Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сабақты құрылымдық талдаудың нұсқасы




Сабақтың мақсатын және міндетін бағалау.

Сабақтың типі.

Сабақтың құрылымы, оның кезеңдері (минут бойынша)

Оқушының сабақты ұйымдастыру кезіндегі психологиялық ахуалы.

Оқушылардың тірек білімдерінің көкейкестілігі

а) жалпылама сұрау

б) жеке жұмысты ұйымдастыру

в) ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру

г) дифференциалды-топтық сұрақ қою және басқалары.

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:

а) баяндау әдісі

б) эвристикалық әңгіме тәсілдерін қолдану арқылы проблемалы оқыту әдісі

в) кітаппен өз бетінше жұмыс

г) жаттығу әдістері және т.б. қолдану (егер ол бар болса)

Алынған білімді бекіту

а) үлгі бойынша оқушылардың әрекетін ұйымдастыру (репродуктивті)

б) оқушылардың өз бетінше шығармашылық әрекетін ұйымдастыру (продуктивті)

Сабақ бойынша оқушылардың білімін тексерудің қорытынды кезеңі (егер ол болса):

а)ауызша жұмыс

б) көмекшілердің көмегімен топтық жұмыс (ассисент)

в) бірін-бірі тексеруге арналған дифференциалды-топтық жұмыс

г) орындалған жұмыстар бойынша өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау.

Сабақтың қорытындысы:

а) сабақтың теориялық қорытындысын құрастыру (бүгін сабақта немен танысты)

б) оқушыларға берген жауабын және қойылған бағаны талдап, түсініктеме беру

в) үй тапсырмасы, оған түсініктеме беру.

Сабақты талдау бойынша қорытындылар:

Сабақ кезеңдерін ұтымды пайдалану.

Әрбір кезеңдерге уақытты ұтымды бөле білу.

Сабақтың типінің және құрылымының нәтижелігі.

Сабақ құрылымын жақсартуға және уақытты тиімді пайдалануға байланысты ұсыныстар.

Ескерту: Мұғалімдерге сабақтың құрылымын сабақтың мақсаты мен типіне байланысты басқаша құрылуы мүмкін екендігін ескертеді.

Сабақты қысқаша талдаудың нұсқасы

Сыныбы, оқушы саны, пән бойынша сыныптың дайындық деңгейі. Мұғалімнің аты-жөні, оның педагогикалық стажы.

Сабақтың тақырыбы.

Сабақ барысында шын мәнісінде қол жеткізген сабақтың мақсаты.

Мұғалімнің іс жүзінде шешімін тапқан дидактикалық және тәрбиелік міндеттері.

Сабақтың өткізілу әдісіне қысқаша сипаттама

Сабақтың типі.

Сабақтың белгілі кезеңдері.

Сабақ мазмұнының ғылыми, бірізділік, түсініктілік, қисындылық принциптеріне сәйкестілігі.

Оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастыру әдістері мен түрлерінің ерекшелігі, олардың тиімді ұйымдасуы.

Мұғалімнің тұлғалық ерекшелігі, оның оқушылармен қарым-қатынасы. Сабақтағы оқушылармен қарым-қатынас жасай білу стилі.

Оқыту барысында техникалық құралдарды мақсаттылықпен пайдалана білуі, оның сабақтың мазмұнымен байланысы.

Білімді, іскерлікті және дағдыны меңгергендігіне бақылау жүргізу (сабақтағы кері байланыс)

Сабақтың қорытындысын шығару. Білімді, іскерлікті, дағдыны бағалау.

Үй тапсырмасының көлемі және күрделілігі.

Сабақтың нәтижесін бағалау. Қорытындылар және ұсыныстар.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 322; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты