Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Шәкірттерге өз бетінше істейтін жұмыстарды ұйымдастыру.




Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін, өз бетімен есеп шығарудың ұйымдастырудың бірсыпыра артықшылықтары бар. Атап айтқанда, есепті өздігінен шығару оқушылар шығармашылық белсенділіктерін жандандырып, ынталанады, ойлау қызметін дамытады. Есеп шығару арқылы теориялық материалдарды қолдануға үйренеді. Оқушылардың өздігінен есеп шығаруын өрістетіп, олардың дербестігін одан әрі дамыту әр мұғалімнің міндеті. Оқушыларға қажетті нұсқаулар беріп, оқулықтағы тиісті тақырыптарды, анықтама материалдарды көрсетіп берілген есепті барлық оқушылар өздігінен шығарады. Төменгі сыныптарда бір оқушы шешуін түсіндіріп, нұсқау беріп отырады. Мұнда түсініктеме беруші оқушы орындалатын түрлендіруді, жасалатын талдауды, салуды қандай негізде жүргізетінін айтуы тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар есеп шығарғанда бұрыннан мәлім математикалық сөйлемдерге сілтеме жасау керек.

Мысалы: 3а2в*(2ав3) көбейтіндісін табыңдар. Мұғалім берілген мысалды тақтаға жазады да, қандай амал орындалатынын оқушылардың бірінен сұрайды. Содан соң барлық оқушылар есеп шығаруға кіріседі. Түсіндіруші оқушы орнынан: «3-ті 5-ке көбейтсек 15, а2-ты а-ға көбейтсек а3 шығады т.б.» деп жауап береді.

Оқушының айтқан түсініктемесін мұғалім тақтаға жазады. Бұл жағдайда, материалды меңгеріп үлгірмеген оқушы түсіндіруді зейін қойып тыңдап, осы типтес басқа есептерді өздігінен шығаруға ұмтылады. Дегенмен, оқушының есепті жай шығаруын ғана емес, орындалатын түрлендірудің мәнін түсінуіне, белсенді ойлауына көмектесу керек.

Берілген есепті жаппай шығару кей жағдайда тиісті нәтижелерге келтіре бермейді. Себебі, барлық оқушы бір ғана есепті шығара бермейді. Бұл есеп бір оқушыға оңай болып, өз қабілетін сарқа пайдалануға кедергі туғызас, енді бір оқушыға қиын соғып, есеп шығару ынтасын жояды. Сондықтан өз бетінше жұмысты әр оқушының шама-шарқына қарй есептерді жүйелеп, олардың жеке ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырады. Мұның түпкі мақсаты әр оқушының мүмкіндіктерін сарқа пайдаланып, қабілетін дамыту.

Оқушылардың өздігінен шығаратын есептерін дербестендірудің мақсаты оқушылардың математикалық даярлығы мен қабілеттерін ескере отырып, олардың жеке мүмкіндіктеріне қарай қиындығы әр түрлі есептер шығару. Мұнда баяу қабылдайтын, үлгерімі төмен оқушыларға шамасы келетін қарапайым есептерді шығартып, өз мүмкіндіктеріне сенім ұялатса, үлгерімі жақсы оқушылр неғұрлым күрделі есептерді шығарып қабілеттерін шыңдай түседі.

Математиканы оқытудың программаланған әдісін қолданғанда оқушылар жаңа тақырыпты толығымен өз бетімен меңгереді.

Математикаға қабілеті жоғары оқушылар факультативтік сабақтарда өз бетімен дайындап баяндама жасайды және эвристикалық оқыту әдісімен күрделі есептерді өз бетімен шығарады.

Математикалық үйірмеде жоғары сынып оқушылары математикадан баяндамалар мен рефераттар дайындайды.

Өздігінен шығарылатын есептердің, дайындалатын рефераттар мен докладтардың сапасын арттыру үшін:

-жұмыс алдында нұсқау беру;

-қолданылатын фориулалар, сөйлемдер тізбегі мен әдебиеттерді беру;

-орындалу ретін, мерзімін атап көрсету;

-жұмыстарды ұдайы сыныпта талап отыру пайдалы.

Өз бетімен жұмыстың оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда алатын орны аса зор.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Өз бетімен жұмыстың математиканы оқытуда алатын орны қандай?

Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру жолдары қандай?


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 223; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты