Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сабақты талдаудың педагогикалық аспекті.




Дәстүрлі сипаттаудағы бұл басты аспект мұғалім мен оның қызметін бағалайтын тексерушіні жалпы позицияларға бағыттайтын болғандықтан, өте айқын емес сипатта болады. Айқын еместік-кез келген шешуші сөздің басқарудың, дамудың т.б. сапасының өлшемді өте еркін анықталғандықтан, қалай болса солай түсінілуге бейімделген.

Мысалы, сабақтың тиімділігі бағасының критерийі В.И.Андреевтің жүйелеуінде қарапайым логикаға қарама-қайшы, тиімділік көрсеткішінен кейін тұрады.

Критерий дегеніміз-бағаның өлшемі, ол көрсеткіштің сапасын анықтайды. Бұл жерде керісінше-критерий көрсеткішті туғызады, яғни критерий арқылы берілетін оның өзіндік негізінен айырады. Солай болса да, қандай критерийлер ұсынылатынына назар аударайық: айқындық, жүйелілік, мақсаттылық. Автордың пікірінше, бұл мақсатқа жету дәрежесін анықтау үшін қажет. Қандай мақсатта, бұл мақсаттың сапасының өлшемі не, ол неге бағыттайды- осылардың барлығы жоспарлы анықталған болуы керек, бұл ретте оның ешқандай маңызы жоқ. Бұл жерде басты өлшеуіш процесінің мазмұны емес, керісінше процестің өзі, айқындық, жүйелік және т.б. Басқа критерий-сабақтың тығыздығы-ақпаратты-мазмұнның қанықтығы көрсеткішімен беріледі.Бұл қанықтылықтың өлшем бірлігі қандай, тапсырма қандай көлемде берілуі тиіс-осының барлығы көз жобамен анықталатын сияқты критерийлік дәрменсіздіктің апофеозы, сабақтағы қызығушылық, белсенділік және эмоционалдылық сияқты критерийлерге жүгінгенде жетуге болады. Бұл бір ғана критерий, соған қарамастан ол оқушылардың қызығушылық деңгейі, эмоционалдық көңіл-күйі және шығармашылық белсенділігі арқылы көрінеді.

Оқу процесінде басқару, оқытудың мақсаты, құралы, әдістері, мазмұны. Оқу міндеттерін шешу барысында тұлғаны дамыту. Мұғалімнің ұйымдастыру, коммуникативті, экспрессивті, практикалық әрекеттері.Мұғалімнің әдістемелік қабілеті, кері байланыстың түрлері. Негізгі дидактикалық қағидалардың сақталуы. Тәрбиелеуші, дамушы, оқыту мақсаттары және мұғалімнің іс-әрекеттері. Сабақтың белгілі бір формаларын, оның кезеңдерін таңдаудың мақсаттылығы, оқыту әрекеттерінің орындалуы. Мұғалімнің байқалған фактілерді себептік-тексеру қатынастарына қоя білуі. Сабақ барысында неге қол жеткізілді, алғашқы пікірге сәйкестігі. Мұғалім мен оқушының психологиялық прцестерінің белсенділігін арттыру тәсілдері.

Сабақтың педагогикалық аспектісі мынадай компоненттер арқылы толығырақ қарастырылуы мүмкін:

Тақырып немесе тақырыпша бойынша сабақтар жүйесіндегі сабақтың орны, мақсатты дұрыс қою.

Сабақтың ұйымдастыру:

А) сабақтың түрі; б) құрылымы; жекелеген элементтері, олардың жүйелілігі және уақытқа бөлінуі; сабақты оның мазмұны мен мақсатына сәйкес құру; в) сыныптың сабаққа дайындығы; г) оқушылардың сабақтағы белсенділігін ұйымдастыру; д) сабақтың тығыздығы; уақытты ұтымды пайдалану.

Сабақтың мазмұны:

а) материалдың ғылымилығы б) сабақтың әр түрлі кезеңдері және оқушылардың қызмет түрлері үшін материалдарды дұрыс таңдау в) сабақтың мазмұнының мұғалім жұмыс істейтін бағдарламаға сәйкес келуі; г) сабақтың тәрбиелеуге бағытталуы; д) практика мен теорияның байланысы; білімнің практикалық маңызын ашу; оқушыларды өз білімдерін практикада пайдалануға оқыту. Е) оқылатын материалдың өткен материалмен байланысы; қайталау тәсілдері. Ж) пәнаралық байланыстар; з) мұғалімнің тілі; сауаттылығы, эмоционалдығы, лексикалық байлығы;

и) оқушылардың білімінің, білігінің, дағдысының сапасы; к) рқушылардың тілі.

Сабақ өткізу әдістемесі:

А) құрал-жабдықтар, сабақтың барлық кезеңдерінде оқу құралдарын, дидактикалық материалдарды пайдалану; б) мұғалімнің сабақтың әрбір кезеңінде қолданатын әдістері мен тәсілдері; в) әдістердің сабақтың мазмұны мен мақсатына оқушылардың дайындық деңгейі мен жасына сәйкестігі; пайдаланылған әдістердің тиімділігі; г) оқушылардың алдына сабақтың мақсатын қою, қорытынды жасау; д) үлгірімі нашарлармен және артта қалушылармен жұмыс істеу; е) белсенді оқыту әдістерін икемдену; оны сабақта пайдаланудың мақсаттылығы; ж) білімді бағалау жүйесі, оның педагогикалық құндылығы.

Сабақтағы қарым-қатынас:

Ырғақ, қарым-қатынас стилі, сыныппен және жекелеген оқушылармен қарым-қатынас әдісі.

Оқушылардың сабақтағы жұмыстары мен мінез-құлқы:

А) сынып пен жекелеген оқушылардың белсенділігі; б) оқушылардың сабақтың материалдарына қызығушылығы; сабаққа көзқарасы; в) мұғалімге көзқарасы; г) тәртіптілік пен ұйымшылдық; д) оқушылардың сөзі, олардың сұрақтары.

Сабақ бойынша жалпы қорытындылар.

Сабақтың тәжірибесі сіздің алдағы жұмыстарыңызда қалай ескеріледі?

Сабақтың талдаудың психологиялық аспектісі.

Білім беру қызметінің төмендегі психологиялық компоненттері бағалауды қажет етеді:

Мұғалім мен оқушыларды мотивациялау. Оқушылардың жалпы белсенділік дәрежесі. Оқу әсердің немесе алуан түрлілігі тұрғысынан алғандағы сабақтың жекелеген кейбір мезеттеріндегі эмоционалдық жағдай. Жанталастық пен сабырлықтың кезектесудің негізділігі. Оқушылардың жүктемесін әрқайсының жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып саралау. Оқу процесіне қатысушылардың өзара қатынастарындағы психологиялық үйлесімнің немесе үйлеспеушіліктің болуы.

Шағын әлеуметтік топ ретіндегі сыныптың сипаттамасы, сыныптағы өзара қарым-қатынастағы, бағадағы, нормадағы басым атмосфера, мұғалімге және оқушыға қатысты негативтік және позитивті топтардың болуы.

Танымдық қызметтің мазмұны оқу материалының жүйелілігі және қарым-қатынастағы, психологиялық механизмдер мен логикалық әрекеттердің жүйесі, таным, талдау, ажырату, салыстыру, жалпылау, абстракция, индуктивті және дедуктивті тәсілдер және т.б.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 304; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты