КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және оның негізгі түрлері.Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстардың жүйесін айтамыз. Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды екі түрге бөлуге болады. Бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар. Математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне асқан қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар. Бірінші бағыт әр түрлі себептермен (оқушылардың ұзақ ауруына байланысты, бір мектептен басқа мектепке ауысуына байланысты т.б.) білім деңгейі, біліктілігі төмендеген оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды 3-4-тен топтастыра бөліп алып, сабақтан тыс уақытта қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі. Қалыс қалған оқушылармен дайындық, мүмкіндігінше жүйелі түрде (аптасына бір немесе екі рет) әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Қайталау жасалғаннан соң, оқушылардың білім деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қорытынды бақылау жүргізіліп, әр тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу себептерін анықтап, жиі жіберетін қателіктерге талдау жасауы керек. Екінші бағыт: а)оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру; ә) бағдарламада қамтылған сұрақтарды тереңірек және кеңірек оқыту; б) оқушылардыңматематикалық ойлауын тереңдету; г) ғылыми-көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен пайдалана білуге үйрету; д) математиканы ғылыми мен техникада, өмірде пайдалана білу т.б. мақсаттарға жетуін көздейді. Екінші бағыт бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың төмендегідей түрлерін атауға болады: математикалық үйірме; математикалық викториналар, конкурстар; математикалық олимпиадалар; математикалық кеш; Математкалық экскурсия; Математикалық рефераттар мен шығармалар жазу; математикалық рефераттар оқу; математикалық қабырға газеті. Математикалық үйірме, әдетте оқу үлгерімі жақсы оқушыларды қамтиды. Нашар оқитын оқушылар қатысқысы келсе, оларға да үйірме есігі ашық болуы керек. Үйірмеге қатысатын оқушылар саны 20-25 болғаны қолайлы. Үйірменің алғашқа отырысында оның төрағасы сайланып, үйірме мүшелердің құқықтары мен міндеттері келісілуі керек. Үйірме отырысын ыңғайына қарай аптасына 1 сағаттан 1 рет немесе 1 айда 2 рет өткізуге болады. Үйрме отырыстары еркін пікір алмасу жағдайында, белсенді пікірталас түрінде өткізілгені өте тиімді. Математика үйірмесінің мазмұны төмендегідей мәселелердің қамтуы керек: Жалпы білім беретін теориялық баяндамалар. Математика тарихынан хабарлар. Ұлы математиктердің өмірі мен қызметі. Қызықты және логикалық есептер шығару. Қолданбалы есептер қарастыру. Көрнекі құралдар дайындау. Қабырға газетін шығару. Логикалық және қиынырақ есептер шығару. Математикалық кеш өткізуге дайындық жүргізу. Оқушыларды математикалық жаңалықтармен таныстыру. ІҮ, ҮІІ сыныптардағы үйірме жұмыстары мен математикалық кештер оқушыларға ерекше қиындық келтірмейтіндей, олардың ғылымилығынан гөрі қызықтылығы басым болуы қажет. Үйірме жұмысының әрбір екі сабағына арналып көлемді бір газет шығарылады. Ол негізінен екі бөлімнен тұрады. Оның бірі мектеп оқушыларына жаңа фактілерді баяндап, жаңа білім беруге арналса, екінші бөлімі ойландыруға, белгілі бір сұрақтарға жауап беруге талпынуға баулиды. Үйірме жұмысының барысы туралы күнделік жүргізіледі. Оны альбом түрінде көркемдесе де болады.
|