Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ОҚУШЫЛРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ




1. Математикалық қабілеттің анықтамасы.

Математикалық қабілеттердің негізгі компоненттері

Оқушылардың математикалық қабілетгерін дамыту

Математикалық қабілеттің анықтамасы.

Қабілет проблемасы - адамның жеке ерекшелік проблемасы. Егер барлық адамдардың жан - жақты дамуларының және білімді меңгерулерінің потенциялдық мұмкіндіктері бірдей бол-са, қабілет туралы мәселе қозгалмас еді. Әрбір адамның қабілеттері әртүрлі болады. Егер адам белгілі бір облыста (музыкада, хореографияда, сызба өнерінде ғана емес математикада да) қабілстті болмаса, оны мүлдем қабілетсіз деп есептеуге болмайды. Қабілет адамга туа бітпейді. Қабілет адам белгілі бір іс -әрекетпен шығулдану барысында бірте- бірте дамиды.

Белгілі ғалым психологтар, дені сау, психикасы дүрыс оқушыныц оқып білім алуға қабілетгері бар, әр оқушы орта білім алуға қабілетті, ал мүғалім оларды мектеп бағдарламасы көлемінде білім алуларына жәрдем беруге тиісті деп есептейді. Бұл мақсатқа жету жеңіл емес. Оқу үрдісін жақсы үйымдастырудің өзінде, оқушы барлық сабақты бірдей меңгере алмайды. Бұл оқушының жеке мүмкіндіктеріне және қабілеттеріне байланысты.

Сонымен оқушының білімі, білігі, дағдысы оқыту әдістерін жетілдіруге, мұғалімнің шеберлігіне ғана байланысты емес, ол оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты болып отыр.

«М атематикалық қабілет дегеніміз адамның математиканы саналы және терең меңгеруіне қажет ақыл ойының жеке психологиялық ерекшеліктері»

Оқушының математикалық іс әрекеті табысты болу үшін:

а) математиканы қызыға оқып үйрену керек;

э) математикамен айналысуға бейімділігі оны бар ынтасымен беріліп оқуға жалғасу керек;

б) математикамен айналысуға жеткілікті білімнің, біліктің, дағдының қоры болу керек;

в) айналысып отырған іс-әрекетіне сәйкес ақыл-ойының ерекшеліктері болу керек.

Математикалық дарындылық математикалық қабілеттің жоғары деңгейі. Математикалық таланты бар адамда басқа да түрлері болуы мүмкін. Математикалық таланты жоқ адамның басқа ғылым саласына таланты болуы мүмкін. Талантты адамның математикалық қабілеті болмауы мүмкін. Д.И.Менделеев математикадан, физикадаи өте жақсы баға алғанмен, тіл сабақтарынан нашар баға алған. А.С.Пушкин лицейде оқып жүргенде қанша еңбектенсе де математикадан «табысқа жете алмаған».

Г.Ревеш «математикалық талантгың өзіне тән ерекше қабілет бар екенінде ешбір математик күманданбайды», - деген айтты. Неміс психологы К.Струнң математикалық қабілет ерекшелігін жоққа шығарды. Академик Колмогоров: «математикалық табиғи дарындылық кез-келген адамға берілмейді, ешқандай қажымас еңбек табиғи дарындылыққа тең келмейді. Қажымас еңбек табиғи дарындылықпен біріккенде ғана зор қабілет береді, ал табиғи дарындылық қажырлы және табанды онысыз нәтиже бермейді», - деді.

Сонымен, дамуға мүмкіндік жасау үрдісінде әрбір ндамның қабілеттері айқындалады.

2. Математикалық қабілетгердің негізгі комноненггері Мектеп жасындағы балалардың математикалық қабілеттерін атақты ғалым психологтар Л.Н.Ланд, А.Пуанкаре, Ж.Пиаже арнайы зерттеді. Э.Торндайк алгебралық қабілетгерге:

символдарды қолдана білуді;

жалпылау мсн жүйелей білуді;

сандық қатынастарды формула түрінде жаза білуді;

формулаларды түрлендіруді;

теңдеулер құрып шеше білуді;

алгебралық есептеулер жүргізе білуді жатқызады. Э.Торндайктың келтірген қабілеттерінің көпшілігі білік игі дағдыға жатады.

Сондықтан, есепшығарудың басты мақсатгарының бірі оқушылардың ойлау қызметін дамыту. Демек, оқушылардыц ойлау қабілетін дамытуарқылы әр алуан салуларды, түрлендірулерді, есептеулерді орындауды, математикалық сөйлемдерді тұжырымдауды үйрету мен бірге, ойланып талдауға, математикалық фактілерді салыстыруға, ортақ немесе айрықша қасиеттерді көрсетуғе, дұрыс қорытынды жасауға үйрегу.

Математикалық ойлауды өрістету үшін оқушыларды қызықтыратын, ынтасын арттыратын есептерді қарастыру дұрыс. Ондай есептерге зерттеу элементтері бар есептер, логикалық есептер, ойын есептер, тарихи есептер, т.б. жатады..Есепті шығару жолындағы қателерді табуды бірте-бірте күрделендіре берсе, солғұрлым пайдалы болмақ. Мұндай есептерге математикалық софизмдер мен шытырмапдар жатады. Софизмдср мен шытырман есептерді шығару арқылы оқушылардың ойлауға, сын көзбен қарауға, бақылағыштыққа машықтанады.

Есен шығару барысында творчестволық қабілеттілік,Математикалық қасиеттерді дамытып өрістетуде беріліен есепті әр тәсілмен шығарып, ішінен ең қарапайым, тиімдісін таңдап

Үйренудің маңызы зор. Есеп шыгаруда оқушылардыц математикалық қабілеттерін арттыру жолдарының бірі оларды өздігінен есеп шығаруға машықтандыру. Есеп құрастыруды әуелі заңдарды колданудан бастап, бірте-бірте күрделендіре түскеп пайдалы.

Құрастырылған есептердің түрлея мынадай болуы мүмкін: |а) Оқушы 20 торкөз және 30 жолды дәптер сатып алди Ол барлығы қанша дәптер сатып алды?

э) Оқушылар біріпші күні 70түп ағаш, ал екінші күні бірінші күнгіден 10 түп ағаш артық отырғызды. Оқушылар бад лығы қанша түп ағаш отырғызды?

Оқушыларды есеп құрастыруға машықтандыра отырып құрастыратыи есептердің түрін өзгертіп беру дұрыс.

Есеп шығару оқушылардың еңбек сүйгшітіг, зейінділігін, ұқыптылығын, табандылығын жэне т. б.қасиетгерін тәрбиелеуге әсер етеді.Сонымсн біргс математикалық есептерді шығару ойлау тәрбиелеуге, ойын анық жеткізуге, қысқа сөйлеп, терең

ойлауға да ықпал жасайды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 381; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты