КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мейдзи-син революциясы 1 страницаСтр 1 из 8Следующая ⇒ Жапонияда буржуазиялық революцияның пайда болуына себептер-ол, әлеуметтік-саясат күштерінің революцияның жасалуы нәтижесінде болды. Революциядан бұрын Жапонияда тек кәсіпкерлік өндірісі, үйдегі және монуфактуралық өндірістері болды. Сол кезде экономикада маңызды роль атқараға буржуазияның сауда-өсімқорлық әрекеті болды. Алғашқы әлеуметтік қозғалыстың сипаты-ол, жапондық дворяндар арасынан үкіметке қарсылық әрекетін көрсетті. Халықтың негізгі ереулдігіне сегунаттың дәрменсіздігі болды. Олар сырттан келетін басқыншылыққа төтеп бере алмады. 1865 жылы Англия, Франция, АҚШ, Голландия үнемі реттік саясаттық жұмысты жүргізу нәтижесінде Жапониядан сауда шартына келіуге қол жеткізді. Содан Жапония жартылайотарлық мемлекетке айналды. Осы аталған елдердің бұйыдарын сатып алуға міндетті болды. Буржуазиялық мемлектті орнату жолында буржуазиялық экономикалық реформалары жүргізілді, атап айтқанда: -монаполялық цехтары таратылды-цехтар және гильдалар, сонмен қатар оған байланысты сауда және кәсіпкерлері қысқартылды; -буржуазиялық еркіндігі жарияланды: жерді еркін сатып алу- сату, мамандықты таңдау, тұратын жерді таңдау және т.б.; -заң алдына барлық сословиелердің формальды түрде тең екендігі туралы енгізілді; -жерге деген жеке меншік құқығы орнатылды (жер иелері оның иесі болды); -жерге деген біртұтас салығы енгізілді, ол бұрынғы феодалдың бірнеше рет жинайтын алымды ауыстырды; -барлық ішкі кедендер жабылды. 1872 жылы жалпыға бірдей білім беру заңы қабылданды. Саяси салада мыналар болды: -құқыққа қайшы жаслған жасалған шарттар жойылды; -армия германияның үлгісі бойынша қайта қалыптасты, ал флот ангшлияның үлгісі бойынша; Самурайлар –офицерлік лауазымға ие болар кезде ерекше көңіл бөлуіне ие болды. Мемлекеттік басқаруда: княздық билігі жойылды, оның орнына префект болды. Кейбір салар бойынша министрліктер құрылды.
1867 ж., қазан айында Жапонияда Мейдзи иси (Мейдзи) революциясы басталды. Бұл революцияның мақсаты, император билігін орнату үшін сегундық билікті жою болды. Императорды қолдаушылар әскери мобилизациясын жариялады. 1868 жылы императопрдың атынан, қозғалыстар басшысы сегундық үкіметтің құлағаны туралы жария етті. Сегун оған қарсы өзіне сенімді әскерін жіберді , бірақ жеңіліске ұшырады. 1868 жылы сегун тізе бүкті. Билік импраторды жақтаушылардың княздар мен самурайлардың қолына көшті. Революцияның нәтижесінде феодалдық жүйе жойылып оның орнына орталықтандырылған буржуазиялы-помещик мемлекеті қалыптасты. 12. Жапониядағы модернизация үдерісінің қайшылықтарын атап беріңіз Өркениет және модернизация (жаһандану аясында) - қазіргі жаһанданушы әлемде әлемдік және жалпы планеталық дамудың басым үрдістері айқындалуда. Бұған қатарласа әрі бір мезгілде өздерінің әлеуметтік- экономикалық және технологиялық дамуында артта қалушылықтан арылуға талпынатын көптеген елдерді және тұтастай аймақтарды қамтитын, модернизация процесі жүруде. Жағдайдың шынайы бағытында бұл екі процесс те - модернизация мен жаһандану - оншалықты астасып, қабысып кетті, бүгінгі күні олар өзара біртұтас, ортақ процесс ретінде танылуда. Модернизацияныц қорытындылары мен мазмұны болашақ ғаламдық әлемнің бағыты мен қалыптасу қисынын анықтайды. Өз кезегінде, қарқынды жаһандану модернизациялық процестің классикалық үлгісінің бейнесін әзгерте отырып, оған елеулі түзетулер енгізуде. Екі феномен де үдеп бара жатқан өзара тәуелділікпен ғана емес, сонымен қатар, әлемдік қауымдастықты адамзат жасаған өркениетті сақтап, үкілеуге ұйыстыратын идеясымен өзара тығыз байланысты. Өркениет деп мыналар түсініледі: 13. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония қосып алған территориялық иеліктерді атаңыз Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония қосып алған территориялық иеліктерді атаңыз 20 ғасырдың басында Жапония дамыған ірі капиталстік елге айналып,басқыншылық саясат жүргізді.Елді билеушілер тобында әскерилердің ықпалы күшейіп,экономиканығ дамуы соғыс талаптарына бағытталды.Сыртқы саясатта Жапония Англиямен жақындасып,оның ықпалында болды.Ең алдымен,ол Қытайды бағындыруды көздеді.Жапония 1914жылғы тамызда Германияға соғыс жариялап,Тынық мұхит пен Қытайдағы неміс иеліктерін басып алды.Келесі жылы Қытайға 21талап ұсынып,оның әскери,саяси,қаржы салаларына үстемдік жүргізе бастады. Соғыс жылдары отарларды қанау арқылы жапон буржуазиясы одан әрі байи түсті.Елде әскер жағдай енгізіліп,қалың бұқараның тұрмысы айтарлықтай нашарлады1917-1918жылдары нан жетіспей,азық-түліктің бағасы жоғарылай берді. 1918жылдың тамыз және қыркүйек айларында Жапонияның 36префектурасында ашыққан тұрғындардың қозғалысы басталды.Жапон тарихында бұл қозғалысты “күріш бүліншілігі” деп атайды.Ашыққан халық көшелерге шығып,күріш сататын дүкендерді,күріш қамбаларын,күріш сататын саудагерлердің үйлерін қиратып,ойран салды.Ызаланған халық өсімқорлардың,ірі кәсіпкерлердің үй-жайын қиратып,қамбалардағы күріш қорларын басып алып,бөліске салды.Көтерілісшілердің ұйымдастыру комитеттері күріштің және басқа тағамдардың қымбатшылығын әшкерелеп,олардың бағасын арзандату талабын қойды. “Күріштің бүліншілігі” Жапониядағы 144 қаланы қамтыды.Әсіресе Осака қаласындағы халық толқулары өзінің жойқындығымен ерекшеленді.Осы қаланың Нискуоно ауданында жиылған 20 мың көтерілісші өзіне қарсы шыққан полиция тобын таспен атқылап,мәшинелерін өртеп жіберді.Бір күннің ішінде Осака қаласындағы көтерілісшілер 250-ден астам қамбаны қиратты. “Күріш бүліншілігі” Жапония халқының стихиялық түрде өткен наразылығын байқатып,саналы қозғалыстардың өршуіне жол ашты. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония қатты күшейді.Оның өндірісі,әсіресе әскери техника,металл өндіру,машина жасау,хиимя салалары өсе түсті.Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы беделі нығайды.Версаль конференциясында Жапония бұрын Германияға қараған Қытайдың Шаньдун түбегін,Тынық мұхиттағы Каролин,Маршалл,Мариан аралдарын өзіне бекітіп алды.