзгеше факторлар Факторлық жүктемелерінің барлығы нөлден айтарлықтай өзгеше факторлар Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі бірге тең факторлар Факторлық жүктемелерінің бір бөлігі нөлге тең факторлар

=Эксперимент нәтижелері бар кестелер – бұл сандық және сапалық мәліметтердің ... реттелген жинақтамасы

Көлденең және вертикал бойынша реттелген, рамкаға алынған немесе рамкасыз Рамкаға алынған Көлденең бойынша Вертикал бойынша Рамкасыз

=Эксперимент мәліметтерін көрсетудің графикалық тәсілі мына бейнеде

График Шеңбер Диаграмма Сызық Гистограмма

=Жазықтықтықтағы график қандай түрде бейнеленеді?

Екі айнымалылар арасындағы тәуелділікті көрсететін сызық Үш айнымалылар арасындағы тәуелділікті көрсететін жазықтық Жазық график Үш айнымалылар арасындағы тәуелділікті көрсететін сызық Екі айнымалылар арасындағы тәуелділікті бейнелейтін жазықтық

=Кеңістіктегі график қандай түрде бейнеленеді?

Үш айнымалылар арасындағы тәуелділікті көрсететін жазықтық Екі айнымалылар арасындағы тәуелділікті бейнелейтін жазықтық Үш айнымалылар арасындағы тәуелділікті көрсететін сызық Кеңістіктегі график Екі айнымалылар арасындағы тәуелділікті бейнелейтін сызық

=Екіөлшемді графикті пайдаланған кезде көлденең сызық бойынша мына айнымалыны орналастырады Тәуелсіз Сызықтық Екіөлшемді Бірөлшемді айнымалыны Тәуелді

=Екіөлшемді графикті пайдаланған кезде вертикал сызық бойынша мына айнымалыны орналастырады

Тәуелді Екіөлшемді Сызықтық Тәуелсіз Бірөлшемді

=Гистограммалар – бұл

Бағанды диаграммалар Дөңгелек диаграммалар Матрицалар Жазық диаграммалар Торлар

=Егер де гистограмманы көлемдік ретінде бейнелесе, онда ол қандай кеңістікке сәйкес келеді?

Үшөлшемді Бірөлшемді Екіөлшемді Көлемдік Көпөлшемді

=«Психологиядағы математикалық өңдеудер әдістері» кітабын жазған

Е.В.Сидоренко Р.Рунион

Г.В.Суходольский Колмогоров Стьюдент

=«Психологтарға арналған математикалық статистиканың негіздерін» жазған

Г.В.Суходольский Р.Рунион Е.В.Сидоренко Стьюдент Колмогоров

=«Параметрлік емес статистика бойынша анықтамалықты» жазған

Р.Рунион Стьюдент Колмогоров Г.В.Суходольский Е.В.Сидоренко

=Атауы бойынша жіктелетін шкала – бұл ... шкала

Номинативтік Интервалдық Сызықтық Тең қатынасты Реттік

=Объектілерді немесе субъектілерді өлшенетін қасиеттің өрнектелу дәрежесі бойынша жіктейтін шкаланың атауы

Тең қатынасты Реттік Сызықтық Интервалдық Номинативтік

=Төмендегі 5 критерийдің қайсысы параметрлік деп аталады?

Стьюденттің t-критерийі Т.Вилкоксон Критерий Медиана Дисперсия

=Төмендегі 5 критерийдің қайсысы параметрлік емес болып табылады?

Т.Вилкоксон Медиана Дисперсия Стьюденттің t-критерийі Критерий

=Дисперсиялық талдау – бұл ... талдау

Қандай да бір бақыланатын айнымалы факторлар ықпалындағы белгінің тұрақсыздығын Белгінің құбылмалылығын Белгінің тұраұқтылығын Қандай да бір бақыланатын айнымалы факторлар ықпалындағы белгінің тұрақтылығын Айнымалы факторларды

 

 

=Сипаттамалардың қайсысы қалыпты таралудың дұрыс анықтамасына сәйкес келеді?

 

Ондағы белгінің шектік мәндері айтарлықтай сирек, ал орташа шамаға жақындары айтарлықтай жиі кездеседі Ондағы орташа шамаға жақын мәндері айтарлықтай жиі кездеседі Ондағы орташа шамаға жақын мәндері қалыпты таралуға сәйкес келеді Ондағы белгінің шектік мәндері қалыпты таралуға сәйкес келеді Ондағы белгінің шектік мәндері айтарлықтай сирек кездеседі

=Нөлдік болжам – бұл … болжам

Айырмашылықтардың жоқтығы туралы Айырмашылықтардың маңыздылығы туралы Айырмашылықтардың көптігі туралы Айырмашылықтардың маңыздылығы туралы

Нөл туралы

=Балама болжам – бұл ... болжам

 

Айырмашылықтардың мәнділігі туралы Балама мәндер туралы Айырмашылықтардың жоқтығы туралы Айырмашылықтардың көптігі туралы Айырмашылықтардың маңызы туралы

=Балама болжамның тағы бір атауы бар. Қандай?

Эксперименталдық Әртүрлі Маңызды Маңызсыз Нөлдік

=Статистикалық критерий – бұл ... қамтамасыз ететін ереже

Ықтималдығы жоғары болжамның шынайысының қабылдануын және жалғанының қабылданбауын Ықтималдығы жоғары жалған болжамның қабылдануын Ықтималдығы жоғары шынайы болжамның қабылданбауын Ықтималдығы жоғары шынайы болжамның қабылдануын Ықтималдығы жоғары жалған болжамның қабылданбауын

=Психологиялық айнымалыларды ... деп есептеу керек

Кездейсоқ шамалар Кездейсоқ емес шамалар Орнықсыз шамалар Орнықты шамалар Психологиялық шамалар

=Белгінің мәндері біз ... көмегімен білеміз

Өлшеу шкалаларының Математикалық формулалардың Диаграммалардың Кестелердің Графиктердің

 

 

Психологиялық эксперименттерде екі, үш не одан көп статистикалық топтардың көрсеткіштерін өзара салыстыру міндеттері қойылады. Мысалы, денсаулығы жасқы балалардан науқас балалардың психологиялық жағдайының ерекшелігін, кәмелетке толмаған қылмыскерлердің психикалық ерекшеліктерінің қатарластарынан айырмашылығын, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жеке фирма қызметкерлерінің психикалық айырмашылықтарын, ұлттық сипатқа байланысты ерекшеліктерді, әр түрлі жастағы адамдардың ерекшеліктерін салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Зерттелетін көрсеткіш деңгейлеріндегі айырмашылықтарды анықтауда келесі әдістер қолданылады:
Розенбаум критерийі Q – қандай-да көрсеткіш деңгейі бойынша екі статистикалық топтың айырмашылықтарын анықтауда қолданылады. Эксперименттік топтың әрқайсысында 11 зерттелінушіден кем болмау керек.
Манна-Уитни критерийі U – қандай-да көрсеткіш деңгейі бойынша екі кіші статистикалық топтың айырмашылықтарын анықтауда қолданылады. Эксперименттік топтың көлемі аз болған кезде айырмашылықтарды анықтауда тиімді, мұндағы ≥3 немесе , және Розенбаум критерийінен қарағанда нақты нәтиже береді.
Крускал-Уоллис критерийі Н – қандай-да көрсеткіш деңгейі бойынша үш, төрт және одан да көп статистикалық топтардың арасындағы айырмашылықтарын анықтауда қолданылады. Бұл критерий көрсеткіштің топтан топқа ауысқандағы деңгейлерінің өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді, алайда өзгерістердің бағытын анықтамайды.
Джонкирдің тенденциялар критерийі S – үш және одан да көп статистикалық топтың көрсеткіштерінің топтан топқа ауысқандағы өзгерістерінің бағытын анықтауда қолданылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 265; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты