КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Педагогикалық практика туралыПедагогикалық практиканың мақсаты және мазмұны туралы. Студент-практиканттарға қысқаша нұскаулар. Сабақты талдау схемасы.
Педагогикалық практика студенттің оқу пәні дәрежесінде білім кеңістігін құрайтын және оның кәсіби біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік беретін маңызды сала. Педагогикалық практика мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында кредит санымен көрсетіледі және студенттің жеке оқу жоспарына енеді. Педагогикалық практиканың мақсаты: студенттерге жастарды оқыту және тәрбиелеуде мұғалімге қажетті білік пен дағды қалыптастыру. Педагогикалық практика кезінде әдістердің, психологтың, педагогтың көмегімен төмендегідей қабілеттерге ие болады: педагогикадан, психологиядан, математиканың әдістемесінен және арнайы курстардан алған теориялық білімдерін практикада қолданады; маектепте өз бетімен оқу-тәрбие жұмысын жоспарлайды және жүргізеді. Ата-аналармен жұмыс жүргізеді және оқушылардың тәрбие жұмысында кейбір проблемалардың шешуде белсенділік көрсетеді; мектеп оқушылары ұжымның өміріне арналсын, сыныппен және ата-аналармен белсене жұмыс істейді; мектеп оқушылары ұжымының жинаған тәжірибесін бақылайды, талдайды және қорытындылайды. Педагогикалық практика студенттерді болашақ мамандыққа дайындауда алатын орны зор. Студенттер: а) институтта алған білімдерін бекітеді және тереңдетеді; ә) педагогикалық мамандыққа сүйіспеншілігі орнығады; б) педагогика саласында ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылық туындайды; в) курстық және дипломдық жұмыстарға материал жинайды, эксперимент жүргізеді. Педагогикалық практика уақытында студенттер мектеп ұжымының жұмыстарының барлық салаларына қатысты тапсырмалар орындайды. Мұндай тапсырмаларды орындау студенттердің мектеп жұмысымен терең танысуларына мүмкіндік жасайды, алғашқы педагогикалық дағдыларын қалыптастырады, теориялық білімдерін жетілдіреді және педагогикалық ғылымдар саласынан, оның ішінде математиканың әдістемесінен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге ынталандырады. Студент-практиканттар сабақтың төмендегідей түрлерін жүргізіп үйренулері керек: а) оқушыларды жаңа материалмен таныстыру сабағы; ә) оқушылардың білім, білік және дағдыларын бекіту сабағы; б) оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерк сабағы; в) жаттығу сабағы; г) аралас сабақтар және т.б. Студент-практиканттарға қысқаша нұсқаулар: Мұғалім сынып бөлімесіне оқушылар орындарына отырғаннан кейін кіреді. Сынып бөлмесінің тазалығы және сыныптың сабаққа дайындығы тексеріледі. Сыныпта жұмыс атмосферасы жасалғаннан кейін оқушыларға сабақ жоспары айтылады. Үй тапсырмасы тексеріледі. Жаңа сабаққа дайындау мақсатында жаттығулар шығарылады. Жаңа материалдарды түсіндіргенде өткен тақырыппен логикалық байланыс жасайды. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын дамыту үшін проблемалық сұрақтар, тарих элементтері, өз бетімен жұмыс т.б. қолданыланады. Үнемі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлінеді. Есеп шығарғанда, оны шешудің тиімді жолын іздеу дағдыланады. Сабақты күнделікті қорытындылаудың және бағалаудың маңызы зор. Оқушылардың келешектегі белсенділігі олардың білімдерін әділ бағалау мен үйге берілген тапсырманы орындауға бағыттау жұмыстарына байланысты. Сабақты талдау схемасы. Мектеп, сынып, сабақ, студент-практиканттың не мұғалімнің аты, фамилиясы. Сабақтың тақырыбы, сабақтың оқу-тәрбие мақсаттары, сабақ түсіндірудің жүйелілігі, қойылған мақсатқа жетуде оқушылар ұжымын ұйымдастырудың дұрыстығы. Сабақты ұйымдастырудың бастапқы моменті: а) мұғалімнің сабаққа дайындығы (сабақ конспекті және толық сабақ жоспары, көрнекі құрал-жабдықтары және т.б. бар болуы) ә) оқушылардың сабаққа дайындығы ( кезекшілік, оқушылардың сабаққа қажетті дәптерлері, оқулық, оқу құралдары және т.б. болуы) б) сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы (тазалық, тақта, бор және т.б.) Сабақтың ұйымдастыру құрылымы: а) сабаққа лқушыларды түгел жұмылдыру; ә) сабақтың оқу материалының мазмұнына сәйкестігі; б) сабақты жүргізу темпі; в) мұғалімнің сыныппен қарым-қатынасы; г) сабақ уақытындағы оқушылардың белсенділігі. Сабақтағы оқу материалының мазмұнын талдау: а) оқу материалының ғылымилығы; ә) оқушылардың білім деңгейі бағдарламаға сәйкестігі; б) практикалық және теориялық материалдың сәйкестігі; в) оқу материалдарының жүйелілігі; г) сабақ материалдарының тәрбие мақсатына сәйкестігі; д) өмірмен және практикамен байланыс. Сабаққа қойылатын жалпы педагогикалық және дидактикалық талаптардың орындалуы. Мұғалімнің іс-әрекеті. сабақтағы оқушылардың іс-әрекеті. Сабақты бағалау: а) сабақ жоспарының орындалуы; ә) сабақтың мақсатына жетуі; б) сабақтың міндетінің орындалуы в) ерекше үлгі аларлық мәселелер; г) сабақты қайталап өткізгенде қандай өзгерімтер енгізуге болады? қорытынды жасау және баға қою.
өзін-өзі тексеру сұрақтары: Педегогикалық практиканың мақсаттары қандай? Студент-практиканттарсабақтың қандай түрлерін жүргізіп үйренулері керек? Сабақ талдау схемасы қандай?
|