Ресейдің құрамныдағы Приморье,Солтүстік сахалин жерлері 1922-1925 жылдары Жапония қарамағында болды.Тайваньдағы,Кореядағы отарлау саясаты қылыштың күшімен жүргізілді. АҚШ пен Қытай бұған көнгісі келмеді.1921-1922 жылдары Вашингтон конференциясында Жапония біраз шегініс жасауға мәжбүр болып,Шаньдунннан бас тартты.Оның әскери-теңіз флоты шектелді. 1924-1932 жылдары елді Сэйюкай,Минсэйто,Каккусин,Курабу сияқты саяси партиялар басқарып келді.Төменгі палатаның беделі өсіп,жоғарғы палатаны қалыптастыруда императордың ықпалы төмендеді.1925 жылы заң бойынша сайлауға қатысушылар саны көбейіп,бұл халықтың 16процентын құрады. Өкімет жұмысшылар және кедей шаруалар қозғалысын 1923 жылғы қарашадағы жойқын жер сілкінісіне байланысты шараларды пайдалана отырып,басып тастады. 1920 жылдардың екінші жартысында Жапония билеушілері озбырлық саяси бағыт ұстанды.Ең алдымен,олар Қытайды әлсіретіп, оны тұтас өзіне қаратып,содан кейін басқа елдерді бағындыруды көздеді.Ол үшін әскери күшін,теңіз флотын ұлғайтуға кірісті. 1929-1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдары Жапония да біраз қиыншылықты бастан кешірді.Қытайдағы ішкі тартыстар мен бытыраңқылық жапон империалистерінің басқыншылық әрекетіне жеңілдік туғызды.Жапония 1932 жылы Қытайдың Солтүстік-Шығыс өлкелерінде Маньчжоу-го қуыршақ мемлекетін құрып,оны өз қамқорлығына алды.Бұл жерде жапон қарулы күштері шоғырланып,шекаралас КСРО және МОңғол Халық Республикасына қауіп төндірді.Жапонияның осындай үстем саясат жүргізуіне басқа елдердің Қытайдағы қимылдары да көмектесті.Чан Кайши үкіметіне қарсы болып келген Мәскеу 1927 жылы Шығыс Қытай теміржолын Жапонияға сатып жіберді. 1920-1930 жылдар арлағындағы экономикалық дағдарыс өрістеп көптеген кәсіпорындар жабылып,жұмыссыздық жаппай белең алды.Шаруалардың жағдайы нашарлады.Елде саяси күрес күшейе түсті.Ол жұмысшылар мен қала тұрғындарының ереуілдерімен ғана тынбады.Ұлтшылдыққа,лзбырлыққа құныққан орта топтар,әсіресе төменгі сатыдағы әскери топтар сыртқы және ішкі саясатты күшейту,керек болса фашистік тәртіп орнату талаптарын көтерді.Төмегі шендегі офмцерлер ереуілдері мен бүліктері өкіметті алаңдатпай қоймады.1936 жылы осындай қақтығыста премьер-министр Сайто қаза тапты.Жаңа үкімет жаппай қарулану,Жапония мен Маньчжурияны қорғау жоспарын бекіту,үкімет мүшелерін қорғау,т.б шараларды қолға алды.Бұлар Жаңа экономикалық құрылым және Жаңа саяси құрылым деп аталған бағдарламалардың негізін қалады. Жапонияның Қыатйдағы табыстары көп елдерге ұнамады.Бұл Ұлттар Лигасында әшкереленді.Сондықтан Жапония 1933 жылы ол ұйымнан шығып кетті. Жоғарыда аталған бағдарламаны 1937 жылы үкіметті басқарған князь Каноэ іске асыруға бел байлады.Саяси партиялар жабылып,демократтар қамаға алынды.Сөйтіп ұлттық бірлікке жету ойластырылды.Таққа көмектесу қауымдастығының мақсаты жаңадан таққа отырған императорды мадақтау,оған табыну болды.Озбырлық саясат ұстаған Жапония Германия мен Италияға жақындасты.Каноэ үкіметі 1937 жылғы 7 шілдеде Қытайға қарсы үлкен соғыс ашып ашып,оның ішкі аудандарын жаулап алды.1939 жылы жапон әскерлері Моңғолияға шабуыл жасады.Бірақ Біріккен МОңғол-Кеңес қарулы күштерінен қатты соққыға ұшырап,кейін шегінуге мәжбүр болды. 1940 жылы Франция мен Голландия Германиядан жеңіліп қалғанда,жапон үкіметі Үндіқытай мен Индонезия аралын,Малайзия мен Сингапурды өзіне қаратуға кірісті.1940 жылғы 27 қыркүйекте Жапония,Германия,Италия “Үштік пакт” аталған соғыс одағын құрды.1941 жылы сәуір айында Жапония мен КСРО 5 жылдық бейтараптық шартқа қол қойды. 14. Модернизацияның жапондық моделін сипаттаңыз. Өркениет және модернизация (жаһандану аясында) - қазіргі жаһанданушы әлемде әлемдік және жалпы планеталық дамудың басым үрдістері айқындалуда. Бұған қатарласа әрі бір мезгілде өздерінің әлеуметтік- экономикалық және технологиялық дамуында артта қалушылықтан арылуға талпынатын көптеген елдерді және тұтастай аймақтарды қамтитын, модернизация процесі жүруде. Жағдайдың шынайы бағытында бұл екі процесс те - модернизация мен жаһандану - оншалықты астасып, қабысып кетті, бүгінгі күні олар өзара біртұтас, ортақ процесс ретінде танылуда. Модернизацияныц қорытындылары мен мазмұны болашақ ғаламдық әлемнің бағыты мен қалыптасу қисынын анықтайды. Өз кезегінде, қарқынды жаһандану модернизациялық процестің классикалық үлгісінің бейнесін әзгерте отырып, оған елеулі түзетулер енгізуде. Екі феномен де үдеп бара жатқан өзара тәуелділікпен ғана емес, сонымен қатар, әлемдік қауымдастықты адамзат жасаған өркениетті сақтап, үкілеуге ұйыстыратын идеясымен өзара тығыз байланысты. Өркениет деп мыналар түсініледі: 15. ХVІІ ғ. екінші жартысы – ХVІІІ ғ. бірінші жартысындағы Осман империясының әлеуметтік-саяси жағдайын сараптаңыз Осман империясында XVII-XVIII ғғ. Феодалдық қатынастардың дамуында жаңа заманға тән өзгерістер жүріп жатты. XVII ғ. Ортасынан бастап жер иеленудегі сипахилік жүйенің ыдырауы тереңдей түсті. Сипахилердің жер иеліктерінен айырыла бастауы әскери күш қуатының, жергілікті және орталық өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болды. Осыған байланысты түріктердің еуропалық иеліктеріндегі билігі біртіндеп қысқарып, соғыстан түсіретін табыстары азая бастады. Осман империясының билеуші топтары басқыншылық соғыстарды жалғастыра отырып, жер иеленудің бұрынғы тәртіптерін қалпына келтіруге, сипахилердің жер иеліктерін сақтап қалуға тлырысып бақты. Бірақ жүргізілген басқыншылық соғыстар, керісінше, елді одан әрі шығынға батырып, дағдарысқа ұшыратты. Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, елді ашаршылық жайлауы, янычарлар көтерілісі, сарай төңкерістері мен өздері жүргізген басқыншылық соғыстарда жэеңіліске ұшырауы империяны күйзелтті. Түріктерге бағынышты мұсылман жіне мұсылман емес халықтардың азаттық күресі күннен күнге өрши түсті. Әсіресе түріктерге қарағанда шаруашылық пен қоғамдық дамуы жоғары сатыдағы еуропалық иеліктеріндегі халықтардың ұлт азаттық қозғалыстары империяның іргесін шайқалта бастаған еді. Түрік билеуші топтары империяның әскери күш қуатын қайтадан қалпына келтіруге тырысып, басқыншылық соғыстарды жалғастыра берді.XVII ғ бірнеше рет тәскери, яғни сипахилік жер иелену жүйесін сақтап қалуға, сипахи әскерінің жауынгрелік қабілетін арттыруға әрекеттер жасалды. Бірақ бұл шаралар оң нәтиже берген жоқ. Жаңа әскери жорықтар түрік феодалдарына орасан үлкен аумақтар мен жаңа табыстар әкелудің орнына, елдегі күйзелісті күшейтіп, Осман империясының одан әрі құлдырауына себеп болды. Осман империясы XVII ғ екінші жартысында жүргізген соғыстардан күш қуаты әлсіреп, жерінің көп бөлігінен айырылды. Осман империясының қол астындағы үш бірдей құрлықтағы мемлекеттер мен халықтардың әлеуметтік және экономикалық дамуы әр түрлі деңгейде болды. Империяның Анадолы аймағы мен Балқан түбіндегі халықтарды ауыл шаруашылығы жақсы дамыды. Шаруалар феодалдарға ауыр салықтар төлеуге мәжбүр болды. Салықтарды төлей алмай, қала тұрғындарының көбі босқын болып, нәтижесінде қолөнершілікпен айналысып, қала халқының саны өсті. Сауда дамыды. Бұл негізінен Стамбул, Измир, Александрия сияқты теңіз сауда порттары арқылы Еуропа, Азия және Африка елдерімен сауда бауланыстарын жүргізді. 16. ХVІІ ғ. екінші жартысы – ХVІІІ ғ. бірінші жартысындағы Осман империясының сыртқы саяси жағдайын талдаңыз I Петр кезінде Ресей мемлекетінің күшеюіне байланыстыф, оның Еурочпа елдерін ықпалы нығая түсті. Орыс мемлекетінің Балқан халықтарына қолдау көрсетіп, көмек беруі түріктердің бұл жердегі саясатына нұқсан келтірді. Еуропадағы билігінен айырылғысы келмеген түріктер XVIII ғ Ресеймен және Австриямен соғыс жүргізді. Бұл түріктердің еуропалық иеліктеріндегі тұрғындарының наразылығын күшейтті. XVIII ғ екінші жартысында Осман империясының халықаралық жағдайы оның нашарлай түсті. Сұлтан үкіметі сыртқы саясатында дербестіктен айырылып, еуропалықтардың үстемдігіне бағынца бастады. 1768-1774 ж орыс түрік соғысы Осман империясының сыртқы саясатта беделінің түскендігін көрсетті. Түріктерді осы соғысқа итермелеген Франция оған ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Нәтижесінде Осман империясы Еуропадағы иеліктерінен толық айырылды. Батыс елдері түріктерді Еуропа аумағынан толық қуып шығып, «осман мұрасын» бөлісу мәселесін күн тәртібіне қоя бастады. Бірақ Ресейдің Балқан және Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенгенг Англия мен Франция II Екатеринан.ың саясатына қарсы шығып, Осман империясының тұтастығын қорғауға мәжбүр болды. Осыыдан келіп империядан бөлінген аумақтардың тағдыры еуропалықтардың қолына көшті. Осман империясынан бөлінгенг аумақтлар үшін бәсекелестік күрес «шығысмәселесі» деген саясатты дүниеге әкелді. XVIII ғ екінші жартысында Осман империясында оның құрамындағы халықтардың ұлт азаттық күрестері өршіді. Түрік үстемдігіне қарсы Балқанда, Араб елдерінде, Кавказда ұлт азаттық көтерілістер басталды. Әсіресе еуропалықтарға, Ресейге арқа сүйеген болгарлар, гректер, албандар, молдовандар, валахтар наразылықтарын күшейтті. 17. ХVІІІ ғ. екінші жартысындағы Осман империясы дағдарысының тереңдеу себептерін түсіндіріңіз
|